Қазақтың скрипкашы қызы

Егемен Қазақстан
30.11.2016 363
aiman-musakhodzhaeva Қазақ­станның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, скрипкашы Айман Мұсақожаева отандастарымыздың жемісті еңбек жолын насихаттауды көздейтін ұлттық «Табыстың 100 қадамы» жобасының кезекті кейіпкері. Скрипкада ойнау үшін өте нәзік есту қабілеті мен еңбектену, табандылық болуға тиісті. Өйткені бұл аспап кінәмшыл, кірпияздығымен ерекше. Айман мектепте оқыған кезінен таңғы сағат 6-да тұрып скрипкасын қолына алып, репетиторияға барып, сабақ басталғанша дайындалатын. Анасының «ешкімнің қолына қарама, өз еңбегіңе сен» деген ақылы әлі есінде. Кешкі уақытта дайындалып тұрып өзі секілді кішкене балалардың, сыныптастарының аулада асыр салып ойнап жатқанын естісе де, скрипканың қыр-сырын меңгеруге ересектерше ден қоятын. Музыкаға құштарлығы бәрін ұмытырып, беріле ойнайтын. Қожабек пен Рахила Мұсақожаевтардың төрт қызы қаздай тізіліп бір интернатта оқыды. Бір салаға, ішекті-ысқылы аспаптарда ойнап үйренуге барды. Жай оқып қойған жоқ, Раиса мен Айман скрипканы, Раушан қылқобызды, Бақытжан виолочель аспаптарын шебер меңгеріп, қазіргі кезде де бір оқу ордасында - Астанадағы Қазақ ұлттық музыка университетінде қызмет етуде. Алға қойған мақсатына бойындағы жігерімен, еңбегімен жете білетін Айман республикалық К.Байсейiтова атындағы дарынды балалардың республикалық музыка мектебiнде профессор Н.Патрушевада оқыды. Әрі қарай Мәскеудегi П.Чайковский атындағы мемлекеттiк консерваторияда әйгілі профессор В.Климовтың класында оқуын жалғастырды. Оның репертуарында әлем музыкасының жауһарларынан И.С.Бах, И.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховен, Н.Паганини, А.Хачатурян, И.Брамс, П.Чайковский, сияқты композиторлар туындылары мен КСРО халық артисі Е.Рахмадиев, замандасы С.Еркінбеков секілді отандық сазгерлер шығармалары орын алған. Сонымен бірге музыкант тыңдармандарына үнемі жаңа, заманауи музыкаларды ойнайды. Тумысынан қайсар мінезді Айманның алғашқы жеңісі осыдан 40 жыл бұрын Белградта өткен Халықаралық конкурста болды. 18 жасар қазақ қызы ойнаған күрделі шығармасымен де, мықты техникасымен де, сирек кездесетін музыкалық ойжосығымен де тыңдаушыларын таң қалдырды. Осы кезден бастап Айман Қожабекқызының табысты шығармашылық жолы басталды. 1980-ші жылдары ол 4 халықаралық конкурста жеңімпаз атанды! Скрипкашы жеке орындаушылық шығармашылығымен қатар ұстаздық, ұйымдастырушылық, қоғамдық еңбек жолын тепе-тең ұстады. 1992 жылы Мемлекеттiк «Солистер академиясы» Камералық оркестрiн құрып, көркемдік жетекші болды. Бай репертуарлы бұл ұжымының кәсіби орындаушылығын жақын және алыс шетелдердегі хас скрипкашылар жоғары деңгейде бағалады. Сонымен қатар А.Мұсақожаева жиырма жылдан астам уақыт Чайковский атындағы (Ресей), Абрам Ямпольский атындағы (Дубна), Микеланжело Аббадо атындағы (Италия) Халықаралық скрипкашылар конкурсының қазылар алқасының тұрақты мүшесі. Педагогикалық еңбек жолында ол халықаралық деңгейде Дүйсен Ордабек секілді талай скрипкашыны тәрбиеледі. Олар елімізде де, шетелдерде де қызмет етіп жүр. «Өмірдің бәрі жеңістен, табыстан тұрмайды. Жаратушы адамға өзіндегі кемшіліктермен жұмыс жасап, жетілдіре үсу үшін жеңілістерді де береді. Әрине сондай кезде өзіңе сырт көзбен қарап, шеберлігіңді одан әрі дамыта түсесің», – дейді скрипкашы. Астанадағы 1998 жылы Қазақ Ұлттық музыка академиясының құрылуы Айман Қожабекқызының үлкен арманы еді. Елбасының қолдауымен отандық өнердің дамуына жол ашатын Оқу ордасы ашылды. А.Мұсақожаеваның ұсынуымен қазіргі Университетте үш деңгейлі білім жүйесі – бастауыш, орта және жоғары білім беру жүзеге асырылуда. Мұнда түймедей боп келген жас дарындар музыкалық білімді біртіндеп кәсіби игеріп, ірі өнер тұлғаларынан дәріс алып, қалыптасқан музыкант боп бітіруде. Талапты жастарға білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен бірге кәсіби шыңдалу жолында ҚазҰМУ Мәскеу консерваториясы, Париж, Хельсинки, Хорватия музыкалық академияларымен өзара тәжірибе алмасу бағытында маңызды келiсiмшарттар жасалуда. Скрипкашының осындай ірі білім беру орталығы музыканың барлық бағыттарында белсенді өнерпаздарды тәрбиелеп, Қазақстан өнерінің өсуіне дамылсыз үлесін қоса бермек. Бақыт ЖОЛДЫБАЙҚЫЗЫ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

18.10.2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

18.10.2018

Қыздар университеті туған жерге тағзым етіп қайтты

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу