Қиырдағы қандастың қамқоршысы

Егемен Қазақстан
01.12.2016 144
Менің Нұрсұлтан Әбішұлының жазба еңбектерінен қолыма шырақ алып іздейтін бір түйінім бар. Ол – шеттегі қандастарымыздың тағдырына қатысты көші-қон мәселесі. Өйткені, қандастарымның тағдыры – мемлекеттің тағдыры. «Ұлы дала ұлағаттарының» бас газетке басылған бүтін бір тарауы осы тақырыпқа арналыпты. «Қиырдан келсе қандастар» деп аталған екен. Көрген заматта көзіме оттай басылды. Бір емес, бірнеше мәрте оқып шықтым бұл тарауды. Сенесіз бе, дүниеден озған анам, өткен күндер есіме түсіп, бір сәт көз жасыма ерік бердім. Оның үстіне, біз секілді туған жерін тастап, тумаларынан бөлініп-жа­рыл­ған жандар қамкөңіл, жы­лауық келеді емес пе. Бірақ, өкінішіміз жоқ! «Аналарымыз алыс­қа кеткен туған-туыстарын іс тігіп отырғанда, жұмыс жасап жат­қанда сыңсып салған әнімен еске алып, көз жастарын бір сығып алушы еді. Балаң кезімде оның себебін сұрағанымда: «балам, ержетерсің, сонда білерсің мұның мәнісін» деп сөз аяғын жұм­бақтап жіберетін. Бірақ бала кезгі адам жады мықты болады ғой. Кейін, есейе келе мұның мәнін де, көз жасына булыққан әнін де біліп, көкейге түйіп өстік. Тәуелсіздік таңы атқанда ойда жүр­ген осынау аса маңызды іс-әрекетті жүзеге асырудың жолын тапқандай болдық», депті Елбасы өткен күндерді еске алып. Міне, мені жылатқан – осы тұс. Елбасы кітабындағы «Әрине, жаңадан жерсіну, бейтаныс ортаға бірден бейімделу оңай болмас. Кейде қиырдан келген қандастарымызды жайлы орналастыруда жекелеген жауапты адамдардың тарапынан болып жататын бойкүйездік пен тоғышарлық, жаныашымастық пен жағдайды бағалай алмау­шы­лық кездесіп қалатынын жа­сыруға болмайды. Мұндағы түйт­­кілдер – мемлекеттің қатесі емес, кейбір шенеуніктердің тө­ре­шілдігіне байланысты жағ­дай­лар. Біз бұлардың бәріне сын көзімен қарап, түзетіп, көңілге түс­кен қаяуды жоюға күш салатын боламыз» – деген сөздердің көңіл түкпірінде жатқан «әттең­дерімізді» бір қозғап өткенін жа­сыр­ғым келмейді. Дегенмен, біз де бір қауым ел болып қалдық қой. Өмірдің талабымен заң-зәкүндерді игере бастадық. Сая­сат­тың да қыры мен сырына тө­селіп келеміз. Кереметтей бір мем­лекеттік билікке қолымыз жет­­пегенімен, Мемлекет бас­шы­сы­ның арқасында жолға қойы­лып отырған сөз бостандығы мен «төртінші билік» атанған ақпарат еркіндігіне сүйеніп, қандас­тарымыздың мүддесін қорғап жатырмыз. Тіпті болмай бара жатқан жағдайда, телефонымызға жүктеп алған видеодағы «Біз әр ұлттың баласын бауырымызға басып үйренген халықпыз. Ал енді шетелден көшіп келемін деген өз қазақтарымызды бауырымызға баса алмаймыз ба?!» деген жү­рек­жарды сөзін алға тартамыз. Ең жақсысы, алдағы жерде жер­гілікті атқарушы билік баса көңіл бөліп, көшіп келген ағайын­дарды «Оралман» мәр­тебесін алған сәттен бастап заң аясында көрсетілген жеңіл­дік­термен игіліктендіріп отырса, бәрі өз орнына келеді... Тарихи себептерге байланыс­ты бөлініп-жарылған этностық қазақтарды байырғы ата­қоны­сына тарту мақсатында адам құқығы туралы халықаралық ережелерді басшылыққа ала отырып, КСР Министрлер Кеңесі сонау 1991 жылы 18 қарашада «Азаматтық құжаттандыру туралы» арнайы №711 қаулы қа­былдап, 20 баптан тұратын «Бас­қа респуб­ликалардан және шетел­дерден Қазақстанның ауылды жерлеріне жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстан Республикасына қоныстандыру тәртібі мен шарттарын» бекітіпті. Әрине, бұл Қаулының Елбасының тапсырмасымен дайындалғанын біз жақсы білеміз. Атап айтуымыз керек, Елбасы қабылдатқан сол Қаулының арқасында тәу­елсіздіктің алғашқы бес жылының өзінде 104 мың қан­­дас­ымыз ың-шыңсыз келіп ата­­жұртқа табан тіреді. Әрі қарай көш тізгінін 1997 жылы 13 желтоқсанда тұңғыш рет қазақ тілінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы іліп әкетті. Қазіргі қолданыстағы Көші-қон туралы Заңда қандас­тары­мыздың Қазақстан азамат­тығын жеңілдетілген тәртіппен алу, шет елдегі қазақ диаспорасының елі­мізге келіп білім алу қаже­т­тілік­терін қанағаттандыру жағы, ауылға көшіп келген ағай­ын­­ға шаруа немесе фермер қожа­лы­ғын және тауарлы ауыл ша­руа­­шылығы өндiрiсiн жүр­гiзу үшiн жер беру мәселесі то­лық шешілген. Сондай-ақ, Қа­зақ­стан Республикасы Үкіметі Қаулы шығарып, оралмандар мен қоныс аударушыларды қо­ныс­тандыратын арнайы өңір­­лер­ді айқындап берді. Қар­жы­лық қиыншылыққа қарамастан, Үкімет тағы 1259 отбасы­нан тұратын оралмандарды қа­был­даудың 2016 жылға арнал­ған өңір­­­лік квотасын бекітіп берді. Биыл алғашқы тоғыз айда 11 488 отбасы оралыпты. Ең бір күйіп тұрған қиын­шылық – Қытайдан келетін қан­дастарымыз үшін Қазақстанға виза алу еді. Міне, оның да түйіні шешілді. Қазақстан Респуб­ликасының Сыртқы істер министр­лігі Қытайдан келетін қандастарымыз үшін бір жолда 3 жылға көп мәртелі виза беру тәртібін енгізіп, бүкіл Алаш жұр­тын қуанышқа бөледі. Айтпақшы, Көші-қон туралы тұңғыш қаулы шыққан «18 қа­рашаны» «Ұлттық көші-қон күні» етіп белгілеу туралы бірінші болып «Егемен Қазақстан» газеті бастама көтер­ді. Мерекелер тізбесіне кірер, не кір­мес, бұл күн – біз үшін онсыз да мейрам. Әуелгі сөзімізге қайта орал­сақ, «Ағайынға арнап көп нәр­сені айтқым-ақ келеді. Алай­да, іштегінің бәрі сыртқа шы­ға бермейді ғой. Ел тірлігі, көп ­ұлтты Қазақстанның бірлігі мен ты­ныштығы жатсам-тұрсам көкейімнен кетпейтін маған жал­­ғасып жатқан қазақ көшінің тағ­­­дыры тіпті де оңай сезіліп тұр­­­мағанын айтқым келеді. Жы­­рақтағы жұртың туған жерге жаутаңдап қарап отырса, кі­сінің жаны қалай жай табады?!» депті біздің аса мәртебелі Пре­зидентіміз. Тәуелсіздігін небәрі 37 пайыз қазақпен бастаған Қазақ­стан­ымыздағы ұлтымыздың үлесі, міне, 25 жылда 70 пайызға жетті. Соның бәрі, қайталап айтайын, Елбасының батыл шешім қабылдап, Көші-қон саясатын жолға қойған кемеңгерлігінің, қажырлы еңбегінің арқасы. Ауыт МҰҚИБЕК, ақын, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу