Қол жетпес құнның құпиясы

Егер маңайымыздағы көршілер болмағанда жалаңаш жүргендейміз-ау. Бізді қазір киіндірмейтін ел жоқ. Қытай мен Түркия қазақтарды жалаңаш қалдырмауды міндетіне алғандай көрінсе, іргедегі қырғыз, өзбек, алыстағы еуропалықтар, үнділер, корейлер, беларустар, орыстар да олардан қалыспайды. Қайтеміз тапқан тиын-тебенімізді лыпасыз жүрген болмас деп солар тіккен киімдерді сатып алуға жұмсап, солардың экономикасын нығайтып, солардың жеңіл өнеркәсібіне инвес­тиция салып жатқан жайымыз бар.

Ағып жатқан ағыл-тегіл теңге-дән өз қамбамызға құйылмай, өзге­нің қанары мен қабын толтырып, елін іргелілетіп, өнеркәсібін дамытып жатыр. Және сұраныстарды өтеуде қамтитын кеңістіктері қандай десе­ңізші? Қалтаңызға қарай жоғары сапалысы, қымбат брендтері, брендтің көлеңкесі-фейктері, брендсізі де, іле салып, сұға салып киіп кете беретін арзаны да, киіс берер, өңін бермес төзімдісі де, су тисе ашылып қалар, жуса оңып кетер төзімсізі де, қысқасы, толып жатқан түрлері бар. Сауда үйлеріндегі дүкендер мен базарлардың барлығы сол заттарға тойып, кекірігі азып тұр. 
Ал Қазақстанда жасалған, өндіріл­ген, тігілген бұйым арасынан анда-санда бір жылт ете қалса кәдімгідей қуа­нып қаласыз. Жеке кәсіпкер, тігін­шінің қолынан шыққан емес, кәдім­гідей отандық кәсіпорынның өнімін табу таптырмас олжа саналады. Бірақ қуанышыңыз көпшілік жағдайда «бәре­келді» деген бір ауыз сөзден аса алмай­ды. Өйткені, бағасы шырқап тұр. Ай­налдырып, сипалап қарап, бағасын неге қымбат қылды екен дейсің де, сосын өзің оларды ақтайтын себептерді ішің­нен ойлап кеткеніңді сезбей қаласың.
Құдайға шүкір, қазір өткен ғасырдың 90-шы жылдарындай емес мал басы да, оның түрі де баршылық. «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір» деген мақал бүгінде ығысып бара жатқандай. Қойдың еті болмаса терісі мен жүнінің ысырап болғаны қашан... Елге барғанда қайтеміз, өзімізге қажетін аламыз да қалған жүнді өртейміз, немесе көміп тастаймыз, сиырдың терісі болмаса, қой терісі мүлдем өтпейді, жарағанда тулақ болар. Бірақ қазір тулақты да ешкім керек қылмайды. Қып-қызыл ақша қажеті болмаған соң өртеліп жатыр, дейді ағайын. Ал біз түріктің тонын қымбатқа алып, жүннен жасалған бұйымдарды моңғолдардың еншісіне тұтастай өткізіп қойғандаймыз. Тым болмағанда Арқаның алты ай қысына шыдас берер пима да шығармаймыз. 
Жуырда бір танысым Аиданың (Аида Кауменова) көйлегін алып киейінші десем, бағасы менің айлық жалақымдай екен, содан қайтейін, қанша жерден патриот болсам да, ертеңгі ішер асымды, жұмысқа баратын жолақымды есептеп, қой болмас деп түріктің бір көйлегін алдым, дейді. Ойша ол көйлектің де бағасының неге қымбат түсетінін шолып кеткенбіз. Оңтүстік өңірде бір кездері мақта клас­тері қолға алынды деп қуанған едік. Бірақ нәтиже көңіл қуандырмай тұр. Мата атаулы шет елден әкелініп, тіпті тігіншіге қажетті жіп, өзге де ілгек, түйме дейсіз бе, толып жатқан фурни­тураның бәрі шекарадан өтіп, салығын жамап барып жеткенде, оған дизайнер мен тігіншінің еңбегі қосылғанда, отандық көйлек қымбат болмағанда қайтеді?! 
Бірде Тәшкентке жол түскен. Дүкен­дерінде толып тұрған бір адрастың өзінен жібек, шәйі сынды қолыңызға іліксе сусып тұрған сан түрін ұстап қа­рап, сырт киім – шапанға лайықты қатты да, тығыз сапалыларын көргенде бір жағынан қызыға, бір жағынан бізде неге осындай маталар шығарылмайды екен деп ішіміздің қыз-қыз қайнап кеткені бар. Бішкектің де дүкендерінде өз өнімдері. Минскіге бармай-ақ беларус трикотажын киіп, балаларымызға «Оранжевый верблюд» көмекке келіп, топатайынан бастап, бас киіміне дейін тауып беріп, құнттай қылып киіндіріп жібереді.
Бұрынғы қазақ қазіргідей уақытты көрсе егер «Ит басына іркіт төгілген заман екен» бірақ ұрпақтарымыздың шаруаға қыры жоқ па, әлде ақылдары кем бе, әлде орашолақ, әлде даңғой ма, қаншама ризық аяқасты болып, төгіліп, өртеліп жатыр, обалы кімде дері сөзсіз. Сонда деймін-ау, өзгенің экономикасын ел болып дамытқанша жылына бір-екі киім тігетін фабриканың жұмысын жолға қойсақ қаншалықты ұтар едік. Қаншама адамға жұмыс табы­лып, кәсіп игерген қазақтың саны артып, ақшамыз шекара аспай елі­мізде қалып, экономикамыздың дамуына үлес қосылар еді. Жүн мен тері өртелмей ұқсатылып, мақтамыз матаға айналып, ол киім болып айналымға түссе өзгеге қызықпай, бағасы ойып тү­сетін қазіргідей қымбат емес отандық бұйымдарды кимес пе едік деген ойлардың да мазамды алғанына көп болды.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.05.2017

Қанат Ислам: Бапкерім 12 раунд жекпе-жекке тапсырма берді 

27.05.2017

СҚО-да «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

27.05.2017

Солтүстік Қазақстанда 60,5 мың бала жазғы лагерьде демалады

27.05.2017

Қостанайға жаңа вагондар келді

27.05.2017

БҚО-да экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы өтті

27.05.2017

Павлодарда шіркейлерге қарсы жұмыс қолға алынды

27.05.2017

Еліміздің барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

27.05.2017

Қанат Ислам қарсыласын ұпай санымен жеңді

27.05.2017

Жанқош Тұраров мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді

26.05.2017

Астанада «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты форум өтті

26.05.2017

Премьер ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

26.05.2017

Мадрид конференциясы Астана процесі нәтижелерін жоғары бағалады - СІМ

26.05.2017

«Ұлы дала» II форумы аясында шетелдік ғалымдар құнды ойларымен бөлісті

26.05.2017

Солтүстік Қазақстанда әкім әкесіне заңсыз субсидия алып берген

26.05.2017

Алтай Көлгінов: Біз биыл «Алаш» музейін ашамыз

26.05.2017

Түркі тілінің халықаралық мәртебесі туралы мәселе қозғалды

26.05.2017

Ұлытауды ұлықтау жұмыстары басталды – Ерлан Қошанов

26.05.2017

Жандос Асанов: Түркі тілдерін зерттеу – ТүркПА-ның назарындағы мәселе

26.05.2017

Жансейіт Түймебаев: Елдік мүддедегі есебіміз түгенделе түсуде

26.05.2017

Манзур Хусейн Сумро: «Біз өз құндылықтарымыздан ажырамауымыз керек»

КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Ер мен Жер

Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құн­ды­лық­тарының арасында Ер мен Жердің ала­тын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қа­рап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын аға­мыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Се­бебі, ер жерге кіндігімен байланады, ту­ған жерінің барша қадір-қасиетін тұ­ла бойына сіңіріп, көкірегіне құй­ып, соған бүкіл жан-жүрегімен із­гі­лік қайнарына бас қойғандай сусын­дап өседі. Осылайша туған жер ал­дын­да­ғы перзенттік парыз жүгі сал­мақ­та­на бермек, туған жерге деген пер­зент­тік ыстық ілтипат пен махаббат тұр­паттанып толағайлана түспек.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Басты құндылық – рухани тазалық

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ киносы неге дәстүрді ұлықтай алмайды?

Бір жылдары Қазақстанның мә­дениет күндері аясында Үндістанға сапарлап бардық. Көнеден көнермей жеткен мәдениеті, өнердің қай түрінен де әлемдік өркениетке қосар қомақты үлесі бар, бай тарихты, жер жүзіндегі жәдігерлер бесігінің бірі Үндістанға табан тірегенде таңданарлық қай­шылыққа тап болғанбыз. Сенің санаңда қалып­тасқан бай мәдениет, өр­кениет, ежелгі дәстүріне сызат түс­пеген ғажайып әлемге кереғар тір­шілік – қағаз жәшіктерден үй жасап, көшеде туып, көшеде тұрып жатқан халық менмұндалап алдымыз­дан шыққан. Тілім өкше ересек, кір қожалақ бала, қол жайған қайыр­шыдан аяқ алып жүре алмайсыз.

Әйіп ЫСҚАҚОВ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Біліктілік – ауыл дамуының алғышарты

Мал шаруашылығы ата кәсібі­міз ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін маңызды салалардың бірі сана­ла­ды. Мал басының басым бөлігі, яғни 80 пайыздан астамы қосал­қы шаруашылықтарда шоғыр­ланған­дықтан, Елбасы тапсыр­масымен оларды кооперативтерге бірікті­ріп, оңтайландыру шаралары­ның қолға алына бастауы өте құптарлық.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ұрпақ тағдырымен ойнаған оңбайды

Ұлттың ұлылығы ұрпағынан көрі­неді. Бұл – әлімсақтан белгілі нәрсе. Ал сол ұрпақ тағдырына былық араласса, ар былғанады. Содан да шығар, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ба­ланы ұлша тәрбиелесең – ұл бол­мақ­шы. Құлша тәрбиелесең – құл бол­мақ­шы», деп өсиет қалдырып кеткені. Біз осы өсиетті орындай алдық па, әлде бәрін заманға теліп, теріс басқан аяғымызды, дүниенің құлы болуға ұм­тылған ниетімізді түзеуге мұршамыз жет­пей жүр ме? Бұл санамыздағы ақау­дан, ұлтты ұлт ететін мәдени-ге­не­тикалық кодымыздың әлсіздігінен, тіп­ті мүлде кеміп кеткенінен болып отыр ма?

Пікірлер(0)

Пікір қосу