Қос азаматтық алғанның құқы қорғалмайды

Біз, ортақ тарихи тағдыр бірік­тір­ген Қазақстан халқы, бір елдің ға­на, яғни Қазақстанның азаматы­мы­з. Біздің ұғымымызда қос ел­дің азама­ты болу деген түсінік мүл­де жоқ және болмауы тиіс. Бі­рақ біз солай ойласақ та, екі ел­­дің аза­мат­ты­ғын алған, яғни қос аза­ма­т­тығы бар адамдар қа­та­ры­мыз­да жүруі әбден мүмкін кө­рінеді. Тіпті, солай жүруге әрекет жасайтындары да бар екен. 
Егемен Қазақстан
19.05.2017 1468

Бұл заң талаптарына қаншалықты қарама-қайшы мәселе? Ал анығында мұндай іс-әрекетке әлемдегі бірде-бір ел төзбейді, өрескел жағдай санайды. Демек, қайсыбір адам мұны білмейді немесе заңға мойынсұнғысы келмейді деген сөз. Ал оларға заңның өз айта­ры бар. Заң адамды жақсылыққа жете­лей­ді. Ендеше, бұл туралы Қазақстан аза­маттарының түсінігі мол болуға тиіс.
 Егер белгілі бір адам Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматтығын алған болса, онда Ата Заңымыздың 10-бабында жә­не «Қазақстан Республикасының аза­­маттығы туралы» Заңның 3-бабын­да жазылғандай, ол адамда басқа мем­ле­­кеттің азаматтығының бар болуы заң­­ды деп танылмайды. Яғни, өзге ел­дің азаматтығын қоса алу біздің заң­­ға қайшы. Алайда, осы арада бұл заң тала­бына қарамастан, ол адам өз­ге мем­лекеттің азаматтығын алып қой­­ған бол­са қайтеді деген сұрақ та ту­ын­дайты­ны анық қой. 
Ондай жағдайда еліміздің Кон­­сти­­туциялық Кеңесінің 2003 жыл­ғы желтоқсандағы «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциясының 10 жә­не 12-баптарын ресми түсіндіру ту­ра­лы» қаулысына сәйкес, егер Қазақ­стан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын ала­тын болса, онда сол сәттен бастап оның Қазақстан Республикасының аза­маттығы сақталмайды. Егер әл­гі адамның басқа мемлекеттің аза­мат­ты­ғын алғандығы анықталса, онда ол «Қазақстан Республикасының аза­мат­тығы туралы» Заңның 21-бабына сәй­кес, Қазақстан Республикасының аза­­маттығынан айырылады.
Міне, көрдіңіз бе, заңда соқырға та­яқ ұстатқандай, бәрі айқын жазылған. Мұны біле тұра қайшы әрекетке бару – аталған заңды мойынсұнбау деген сөз. Осы арада бұл мәселе туралы ха­бар­ласқан ІІМ Мемлекеттік тіл және ақ­парат департаментінің директоры А.Садубаевтың пікірін де келтіре кет­­кенді жөн көрдік. «Қазақстан Рес­­публикасының азаматы болып та­былатын және шет мемлекеттің аза­маттығын қабылдаған адам өзге аза­маттықты алған күнінен бастап күн­­тізбелік отыз күн ішінде шет ел азаматтығын алу фактісі туралы Қа­зақ­стан Республикасының іш­кі іс­тер ор­гандарына немесе Қазақстан Рес­публикасының шет ел­дердегі меке­ме­леріне хабарлауға жә­не Қазақстан Рес­публикасы аза­ма­ттығының паспортын және жеке куә­лі­г­ін тапсыруға міндетті. Шет ел аз­а­­маттықты алу фактісі туралы осы бап­тың екінші бөлігінде бел­гі­лен­ген мерзімде хабарламаса, онда ол Қазақстан Республикасының заң­да­ры­на сәйкес, жауапқа тартылады», – дей­ді А.Садубаев.
Алайда, заңда осылай көр­се­тіл­ге­німен, бұл жағдайда аяғын шалыс бас­қан жандар арасында төлқұжаты мен жеке куәлігін уақтылы тапсыруды қажет деп санамайтындары да болады екен. Ондай жағдайда заңымыздың нақты тетігі іске қосылады деп ойлай­мыз. Яғни, «Әкімшілік құқық бұ­зу­шылық туралы» кодекстің 496-бабын­да көрсетілгендей, Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматтығынан айы­рыл­ған адам Қазақстан Республикасы аза­матының паспортын немесе жеке куәлігін одан әрі пайдаланса, оған 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сол сияқты, бел­гіленген мерзім ішінде шет ел аза­мат­тығын алғаны туралы хабарламау –200 ай­лық есептік көрсеткіш мөлшерінде айы­ппұл салуға, не Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағынан тыс шығарып жі­бе­руге апарып соғатынын есте ұс­та­ған жөн.
Сонымен қатар, аталған баптың 1 және 2-бөліктерінде көзделген іс-әре­кеттерді мемлекеттік қызметтегі адам­дар, сондай-ақ, билік өкілінің фун­кцияларын жүзеге асыратын, не мем­лекеттік органдарда ұйым­дас­ты­ру­шы­лық-өкімдік немесе әкімшілік-ша­руа­шылық функцияларды орындайтын адам­дар жасаған жағдайда олар да әкім­шілік жауапкершілікке тартыла­тынын ұмытпау керек. Мұндай жағ­дай­да оларға 300 айлық есептік көр­сет­­кіш мөлшерінде айыппұл салына­ды. 
Сонымен, қос азаматтық дерегін анық­тау және оның алдын алу мақ­са­тында басқа мемлекеттің аза­мат­ты­ғының бар болуы туралы хабарлама қа­­зақстандық азаматтықпен қатар тек­се­рілетінін қаперден шығармаған жөн. 

Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2018

Татар инженерлері «көшпелі қонақүй» ойлап тапты

20.01.2018

Ертең еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

20.01.2018

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та оқып жатқан студенттер қатысты

20.01.2018

Алматыда автобус ағашқа соғылып, 8 адам жарақат алды

20.01.2018

Қысқы Олимпиадаға Шығыс Қазақстаннан қанша спортшы қатысады?

20.01.2018

Астана тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялардың көлемі бойынша көш бастап тұр

20.01.2018

Орталық Азия елдері Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалық ету жұмыстарына жоғары баға берді

20.01.2018

Франция үкіметі қазақстандық студенттерге 100 стипендия қарастырып отыр – Франция елшісі

20.01.2018

БҰҰ ҚК-де Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің жобасы таныстырылды

20.01.2018

ІІМ: Ақтөбедегі автобус өрті қауіпсіздік шараларын сақтамағаннан болған

20.01.2018

Желаяқ Элина Михина «Altay Athletics» клубымен келісімшартқа отырды

20.01.2018

Өскеменде құқық қорғаушылар бір айда 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетті

20.01.2018

Алматыда балалар психикасын нығайтуға бағытталған конференция өтті

20.01.2018

Оралда 276 пәтерлік көпқабатты екі үй пайдалануға берілді

20.01.2018

Сыр өңірі Татарстан Республикасымен өзара әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды

20.01.2018

Бауыржан Жолшиев «Астана» футбол клубының Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына қосылды

19.01.2018

"Мұзбалақ" көркем анимациялық фильмінің трейлері жарияланды

19.01.2018

Астана әкімі алдағы аязды күндерге байланысты қауіпсіздік шараларына назар аударуға шақырды

19.01.2018

Өзбекстан тарапы автобус өрті кезінде көмектескен Қазақстанға алғыс айтты

19.01.2018

Қазақстанда алдағы күндері 40-45 градус аяз болады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу