Қоскөл тұрғындары көмек күтеді

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылы тұрғындарың малына осыдан бір ай бұрын белгісіз індет тиді.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 1987

Әрине, ауылда малдан ауру шығып, халық алаңдап отырғаны туралы хабар біз­дің құлағымызға көп кешікпей-ақ ша­лын­ған. Алғашында «тараған ауру – аты жаман аусыл екен» деген қауесет шықты. Аусылдың аты жаман болатыны – осыдан бірер жыл бұрын Ақжайық ауданындағы Тінәлиев ауылынан осындай індет шыққан кезде ауылдың бүкіл малын, тіпті иті мен мысығын түгел қырып, өртеп жібергенін көргенбіз... 

«Пәленің аты – пастереллез...»

«Қоскөлдегі мал індетіне себеп бол­ған – пастереллез»  деген анықтаманы Ба­тыс Қазақстан облыстық ветеринария бас­қар­масының басшысы Қазбек Ташимов сәу­ірдің 11-і күні алғаш рет мәлімдеді. Бұған дейін осы оқиға туралы сұрау салған журналистерге еш ақпарат бермеуін «өлген малдан алынған патологиялық материалды ветеринариялық зертханадан тексеру үшін уақыт керек болды» деп түсіндірді. «Қоскөл ауылында 1 003 бас ірі қара, 4 600 қой-ешкі тіркелген. Осы кезге дейін (11 сәу­ірге дейін) өлген 26 малдың патматериалы Оралға әкелін­ді, бірінші өлген сиырдан пас­тереллез анықталды, қалғаны зерттелуде», деген Қазбек Қазиханұлы індет шыққан ауылға арнайы топ жіберілетінін, ауру шыққан аулаларда дезинфекция­лық шаралар жасалатынын айтқан.  

Ветеринария басқармасы таратқан мәліметке қараған­да, биыл Батыс Қаз­ақ­стан облысында ветеринария­лық қау­іп­сіздікті қамтама­сыз ету мақсатында 838,5 млн теңге қаражат бөлінген. Соның ішін­де эпизоотия­ға қарсы іс-шараларды жүр­гізуге 744,3 млн теңге, бруцеллезге оң нәтиже көр­сеткен ауылшаруашылық жа­н­уарларының мал иелері­не өтемақысын тө­леуге 94,2 млн теңге бөлініпті. Бірақ, Қазақстан заңдары бойынша малы пас­тереллезден шығын болған тұрғындарға өтемақы төлеу қарастырылмаған.

Ауру шыққан ауылға сапар

Біз мәселенің мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына арнайы бардық. Орал қаласынан 220 шақырымдай қашық жатқан шағын ауылға көгілдір отын, таза ауыз су келіп тұр. Халықаралық Самара – Шым­кент автожолынан небәрі 9 ша­қы­­рым қиыс жатқан елді мекен бұрын дүр­кі­ре­ген кеңшар орталығы болған. Ауыл әкім­ді­гіндегі мәліметке қарасақ, округте қазір 291 үй, 1 317 адам тұрып жатыр екен.

«Ауылға тілші келді» дегенді естіген ау­ыл тұр­ғын­дары жинала бастады. Сөй­лесе келе білгеніміз, індет ең алғаш Әділхан Жауынбаев есімді тұрғынның ма­лына тиген.

– Сиырым 16-17 наурыздан бастап ауырды. Белгілері – жемшөп жемей, сұлқ тұрып қалды. Аузынан сілекей аға береді. Күйіс қайырмайды, − дейді Ә.Жауынбаев.

Әрине, болған оқиға жөнінде бірден ауылдағы мал дәрігеріне хабарлан­ған. Сол күннен бастап ветеринар дәрігер Ақтілек Аман­ғалиевтің мазасыз тірлігі бас­­талыпты. «Ала таңнан кеш­ке дейін жү­гі­ріп жүрді. Қолы­нан келгенді жасады, оған рахмет. Ауыр­ған мал­ды антибиотикпен егіп, жануар­дың аузын ерітін­ді­мен шай­ып, сүртіп, тыным таппады», дейді ри­за­шы­лық­пен ауыл тұрғындары. Осы қар­­баластың әсерінен бо­лар, біз ауылға бар­­ғанда А.Аман­ғалиев қан қысымы көтеріліп, ау­­­руханаға түсіп қалған екен. Жолыға ал­ма­дық.

Әйелі мүгедек, шаруасы ша­ғын Әділ­хан Жауынбаевтың 3 си­ырының біреуі, екі бұзауы өлген. «Ал қы­рыл­­ған қой-ешкі мен қозы-лақ саны 40-қа жетті», дейді өзі өкінішпен. 

Бірер күннен кейін індет көрші үйлерге, одан әрі түгел көшеге жайыла бастады. Ауыл тұрғындары «мамандар мен ауыл әкімі дер ке­зін­де ауру малды оқшаулап, ін­детті то­қ­татуға шара қолданбады», деп на­­разы. 

− Ауру алғаш шыққанда-ақ сол індет шыққан үйдің малын түгел жойып, ауласын бұқырлағанда мұндай болмас па еді?! Керек десе, малынан айырылған ауыл­дасымыздың шығынын ауыл болып толтырып берер едік қой. Енді міне, індет бүкіл ауылға жайылды. Өлген малдың саны 200-ден асып кетті. Өз ауламнан 5 бұзауым өлді. Тағы екеуі ауырып тұр. 12 қошақан ол өлді. Шиеттей неме­ре бар... Шөптің әр тіркемесін 20 мың теңгеге сатып алып, алты ай қыстан аман алып шыққан малы­мызды ауруға бердік, − деп күй­і-

неді зейнеткер Ұмсындық Са­ғынғалиева.

Біз кездескен Абылай Өте­ге­нов­тің 1 сиыр, 4 бұзау, 12 қо­зысын індет алыпты. Ауыл әкім­дігінің бас маманы Бей­біт Серікұлы 1 бұзау, 5 қозы-лағынан ай­ырыл­ған. Ауыл әкімі Берік Жақсығалиев те 1 бұзауы өлгенін айтады. Екі баласын жал­ғыз тәрбиелеп отырған Полина Жұ­ма­ға­зиеваның екі си­ыр­ының біреуі ауырып тұр. «Екі қой, екі қозыны бердік қой», дейді Полина апай. Біз барғанда зейнеткер Шандоз Жауынбаеваның да ауласында 4 сиыры қатар ауырып тұр екен. «Уақ жандығымыздың 15-і қырылды», деді бізге.

«Бәрі құжат бойынша...»

Біз, әрине, ауыл әкімдігіне кіріп, тұ­рғ­ын­дардың сауалдарына жауап сұ­радық. Әкім­діктің бас маманы Бей­біт Жұ­мақай осы оқиғаға байланысты тол­ты­рыл­ған бірнеше құжатты көрсетті.

− Ауыл тұрғындарының індетке дер кезінде шара қолданбады деп жазғыруы орынсыз, − дейді Бейбіт Серікұлы. – Қоскөл ауылдық округінің тұрғыны Қ.Мұқановтың сиыры 20 наурыз күні күй­іс қайырмай ауырып, дене қызуы 40,5 градус болған. Ауырған мал 24-і күні өлді. Оны мал моласына апарып, патматериал (өкпе, бауыр,

талақ, жүрек, тіл, ерін ұрты т.б.) алынған соң өртеп жіберді. Арнайы зер­тхананың сараптамасынан кейін ғана ін­деттің аты анықталып, нақты шаралар ұй­ымдастырылды.

Қаратөбе ауданының ветеринария бөлімінің басшысы Кенжебек Аймашев қол қойған №16 эпизоотологиялық зерттеу актісінде «Қ.Мұқановтың ауырып өлген малының патологиялық сы­намалары 27 наурыз күні Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасына зерттеуге жеткізілді. ҚР АШМ ве­те­ринариялық бақылау және қада­ға­лау ко­митетінің «Рес­пуб­ликалық вете­ри­на­риялық зер­тхана» ШЖҚ РМК БҚО фи­лиалының 2017 жылғы 7 сәу­ір-

дегі №SO-17-L08(6)-00023/L-00497-А-D сараптау актісінің қо­рытындысы бойынша пастереллез ауруының қоздырғышы анықталды», делінген.

Осыдан кейін ғана Қаратөбе ау­данының бас мемлекеттік ве­те­ринариялық-санитар­иялық ин­с­пекторы Қ.Батырханов Қос­көл ауыл­дық округінің әкімі Б.Жақсығалиевке ұсынба жолдап, «Қоскөл ауылының тұр­ғыны Қ.Мұқановтың жеке қосалқы ша­руа­шылығына мал әкеліп-әкетуге 2017 жыл­дың 7 сәуірінен бастап 30 күндік шектеу режімін енгізуді» тапсырған.

Ауыл әкімі Б.Жақсығалиевтің «Қ.Мұ­қа­новтың жеке қосалқы шаруа­шы­лығына бел­гіленген шектеу режімін бел­гілеу туралы» шешімі 10 сәуір күні шы­ға­рылған. Бұқырлау жұмыстары да енді қол­ға алынып жатыр екен.  

Ауылға кіретін-шығатын жол­дар­ға де­зинфекциялық баръер 13 сәуір күні ор­натылды. Пас­тере­л-

лез ауруына қарсы шара­лардың тәртібіне сәйкес, малды, оның өнім­дерін сату, пайдалануға шектеу мерзімі бір айға созылады екен.

Ауыл әкімі Берік Нұржанұлы бізге сәуірдің 13-іне дейін ауылда 6 бас ірі қара, 27 бұзау, 100-ге жуық ұсақ мал өлгенін айтты.

Аудан әкімі көмек беруге уәде еткен

Оқырман өзі байқағандай, індеттен негізінен жас төл – бұзау мен қозы-лақ жаппай қырылып жатыр екен. Бәрінің ауру белгісі бірдей – дене қызуы қатты көте­рі­ліп, өліп кетеді.

− Осы кезге дейін көргеніміз бар, мал бақ­қан тәжірибеміз бар ғой. Бұл індет ау­сыл­ға ұқ­сай­ды. Сиырдың аузынан сіле­кей шұ­бы­ра­ды, аузы көпіреді. Бі­рақ мамандар «пастереллез» деп отыр ғой, − дейді Ұмсындық Сағын­ға­лиева.

− Осы індет басталғалы ауданнан да әкімдер келіп, халықпен кездесіп, тыныш­тан­дырып-ақ жатыр. Ел ішінде «Аусыл деп айтуға болмайды екен, олай болса өңір­дің малын сатуға тыйым салынып, эко­номикаға зиян келеді-мыс», деген қауесет кеу­леп жүр. Аудан әкімі Асхат Шахаров өзі келіп, «Мемлекет пастереллезден өлген малға өтемақы төлемесе де ауданның мүмкіндігін пайдаланып, малы өлген тұрғындарға барынша көмек көрсетеміз. Тек аспандағы айды сұрап жүрмеңіздер», деп уәде берді, − дейді ауыл тұрғыны Ерлен Жәметов.

Біз жолыққан кезде Ерленнің де көңілінде үлкен алаң тұрды: 7 жасар қызы Фариза Жолдығали 10 сәуір күні мектептен келісімен әкесіне екі аяғын көрсетіп, әлдебір жара шыққанын айтқан. Қос тірсегі түгел қызарып, бөртіп кеткен бүлдіршін бірден аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Қаратөбе дәрігерлері «рожа» деген диагноз қойыпты. Қазір кішкентай Фариза Орал қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасын­да емделіп жатыр. Бұл жердегі маман­дар «Ешқандай «рожа» емес, суықтан бол­ған. Қоскөлдегі мал ауруына да еш қатысы жоқ», деп отыр екен.

−Қоскөлден шыққан бұл не індет?! Оның адамға жұғу қаупі бар ма? Неге ма­мандар ауру шыққан бойда дабыл қақ­пайды? Індет шыққанына бір ай өткенде ғана бұқырлау жұмыстарын бастап жатыр. Расын айтсақ, балалар үшін алаңдап отырмыз,− дейді ашынған әке.

Ауыл тұрғындарының қай-қайсымен сөйлессек те қиын жағ­дайда қалғанын айтып отыр. Өй­ткені, ауыл тұрғынының бар күн­көрісі  осы төрт түлік малға тікелей бай­ланысты. Міне, бір айға таяды, Қоскөл ау­ылы­ның малын союға, етін пайдалануға, сүтін ішуге болмайды. Сауын сиырдың кө­бінің бұзауы өліп қалған. «Желіні сыздап тұрған соң бейшараны аяп, сауып ала­мыз, шелек-шелек сүтті адам аяғы баспайтын жерге, күлге төгеміз. Обал-ақ... Ауырып жа­зылған мал да бізге түлік болып жарытпайтын түрі бар. «Бұлар енді мал болмайды. Түгел көзін құртыңдар», деп ақыл айтад­ы білетіндер... Ауру малды бұлдап сата да алмайсың ғой. Ең арзан бағаға кететін шығар», деп уайымдайды тұрғындар.

...Ауылда ауру әлі жалғасып жа­тыр. Қаратөбе аудандық ве­теринариялық ба­қы­лау және қа­дағалау аумақтық инспек­ция­­сының мамандары ауыл малын жаппай егіп жатқанына куә болдық. Өлген малды арнайы көлікпен жинап, ауыл сыртындағы мал моласына апарып өртейді екен. Жалғыз көлік жинап үлгермей, аулада бірнеше күн жатып қалған өліктер де бай­қалды. Мал моласына апарылған мал сүйегі де шала өртеліп, шұңқырға сыймай жатыр...

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу