«Құнанбай» және «Жаңғақ тал» фильмдері Бейжіңде өтетін фестивальге қатысады

Егемен Қазақстан
05.04.2017 603

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Құнанбай» және «Жаңғақ тал» фильмдері Қытайдың астанасында осы жылы 19-21 сәуір аралығында өтетін Халықаралық Бейжің кинофестивалінің (Beijing International Film Festival) «Панорама» бағдарламасында көрсетілетін болады.

«Фильм көптеген фестивальдерге қатысып, танылып жатқанына өте қуаныштымын. Картинаның желісі мейірімге толы, сондықтан да қытайлық көрермендердің көңілінен шығатынына сенімдімін», - деді «Жаңғақ тал» фильмінің режиссері Ерлан Нұрмағамбетов. 

Естеріңізге сала кетсек, «Жаңғақ тал» фильмі Оңтүстік Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьерасын өткізіп, онда New Currents («Жаңа ағым») секциясы аясында бас жүлдені иемденген болатын. Сонымен қатар, аталмыш картина Везульдегі Азия кинолары 22-і Халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетіліп (Франция, 2016 ж.), екі бірдей жүлдеге – халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесіне және кино сыншыларының арнаулы жүлдесіне ие болды. 

«Осыдан бірнеше жыл бұрын марқұм Таласбек Әсемқұлов екеуіміз «Біржан сал» фильмімен Қытайға арнайы барып едік. Көрсетілімге 500-ге жуық халық қатысты, олардың арасында қазақтар да болды. Фильмді өте керемет қабылдады. Тарихтан сыр шертетін фильміміз қытайлық көрермендерге ұнайды деген ойдамын», - деді «Құнанбай» фильмінің режиссері Досхан Жолжақсынов. 

Ұлы ойшыл Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлының өмірі жайлы баяндайтын тарихи туынды еліміз бойынша прокатқа 2015 жылы шығып, көрерменнің көзайымына айналған болатын. Аталмыш фильм ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Мемлекет тарапынан да жоғары бағасын алды. Елбасы ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында 2016 жылдың әдебиет пен өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықты фильмнің түсіру тобына үлестірді. Жарлыққа сәйкес премия режиссер – Досхан Жолжақсыновқа,  қоюшы суретші – Рустам Одинаевқа, сонымен қатар актерлер – Нурсифат Салықоваға және Айдос Бектемірге берілді.

Сонымен қатар, алғашқы ұлттық «Тұлпар» кинопремиясында фильмнің авторлары үздік атанып, «Үздік ер адам рөлі», «Үздік қоюшы суретші», «Үздік композитор», «Үздік сценарий» аталымдар бойынша төрт бірдей жүлдеге қол жеткізді.  Одан бөлек, Уфада өткен III халықаралық ұлттық және этникалық кино «Күміс Ақбозат» фестивалінде  Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүлдесін иеленген.  

Бейжің халықаралық кинофестивалі Қытайдың байланыс, радио, кинематография және телеарналар бас басқармасы және Бейжіңнің муниципалитет халық үкіметі, сондай-ақ Қытайдың кино жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі. Байқау ұйымдастырушыларының айтуына қарағанда, Бейжің фестивалі жылдан жылға дамып, бүгінде Азияда өтіп жатқан кинофестивальдердің алдында тұр.  

Биыл байқауға 90 елден 1000-ға жуық кинотуындылар қатысып отыр. Олардың ішінен негізгі бағдарламаға 15 фильм іріктеліп алынған. Конкурстық байқауға ұсынылған фильмдердің үздігін белгілі дат режиссері Билл Августтың басшылығымен халықаралық қазылар алқасы анықтайтын болады. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2017

5,5 пайыздық мөлшерлемемен несие бере бастады

21.10.2017

Роналду жылдың ең үздік футболшысын атанды

21.10.2017

Мешітті тонаған азамат ұсталды

21.10.2017

Кәсіпкерлер палатасы есеп берді

21.10.2017

Қазақ романсиадасына 20 жыл

21.10.2017

Қырғыз саясаткері Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш білдірді

21.10.2017

Сарыағаштық шаруалар қайта өңдеу ісін жандандыра бастады

21.10.2017

Газ келді. Қосуда қиындық бар

21.10.2017

Рухани келісім – бейбітшілік негізі

21.10.2017

Ауғанстан мешіттеріндегі жарылыстан құрбандар саны артуда

21.10.2017

Түркияда Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері

21.10.2017

Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

21.10.2017

Қарттар үйіне көтеру құрылғысын тарту етті

20.10.2017

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінде кадрлық өзгерістер болды

20.10.2017

Астанада жетімдер саны азайды

20.10.2017

Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді

20.10.2017

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтына 50 жыл толды

20.10.2017

Қазпоштада ашық есік күні өтті

20.10.2017

Сағынтаев DFJ венчурлік компаниясының тең құрылтайшысымен кездесті

20.10.2017

Оралда Алаш тарихына арналған халықаралық конференция өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Дауыл алдындағы тыныштық болып жүрмесін

Төрткүл дүниені тығырыққа тіреген 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы «ұлы рецессиядан» енді ғана оңала бастаған әлем экономикасы 2016 жылдан бастап баяу да болса тұрақты даму бағытына бет бұрды.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Шексіз білім

«Білім шексіз бе, әлде білімнің шегі бар ма?» деген сұраққа жа­­уап­ іздеп жүріп, Оксфорд уни­вер­ситетінің профессоры, матема­тик Мар­кус дю Сотойдың «Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне сая­хат» («What we cannot know») ат­ты кітабын сатып алдым. Про­фес­сор бұл кітабында нөлден бас­­­тап жетіге дейінгі межені бел­гілейді. Нөлінші межені «Белгілі, бірақ белгісіз» әлде «Белгілі, бірақ бей­мәлім» деген дұрысырақ па?­ Біз біле­тін нәрседен бастап еш­қашан біле алмайтынға, ал одан шек­сіздікке дейінгіні тұспалдайды. Біз нені білмейміз және нені біле ал­маймыз? 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?

Бүгінде ұялы телефонды пайдалан­байтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?  

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қарсылық па, таршылық па?

«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңа­лықтың айналасына шыбындай үймеледі. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу