Құралайдың құпиясы

Құралай Ошақбаева – қазақтың қарапайым қызы. «Күміс алқа» иегері, көп балалы ана. Бизнесмен, блогер және жай ғана бақытты әйел. Әлеуметтік желіде «Құралай ханым» есімімен елге танылды. Отбасы берекесі, бала тәрбиесі, жар қамы, әйелдің өзін-өзі жетілдіруі сынды тақырыптарда шебер сөйлейтін Құралай шетелдерге барып, арнайы семинарлар мен тренингтерге қатысқан. Енді көрген-білгенін қазақ қыз-келіншектерінің пайдасына жаратуды мақсат еткен ол Астана, Алматы, Атырау қалаларында шеберлік сағаттарын өткізді. Сол кездесулерде айтылған әңгімелердің бір парасы – осы.
Егемен Қазақстан
05.04.2017 721

Адалдық адастырмайды

«Сабырлы, оптимист, жоғары энергетикалық деңгейде өмір сүретін бір адам энергиясы төмен, негативті 9 мың адамның жамандығын басып отырады екен. Жүрегінде адал махаббаты бар, шын мейірімді бір адам күш-қуаты төмен 750 мың адамның жаманшылығын жақсартып, басып отырады. Жанында шексіз ты­ныш­тық, рухани сауатты, қайы­рым­­ды бір адам жер бетіндегі 10 млн төмен деңгейдегі адамның не­гативін жоғалтып отырады. Әлемде қазір ондай 22 данышпан адам бар», деген деректі оқыдым. Сондай-ақ, ма­териалдық дүниеден азат, ақ ниет­ті бір адам дүние жүзіндегі нашар энергетикамен ғұмыр ке­шіп жатқан 70 млн адамның ол­қы тұстарын толтырып отыратын көрінеді. Жер беті ақ ниетті адам­дардың арқасында аман тұр. Дү­ние­ні жақсартуға, жа­ман­дықты алыс қы­лып, ізгілікті жа­қын­датуға біз де ат­са­лысайық.

Қыздардың қателігі

Қыздар әдетте тұрмысқа шыққан соң босаңсып кетеді. Сымбатына, көркіне көңіл бөлмейді. Оқу бітіріп, тұр­мысқа шыққан жас қыз сол деңгейінде қалып қояды. Ал ері жұмыс істейді, ортамен араласады, көрген-білгені көбейеді, өседі. Сөй­тіп жұбайлардың ортасында ортақ әңгіме азайып, алшақтық пайда болады. Сондықтан әйел адам үйде оты­рып-ақ шет тілін үйренсін, се­ми­нар­ларға қатыссын, жаңа хобби тапсын. Артық салмақ болса, онымен кү­рессін, әйтеуір ерінбесін.

Екінші қателік – біздің қыз-келін­шек­тер кү-

й­еуімен бақытты өмір сүру үшін еңбек­тен­бейді. Кү­й­­еуге тиіп алып, «болды, ол өле-өл­ген­ше ме­нікі» деген түсінікпен жү­ре береді. Бәсекеге қабілетті жар бо­лу үшін «жанып тұру» керек. Ер адам­дар әйелдердің өздеріне көңіл бөл­генін қалайды. Сондықтан ханым­дар үйдегі еріне еркелеп, оның әр­бір тындырған ісіне риза болып, бол­машы жетістіктеріне шын қуана білуі тиіс.

Өзгерісті өзіңнен баста

«Күйеуден ажырасқанмын. Жасым отыз бесте, бір балам бар. Тұрмыс құрып, жақсы отбасы болғым келеді. Осы уақытқа дейін біраз жігіттер кездесті, бірақ үйлену туралы әңгіме болмады. Жолым болмай жүр» – деген хат келді. Отыз жас­т­ан кейін адамның өмір-өзенде еркін жүзуі қиындай бастайды, тағдыр тұзағынан аяқ алысы ауырлайтын кез болады екен. «Карма» деген түсінік бар. Қазақша түсіндірсем, күнәлар жиынтығының адам өміріне әсері. Ол шарапат болып тие ме, кесепат болып жабыса ма, беймәлім. Сол үшін үнемі жан дүниеңізді тазалап отыру керек. Адам рухани өскен сайын ниеті түзеліп, жүрегі жұм­сарған сайын, жақсы бола берген сайын күнәлары кешіріліп, кармасы тазарады. Әр адам іштей өзінің қандай екенін біледі. Сыртыңнан жақсымын деп жар салғаныңмен, кемшіліктеріңді іштей мойындап тұрасың. Іштей де, сырттай да керемет жан болғанға не жетсін? Жақсы қасиеттерді бойыңа сіңіргенде ғана жолың ашылып, алдыңнан ғажап адамдар шығатын болады.

2000 жылдары эзотериканы жаңа зерттеп, таныса бастаған жылдары визуализация әдісін көп қолдандым. Бала-шаға қамымен үйде, ешқандай бизнес туралы ой жоқ кезде, психологтар айтатын «өз-өзіне көңілі толмау» «комплекс», «өзіңді кінәлай беру» дегендерге шомылып жүрген кезде болашақ Құралайдың әдемі суретін елестететінмін. Ол суретте Құралай аппақ тон киіп, ақ әдемі бөрікте, аппақ көлікте сүйкімді кү­лімдеп қарап тұратын. Қиналған кездерде жүрегімнің түбіндегі сол сұлу Құралайды алып шығып, күн­дер­дің күні арманыма жетеріме се­не­тінмін. Қазір менде соның бәрі бар. Жан дүниемдегі үйлесімділіктің ар­қа­сын­да мен сол ақ көліктегі әде­мі Құ­­ралайдың деңгейіне жеттім. Жер­дің бір шетінде жылап отырып хат жазатын қыздарға айтқым келеді: «Өзіңнің ең күшті моделіңді жасап шығара аласың!».

Бәленің бәрі жаман ойдан

Ер адамда «отбасымды тастаймын» деген ой болмайды. Жаман ой бірінші әйелдің басына келеді, ал еркек оны іспен дәлелдейді екен. Мысалы, «осы жігіт менің теңім емес, неге құдай маған осындай күй­еу берген?» деп ойлап, санаңда бая­ғыда жақсы көрген жігітті онымен салыстырып жүрсең, күйеуің бас­қа біреуге кетуге дайындалады. Сен ойша қыдыртсаң, ол іспен көр­­се­теді. Сондықтан, қыздар, алды­мен өз ойымызды, санамызды та­за­лай­ық. Біз­де бәрі жақсы болатыны­на шынайы сенейік. Сенім – ұлы күш.

Жазып алған
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ 



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2017

Үркер-2017. Қазақстан туралы үздік танымдық мақала авторы анықталды

28.06.2017

Жанболат Аупбаев "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Үркер" сыйлығын алды

28.06.2017

«Егеменнің» фототілшісі «Үркер-2017» сыйлығын алды

28.06.2017

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

28.06.2017

Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев сенатор атанды

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты

28.06.2017

«Мерейлі отбасы» лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада Елбасы Жолдауын іске асыру барысын талқылады

28.06.2017

Биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде қандай өзгеріс бар?

28.06.2017

Қызылорда облысында балық экспорты үш есеге артты

28.06.2017

Дәурен Абаев журналистерді мерекемен құттықтады

28.06.2017

Елбасы Астана маңындағы көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты

28.06.2017

Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

28.06.2017

Үкімет басшысы Сыр өңірінің білім беру саласындағы жобаларымен танысты

28.06.2017

Премьер Қызылордадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады

28.06.2017

ОҚО-да бюджет қаржысын тиімсіз жарату деректері әшкереленді

28.06.2017

Премьер Қызылордада МӘМС жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты

28.06.2017

Премьер-Министр Сырдария өзеніндегі гидротехникалық құрылыспен танысты

28.06.2017

ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

28.06.2017

Қостанайда жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды

КОЛУМНИСТЕР

Атамұрат  ШӘМЕНОВ,

Кәсіпке баулудың кейбір мәселелері

Елімізде еңбекке қабілетті адамдар саны 9 миллион екен, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8,5 миллион, 6,3 миллион – жалдамалы жұмыскерлер, 2,2 миллион – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Ал жұмыссыздар 445 мың адам. Ал жұмыспен қамтылған­дар саны жұмысқа жарамды адам­дар санының 67 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш біз ұмтылып жүрген өркениетті 30 елде орташа алғанда 82 пайызды құрайды. Яғни, Қазақстан үшін халықты шынайы жұмыспен қамту жайы өзекті болып отыр.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Болашақтың мамандықтары

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байла­ныс­ты. Білім – ырыстың тіз­гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе­сік­ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй­т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо­­ға­ры оқу орындарына құжат тап­сы­ратын талапкердің өмірлік мақ­­сат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай­қын­да­уы. Сондықтан мамандық таң­дау­ға бейжай қарауға болмайды.

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Қазақ киносы және киноархив

Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өт­кен күннің іздерін сол күйінде «қал­пына келтіру» арқылы жеке шы­ғар­ма­лардың ғана емес, тұтас бір ке­зең­нің тарихын мейлінше объек­тив­ті түр­де шынайы суреттеуде, зерт­теу­де ар­хивтің, ондағы сақталған ма­те­ри­ал­дардың маңызы орасан зор.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы

Төрағалық табыстары

Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақ­тастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қоры­тын­дылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төраға­лыққа үлкен дайындық­пен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері ара­сын­­дағы саяси-экономикалық, қауіп­сіз­дік және мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастықты нығай­туға барынша күш салғаны белгілі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу