Қылығы баладай, көңілі даладай

Бала күнімізде әке-ше­ше­лерімізден «өмірдің қысқа­лы­ғы қамшының сабындай ғана» деген сөзді жиі естуші едік. Мән бермеген екенбіз. Өзіміз есей­іп етек-жеңімізді жиған соң, тіпті, алдымыз алпыстың ас­қарына жеткенде ол сөздің шын мағынасын, түп-төркінін тү­сінгендейміз. Шын мәнінде бұл жалған ғұмыр «қамшының сабындай» қысқа екен. Кеше ғана балалық шағымыз бір ауылда өткен, майлы топырақты бір кешіп, бірге өскен жазушы ағамыз Алпысбай Шымырбаев аяқ астынан бақилық болғанда осынау аталы сөздің мәнін шын ұқтық! Алпекең ағамызды ақтық сапарға шығарып салғанымызға да қырық күн болып қалыпты.
Егемен Қазақстан
30.06.2017 2024

Алпысбай ағамызбен киелі Жуалының (Жамбыл облысы) «Тесіктас» ауылында кіндік қа­ны­мыз тамып, қызықты бала­лық шағымыз бірге өтті. Үш-төрт жас айырмашылығымыз болғанымен қатар-құрбы сияқ­­ты ойынымыз тең, қал­жы­ңымыз жараса беретін. Алпекең арқа сүйеп өскен аға­ларымыз Пернехан, Баймахан (марқұм), Жексенбай (мар­құм), Ергенбай, Беспай бар­лығы бір сыныпта оқитын. Шымырбай атамыздың көше жақ ауласы кең болғандықтан сабақтан кейін бар бала сонда жиналатынбыз. Алпысбай да бар баланы өзіне тартып, үйіріп ала қоятын. Сабағы өте жақсы, кітапты көп оқитын болғандықтан, білетіні де баршамыздан басым. Атамыздың жалғыз ұлы болғандықтан ба, әйтеуір, ата-анасы Алпыс­байды үйден ұзатып шығар­майтын. 
Әлі есімде 1966 жылы еді, Алпысбай 6-сыныпты бі­­тір­генде, бүкіл ауыл-ай­мақ бо­лып уылдап-шуылдап Бүкіл­одақтық дәрежедегі «Ар­тек» пионер лагеріне шы­ғарып салдық. Күл­лі Кеңес Одағының ең үздік оқу­шы­лары жазғы каникулда сайран салып, демалып қайтатын ондай пионер лагерінің барын да сонда естідік. Ол жайын­да өңіміз түгілі түсімізде көр­мегенбіз. Сол-ақ екен аудан­дық, облыстық газеттер, бәрі­міз басымызға жастанып оқи­­тын «Қазақстан пионері» газеті мен «Балдырған» балалар журналы Алпысбай Шы­мырбаев туралы жа­рыса жазды дейсің! Алпекеңнің болашақ өмір жолы бәрімізден басқаша боларын ауыл балалары сонда алғаш рет сездік. Тегінде Алпекеңнің болмысы басқа жан еді...
Баламен бала болып ойнап, үлкендермен үлкен кісіше салмақты әңгімелесетін ағамыздың әр­бір қылығына қызығып, соған ұқ­сап өсу­ге ынтығатынбыз. Ба­ла Ал­пыс­бай ең алдымен ал­ғыр­лығымен ерекшеленді. Ал­гебра, геометрия, физика пән­деріне өте зеректігі өз ал­дына, республикалық «Қазақ­стан пионері», «Спорт» газет­те­рінде мақалалары жиі жария­ланатын. Пошташы Білісбек атамызды ауыл балалары қырдың басынан жүгіріп барып күтіп алатынымыз да есім­де. Өйткені, күнделікті газеттерде Алпысбайдың ең кемі әйтеуір бір мақаласы жарияланатын. Жабылып, жарысып, таласып оқимыз. Алпекеңнің тілі де оқуға жеңіл, оқиғаны қаз-қалпында әдемі бейнелеп, баяндап жазатын. Оның болашақта журналист, зор жазушы болатынына сол кезде-ақ күмәніміз қалмаған. 
«Қайрат» футбол коман­дасының дүріл­деп тұрған шағы, екіге бөлі­ніп доп қуамыз. Бас ұйым­дастырушы да, бас ойыншы да Алпысбайдың өзі! Әр­қайсымыздың ойын-өрнегімізге қарап, арқамызға бір-бір нөмірді таңып, фут­бол­шылардың есімін беріп қоятын... «Сен Тимур Сегіз­баевсың, сен Сейділдә Бай­шақовсың, сен Квоч­кинсің...». Ол кезде ауыл­да телевизор жоқтың қасы, ра­дио­қабыл­дағыштан берілетін «Қай­раттың» ойыны туралы ре­портажды тыңдау үшін де Шы­­мыр­бай атамыздың үйінде жиналып, Алпысбайды айналып отырушы едік. 
Бірде басымыздан мынандай қызық жағдай өтті... Жазғы каникулдың кезі. Әдеттегідей «Қай­раттың» ойынынан репортаж тыңдау үшін ауыл балалары тайлы-таяғымыз қалмай Алпысбайдың үйіне жиналдық. Жанымызға бат­қаны – Алпысбайдың үйі­нің жанындағы бағанада ра­дио­­бай­ланыстың сымы үзі­ліп жерде жатыр екен. Радио­репортаж бас­талуға уа­қыт­ таяп қалды, жылап жі­бере жаздадық. Жалаң сым­ды жалаң қолмен ұстап, жал­ғай салуға батылымыз жетер емес, ток ұрады дейміз де, оның жерде жатқан сымда бар-жоғына тағы сенбейміз... Не істерімізді білмей абдырап тұрмыз. Алпысбайдың қандай бір сәттерде тығырықтан шығу үшін ойлап табатыны болушы еді деп, жалтақтап ағамызға қараймыз. «Таптым» деді кенет Алпысбай. Шымырбай атамыздың оқта-текте тепең­детіп мініп жүретін өте жуас әрі біз мінсек аттап бас­пай­тын қыңыр есегі ағаштың тү­бінде ертеңнен кешке дейін кө­лең­кеде байлаулы тұрушы еді. Ал­пекең есекті күштеп тартқылап, ортамызға таяу алып келді. Жедел бұйрық бойынша Ергенбай мен Пер­нехан қураған бұтақты сындырып әкелді. Сөйтсек, Алпекең радиосымдағы онша қуатты емес токтың бар-жоғын есек­тің қ­ұ­ла­ғына тигізіп тексермек екен. Ән­шейінде солқылдаған шы­бық­пен сабалап ұрып жүр­гізе алмайтын есегіміздің құ­ла­ғына сым тигендегі жа­йын көрсеңіз. Жұп-жуас есек аяғын аспанға сермеп, мөң­кіп-мөңкіп, ауланы айнала құйын­датып шауып кетті, ал ұстатсайшы... Бала біткен қырын-топан күлкіге батты. Ішті басып, ішек-сілеміз қатып жерге аунап жа­тыр­мыз... «Қайраттың» футболы жайына қалды. Иә, балалар жазушы­сы Алпекеңнің – біз бі­летін Алпысбай Шымыр­баевтың, балалық шағының әр күні осындай қызыққа то­лы болушы еді, бәрі көз алдымызда.
Жазушылар одағында жазу­шы, бала тілінің ға­жайып шебері Алпысбай Шы­­мыр­баевпен қош­та­су митингісі өтіп жақанда ке­шегі бала Ал­пысбайдың біз білмейтін өмірдегі тағы бір қыры ашылды. Үндіс­танның Қазақстандағы ел­шісі «Алпысбай Шымыр­баев – Қазақстан мен Үн­діс­танның достығы мен ын­тымақтастығына алтын көпір болып еді» деп тебі­ре­не сөйледі. Бойындағы бар қы­лығ­ы баладай, дарқан көңілі дала­дай Алпысбай Шы­мырбаевтың екі ел ара­сын­­дағы достық дәнекері – «Ғ­ажайып Үндістан» жур­на­лын шығарғанына биыл 25 жыл толады екен. Елші­­нің сөзінен ұққаным, Қазақ­стандағы 200-ге та­яу үн­ділік компания Ал­пыс­­бай­дың журналының 25 жыл­ды­ғын бар пәрменімен атап өтуге дайындалу үстінде... Әттең, әттең... талантты қалам­гер Алпысбай ағама сол бір инемен құдық қазғандай қасиетті ең­бе­гі­нің рәтін көретін күнді жазбапты. Алпысбайдың бей­күнә баладай момақан жүзі, сабырлы да сал­мақты мінезі, асықпаған балпаң жү­рісі ғана көз алдымызда қалып қойды. Қайран, Алпекең!

Рахымжан НҰРБЕКОВ, 
заңгер-кәсіпкер
АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу