Қыран құстың түрлері және ерекшелігі

Қазақ құсбегілері бүркіттің туып-өскен мекеніне қатысты тау құсы, құз құсы, ой құсы деп бөледі. Құз құсының бі­тімі кесек, кеуделі келсе, ой құсы шағын денелі болады. Оның екі иығындағы ақ теңбіл белгісіне қарап ақсеңгір деп әспеттейді. Ой бүркіті мен қыр бүркітінің ерекшелігі олар ықшам, жинақы бітімді келеді. Бұларды сипатына қарап мұзбалақ, төртперен, төртсары деп те атайды. Бүркіттің ұя­басары (ұрғашысы) алғыр ке­летіндіктен оны қыран дейді, ал еркегін шәулі немесе сарша деп атайды. Еркек бүркіттің денесі шағын, қуаты әлсіз, нашар болады.
Егемен Қазақстан
07.04.2017 2759

Әдетте, ұябасардың жалпы тұрқы, тұмсығынан құйрығының ұшына дейін 110 сантиметр айналасында, шәулі-сарша құстар 80 сантиметр шамасында болады. Ені мен ұзындығы бірдей құсты қазақ саятшылары дөңгелек құс дейді.

Жалпы, бүркіт балапанының жұмыртқа жарып шыққан сәтін ақүрпек десе, одан кейін қауырсын-қанаты пайда болған кезін темірқанат, өңі қошқылдана бастағанда қарақанат деп атайды. Балапанның бір жасқа толып, екінші жылға аяқ басқанын тірнек, үш жаста – тастүлек немесе қантүбіт, төрт жасында – ана, бес жасында – мұзбалақ, алты жасында – көктүбіт, жеті жасында – қана немесе құмтүлек, сегіз жасында – жаңа, тоғыз жасында – майтүбіт (қо­ңыртүлек), он жасында – барқын (кәрі түлек), он бір жасында – баршын (ақ түлек), он екі жасында – шөгіл (ақыр түлек) деп атайды.

Бүркіт ана жасына (төрт жасқа) толғанға дейін құйрық пен қанатының астында ағы болады. Бес жасқа толғанда ағы жоғалады. «Бүркіт қартайса қараяды, адам қартайса ағарады» деген сөз осыдан қалса керек.

Бүркіттің мекені мен бітім-пошы­мына қатысты түрлері көп. Атап айт­қанда: Алтайдың ақиығы, Қоб­да­ның қаракері, Қобданың қанды көзі, На­рынның сары құсы, Сауырдың сарысы, ақ балапан, аққанат, ақбұршақ, бақабас, бұқатана, барқын, қандыбалақ, қырансары, құлашкер, кершолақ, сар­шолақ, сепелек сары, жапырақ қара, мұзбалақ, тақыр тірнек, мартулы қыран, шомбыл сары, ішжарғыш, кәрішөгел, жанбауыр шөгел, шегір паян, жыланбас, жарық жемсау, көк сарша, кебек сары, қарағайдың қызылы, түмен сары, ақкөз қоңырала, сукөз қоңырала, алдамбал қоңырала, ұзын шуда, үзбе шуда, күйсіз қоңыр, көлкөз ұршықбас, қойкөз қызыл, жатаған сары, жемайырғыш, қашаған қара, құртырнақ, қосқыран, шырғашыл, жөлер, туырдықтай сарыала, шұбар балақ... т.б. деп кете береді.

Тәжірибелі құсбегілер құстың түр-түсіне қарап-ақ оның ұя салып, өсіп-өнген мекенін ажырата алады. Мысалы, биік құзға ұя салған бүркіттің балапаны қаракер, көксұры да, бетбақты өңірге ұя салған бүркіттің балапаны қызыл жирен болады.

* * *

Сондай-ақ, бүркіттерді геогра­фия­лық мекен-өлкелеріне байланысты Оралдың мұзбалағы, Алтайдың ақиығы, шөгелдер деп атайды.

Оралдың мұзбалағы. Шөлейт өл­келерде Орал, Мұғалжар тауларын және Батыс Сібірді мекендейді. Ерек­шелігі: қылаң түсті, басы қара қоңыр, иық жүндері жапырақты, сырттай қарағанда ақтеңбіл, бауыры керітарлан, балақ және саңғуыр жүндері ақтаңдақ-кершұбар, қанатының асты қоңыр, қарасы аз болады. Бұл бүркіт аңнан қаймықпайтын қайратты болып келеді.

Алтайдың ақиығы. Бұл аса қарулы құс, өте қыран, тым ірі болады. Балақ және бауыр жүндері қоңыр, сырт келбеті қаратарлан. Алтай тау сілемдерінде, кейбір кездерде Тарбағатай тауларында да кездеседі. Алтайдың ақиығы аталу себебі – балапан кезінде иығында екі тал аппақ қауырсыны немесе топшы-иықтың екі иінінен бастап, пышақ шалғыға дейін сарғыш араласқан ақ жолағы болады. Осы белгісіне орай бұл құсты Алтайдың ақиығы деп атайды.

Алтайдың ақиығының шынжыр балақ шұбар төс, ақ білек немесе мұз­балақ түрлері де кездеседі. Жалпы, Ал­тай тауын мекендеген бүркіттің балапан­дары кесек денелі, ақ шұ­бар болады. Дегенмен, Алтайдың ақ­иығы денесінің үлкендігі жағынан Ерен­қабырғаның «Кескен терегіне» жетпейді.

Шөгелдер. Бұл құс Алатау және Памир тауларын мекендейді. Бұларды мұзбалақ шөгел және шашақты шөгел деп екіге бөледі. Мұзбалақ шөгелдің балақ жүні шудаланып, саусағына түсіп тұрады. Шашақты шөгелдің шүй­десі шығыңқы, саусақтары кесек, тырнақ терісі тарғылданып келеді. Шөгелдер қуатты бүркіттер тобына жатады. Бұлар арқар, киік, қасқыр сияқты аңдарға түседі. Шөгелдер тұғырда отыр­ғанда, бір аяғын бауырына тартып, жалғыз аяқпен отыратындықтан кезбез деп те атайды.

Қазақ этнографиясын зерделеген академик Әлкей Марғұлан жоғарыдағы үш топ бүркітті мекендеген жерлеріне қарай тағы да 12 түрге бөліп қарастырған екен. Атап айтқанда:

- Қазықтының қарагері (Орал, күн­батыс Сібірді мекендейді).

- Құмның қызыл көзі (Сарысу мен Шудың таулы өлкелерін, Қаратауды мекендейді).

- Желектінің жирен тұяғы (Сыр­дария, Қаратау өңірінің құсы).

- Қарағайдың қоңыраласы (Ертістің күншығысын мекендейді).

- Есбалақтың есерсоғы (Ала­тау,Тар­бағатай тауларын мекендейді).

- Өлтірмей бермес Өтеген (орманды жерді мекендейді).

- Ертістің сарышолағы (таулы, қа­йың­ды өлкені мекендейді).

- Несібелі байғасқа (өте көнбіс құс).

- Қарашегір (қыран келеді, биіктен шолады).

- Сарықұс (бап таңдайды, шапшаң құс).

- Сарышегір (шөгел тұқымдас құс).

- Дересіннің тұяғы (құсбегілер ең көп құмартатын құс).

* * *

Қазақ құсбегілері бүркітті бапты және бапсыз қыран деп бөледі. Нағыз қыран деп бапсыз қыранды (бап таңдамайтын) айтады. Мінезі шәркез (қыңыр) бүркіттер де болады. Олар баулуға оңай көнбейді, иесіне тез үйірлеспейді, бәріне жат көзбен қарап, сылап-сипағанды жақтырмайды. Ашықса әлсіреп, тойса тоқмейілсіп, шырғаға көнбей қинайды. Ол қайыруға әзер көнгенімен тоңса, ашықса, бабынан айнығыш келеді. Өте тәжірибелі құсбегілер болмаса, оны кез келген адам баптай алмайды.

Сондай-ақ, кәнігі құсбегілер бүркітті іс-әрекетіне қарап батыр құс, қу құс деп екіге бөледі. Батыр құс аңғал, албырт, қомағай, жүректі, күшті, аңға өршелене ұмтылады. Қара құйрық, қоян сияқты қоңыр аңдар мекендейтін жерлерде жүреді. Кейде ыстық өлкелерді де мекендеп қалады. Жем іздеп алыс-қиянға бармау үшін, қоңыр аңы көп бетбақ-керішті жарларға ұя салатындары да кездеседі. Күнде аң аулап жейді. Жерге көп қонақтайтындықтан, жүнін шыбын-шіркей көбірек қырқады.

Мұндай бүркіттер аң ұстап жеп отырғанда, аңға күйі келмейтін құстар немесе аңмен алысуды жақтырмайтын саяқ бүркіттер ұшып келіп ортақтасса, жеп отырған жемін оған тастап кете береді. Бұл – басқа құстан қорыққаны емес, өзіне-өзі сенгендігінің белгісі.

Қу құстың жүні жіңішке, сырты жылтыр қара, тұяғы иір, жылан бас, су көз келеді. Адамға тез үйір болмайды, аң алғанда көп алыспайды. Күшті аңға әуестеніп түспейді. Қоян, шіл, кекілік сияқтыларға құмар келеді. Биік, салқын, тауларға ұя салады. Көбінесе, қаршыға, сұңқар қатарлы құстардың жемін тартып жейді. Бұл түрдегі құсты саятшылар мырза құс деп те атайды. Мырза құс күйшіл болады.

* * *

Бүркіт егделеген сайын түр-түсі өзгереді. Кейбір табиғи ақшыл құстар түлек сайын аршылғанымен ағынан толық арылмайды. Ал, ағынан арылған құс қантамардан (бүркіттің тамағының астынан жемсауына қарай жүгірген қызыл жолықты жүнді «қантамар» деп атайды) құлдай, екі топшы арасындағы жемсаудың айналасы және екі топшыдан пышақ шалғыға дейін, одан кейін екі жақ қаптал жүндері қызғылт сары түске айналады. Әрі құйрық түбінің үстіңгі жапырақ жүндері мен балақ шудалары, санындағы ақ бұршақ жүндер қызғылт сары түске өзгереді. Мұндай қызғылт түске оңған бүркітті қандыбалақ дейді.

Сол сияқты бүркіттің кеңсірігі, сау­сақ салалары түлек сайын тотияйын көк­шіл түске айналса, бұндай құсты құс­бегілер көк аяқтаған, көк тұм­сық­танған бүркіт деп атайды.

Бүркіт есейген сайын құйрық шал­ғыдағы ағы тарландай бастаса, мұндай бүркітті «тарлан» дейді. Тарландаған бүркіт алымыр қыран болады. Қазақ бүркітшілері «Тарлан салған талықбас» деп бекер айтпаған.

Балапан бүркіттің құйрығының ұшы төрт елідей қара болып келеді де, одан жоғары жағы ақ болады. Анық­­тап қарағанда, құйрығының орта­сын­­дағы өзек шыбықтың екі жақ ақ ел­пін­де аздаған шашыранды қара ноқат бел­гілері болса, оны қара тарлан, жоқ болса жай тарлан дейді. Ол жақ­сы қы­ран болмайды. Егерде, құй­рық ел­піндегі шашыранды ноқаттар қыз­ғыл­тым, жүні ұзын әрі толық болса, он­дай құсты на­ғыз қызыл тарлан деп атай­ды. Бұл қы­ран болады.

* * *

Марқалаған бүркіттің балақ жүні төмендеу бітсе, оны жолды құс дейді. Жіліншік жүні жоғары бітсе, сидам сирақты жолсыз құс деп атайды. Ал, құстың балақ жүні саусағының арасынан төгіліп тұрса, мұндай құстарды аңғашар дейді. Аса қыран бүркіттің балақ жүні қалың әрі саусақтарына қарай төгіліп тұрады. Толарсақ сүйегінің басы жуан, жіліншік жағы сүйірлеу бітеді. Егер жіліншік сүйектерінің бас-аяғы бірдей болса, мұндай құстарды желмен ұшатын құс дейді, ол шабан, бапшыл болады.


Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Бізді біріктіре түседі

21.09.2017

Жаңғыру мен дамудың ұстыны

21.09.2017

Латын әліпбиі тілді жаңа сапалық деңгейге көтереді

21.09.2017

Сапасыз білім сан соқтырады

21.09.2017

Өрелі өрен іздеймін

21.09.2017

«Қасиетті Қазақстан» картасы жасалуда

20.09.2017

ОҚО-да топырақсыз жем-шөп шығаратын жаңа қондырғы іске қосылды

20.09.2017

Ресей жинақ банкінің Басқарма төрағасы өзі оқыған мектебіне тарту жасады

20.09.2017

Оралда балалар кафесіне айналған ұшақ қызмет көрсетеді

20.09.2017

«Qazaqstan3D» веб-сайты мен «Жеті қазына» жобасы таныстырылды

20.09.2017

Дәурен Абаев жалған ақпарат таратқан БАҚ-қа жүктелетін міндетті айтты

20.09.2017

Жетістікке жетуіңе қай жерде туғаның да әсер етеді

20.09.2017

Солтүстік Корея санкцияны елейтін емес

20.09.2017

ЭКСПО-2017 кезінде 9 мың адам медициналық көмекке жүгінген

20.09.2017

«Астана» қаржы орталығы инвесторларға теңдессіз жеңілдік ұсынбақ

20.09.2017

Елімізде арбитраж орталығы мен тәуелсіз қаржы соты құрылады

20.09.2017

Мәжілісте транзиттік әлеуетті күшейтетін заң жобалары мақұлданды

20.09.2017

Бесқарағайда Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына орай айтыс өтеді

20.09.2017

Астанада 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

20.09.2017

Мемлекет басшысына Наурызбай ауданының дамуы баяндалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу