Қытай Қостанайға инвестиция салмақ

Егемен Қазақстан
30.11.2016 93
unnamed Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары Асқар Маминнің жетекшілігімен үкіметтік делегация құрамында Қытай Халық республикасында болып, бірқатар іскерлік келісімдерге қатысты. ҚХР Премьер-Министрінің орынбасары Чжан Гаолимен болған келіссөздерде тараптар кең ауқымды мәселелерді қарады. Оның ішінде Қостанай облысының  қытай нарығына астық экспорттау, темір кені өнімдерін жеткізуде темір жол тарифтерін төмендетуге қатысты және басқа да өзекті мәселелер қозғалды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күндік сапарда Архимед Мұхамбетов ірі трансұлттық компаниялармен және инвестициялық қорлар жетекшілерімен кездесіп, машина құрастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында мәселелерді талқылады. Архимед Бегежанұлы импорт және (СМС)  жабдықтарын экспорттау жөніндегі Қытай мемлекеттік компаниясының президенті Сю Шенг Ванг және Anhui Jianghual Automobile Co Ltd (JAC) компаниясының басқарма төрағасы Джи Анмен кездесуде автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастық жөнінде әңгімелесті. «Аллюр компаниясы тобына» кіретін Қостанай автоөнеркәсібі кәсіпорнының өкілдері қытайлық әріптестермен  «СарыАркаАвтоПром» зауытының базасында JAC  моделін жүйелі өндірісіне инвестиция салу және екі жақты жобаларды дамыту мәселелері талқылады. Аймақ басшысы Қостанай облысы  өңірінде целлюлоза-қағаз комбинаты желісін жасау жобасын жүзеге асыру жайын J.S. Machine компаниясының атқарушы директоры Мин Лимен талқылады. Ал бұл компания қағаз өнеркәсібі үшін  жабдықтар шығару жөнінен әлемдік көшбасшы болып саналады. «Жібек жолы» инвестициялық қоры өкілдерімен болған кездесуде Қостанай қаласындағы агроөнеркәсіптік парк құрылысын жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде майлы дақылдарын өңдеу мәселелері де қамтылды. Айтпақшы, облыс басшысы келіссөздер жүргізген «Жібек жолы» инвестициялық қорының инвестициялары Жібек жолы экономикалық белдеуінде және Теңіз Жібек жолы бойында орналасқан елдердегі ірі жобаларға бағытталған. Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан" ҚОСТАНАЙ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Сапа менеджменті бәсекені нығайтады

24.09.2018

Жамбыл облысында оң экономикалық өсім бар

24.09.2018

Сиқыры мол сауда нарығы

24.09.2018

Машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланды

24.09.2018

Ulaǵat pen muraǵat

24.09.2018

Аналарға құрмет

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу