Қытай ұлттық күні ашылды

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қы­тай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері Жина­лысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Шэнь Юэ Юэ ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қытай ұлттық күнінің ашылуына қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
06.07.2017 782

Салтанатты рәсім екі елдің мемлекеттік әнұранымен ашылды. Одан кейін сөз алған Мәжіліс Спикері жиналғандарды Қытай ұлттық күнінің ашылуымен құттықтай келіп, әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімі мен құрметінің айшықты дәлеліне айналған ЭКСПО көрмесін өткізу Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың халықаралық беде­лінің және жаһандық деңгей­де ойлайтын көреген саясатының нәтижесі екенін атап өтті. 
– «Болашақтың энергиясы» және «жасыл экономика» тек бірнеше мемлекеттің ғана емес, барша адамзаттың дамуы үшін өте маңызды, өте қажетті мәселе. Сондықтан, біздің көрмеміз осы әлемдік мәселеге өзінің зор үлесін қосады деп сенеміз, – деді Н.Нығматулин.
Мәжіліс Төрағасы атап өт­кен­дей, Президенттің бастамасы­мен елімізде белсенді   жүргізіліп жатқан энергетика саласын жаң­ғырту жұмыстарының арқасында Қазақстанда қуаты 300 МегаВатт болатын, жаңартылатын энергия өндіретін кәсіпорындар саны 50-ге жетті. Алдағы 2050 жылға қарай қажетті электр қуатының тең жартысы осы жаңартылатын энергиядан өндірілмек.  
Оған ЭКСПО көрмесінің де ықпалы зор. Өйткені, бұл жерде әлемдік деңгейдегі, болашағы зор үздік жобалар қойылған. 
Ал Қытайдың экспозиция­сы осы көрмедегі ең ірі және ең үл­кен жұмыстардың бірі. Атал­ған ел­дің көрмеге қатысуы – жа­ңа техно­ло­гияның дамуына және біз­дің елдеріміз арасындағы байла­ныс­ты одан әрі тереңдетуге жол ашады.
Осыдан кейін сөз алған Шэнь Юэ Юэ ханым Қытайдың ЭКСПО көр­месіне аса қызығушылықпен мән беріп, ұлттық павильонды дайындауға орасан күш жұм­сағанын айтты. Өз сөзінде: 
– Астана ЭКСПО-2017 көр­ме­сіне қатысу арқылы біз Қы­тай – Қа­зақстан достық қарым-қа­тынас­­тарын нығайтып, екі ел ара­сын­дағы стратегиялық әріптес­тікті жаңа биіктерге жеткізе ала­мыз деп үміт­тенемін, – деді ол. 
Салтанатты рәсімнен кейін екі елдің Парламент өкілдері мен меймандар Қазақстанның «Нұр Әлем», Қытайдың «Болашақтың энергиясы, Жасыл Жібек жолы» атты ұлттық павильонын аралап, инновациялық жетістіктермен танысты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Азиада-2018: Су добынан Қазақстан қыздар командасы күміс алды

21.08.2018

Атырау облысының шалғайдағы елді мекендеріне газ тартылады

21.08.2018

Азиада-2018: Таэквондошы Жансель Дениз ел қоржынына күміс жүлде салды

21.08.2018

Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров қола медаль жеңіп алды

21.08.2018

Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды

21.08.2018

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21.08.2018

Өзбекстанның Премьер-министрі жол апатына ұшырады

21.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды

21.08.2018

Астанада дәрігерлерге арналған жатақханалар салынады

21.08.2018

АҚШ-тың Мемхатшысы Құрбан Айт мерекесімен құттықтады

21.08.2018

Астанаға Түркия Жандармериясының басшылығымен арнайы делегация ресми сапармен келді

21.08.2018

Кооператив күш біріктіреді

21.08.2018

Шыңғыстаудағы Шәкәрім тойы

21.08.2018

Егемен ашқан есімдер: Егіз өрім

21.08.2018

72 сағатта 35 метр бөкебай тоқыған

21.08.2018

«Тақиялы періштені» төрткүл дүние көреді

21.08.2018

Жаңа жобаларды меңгеріп жатыр

21.08.2018

Шындық жұтқан тағдыр

21.08.2018

Шариғат жайлы шығарма

21.08.2018

Бұқар жырындағы бүгінгі тұрпат

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Өмір – әділ

Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қа­рама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу