Қытайдың стратегиялық басымдықтары

Қытай − Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптес­терінің бірі. Сондықтан, бұл алып елде болып жатқан өзге­ріс­тер қазақ­стан­дықтарды бейжай қалдырмасы анық. Осы орайда, бүгін біз атал­ған елдің соңғы кездердегі эко­номикалық жетістіктеріне шолу жасауды жөн көрдік.
Егемен Қазақстан
07.04.2017 667

Биылғы жылдың наурызында Бейжіңде Қытай Халық Республикасының (ҚХР) ең жо­ғарғы мемлекеттік құрылы­мы әрі заң шығарушы органы Бүкіл­қытайлық халық өкілдері жи­на­лысының (БХӨЖ) жыл са­йын­ғы сессиясы өтті. 

Он бір күнге жалғасқан БХӨЖ 12-ші шақырылымының 5-ші сессиясында Қытай үкі­метінің 2016 жылғы жұмысы туралы есебі ұсынылып, 2017 жыл­дың экономикалық даму жос­пары жарияланды және ел­дегі орталық және жергілікті би­лік­тің 2017 жылғы бюджет жос­парлары бекітілді. Жина­лыс­тың ашылуында Қытай үкіметі­нің 2016 жылғы жұмысы туралы есеп берген үкімет басшысы Ли Кэцян алдымен Си Цзинь­пиннің басшылығымен ҚКП Орталық комитетінің тұрақ­ты экономикалық даму­ға қол жеткізу, қоғамдық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету және әлеуметтік өмірді жақсар­ту­ға күш салғанын атап өтіп, үкімет­тің 2016 жылғы жұмысын қоры­тындылады.

Ұсынысқа негізделген құры­лымдық реформалар кешен­ді түрде тереңдетіліп, эконо­мика­ның тұрақты өсімі үшін қажетті шаралар қабылданды. Осыған байланысты Мемлекеттік кеңес пен оның жергілікті бас­қар­маларының атқаруына мін­дет­телген 165 түрлі тексеріп-бекіту қызметі, 192 түрлі дәнекерлік қызметі және 220 түрлі кәсіби біліктілікті бағалау қызметі күшінен қалдырылды. Сыртқа есік ашу жеделдетіліп, «Бір бел­деу – бір жол» стратегия­сын­да қамтылған елдермен ынтымақ­тастық тереңдетілді және елге 130 миллион доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Екінші − белсенді қаржылық сая­сат жүргізілді. Бір жыл ішінде кәсіп­орындарға салынатын салықтық жүктеме 570 млрд юань және пайыздық жүктеме 400 млрд юаньға қыс­қарды. Тұрақты ақша-несие сая­саты нәтижесінде Қытайдың 2016 жылғы үлкен ақша массасы (М2) 11,3%-ға өсті.

Үшінші − «Қытайда жасал­ған-2025» атты бастама­ның технологиялық даму страте­гия­сы кешенді түрде жүзеге асырылды және ұлт­тық деңгейде бірнеше тех­но­ло­гиялық инно­вациялық орта­лықтар мен ин­нова­циялық қанатқақты аймақ­тар құрылды. Өнеркәсіп секторында артық өндіру мәселесін шешу бойынша маңызды қадам­дар жасалып, жылдық көмір өндіру мөлшері 290 мил­лион тоннаға, ал болат өндіру 65 миллион тоннаға азайды. Төртінші – жасыл экономика тұрғысынан алғанда, таза энергия тұтыну үлесі 1,7 пайыздық тармаққа өссе, көмір тұтыну 2 пайыздық тар­­маққа қысқартылды. Ауаның ластануына қарсы күрес кү­шей­тіліп, күкірт диоксиді шығарын­дылар 5,6%-ға, азот оксиді шы­ғарындылар 4%-ға азайған, 74 ірі қалада ауадағы шаң-тозаң қоюлығының жыл­дық орташа көрсеткіші 9,1%-ға төмендеді. Бесінші – халықтың тұрмыс жағ­дайын жақсарту мәселесіне ере­кше назар аударылып, жұ­мыс­­­пен қамту және жаңа жұ­мыс орын­дарын ашу үшін бір­қа­тар шара қабылданды. Кедей­лерге кө­мектесу үшін мем­­ле­кет­­тік бюд­жеттен 10 млрд юань бө­лі­ніп, 84 миллион тұр­­мысы төмен балаға оқу грант­­тары беріл­ді. Мемле­кет­тік бюд­жет­тегі білім беруге бағыт­талған жыл­дық қа­ражат­тың үлесі 4%-дан асқан.

Қытайдың өткен жылғы эко­номикалық және әлеуметтік нәтижелері бірнеше түйінге жинақталды. Атап айтқанда, елдің  ІЖӨ-сі 6,7%-ға артып, 74,4 триллион юаньға (шамамен 11 триллион доллар) дейін өсті және жаһандық экономикалық өсуге 30% үлес қосты. Тұтыну баға­лары индексінің жылдық өз­герісі 2% болды. Өнеркәсіптік кәсіп­орындарда пайданың ұл­ғаюы 8%-ға жетсе де, алдыңғы жыл­мен салыстырғанда 2,3%-ға тө­мен­деген. Салалық дамуда қыз­мет көрсету саласының үле­сі 51,6% болып, тарихтағы ең жо­ғары деңгейге жетті. Жо­ға­ры технологиялық индус­т­рия мен технология өндірісі қар­­қынды өсіп, аграрлық сек­тор­да тұрақтылыққа қол жет­кізіл­ді. Жаңа құрылған кәсіп­орын­дардың саны күніне 15 000-ға артып, жылына 24,5%-ға өскен.

Технология және иннова­ция сал­асында осы жылы тех­­но­ло­­­гиялық сауда көлемі 1 три­л­­­лион юаннан асып, техно­ло­­гия­­­лық өсімнің экономика­ға қос­­қан үлесі 56,2%-ға дейін артты.

Қалаларда жаңадан ашыл­ған жұмыс орындарының саны 13,41 миллион болса, тіркелген қалалық жұмыссыздық деңгейі 4,02%-ды құрады. Көлік инф­ра­­­құ­рылымы тұрғысынан ал­­ған­­да, бүкіл ел бойынша жаңа 1 900 ша­­қырым жоғары жылдам­дық­тағы темір жол желілері пай­­да­лануға беріліп, 6 700 ша­қы­­­рым­нан астам автомобиль жол­­­дары мен 290 000 шақырым ауылдық жолдар салынды, 21 жаңа ірі гидротехникалық құры­­лым құрылысы бастал­ды. Коммуникациялық инфра­құрылым жағынан 4G ұялы байланыс абоненттерінің саны 340 миллионға өсті және талшықты-оптикалық кабельдер 550 миллион шақырымға жетті.

Жан басына шаққандағы табыс 6,3%-ға артқан. Ауылдық жер­лерде тұрмысы нашар ха­лық­тың саны 12,4 миллион адам­­ға азайды және 2,4 миллион адам өмір сүру ортасы нашар жер­лер­ден дамыған аудандарға кө­ші­ріл­ді. Сондай-ақ, 6 мил­лион­­нан астам жаңа тұрғын үй салы­нып, ауылдық жерлерде 3,8 миллионға жуық адамның  ес­кі үйі жөнделді. Урбанизация үде­­рісі жеделдетіліп, 16 мил­лион­­нан астам адам қалаға көшті. Биыл­­­ғы жылы 120 миллион қы­­­тай аза­ма­ты шетелге саяхат жасады.

Қытай үкіметінің 2017 жыл­ғы жұмыс жоспарын жария­лаған үкімет басшысы Ли Кэцян осы жы­лы елде тұрақты даму мен әлеу­­мет­тік дамуды қам­тамасыз етуде негізгі ба­ғы­ттар бойын­ша ұсы­нысқа не­гіз­делген құры­лым­­дық ре­фор­маларды нығай­тып, қа­­же­т­ті технология­лық транс­­­фор­­мация мен макро­эко­но­ми­калық тұрақтылыққа ба­ғы­т­тал­ған жұмыстарға ба­сым­дық беретінін атап өтті. Жос­парға сәйкес, 2017 жылы Қы­тай 6,5%-дық экономикалық өсім­ге қол жеткізу және ІЖӨ бо­йын­ша энергия тұтынымын 3,4%-ға азайту, 11 миллион жаңа жұмыс орнын ашу және елде қалалық жұмыссыздық көр­сет­кішін 4,5%-дан төмен дең­гей­де сақтау, 2016 жылмен са­лыс­­тырғанда 200 млрд юаньға қыс­­қарту арқылы бюджет тап­шы­лы­ғын 23,8 триллион юань дең­гейінде ұстау, үлкен ақша мас­са­сын (М2) 12%-ға арттыру, ал ин­ф­ляция өсімін шамамен 3% дең­гейінде ұстап тұру көзделіп отыр.

Бұл 2013 жылы наурызда қызметке кіріскен БХӨЖ 12-ші шақырылымының соңғы сес­сиясы болды. 2017 жыл – Қытай­да әрбір бес жыл сайын өткі­зі­летін саяси биліктің жаңаратын жылы­на сәйкес келеді. 2012 жыл­дың қараша айындағы 18-ші ҚКП пленумының отырысында сай­лан­ған басшылық тобы 10 жыл­дық билік кезеңінің алғашқы бес жылдығын аяқтай­ды және жыл­дың соңында өтетін 19-шы ҚКП пленумында билік өзгеріп жаңар­тылады, сондай-ақ, 2018-2022 жылдар кезеңі үшін БХӨЖ 13-ші ш­ақы­рылымының сайлауы өтеді. Осы тұрғыдан алғанда БХӨЖ 12-ші шақырылымының 5-ші сессиясында белгіленген Қы­тай үкіметінің 2017 жылға ар­нал­ған шешімдері мен іс-шара­лары өте маңызды болып табылады.

БХӨЖ 12-ші шақырылымы 5-ші сессиясының қорытын­дысы бойынша, Қытайдың 2017 жылғы стратегиялық ба­сым­дықтарын төмендегідей қоры­тындылауға болады. Тұ­рақ­ты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде соңғы жыл­дары экономикалық өсу қар­қыны баяулаған Қытай үшін эко­но­микалық өсу тұрақты­лы­ғын қамтамасыз ету ең ма­ңызды мақсат болмақ. Қыт­ай­дың экономикасы өткен жылы 6,7%-ға өсті, бұл соңғы 26 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Мысалы, Қытай экономикасы 2008 жыл­ға дейін шамамен 10%-дық қар­қынмен тұрақты түрде өс­кен болатын. Тұрақтылық пен қауіпсіздік жайына келсек, сессияда мақұлданған 2017 жылғы орталық бюджет жоспарына сәйкес, биылғы жылы Қытайдың қорғаныс бюджетінің шамамен 7%-ға артып, 1 триллион юаньға дейін өсуі, ресми Бейжіңнің ел тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне үлкен мән беретінін көрсетеді. Себебі, АҚШ президенті До­нальд Трамптың билікке келуі­мен АҚШ – Қытай қарым-қаты­настарының шиеленісе түсуі, Вашингтон мен Сеул билік­тері­нің Оңтүстік Кореяда THAAD зымыранға қарсы қор­ға­ныс жүйесін орналастыру жос­пар­лары, сондай-ақ, Оңтүс­тік Қы­тай теңізі мен Корей түбе­гін­де артып келе жатқан ши­еленіс­ке байланысты Қытай билігі үлкен алаңдаушылық білдіруде.

Ауаның ластануына қар­сы күреске байланысты Қы­тай­дың стратегиялық басымдық­тарының бірі ретінде ауаның ластануымен күрес мәселесін атауға болады. Елдің орталық бюджеттік жос­парына сәйкес, ауаның ластануына қарсы күрес шеңберінде биыл 12 млрд юань көлемінде қаражат бөлініп, ол өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға арт­қан. Денсаулық сақ­тау саласы бо­йынша Қытай­дың 2017 жылға арналған ден­сау­лық сақтау және отбасын жос­парлау бюджеті­нің 2016 жыл­ға қарағанда 50,3%-ға өсіп, 9,116 триллион юань­ға дейін артуы, Қытай үкіметі­нің денсаулық сақтау реформасында маңызды қадам жасай бастағанын көрсетуде. Өткен жылдан басталған «екінші бала» саясатын кешенді түрде іске асыру үшін Қытай басшылығы денсаулық сақтау реформасына да басымдық бере бастады.

Өмірбек ҚАНАЙ, 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері 


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2017

Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылды (фото)

22.07.2017

Мемлекет басшысы «Еуразия» кинофестиваліне өз құттықтауын жолдады

22.07.2017

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

22.07.2017

Түркиядағы ҚР Елшілігі Бодрумдағы қазақстандықтармен байланыс орнатты

22.07.2017

Жамбыл облысында егінжай күні өтті

22.07.2017

«Оскар» сыйлығының иегері қазақ киносына түскісі келетінін айтты

22.07.2017

Астанада рұқсатсыз орындарда сауда жасаумен күрес күшейтілді

22.07.2017

«Алматы» ӘКК басқармасына жаңа басшы келді

22.07.2017

ОҚО Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды

22.07.2017

Дәурен Абаев Аргентинаның қоғамдық пікір және бұқаралық ақпарат федералды жүйесі министрімен кездесті

22.07.2017

Шығыста мектеп оқушыларына Таласбек Әсемқұлов атындағы стипендия тағайындалды

22.07.2017

Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралды

22.07.2017

Абель Санчес: Головкин қартайып қалды дейтіндер қателеседі

22.07.2017

Роза Рымбаева Астанада өнер көрсетеді

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда жас туристер слеті өтті

22.07.2017

Елордада Ақтөбе облысының жәрмеңке күндері өтіп жатыр

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда кәсіптік даярлық курстарынан 650 адам өтті

22.07.2017

Елордада тіркеу ережесін бұзған пәтер иелеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

22.07.2017

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

22.07.2017

Бірнеше өңірде бұршақ жаууы мүмкін

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жасанды интеллект

Жасанды интеллектіні қол­дай­тын­дар да, қолдамайтындар да көп. Соң­­ғы кездері осы тақырыпқа бай­ла­­нысты кітаптар мен түрлі ма­те­риалдарды оқи жүріп, жасанды ин­теллектіні қолдамайтындар қа­та­рын тағы бір адамға көбейткен си­яқ­тымын.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ осы!

Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Ғылым және жалған атаққұмарлық

Ғылымды көбіне қоғамды материал­дық жағынан қамтамасыз ететін, ілгері­лететін, алға жетелейтін ғылыми-тех­ника­лық прогрестің алғышарты ретінде қарастырып, ал рухани кемел­де­ну тетігі ретіндегі рөлін бағалай бермейтініміз бар. Ғалым тұлғасы қашанда ерекше құрметке ие екенін елеп-ескерудің орнына жалған атаққа ұмтылушылықтың тамырына балта шаба алмай келе жатқанымыз сондықтан болу керек. Адамзат тарихына үңілетін болсақ, өркениеттің шарықтап дамуы ғылымға қалтқысыз еңбек еткен ұлы тұлғалар есімдерімен тығыз байланысты. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қырғызстан: сайлау «дүбірі» мен «күбірі»

Көршіміз Қырғызстанда кезекті пре­зиденттік сайлауға кандидат ре­тінде тіркелуге ниеттенген үміт­кер­лердің құжаттарын қабылдау бас­талғанына бір айдан асты. Кан­ди­даттардың сайлаушылармен кез­де­сіп, үгіт-насихат жұмыстары 10 қыр­күйек пен 14 қазан аралығында жүр­гізіледі. Ал президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Бизнес және біздің іс

Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фир­ма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кет­кендіктен сіздің тапсырысыңызды уа­қытында орындай алмайтын болып отырмыз. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу