Қызылда отыр топ қазақ

Көрші Ресейдегі Челябі облысына қарасты Қызыл ауданында біраз қазақ тұрады. Олар аудан халқының 14 пайызын құрайды. Ақжайық өңірі. Түгін тартсаң майы шығатын құнарлы жерді қазақтар қашаннан құт мекен етіп келеді. «Қыз Жібек» жы­рындағы Базарбайдың жыл­қысы жайлаған, Төлеген мен Жібектің «Гәккулеткен» жері. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген халқымыздың қа­ғидасын ұстанған қандас­тар осы жерде мамыражай ғұ­мыр кешіп жатыр.
Егемен Қазақстан
20.06.2017 2377
2

Кеңес одағы кезінде де малдың жайын күйттеген, кеңшарларда отарлап қой, үйірлеп жылқы баққан, абыройға бөленген қандастарымыз болатын. Солардың бірі Ерғали атай мен Мағзима әжей Имановтар қашан шаруашылық тарап кеткенше қой бақты, жеті бала өсіріп, бүгінде немере-шөберелер көріп, бәйтеректей өркен жайған отбасы. Олардың шаңырақ көтергеніне би­ыл алпыс жыл толыпты. Қария­лар өз бөлмесіне жеке қой­дырып алған теле­дидардан «Қазақстан» арнасын ауыстырмай қарайды. Жатжұртта туып-өсіп, сол жерді мекеніне айналдырса да, қандастарымыз атамекенге арқасын сүйегендей болып отырады. Күнделікті естіп, көріп-біліп отырғандықтан Қазақстанның жетістіктеріне қанық. Ал өздері өмір­де де, еңбекте де қол жеткізген же­­тістігіне марқайса, әкесінен «әп, бәр­екелді!» естігісі келген бала­дай, жақ­­сы хабарды атамекен­ге жеткізгісі келеді. Ақжайық бойындағы орыс-орманның ара­сын­дағы ша­ғын ауыл­да тұрып жат­қан бір топ қан­дас­та­ры­мыздың осын­дай тіле­гімен бар­ғанбыз.

– Біздің көрген бейнетіміз кітап боларлық. Балалық шақ жылаумен өтті, екеуміз де жетім өстік. Әке­ле­ріміз соғысқа кетті. Менің анам то­ғыз айлығымда қайтыс болыпты, атам мен әжемнің бауырында өстім, қиын жылдары кемпір-шал ұстаған жалғыз ешкінің сүтін талғажау етіп, ашыға қойғаным жоқ. Ал мына кісінің соғысқа кеткен әкесінен «қара қағаз» келген соң, шешесі күйеуге шығып кетіпті. Қартайған әжесінің қолында Ерғали мен інісі және қай­т­-
қан қызының тағы бір баласы – шиеттей үш бала қалады. Ол да, мен де 17-ге қарағанда бізді «адам боп ке­­тіңдер» деп кемпір-шалдар қосты. Мен келін болып түскенде жалғыз кем­­пір мен үш бала өте жүдеу тұ­ра­ды екен. Әжеміз келер жылы-ақ көз жұм­ды, – деп әңгімеледі Мағзима әжей.

– Әкем соғысқа кеткенде мен алты жастағы бала едім. Әкем байғұс кетерінде бала-шағам жесін деп бір сиырды сойып, терісіне орап тас­тап кеткен еді. Келер түні ұрылар етті шошаладан көтере ұрлап кетті. Ағай­ын жеңгем бар еді, сол кісі әлгі си­­ырдың терісін үйітіп, қайнатып бер­ді, біз соны талғажау еттік, – деп еске алады Ерғали ата.

Ерғали мен Мағзима Қызыл ауда­нында 60-шы жылдары ашылған «Измаилов» кеңшарына кіріп, тұр­мыс­­тарын түзей бастайды. Қой ба­ға­ды, олар өзінің адал еңбегімен абы­р­ойсыз болмайды. Кеңшардың ди­ректоры, аты Оңтүстік Уралға мәшһүр болған, Социалистік Еңбек Ері Александр Заплатин еді. Оның басқарған уақытында шаруашылық үлкен табыстарға жетеді. Ең бастысы, А.Заплатин 80-ші жылдардың өзінде малдың өнімін сол жергілікті жерде өңдеуді ұйымдастырады. Диірмен, макарон өндірісі, наубайхана, тері өңдейтін кәсіпорындар, шұжық цех­тары салынады. Әлеуметтік сала дамиды, кеңшардың орталығы қала типтес поселкеге айналады.

– Шиеттей бала-шаға болды, қой бағамыз, бір сәт дамылдауға шама келмей жұмыс істедік. Алғашқы жыл­­дары бір күн жұмыстан қалсаң шығарып тастайтын, өте қатал болды. Сөйтіп жүргенде, әлгі Заплатин ди­ректорымыз кеңшарға тексеруге, көруге келген кісілерін біздің үйге алып келеді. Әйелдерімен келіп, кәдімгі демалысқа келгендей болатын.Тіпті Мәскеуден келген қонақтарын біз күтіп жіберетін едік. Оларға мал сойдырып, бас қой­ды­ратын. Самаурын оттан түспейтін еді. Күн де, күнара соның қонағын кү­ту­мен жүреміз, мал сойылып жатады, қымыз пісіліп, самаурынның түтіні будақтап, қайнап тұрады. Кө­корай шалғында қазақтың үйінде ет жеп, қымыз ішіп жатқан соған ұнайтын. Күнімен, түнімен жүреміз, сапырылысып. Мұндайда әйелге түседі ғой көп салмақ, бір ауыз сөз ай­туға шама қайда? Сөйтіп, құлдай қыз­мет еттік қой. Бірақ шаруамызды ақсатпадық, жұмыстан қылау тапса қолыңнан ас ішіп едім-ау демейтін басшылар, – дейді Мағзима әжей.

Ерғали мен Мағзима Имановтар ба­лаларын адал еңбегі, маңдай те­рімен асырап, ержеткізді. Үйлі-баранды, немерелер өсіп жатыр. Бірі бизнесте, бірі мұғалім, бухгалтер, әйтеуір, мамандық алмай қалғаны жоқ. Ата-анасының отау құрғанына алпыс жыл болған отбасылық қуа­нышын балалары қариялардың ден­с­аулығына байланысты мейрамханада тойлатпай, қонақтарын еңселі үйінде күтті. Қазақтың салтымен жайылған кең дастарқанға замандас­тары, ауылдастары, құда-жекжаты жиналды. Тек жастар ғана көзге шалынбайды...

Өздері жайлап отырған Целинное селосында жиырмадан аса үйдің барлығы дерлік қазақ отбасылары екен. Сонымен қатар, Қызыл ауда­нын­­дағы басқа елді мекендерде де қазақтар шашырай орналасқан. Целинное ауылында негізінен ересек, зейнет жасындағы кісілер ғана қал­ған. Жастардың барлығы да Маг­ни­тогор, Челябі қалаларына жұмыс істейді, пәтер жалдап тұрады.

– Ауылда мамандығы бойынша жұмыс жоқ, ал жастар құрық ұс­та­ғы­сы келмейді. Аталарымыз осы жерде мыңдап жылқы айдаған еді, түгін тартса майы шығатын Жай­ықтың бойы үшін бір жағы баш­құрт­пен, екінші жағында ормандай орыспен алысып-жұлысып өмір сүрген, ақыры тұрып қалған. Ал қазір заман басқа, жастар қаланы қолайлайды, – дейді келген қонақтардың қайсысымен тілдессең де. Қызыл ауданындағы қандастардың барлығы тек малмен, егінмен күн көріп отыр. Жоқ дегенінде 5-6 жылқы, 5-6 сиыр бар, алды 30-40 жылқы, 15-20 сиыр, жүздеп қой ұстайды. Қаймақ, сүтін, ірімшігін, етін сол маңдағы Сибай, Магнитогор қалаларына, туристер келіп жатқан Архаим табиғи-архе­олог­иялық қорығына апарып сатып, нәпақасын табады.

Қызылды жайлап отырған ат тө­беліндей қандастар өз ата-баба­сы­ның тарихына тым шор­қақ. Бір ауыл болып отырған қандастардың үлкені дейтін Ерғали атай мен Мағзима әжейдің өзі «Біз тек Кеңес заманының тәрбиесімен өстік, тарихты қолмен қойғандай айтатын қариялардың барлығы өмірден өтті, олар барда әңгімелеріне құлақ қой­мадық», деп өкінеді.

– Бұл жер  – Жағалбайлының жері, біздің аталарымыз жайлаған. Мен Найза болыстың тікелей ұрпағымын, бірақ нешінші атам екенін дөп басып айта алмаймын. Осы маңда оның жайлауы болған деседі, – дейді осы Қызыл ауданындағы Победа ауылында тұратын Қазбек Нұғыманов. Оның Найза деп отырғаны–Найза Сарбасов. «На Урал-реке.Заповед­ные уголки Южноуралье» деп ата­­латын кітапта Найза туралы: «Верх­не­­уральск уезді қазақтарының ара­­­сынан қалалық дума жанынан ұлттық кеңесші бекітілді. Осы кеңес­ші міндетін 1891 жылы ордасы Най­за ауылында (қазіргі Нағайбақ ауда­ны) орналасқан Найза Сарбасов ат­қар­ған. Сарбасовтың санкциясынсыз по­лиция қазақтарды қамауға ала алмайтын, ол сотта істі тыңдайтын» деген мәлімет беріледі.

Қазақ журналистикасы арда­гер­лерінің бірі, өлкетанушы Қуаныш Орманов та Найза туралы қызықты мәлімет айтады. «Найза болыстың жылқысы өте көп болған. Ол біреу­де жақсы айғыр бар десе, соны жігіт­терін жіберіп, ұрлатып алады екен. Үйіріне қосып болған соң, айғырды өзіне сіңірмей, иесіне тарту таралғысымен қайтаратын бол­ған. Найза жылқысының тұқы­мын осылай ірілендіріп, асылдандырып отырған», дейді Қуаныш Төребекұлы. Жайық бойында осын­дай ықпалды, бай адамдар бол­ға­нымен де жалпы көшіп-қонған қазақ­тардың жағдайы ХІХ ғасырда, ХХ ғасырдың басында соншалықты жақсы болмаған. Жайық бойына орыс казактарының орналасу­ына бай­ланысты, қазақтарды шұрайлы жерден ығыстырған. «На Урал-реке» деген кітапта: «Қазақтар киіз үйде тұрды, кейбіреулері ғана жер кепе қазып алды. Қыстан ауыр, тең­се­ліп шығатын оларға Спасский кентінің казактары көмек бере­тін.Тоңып бара жатқан қазақ отба­сы­ларын олар өздерінің жылы үйіне кіргізетін. Жазда казактар оларға жер үй қазуды, ағаштан үй тұр­ғы­зуды, бақша салуды үйретті. Та­ту көршіліктің қайтарымына қазақ­­тар бай казактардың малын бақты» деген сыпайы жолдардан өткен ғасырлардың аунап кеткен парақтарындағы Жайық бойы қазақтарының езілген ауыр тұрмысы сезіледі. Қазбек Нұғымановтың: «несін айтасың, көшіп-қонған ата­лары­мыздың қолында пулеметке қарсы құрықтан басқа ештеңе де болмаған. Одан бергі жерде орыстың саясатына қарсы бірлігі тағы болмады, сондықтан құйқалы жерден шегіне-шегіне кеткен» деуі бір тарихтың нобайын береді.

Ал қазір Челябі облысында 36 мыңдай қандастарымыз тұрады. Солардың ұйлыға отырған жерінің бірі Қызыл ауданы екенін айттық. Тұрмыс-тірлігі ешкімнен кем болмаса да, тілден айырылып барады. Жасы 70-80-нен асқан аға буын өкіл­дері қазақ тілінде сөйлейді. Одан кейінгі буында тіл шұбарлана ке­ле, соңғы балалар таза орыс тіліне көш­­кен. Қазақ тілінде сөйлеу түгілі тү­­сін­­бейді. Тойға келген дүйім жұрт­­қа қандастардың ана тілінен алыс­тап бара жатқаны туралы пікір тас­тағанымызда, ақсақалдар қамыға жауап берді.

– Жас кезімізде алдымызда ата-анамыз, ағаларымыз болды. Біз – үйде таза қазақ тілінде сөйлеп өскен ұр­пақпыз. Балаларымыз да ептеп ана тілде сөйлейді. Бірақ қазір немере-шөберелерге келгенде бо­жы­дан айырылдық, бұлар тіпті бас­қа адам секілді. Қазақша бір сөз айт­саң, бетіңе қарап тұрады, балалар­мен қазақ тілінде сөйлесіңдер де­генді олардың ата-анасына да ай­та алмай­мыз. Өйткені, олардың да тілі көп сөзге келмейді қазір, – дейді қо­нақ­тың бірі Бақытжан Қып­шақ­бай­ұлы қария.

Ана тілі тірліктің тасасында қалған қандастарда ұрпақ сабақ­тас­тығы да әлсірегенін жасырып қа­­жеті жоқ. Той-томалақ, қуаныш бол­май тұрмайды. Мұндай­да үл­кендер жағы бөлек, жастар бө­лек бас қосады екен. Үйлену, қыз ұзату тойында бұл қағидаға, дәс­түр­ге айналған. Екі буында ой да, мақ­сат та бөлек, қиылыспайтын қос сызық секілді. Аға буынды тілден айырылған ұрпағының болашағы ойландырғанымен қолдан келер дәрмені жоғын білдірді. Қазаны ортақ болған кеңестік саясат кезін­де Қызылдағы қазақтар шетелде тұрмыз деп есептемеген. Тіпті, өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін Нағайбақ ауданында қазақ мектебі жұмыс істеді. Кеңес Одағы тарағаннан кейін «тұрымтай тұсына» заман келді. Ал қазір сананы тұрмыс билеп тұрған сыңайлы. Әркім өз шаруасын тербеткен, мал-жанының амандығын ойлаған қандастарымыз тіл тағдырын уайымдаудан бұрын тірлігін ойлайды. Сананы сілкіп тас­тар серпіліс байқалмайды. Су тынып қалар ма екен?..

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ – ҚЫЗЫЛ – ҚОСТАНАЙ

Суретте: Ерғали және Мағзима Имановтар

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Журналист Джамаль Хашагджиді өлтірген арабтар екені белгілі болды

20.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан басшыларымен кездесті

20.10.2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу