Қызылорда облысында шекара заставасына Жанқожа батыр есімі берілді

ҚР Үкіметінің Қаулысымен  «Оңтүстік» өңірлік басқармасы 2019 әскери бөлімінің «Қызылқұм» шекара заставасына және Қармақшы ауданындағы №269 орта мектепке ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, отаршылдарға қарсы Сыр бойындағы халық көтерілісінің басшысы, қазақ даласының қас батыры - Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі берілді.
Егемен Қазақстан
17.07.2017 561

Шекара заставасына Жанқожа батырдың есімін беру салтанатты шарасына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев,  ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Дархан Ділманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қатысты.

-Жанқожа Нұрмұхаммедұлы өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел, халық алдындағы парызын адал атқарып кеткен перзенттер санатында. Озбыр да өктем жауға қарсы азаттық туын көтеріп, өмірінің ақырғы күндеріне дейін аттан түспеген батырдың аңсаған арманына Елбасы бастаған бүгінгі ұрпақ біз жеттік.  Сондай-ақ, Жанқожа бабамыздың ұрпағына «Мені Қоқанмен шекараға қойыңдар, жай жатқанша аяғыммен қазақтың қасиетті жерін тіреп жатайын» деп аманат қалдырғаны туралы тарихта деректер бар. Әлі күнге батыр бабамыз шекарашылармен бірге ел қауіпсіздігін қорғап тұрғандай. Күні-түні еліміздің, өңіріміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген шекарашыларымызға бұл асқақ рух, айбат беріп, қайраттандырып, жігерлендіре түсері сөзсіз,-деді  облыс әкімі Қ.Көшербаев.

 

 

Сонымен бірге ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл шекарашыларды заставаға Жанқожа батырдың есімі берілуімен құттықтады.

Жанқожа Нұрмұхаммедұлы – 18-19 ғасырда Сыр бойы мен Арал теңізі аймағындағы халықтың ұлт-азаттығы жолындағы күресінің қаһарманы. Ол – оңтүстікте Қоқан мен Хиуа хандығының шапқыншылығына, батыста Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы қозғалыстарды ұйымдастырған даңқты қолбасшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жыл батырдың туған жерінде – Қызылорда облысының Қазалы ауданында «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы жылы» деп жарияланды. Халық батырының 240 жылдығы  кең көлемде аталып өтілді. Қызылорда қаласында батырдың ескерткіші орнатылды. 

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2018

Үкімет басшысы онкологиялық жабдық шығаратын компанияның басшысымен кездесті

16.01.2018

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

16.01.2018

Ауыл шаруашылығы вице-министрлері тағайындалды

16.01.2018

Дональд Трамп бүгінгі жұмыс кестесін жариялады

16.01.2018

Ғалияның қолында бұйда пышақ...

16.01.2018

ОҚО-да «Қарашаңырақ – Қарасора, құтты мекен Сайрамсу» атты кітаптың тұсаукесері өтті

16.01.2018

Әз-Жәнібек ханның дулығасы Нью-Йорктегі музейде сақталған

16.01.2018

ОҚО-да 90 мың адам жұмыспен қамтылмақ

16.01.2018

Атырау қаласында жатақханасы бар жаңа спорт кешені ашылды

16.01.2018

Ақын, жазушы Серік Қапшықбайұлы қайтыс болды

16.01.2018

«Атамекенім» акциясы бойынша мүгедектерге кәсіп ашуға мүмкіндік бар

16.01.2018

Трамп пен Н.Назарбаевтың кездесуі: Ынтымақтастықтың жаңа сатысы - The Hill

16.01.2018

The Merkle: Қазақстан Президенті G-Global деп аталатын жаһандық криптовалютаны ұсынып отыр

16.01.2018

Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты жаңа ғимаратқа көшті

16.01.2018

Қостанай облысында АӨК сүт зауыттарының жұмысын жандандырды

16.01.2018

Атырау тұрғындары жол құрылысын қадағалайды

16.01.2018

ОҚО-да төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды

16.01.2018

Trend: «Назарбаевтың Трамппен кездесуі Қазақстанның аймақтағы негізгі ойыншы екенін көрсетеді»

16.01.2018

Б.Сағынтаев: Мемлекет басшысының жекешелендіру жүргізу бойынша тапсырмасы 2018 жылы орындалуы тиіс

16.01.2018

Елбасы Жолдауын іске асыру аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесі реттелді — Т. Дүйсенова

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Жарнамаланғанның бәрі жақсы ма?

Әрине, жарнама – әрқашан өн­діріс пен бизнестің қозғаушы күші болып келе жатқанына ешкім дау айта алмас. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Жаңсақ ойдың жетегінде...

Шетелде іссапарда жүрміз. Қасымызда Сыртқы істер ми­нис­тр­лігінің өкілі Ержан есімді жас жігіт бар. Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі сондай жатық, сыпайы. Ізетті жігіттің болмысында қалада өскен баланың қалыбы да байқалады. Бір күні екеуміздің орнымыз қатар келіп қалған. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу