Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынас тарихы тереңде

Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен сұхбат.

21.04.2017 969

– Елші мырза, биыл Қазақстан мен Ресей арасында дип­ломатиялық қатынастар ор­нағанына 25 жыл толады. Оған дейінгі уақытта екі ел тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағынан ты­ғыз байланыста болғаны бел­гілі. Жақын әріптес әрі та­ту көрші ретінде Қазақстан мен Ресей арасындағы бай­ла­ныс­тар­дың болашағы алдағы уа­қыт­та қалай өрбиді деп ой­лай­сыз?

– Дұрыс айтасыз, осы жыл­дың күзінде Қазақстан мен Ре­сей­дің дипломатиялық қаты­нас орнатқанына 25 жыл толады. Осы ширек ғасыр ішінде екі ел ара­сында көптеген маңызды оқи­ғалар болды, жан-жақты іс-қимылдарға салмақты база қа­лып­тасты.

Жалпы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының қазіргі қатынастарының негізін тү­сіну үшін, болашағына көз жі­беру үшін екі ел егемендік ал­ған кезеңге дейінгі уақытқа үңіл­ген артық болмас еді. Кеңес Одағы құрамындағы респуб­ликалар саяси, гуманитарлық жә­не экономикалық жағынан бір-бірімен тығыз байланыс­та болғаны белгілі. 80-жыл­дар­дың соңында Қазақстан гу­ма­нитарлық салада таңғаларлық же­тіс­тіктерге қол жеткізді. Рес­пуб­­лика халқы жаппай сауатты бол­ды, 56 жоғары оқу орны, 260 ор­та арнаулы білім беру мекемесі жұ­­мыс істеді, 7 миллионға жуық адам білім берудің барлық тү­рі­мен қамтылды. Ұлттық мә­де­ниеттер бір-бірімен сіңісіп, жал­пы мемлекеттік ауқымға шық­ты. Қазақстан мен Ресей инте­л-

­лигенциясы, шығармашылық одақ­тар, ғылым академиялары тығыз байланыс орнатты, білім беру жүйесі ортақ бол­ды. Абай, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин және басқа да қазақтың ұлы тұлғаларының ең­бегі орыс тілі арқылы әлемдік та­нымалдыққа жеткенін де атап өт­кен жөн. Театр мен кино өнері да­мыды.

Сарапшылардың баға­ла­у­­ына сүйенсек, КСРО ха­лық шаруашылығының құ­ра­­­мындағы даму кезеңін­де Қазақстан аса маңызды эко­но­ми­калық аймақ болды. 80-жыл­дар­дың соңында 230 са­ла, соның ішінде машина жасау мен металл өңдеу саласы қар­қын­ды дамыды.

25 млн гектар жердің иге­рі­луі Қазақстанның бүгінгі таңда ас­тықты елдердің бірі болып отыр­ғанына негіз қалайды. Өнер­кәсіп өнімдерінің үлесі 8,9 есеге, ауыл шаруашылығы өнім­дерінің көлемі 6,2 есеге, құ­рылыс көлемі 8 есеге жуық ұл­ғайды. 1990-жылдардың басын­да Қазақстан бұрынғы Кеңес Ода­ғындағы басты түсті металлур­гия мен көмір өнеркәсібінің ба­засына, астық тауарларын өн­діретін және экспорттайтын аса ірі аймаққа айналды. КСРО Конституциясында жа­зылған одақтас елдердің өздерін өздері билеу құқығы 1991 жылы тәуелсіз мемлекеттер қа­лып­тасқанға дейін сақталды. Бұл орайда, дәстүрлі эко­но­ми­­калық байланыстар және Қазақстанның Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың экономика­ны саясаттан бірінші қойған мем­лекеттік даналығы аса зор оң ықпалын тигізді.

1991 жылғы 17 тамызда-ақ Қазақстан мен Ресей пре­зиденттері Алматыда өткен кез­де­суде «Ортақ экономикалық ке­ңіс­тік туралы» бірлескен мәл­імдеме қабылдап, бұрынғы одақтас республикалардың экономикалық келісім тұжы­рым­дамасын ұсынды. Бұл қадам сол жылы желтоқсан айында Ал­матыда 11 мемлекеттің басшы­ла­рына жаңадан Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығын құру туралы декларация қабылдауына ықпал етті. Осы тектес байланыс­тар уақыт сыны­на төтеп беріп, қа­зіргі таңда стратегиялық әріп­тестіктің жарқын үлгісіне айнал­ды.

Ширек ғасыр ішінде екі ел ара­сындағы ынтымақтастықты кең қамтыған берік құқықтық-нор­мативтік база қалыптасты. Солардың ішінде Достық, ын­тымақтастық және өзара көмек ту­ралы шарт (1992 жылғы 25 ма­мыр), Мәңгілік достық және одақтастық туралы декларация (1998 жылғы 6 шілде), Тату кө­р-

шілік және одақтастық тура­лы шарт (2013 жылғы 11 қа­раша) сынды құжаттарды ерек­ше атап өтуге болады. Екі ел арасында 300-ге тарта меморан­дум мен келісім жасалды. 2016-2018 жылдарға арналған Бір­лескен іс-қимыл туралы жоспар, 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экономикалық ын­тымақтастық бағдарламасы, 2012-2017 жылдарға арналған өңір­аралық және шекаралық ын­тымақтастықты дамыту ша­ра­ларының жоспары табысты жү­зеге асырылуда.

Сөз жоқ, Қазақстан мен Ресей әріптестігінің стра­те­ги­я­лық деңгейіне екі ел бас­шы­ла­рының арасындағы өзара саяси се­нім мен дәстүрлі достық та оң ықпалын тигізіп келеді. Жалпы алғанда, 2015-2017 жылдары екі мемлекеттің президенттері ресми сапарлар мен халықара­лық ша­ралар аясында жиырма­дан ас­там кездесу өткізіпті. Еу­ра­зиялық үкіметаралық кеңес пен Еуразиялық экономикалық коми­ссия кеңесі отырыстарының ая­сында үкімет басшыларының, Үкімет басшылары бірінші орын­басарларының кездесулері өте­ді. Былтыр 2017-2018 жыл­дар­ға арналған Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар жоспарына қол қойылды.

2016 жылғы мамырда Аста­на­ға Ресей Федерациясы Фе­де­ралдық жиыны Федерация ке­ңесінің төрайымы Валентина Матвиенко келді, желтоқсан­да Мемлекеттік думаның тө­рағасы Вячеслав Володин ал­ғаш рет Қазақстанға ресми сапар жасады. «Ресей-Қа­зақ­с­тан» ын­ты­мақ­тастығы жө­нін­дегі пар­ла­мен­таралық ко­миссияның отыры­сы өткен жы­лы мамыр айында Ас­та­на­да, қыркүйекте Санкт-Пе­тер­бург қаласында өтті. Ресей Президенті В.Путин Қазақстан Пар­ламенті Сенатының Тө­ра­ғасы Қасым-Жомарт То­қа­­ев-

ты Ресей мен Қазақстан ха­лықтарының арасындағы дос­тық пен ынтымақтастықты ны­ғайтуға қосқан үлесі үшін «Құр­мет» орденімен марапаттады.

Ресей мен Қазақстан Пре­зи­дент Н.Назарбаев кө­терген Еу­разиялық ықпалдастық үде­рі­сінің белсенді қатысушылары бо­­лып табылады. ЕурАзЭҚ, К­е­­ден одағы және Біртұтас эко­но­микалық кеңістік сынды са­ты­лардан өткен бұл идея 2014 жы­лы 29 мамырда Астанада Еу­ра­зиялық экономикалық одақ тура­лы  шартқа қол қоюға ұласты. Ар­мения мен Қырғызстанның қо­сылуы, халықаралық ұй­ым­да­р­мен арада байланыс орнату сын­ды ықпалдастық қадамдар бұл ұйымның даму болашағын көрсетеді.

Өзіңіз көріп отырғандай, Ре­сей мен Қазақстан арасында жан-жақты қатынастар орнаған. Бү­гінде дос елдердің алдында эко­номиканы әртараптандыру, инно­вациялық технологиялар ен­гізу, шетел инвестицияларын тар­ту, географиялық орнын тиім­ді пайдалану, сондай-ақ қуатты  интеграциялық бірлестік құру сынды ортақ мақсаттар тұр.

– Қазақстан мен Ресей үшін сау­да-экономикалық қа­ты­нас­тардың маңызы ерекше. Алайда, соңғы 2-3 жылда бұл са­ланың біршама тежеліп қалуының себебі неде?

– Жаһандық экономикалық дағ­дарыстың шегі 2015-2016 жы­лдарға тап келгенін білесіз, соның салдарынан Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы азайып, шамамен 12,6 млрд. долларды құрады. Сауда-саттық көлемінің төмендеуіне, негізінен, мұнай мен энергия ре­сурстарының әлемдік баға­сы­ның құлдырағаны, Ресей мен Қазақстан экономикасының өсімі баяулағаны себеп болды. Ұлттық валюталар бағамының төмендегені, соның салдарынан халық пен бизнестің сатып алу қабілетінің төмендеуі де тауар айналымының азаюына кері әсерін тигізді. Соған қарамастан, Ресей Қазақстанның негізгі тауар

әріптестерінің ішінде бірінші орында тұр. Республиканың жалпы тауар айналымының 20 пайызы Ресеймен арадағы сауда-саттықтың үлесіне тиеді. Қазақстан Ресейдің сыртқы сау-

да әріптестерінің ішінде ТМД бойынша екінші орын алатынын атап өткен жөн.

– Екі елдің бірлескен кә­сіп­орын­дардың қатарын кө­бейту мүм­кіндіктерін қалай бағалар едіңіз?

– Сауда-экономикикалық қатынастардың баяулағанына қарамастан, инвестициялық және іскерлік байланыстарда жақсы нәтижелер бар екенін айт­қым келеді. 1991 жылдан бе­р­гі аралықта Қазақстан эконо­микасына салынған ресейлік ин­вестицияның жалпы көлемі 10 миллиард доллар болса, Ресей экономикасына салынған қа­зақ­стандық инвестицияның кө­лемі 3 миллиардты құрайды. Қазақстандық бизнестің ресейлік әріптестерімен іс-қимылды да­мы­туға деген құлшынысы да тө­мендеген емес. Өткен жылы бір­лескен кәсіпорындардың са­ны 20 пайызға артып, 7 мыңға жет­ті. Бұл көрсеткіш алдағы уа­қытта үздіксіз өсіп отырады деуге толық негіз бар.

Бүгінде Қазақстан эконо­ми­ка­сының көптеген салаларында 93 инвестициялық жоба жүзеге асы­рылуда. Әсіресе, энергетика жә­не көлік салаларында, тау-мет­аллургиялық кешенде, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсібі сынды салаларда бірлескен инвестициялық жобалар жетерлік.

– Ресми Астананың халық­­­аралық мәселелердегі бі­­тім­герлік бастамаларына, бір­­қа­тар халықаралық проб­ле­ма­ларды шешуге қатысты мә­­мілегерлік рөліне қатысты көз­­қарасыңыз қандай?

– 2017 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің тұрақты емес мүшесі ре­тіндегі қызметін бастаған,  ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК сынды беделді ха­лық­аралық ұйымдардың мүшесі бо­лып табылатын Қазақстан ха­лық­ара­лық қауіпсіздікті қам­тамасыз етуге сүбелі үлес қосып ке­леді. Президент Н.Ә.На­зар­ба­­ев-

тың сын­дар­лы бі­тімгер ре­тіндегі рө­лі ха­лық­ара­лық аренада кеңінен таны­мал, ол туралы 2015 жы­лы Ас­та­нада жарық көрген «Бітім­гер»­ («Миро­творец») атты кі­тап­­та жақ­сы жазылған. Ресей Пре­­зи­денті В.Путин әлемдегі дағ­­да­рыс Қазақстанның бітімгерлік әлеу­­еті мен Қазақстан Көш­бас­шы­сының белсенді рөліне бір­не­­ше мәрте жоғары баға берді.

Сирия үкіметі мен қаруланған оппозициясының арасында үнқатысуды жолға қою үдерісін қай жерде өткізу туралы сұрақ туындаған кезде ең оңтайлы орын ретінде Астананың таң­да­луы кездейсоқтық емес. Ке­ліс­сөздердің үш раундының нә­тижелеріне көз жүгіртсек, Астана процесі БҰҰ аясындағы Женева келіссөздерін лайықты то­лықтырып, барлық тараптар үшін маңызды нәтиже әкел­ді. Биылғы жылдың ақпан айын­да Алматыдағы екі ел пре­зиденттерінің кездесуі ке­зінде В.Путин Астанада Си­рия мә­селелері бойынша халық­а-

ра­­лық кездесулерді табыс­ты ұйым­дас­тырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс біл­дірді. Біздің Президентіміз объективті атап өткендей, Қазақстан елорда­сын­да­ғы ке­ліс­сөздер кезінде бұған дейін бол­маған нәтижелерге қол жет­кізілді. Атап айтқанда, атыс­ты тоқтату режімін қадағалау те­тігі жасалды, бұл Женева ке­ліс­сөздерін жалғастыруға жол аш­ты.

– Биылғы жылы Ұжымдық қау­іпсіздік туралы шарт ұй­ы-

­м­ының құрылғанына 15 жыл толады. Ұйымның та­ри­хы, міндеттері туралы, сон­дай-ақ осы ұйым ая­сын­дағы Қазақстан мен Ре­сейдің ын­ты­мақтастығы туралы не айтар едіңіз?

– Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа 1992 жылы мамыр айында Ташкент қаласында ТМД-ға мүше алты мемлекеттің – Қазақстан, Армения, Қырғыз­стан, Ресей, Тәжікстан жә­не Өзбекстан елдерінің пре­зи­де­нттері қол қойған болатын. 1993 жылы Әзербайжан, Грузия, Беларусь елдері де осы қа­тар­ға қосылды. 2002 жылғы 14 мамырда Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің басын біріктірген Ұжымдық қау­іп­-

сіздік туралы шарт ұйымы құ­рылды.

2002 жылы Кишиневте  қа­былданған жарғысына сәй­кес, аталған ұйымның басты мақ­саттары бейбітшілікті, ха­лық­аралық және аймақтық қау­іп-

сіздікті, тұрақтылықты ны­ғай­ту, ұжымдық негізде мүше-мем­лекеттердің тәуелсіздігін, ау­мақтық тұтастығын қорғау бо­лып табылады.

2004 жылдан бері ұйым­ның БҰҰ Бас Ассамблеясында бай­қау­шы мәртебесі бар. 2010 жы­лы Мәскеуде БҰҰ мен ҰҚШҰ хатшылықтарының ара­­­сында Ынтымақтастық ту­ралы бірлескен деклара­ция қа­былданды, онда екі ұй­ым­ның өзара іс-қимылын, атап ай­тқанда, бітімгерлік ба­ғыт­тағы жұмыстарын үйлестіру қа­­­растырылған. Ұжымдық қау­­­іп­сіздік туралы шарт ұй­ы-

мы ШЫҰ, ЕҚЫҰ, Ислам Ын­ты­мақ­тастығы ұйымы жә­не бас­қа да халықаралық құры­лым­дар­мен арада байланыс орнатты.

2006 жылғы қарашада ТМД Парламентаралық Ассамблеясы ба­засында Санкт-Петербург қа­ла­сында Ұжымдық қауіпсіздік ту­ралы шарт ұйымының Пар­ла­менттік Ассамблеясы құ­рыл­­ды. Өткен жылы наурыз ай­ын­да Ұжымдық қауіпсіздік ту­ралы шарт жасалғанына – 15 жыл, Ұйымның құрылғанына  да 15 жыл толды, Парламенттік Ассам­блеяның 10 жылдығымен тұспа-тұс Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Пар­ла­менттік Ассамблеясының ке­зекті отырысы өтті. Осы жиында ұйымға мүше мемлекеттер өздерінің алдында тұрған ортақ міндеттерін қолдайтындарын кезекті мәрте жеткізді. Отырыста сөз алған Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның Еуразиядағы әскери-саяси қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне жоғары баға беріп, оның әлеуетін және мүше-мемлекеттердің әріптестігін нығайту Қазақстанның мүдде­сіне толық сай келетінін, оны Қазақстан Президенті Н.Назарбаев назарында ұстап отыр­­ғанын атап өтті.

– Қазақстанда тұратын орыс­тардың тыныс-тір­ші­лігіне қатысты қандай пікі­р­-

десіз? Ресейдегі қазақтарға, сон­­да білім алып жатқан қа­зақ­­стандық студенттерге қан­шалықты жағдай жаса­л­ған?

– Тарихи қарым-қатынас­та­ры­мызға байланысты, бүгінде екі ел шекарасының екі бетінде де қазақтар, орыстар, аралас отбасылар өмір сүруде. Бү­гін­де Қазақстанда тұратын ре­сейлік отандастарымның са­ны 3,5 миллионнан асады. Олар­дың көпшілігі этномәдени бірл­ес­тік­тер аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсене араласады. Көпұлтты Қазақстан халқының бір бөлігі ре­тінде мәдени, тілдік ерек­ше­лік­терін сақтап келеді. Ресей мен Қазақстан арасындағы Тату көршілік және одақтастық ту­ра­лы шартта екі мемлекет ау­мағында өмір сүретін ұлттық аз­шы­лықтар мен этностық топ­тардың этностық, тілдік, мә­дени және діни төлтумалығын сақ­тау туралы айтылған. Қазақ­стан­д­ағы орыстардың ты­ныс-тір­ші­лігі осы шартта көр­се­тіл­ген дү­ниелерге толық жауап береді деп санаймын.

Әрине, орыс ұлты өкілдерінің, яғни Қазақстан азаматтарының бас­қа қазақстандықтармен бір­дей өмір сүріп жатуы – та­биғи нәрсе. Дегенмен, Қазақ­стан­­да тұрғылықты тұ­ра­тын Ресей азаматтарына қа­тыс­ты ерекшеліктер бар. Олар өзде­рі­­нің отандастары – Қазақ­стан азаматтары сияқты толық­қан­ды құқықтарды иелен­бе­ген. Бұл, бірінші кезек­те, кепілдендірілген тегін меди­ци­на­лық көмек көлеміне қатысты. Біз­дің білуімізше, қазіргі таңда Қазақстанда денсаулық сақтау ту­ралы заңнамаға өзгерістер әзір­ленуде. Осы өзгерістер бойын­ша, республика ау­ма­ғын­да тұрғылықты тұратын шетел азаматтары Қазақстан азамат­тарымен бір деңгейде тегін ме­дициналық сақтандыруға және тегін медициналық кө­мекке қол жеткізе алады. Бұл мәселе біз үшін өте маңызды. Аталған өзгерістер көп ұзамай күшіне енеді деп үміттенеміз.

Екінші сұрағыңызға келер болсам, Ресей Федерациясының үкі­меті біздің еліміздегі қа­зақ ұл­тының өкілдеріне жә­не Қа­зақ­стан азаматтарына ба­рын­ша ыңғайлы жағдай ту­ғы­зуға бар­лық мүмкіндіктерді жа­сап жат­­қанын атап өткім келеді. Ресейде 1996 жылы қа­был­­дан­­­ған «Ұлттық-мәдени авто­­но­миялар туралы» Заңның ар­қа­­сын­да Ресей қазақтарының фе­­дералдық ұлттық-мәдени ав­то­­но­миясы табысты жұмыс іс­теп келеді. Оның құрамында 70 мың­нан астам қазақ диаспорасы бар. Қазақстанмен ше­ка­рала­са­тын облыстардағы қазақша білім беретін мектептер, ондаған қазақ этномәдени орталықтары мен бірлестіктері де маңызды жұмыстар атқарып отыр деп ойлаймын.

Үкіметаралық келісімдерге сәйкес, Ресей тарапы Қазақстан азаматтарының біздің еліміздегі жоғары және орта-техника­лық мекемелерінде білім алуы­на грант бөліп келеді. Осылай­ша, 2016-2017 оқу жылында Ресей федералдық бюд­жеті қар­­­жысының есебінен 452 Қазақстан азаматы оқуға қа­был­­­­данды. Биыл Ресейде тегін білім алуға ниет білдіріп, тиісті кон­­кусқа қатысқандардың қа­та­ры 220 адамды құрады. Та­ғы бір мә­селені атап өткім ке­леді. Грант бө­луден бөлек, қа­з­ақ­стандық та­лапкерлер үшін ЖОО-ларға түсуге Ресей азаматтарымен бірдей жағдай жасалған.  

– Екі елдің мәдени сала­да­ғы байланыстарын қалай ба­ға­­лайсыз?

– Ресей мен Қазақстан бас­шы­лығының үйлесімді іс-қи­мылдарының арқасында мә­дени-гуманитарлық саладағы бай­ланыс та жоспарлы түрде дамып келеді. Ресейдің Мәдениет ми­нистрлігі мен Қазақстанның Мә­дениет және спот министрлігі арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасының аясында шы­ғармашылық одақтар, театр­лар, музейлер арасында, әде­биет және тәржіма саласында, ки­не­­матографияда, халық ша­руа­шылығында, кітапхана ісін­де байланысты кеңейту қа­растырылған. Биыл Астанада Ресей киносының күндері өтті, Қазақстанның Ұлттық му­зейінде дипломатиялық қа­ты­­­настардың орнағанына 25 жыл толуына орайластырылған «Ре­сей және Қазақстан: мәң­гі­лік достық стратегиясы» атты ауқымды көрме ұйым­дас­ты­рылды.

Санкт-Петербург акаде­мия­лық театрының гастрольдік са­пар­мен келіп, «Астана-Опера» театрында «Евгений Онегин» балетін қойғаны – ме­нің есімде қалған шаралардың бірі. Сергей Безруковтың көр­кем­дік жетекшілігімен келген Мәскеу Губерния театры әртістерінің өнерін, Ре­сей армиясы академиялық театры­ның, Новосібір опера және ба­лет театрының, басқа да өнер ұжым­дарының өнеріне қазақ­стан­дықтар қол соқты.

– ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесі аясында қан­дай шаралар өткізу жос­пар­ланған?

– ЭКСПО көрмесінің аясында Ресей күндерін, Мәскеу күндерін, Пенза облысының күн­дерін, басқа да өңірлердің күн­­де­рін өткізбекпіз. Эр­ми­таж­дың көр­месін, елі­міз­дегі ең ірі театр­лар­дың гастрольдік са­парларын ұйым­дастыру жос­парланып отыр. Сондай-ақ, жеткіншектер ара­сында П.И.Чайковский атында форте­пи­анодан, скрипка мен вио­ло­н-

чельден конкурс өтеді.

Өзіңіз байқағандай, екі елдің арасындағы мәдени байланыс­тар өте берік әрі жан-жақты деу­ге болады. Әрине, алдағы уа­қытта оны дамыта беруіміз керек. Концерт, фестивальдарды, әртістердің гастрольдерін, бір­лескен гуманитарлық жоба­ларды жиі өткізіп, Ресей-Қ­азақ­стан қатынастарының тари­хына қатысты құжаттардың көбірек жариялануына көңіл бөлінгені жөн. Достық пен өзара тү­сіністікті нығайту – Ресей-Қазақстан қатынасының жар­қын болашағының кепілі деп са­наймын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Әуендер достыққа бастайды

29.04.2017

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

29.04.2017

ОҚО-да тасқын судың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

29.04.2017

​Қыранның – бас, тұмсық, танау, көз, қанат-қауырсын сындары

29.04.2017

Қытайдағы қазақ жігіті Шыңжаң марафоншыларының көшін бастады

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу