Ресейлік сарапшының байыпты байламы

Қазақстанның латын әліпбиіне көшетіні туралы жаңалық көршілес Ресейде үлкен пікірталас туғызды. Ақпарат шыға сала рунетте қызу талқылау басталды. Ертесіне Ресейдің орталық басылымдары түгел дерлік бұл тақырыпқа бір-бір мақала арнады. Шынын айту керек, басым көпшілігі «Қазақстан Президентінің бұл шешіміне не себеп болды?» деген сұрақ қойып, соған жауап іздеді.
Егемен Қазақстан
17.04.2017 1568
2

Олардың арасында саясатты бөлек қойып, мәселені салқын ақылмен сараптаушылар да болды. Біз төменде ахуалдың байыбына бармай айтылған көп пікірге тосқауыл қоярлық екі комментарийге айрықша тоқталып отырмыз.

Антон Носик – белгілі ре­сейлік журналист әрі блогер (Яндекс рейтингі бойынша танымалдығы жөнінен алдыңғы ондықта). Lenta.ru, Vesti.ru, Gazeta.ru, Newsru.com сияқты Ресейдегі аса ірі ин­тернет-басылымдарға жетек­шілік жасаған. «Эхо Москвы» радиосының сайтына шыққан «Бүгінде латын сәннен қалды ма?» атты мақаласында Антон Носик Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ әліпбиін латынға көшіру тапсырмасын талдайды.

«Кеше бәрі Қазақстанның латынға көшетінін талқылады. Ресейлік патриоттар наразы. Путинді сынаушылар «Ресей­дің мәдени орбитасынан» тағы бір көршінің шығуына себепші әрекет жасады деп Путинді кінәлады... Алайда, мақаланың тікелей өзімен танысу ешқайсысының басына келмеді. Бекер-ақ». Осылай деп Антон Носик «Егемен Қазақ­стандағы» Президент ма­қала­сының сілтемесін көр­сетеді. Және мақаладан мына үзіндіні алады:

Мен 2012 жылғы жел­тоқ­сан айында жария ет­кен «Қа­зақстан-2050» Стра­тегия­сында «2025 жылдан бастап, латын әліпбиіне кө­шуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен ба­сып шығара бастауға тиіс­піз». Иә, Носик қазақша үзінді келтіреді. Сосын мәтінді гугл-транслейт арқылы орысшаға аударып, оның мағынасын түсінгенін айтады. Не түсініпті деймісіз? Сөзбе-сөз келтірейік.

«Біріншіден, Назарбаев мұнда 2012 жылы қабылданып қойған «Қазақстан-2050» атты бағдарламасын айтып отыр. Онда 2025 жылдан бас­­тап қазақ жазуын кирилл қарпінен латынға ауыстыру қарастырылған. Расында ондай құжат бар, орысшасын интернеттен табуға болады. Және оның 28-бетінде «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліп­биіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабыл­дауға тиіспіз және бұл әлем­мен бірлесе түсуімізге, балала­рымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін же­тік игеруіне, ең бастысы – қа­зақ тілін жаңғыртуға жағ­дай туғызады» деп анық жазылған.

Яғни, мақаланың әліпби мәселесіне қатысты жерінде Назарбаев 4,5 жыл бұрын қабылданып, өзі қол қойған мем­лекеттік құжаттағы мақсат пен оны іске асыру мерзімін сөзбе-сөз қайталап отыр. Ол кезде Қырым, ЛНР/ДНР, Сирия сияқты мәселелер жоқ болатын. Ендеше, Влади­вос­токтан Львовқа дейінгі конс­пирологтардың зор өкіні­шіне қарай, олардың әңгі­месі тағы да надандық пен ақыл жалқаулығынан шығып отыр».

Одан әрі ресейлік сарапшы түркітілдес халықтарға әліпбидің қалай таңылғанын, ал еріктері барда нені таңдағанын түсіндіре кетеді.

«Қай мысалды айтпайық, түркі тілдері кирилл жазуына ол тілде сөйлейтін респуб­ликалардың егемендігі жоқ кезде, Мәскеудің тікелей нұс­қауымен мәжбүрлеп көші­рілді. Ал өз таңдауларын жа­сауға мүмкіндік алған уа­қыт­та барлық түркі халық­тары латын қарпін таңдаумен болды: Түркия 1928 жылы, Әзер­байжан мен Түрікменстан 1992 жылы, Өзбекстан 1993 жы­лы...» дейді журналист.

Бұдан кейін Антон Носик 1991, 1992 және 1993 жылдары өткен кездесулерде түркітілдес елдер өкілдерінің ортақ әліпби ретінде латынды таңдауға ке­ліскендерін айтады. Яғни, қа­зақ жазуын латынға көшіру мәселесі бір күнде әлдебір саяси себептерден жасалған әрекет емес, бұрыннан жоспарланған таңдау екенін түсіндіреді. Ал сөз соңында өзіне түркі тілдерін кирилл жазуынан гөрі латынша оқу оңай екенін мына мысалмен жеткізеді.

«Соңғы 20 жылда Түркия мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Туған әліпби мен үшін кирилл болғанмен, өз басым түркіше көше жазуларын оқудан ешқашан қиындық көрген емеспін. Тіпті, ол сөзде дәстүрлі латында жоқ ç, ğ, ö және ü әріптерінің өзі қалай оқылатынын түйсікпен білем. Ал жол бойындағы қазақша жазулардағы ә, ғ, ң, ө, ұ және ү әріптерінің қалай дұрыс оқыла­тынын ұға алмай-ақ қойдым. Тіпті, кириллмен 47 жылғы таныс­тығым да көмектесе алмады».

Пікір білдіруші тағы бір ресейлік, Polit.ru басы­лымының ғылыми редакторы Борис Долгин қазақ жазуын латынға көшірудің зардабын ойлап уайымдаушыларға мынандай бұлтартпайтын уәж айтады.

«Қазақ жазуын латынға ауыс­­тыру туралы»

1. Кирилл қарпіндегі қазақ жазуы 1940 жылы қабылданды. Яғни, базбіреулер сияқты жүз жылдық немесе мыңжылдық мұраны уайым етудің қажеті жоқ.

2. Кез келген тілді кез кел­ген әліпбиде жазуға болады. Әрине, егер онымен кәсі­би лингвистер айналысса. Қазақшаны латын негізінде жазу тәжірибесі бар. Сол сияқ­ты тағы бір түркі тілі – түрік­шенің латын әліпбиімен жазылып келе жатқанына көп уақыт болды.

3. Әліпби, яғни жазудың әрбір нұсқасы – көп жағдайда бір ғана мәдениеттің меншігі емес, ол – мәдени байлық. Мұ­ны кириллге де, латынға да және басқаларға қатысты да айтуға болады.

4. Кирилл мен латын түр­лі елдерде қолданылады. Ал бір әліпбиден басқаға өту­дің себебі, маңызды болуы мүмкін. Бірақ ондағы мақ­сат Болгариядан алыстап, Ве­несуэлаға жақындау деп ешкім күдіктенбейді.

5. Уақыт өте келе кирилл­мен жазылған қазақша кітаптарды оқу қиындай ма? Иә. Араб графикасынан латынға, сосын латыннан кириллге өткенде де солай болды. Тек кеңес кезін­­дегіден айырмасы, енді кітап­ханаларды «дұрыс емес» («неправильный») жазудағы кітаптардан тазартады деген қауіп жоқ.

6. Мұндай шешім қабылдау – Қазақстанның егемен құқығы.

7. Көршілердің «Ресейден алыстауына» қатысты сын-пі­кірлер болса, оны Ресей­дің посткеңестік елдер бағы­тындағы сыртқы саясаты автор­ларына арнау қажет. Мұны­мен қатар, ішкі саясаттың және бас­қа да параметрлердің өзіндік рөлі бар».

Ержан Әбдіраман,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

21.09.2018

Алда елді елге қосу мұраты тұр

21.09.2018

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды

21.09.2018

«English for Jastar» – жаңа жоба

21.09.2018

Нақты істердің партиясы

21.09.2018

300 мың адам диктант жазды

21.09.2018

2017 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жуық болды - Елбасы

21.09.2018

Әліпби ауыстыру – үлкен өзгеріс

21.09.2018

Елбасы. Елорда. ЭКСПО

21.09.2018

Парламенттік тыңдау өтеді

21.09.2018

Инвесторларды тарту мәселелеріне арналды

21.09.2018

Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

21.09.2018

Саялы төрім – Сарқаным!

21.09.2018

Кеңес Хатшылығының өкілімен кездесті

21.09.2018

Отгонцецег Галбадрах қола жүлдені иеленді

21.09.2018

Сырлыбек Бекботаев: Дала әуені

21.09.2018

Қазақ сыныптары қағажу көре бере ме?

21.09.2018

Ауылдан әлемге жол тартқан өнім

21.09.2018

Үкіметтік емес ұйымдар діни экстремизмнің алдын алуға көмектеседі

21.09.2018

Кәсіпкерлерге арналған фулфилмент-орталық ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу