Росатом Қазақстанда өзінің жоғары технологиялық бейатомдық өнімдерін ұсынды

Бүгін Астана қаласындағы «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде ресейлік атом технологияларына арналған Атом апталығы аясында «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы атом саласындағы бейядролық технологиялар мен бейэнергетикалық шешімдерге арналған Дөңгелек үстел өткізді.
Егемен Қазақстан
19.07.2017 551

«Русатом — Халықаралық жүйесі» ұйымдастырған «Росатом» Мемлекеттік корпорациясының бейатомдық өнімдері – Қазақстанның тұрақты дамуына арналған жоғары технологиялар» дөңгелек үстелінің мақсаты қазақстандық мамандарды бейядролық және бейэнергетикалық бағыттағы өнеркәсіптердің өнімдерімен таныстыру.

Дөңгелек үстелдің ашылуында сөз алған «Русатом халықаралық жүйесі» компаниясының президенті Александр Мертен шараның маңыздылығын атап, бұл өнімді көрсетудің ерекше мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның барлық түрлері мен үлгілерінің дамуы үшін, бизнес-альянстар мен ортақ өнеркәсіптер құрудың жаңа мүмкіндігі екендігін көрсетті: «Біз 2030 жылға қарай жаңа өнімдерден пайда табудың үлесін жалпы табыста 30% дейін жеткізу стратегиялық мақсатын қойып отырмыз. Бүгіннің өзінде жаңа өнімдерге деген 10 жылдық мерзімге тапсырыстар қоржыны 16,8  млрд. АҚШ долларын құраса, 2016 жылғы жаңа өнімдерден түскен пайда 3,15 млрд. АҚШ долларға жетті. Стратегиялық мақсатқа жету үшін қолымызда бәрі бар: кадрлар, өндірістік және ғылыми-технологиялық мүмкіндіктер. Росатом үшін жаңа секторлардағы белсенділік – дәстүрлі ядролық-энергетикалық бизнестің құрған ресурстарын қолдана отырып, жаңа коммерциялық тұрғыдан жемісті бағыттарды ашудың амалы. Осы тұста халықаралық ынтымақтастық үшін тамаша мүмкіндік туып, екі жаққа да пайдасы тиеді», - деді А.Мертен.

Дөңгелек үстелде Росатом өнеркәсіптерінің өкілдері сөз сөйлеп, Росатомның бейядролық және бейэнергетикалық салаларындағы ауқымды тәжірибесі мен жобаларын таныстырды. Жоғарытехнологиялық бағытта Қазақстан үшін АЭС қана емес, сондай-ақ газмұнайхимия және жылу энергетикасы салаларында қолданылатын технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі, инженерия және ақпараттық технологиялар қызығушылық тудыруы мүмкін.

Шағын ГЭС жобасын таныстыра отырып, «Атомэнергомаш» АҚ халықаралық қызметінің директоры Роман Мурашов қондырғының негізгі артықшылықтары ретінде электр энергиясын өндірудегі салыстырмалы төмен өзіндік кұны, өндіріс пен іске асырудың қысқа мерзімділігі, қарапайым және жылдам құрастырылуын атады. Шағын ГЭС ГАНЗ ЕЕМ («Атомэнергомаш» АҚ еншілес өнеркәсібі) венгриялық компаниясымен шығарылады.  Спикердің айтуынша, бұл алшақ орналасқан аудандарға арналған, бөгет салуды қажет етпейтін әрі өзендердің экологиясына зиян келтірмейтін тиімді экономикалық шешім. 

 UMATEX Group компаниясының сатылымдар бойынша директоры Александр Игнатьев көлік, құрылыс және өнеркәсіп салаларына арналған көмір талшықтарын қолданудың мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Атомэнергомаш» АҚ Стратегия және даму департаментінің директоры Илья Лычев өзінің «Таза су» экологиялық қауіпсіздіктің негізгі факторы: тұщыландыру, суды дайындау, суды тазарту» баяндамасында энергиялық көздермен (АЭС немесе ЖЭС) біріктірілген тұщыландыру кешендері туралы, сондай-ақ суды дайындау саласындағы кешенді шешімдер, ақпасуларын тазарту, Қазақстанда керек болуы мүмкін энергетикалық және өнеркәсіптік нысандар жұмысына қажетті пайдалы суды алу жайында әңгімеледі.

    

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2018

«Спортинг» – «Астана». Жауапты ойынның жауапкершілігі

21.02.2018

Өскеменде «Жас кәсіпкер» атты бизнес-жобалар байқауы өтті

21.02.2018

«Жолдарда жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» акциясы ұйымдастырылды

21.02.2018

Юлия Галышева: Жүлдегер екенімді елге келгенде шынайы сезіндім

21.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

21.02.2018

Астаналық жас өнерпаздар латын әліпбиін қолдап флешмоб өткізді

21.02.2018

Атырау облысындағы Сарайшық музейінде заманауи сапар орталығы салынады

21.02.2018

2019 жылы Атырау облысының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

21.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алды

21.02.2018

Буырқанған бояулар: Салихитдиннің салқар даласы

21.02.2018

Жәдігер: Қожамбеттің қолжазбасы

21.02.2018

Ерік Асқаровтың жары: Ерікпен өткізген өмірімді көктемге балаймын

21.02.2018

Жезқазғанда Ғалым Жайлыбайдың шығармашылық кеші өтті

21.02.2018

Әдебиеттің әңгімесі: Тәкенге оралу

21.02.2018

Ойласу: Жаңа мазмұнды енгізуде ескерілсе...

21.02.2018

Тәжірибе тәлімі: Педагог өмір бойы үйренуі тиіс

21.02.2018

Көзқарас: Тарих оқулықтарының тілі ауыр, деректері қате

21.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

21.02.2018

Төрегелді Шарманов, академик: Заманауи өмірдің заңдылығы

21.02.2018

Ерлан Сағадиев: Асығыстыққа жол бермеу қажет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу