Рухани жаңғыру – тарихты қайта тануға жетелейді

Ақордада Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысы өтті. 
Егемен Қазақстан
26.05.2017 3355
2

Жиынды ашқан Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков қазіргі кезде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы басталғанын атап өтіп, оған барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысып жатқанына тоқталды. 
«Өздеріңізге белгілі, ұлттық комиссияның жұмыс топтары нақты жоспарларын жасап, осы күндері жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі отырыста біз осы аралық кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін тыңдайтын боламыз», – деді Ә.Жақсыбеков. 
Содан кейін жиынға қатысушылар «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру ауқымында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстардың нәтижелерін талқылады. Бұл ретте Премьер-Министр Кеңсесі басшысы Нұрлан Алдабергенов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов отырыста негізгі баяндама жасағанын айта кетейік. 
Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелері, тұжырымдамалық ұстанымдар мен қызметті одан әрі ұйымдастырудың нақты шаралары аясында, латын қарпіне көшу, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобалары бойынша, жұмыс топтарының жетекшілері есеп берді. 
Талқылау барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, оның ішінде арнайы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды. Сөйтіп, отырысқа қатысушылар бағдарламадағы міндеттерді тиімді іске асыру үшін жобалық ұстанымды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. 
Сонымен қатар, Ұлттық комиссия мүшелеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әзірленген әдістемелік материалдар, соның ішінде БАҚ-қа арналған әдістемелік құрал, жоғары оқу орындарына арналған әдістемелік ұсынымдар, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша құрал, Бағдарлама туралы маңызды сұрақтардың 20 жауабы ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты шешімдер қабылданып, мемлекеттік органдар мен жұмыс топтарының жетекшілеріне тапсырмалар берілді. 
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Ұлттық комиссия қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруды және елдің мәдени-гуманитарлық дамуын жан жақты қамтамасыз етуді көздейді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ал комиссия құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен саяси партиялардың өкілдері кіреді. 
Бүгінгі басқосуда әңгіме ауанының басым бөлігі республика көлеміндегі тарихи көне ескерткіштерді қайта зерделеу арқылы танып, білудің жай-күйіне ауғандықтан, жиынға қатысқан аймақ жетекшілерінің бірқатарын сөзге тартқан болатынбыз. Ендеше, отырысқа қатысқан ұлттық комиссия мүшелерінің пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз. 

Ұлытауды ұлықтау жұмыстары басталды 
Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі 

Мемлекет басшысының мақаласына қатысты жер-жерлерде ауқымды жұмыстар басталып кетті. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысында біз Елбасы мақаласында терең де тұңғиық ойлар жатқандығын сезініп отырмыз. Айрықша атап өткім келетіні Қарағанды облысының жұртшылығы мен қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері және ел кәсіпкерлері мұндай бастаманы өте қатты қолдап, қуаттауда. Аймақтағы атқамінер азаматтар мен кәсіпкерлер «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жүз миллион теңгеден астам қаражат жинап, саламатты өмір салтын насихаттауға сеп болатын түрлі әлеуметтік нысандарды салуға қызу кірісіп кеткені сөзімді айғақтай түседі. Оның үстіне спорттық нысанды салып елді мекенге сыйға тартумен шектелмеу қажеттігін жалпы қоғам сезініп отыр. Жаппай қолға алынған мұндай игілікті шараның астарында ел мен жерге, Отанға деген шексіз құрмет пен байтақ Қазақстанға деген шексіз патриоттық сезім жатқаны сөзсіз. Демек, мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан бұл жоба жастардың бойында отансүйгіштік қасиет қалыптастыратыны ақиқат. 
Әрине, Елбасы мақаласында арнайы аты аталған Ұлытау өңіріне қатысты жобаларды дамыту, жетілдіру жұмыстары қызу қолға алынатындығын да айрықша атап өткім келеді. Өйткені, Ұлытау өңірінде осы күндердің өзінде ауқымды жұмыстар басталып та кетті. 

Елбасы бастамасын ел қолдады 
Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі 

Халықтың ойында жүрген мәселелердің барлығы да Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласында нақты атап көрсетілген. Сондықтан біз өз аймағымызда еліміздің атын шығарып, халқымыздың мерейін үстем еткен азаматтардың өнегелі істерін үлгі етуге қатысты мәселелерді талқылау үстіндеміз. 
Сондай-ақ, мәдениетіміз бен әдебиетімізге еңбегі сіңген тұлғалардың туындылары арқылы өскелең ұрпақтың санасында патриоттық сезім қалыптастыру жайын да әртүрлі жиындарда сөз еттік. Осылайша, Атырау облысының аумақтарында түрлі деңгейде ақпараттық, насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл шара тек қана жергілікті атқарушы билік тарапынан ғана жүзеге асырылып қана қоймай, оған тұтас қоғам болып атсалысу мен өңірлердегі Ақсақалдар алқасының жұмыла кіріскенін де арнайы атап өткім келеді. Оған орта буын азаматтар мен жастар легінің қосылып, бастамаларды бірауыздан құптауы – Қазақстанның ауызбірлігі мен татулығы жарасқан ел екендігінің тағы бір айқын дәлелі бола алды. 

Біз биыл «Алаш» музейін ашамыз 
Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі 

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында Батыс Қазақстан аймағындағы мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту мен оны ел ішінде кеңінен насихаттау мақсатындағы жоспар, жобаларымызды комиссия мүшелерінің алдында таныстырып, талқыладық. Өйткені, біздің өңірде ел тарихын танып, білуге құштар жандарға көрсете алатындай бай тарихымыз бен көне жәдігерлеріміз аз емес. 
Жуында ғана осындай құндылықтарды дәріптей отырып, жұрттың назарына ұсынуға қатысты жоспарларымызды үш кезең бойынша жасап шықтық. Яғни, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді басым мақсаттарға жіктелген жұмыстарымыздың негізгі бағыты – ұлтымыздың рухани тұрғыда жаңғыруын жоғары деңгейде жүзеге асыру болмақ. Бұл ретте алғашқы дайындық жұмыстарымыз латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты қолға алынды. Мұның бәрі бір ғана күнде соңына жеткізе қоятын шаруалар емес екендігін ескеріп, қазіргі кезде елге белгілі танымал тұлғалар мен ғалым, ұстаздар қауымы бұқара ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 
Сол сияқты, «Туған жер» бағдарламасындағы міндеттерді орындау үшін аймақтардан меценаттар мен демеушілер іздестірілуде. Қоғамды ауызбірлік пен ұйымшылдыққа, тату-тәтті тіршілік кешуге үндейтін әртүрлі әлеуметтік маңызы зор жиын, шаралар өткізуге белсенді әрі ұлтжанды азаматтар тартылуда. Мәселен, бұл бағыттағы игі ісіміздің бірі – Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай, аймақ орталығынан арнайы «Алаш» музейін ашуды жоспарлау үстіндеміз. Мұндай ойды өңір кәсіпкерлері мен азаматтары бірауыздан құптады. Бәрі ойдағыдай болса, жыл соңына қарай «Алаш» музейін ел тамашалайтын болады деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін өңірде өз заманынан бері мұрты бұзылмай сақталған ғимарат та, оның ішін толтыруға көне жәдігерлік бұйымдар да жеткілікті. 

Барлық саладағы жұмыстар қайта жаңғыртуды қажет етеді 
Владимир Божко, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары 

Біз бүгін Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында бас қосып отырмыз. Алқалы жиынға жоғары лауазымды шенеуніктер мен бірқатар облыс әкімдері арнайы шақырылып отыр. Өйткені, Мемлекет басшысының ел билігі алдына айқындап берген тапсырмалары мен мақсат, міндеттерін орындау аса маңызды болып табылады әрі оны жүзеге асыру мәселесін талқылауға тиісті ведомстволардың жетекшілері белсенді қатысқаны жөн деп санаймыз. Осы кезге дейін Елбасымыз жариялаған «Туған жер» бағдарламасын орындауға қатысты жобалар кезең-кезеңмен қолға алынып жатқанын және арнайы комиссия мен жұмыс топтары да өз қызметтеріне қызу кіріскендігін айта кеткен абзал. 
Сондай-ақ, жақында ғана Конституцияға енгізілген өзгерістер мен Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты берген нұсқауларын ескере отырып, тез арада қолданыстағы заңнамалық базаға сараптама жасап, Президент тапсырмасын орындауға мүмкіндік беретін тиісті заңдар тізімін нақтылау қажеттігі қолға алынуда. 
Ал енді шаруаның басын неден бастауымыз керек деген мәселеге келер болсақ, біз барлық саладағы жұмыстарды қайта жаңғыртуымыз қажет. Себебі, Мемлекет басшысы өз мақаласында отандастарымызға осыны ашық атап көрсетті. Айталық, «Туған жер» бағдарламасы мен ұлттың жүз тұлғасына қатысты жобаларды жаппай қоғам болып қолға алуға тиіспіз. Тіпті, мұндай ауқымды шараға шалғай елді-мекендердің тұрғындары мен жергілікті жерлердегі атқарушы билік органдары арқылы ел азаматтары жаппай жұмылдырылғаны жөн. 

Елдік мүддедегі есебіміз түгенделе түсуде 
Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 

Оңтүстік – ең алдымен тарихи ескеркіштер мен көне ғимараттар, мәдени ошақтар орны ең көп шоғырланған аймақ. Сонымен қатар, күллі қазақ тарихындағы хандар мен батырлардың, көптеген тарихи тұлғалардың жатқан жері. 
Осыған орай, рухани тұрғыдан жастарымыз арқылы халқымыздың кемел келешегі үшін көне тарихи ескерткіштерімізді мұқият зерттеп, зерделеу ісін Елбасы тапсырмасына сай қолға алудамыз. Сондықтан да біз зерттеу жұмыстарына орай түрлі конференциялар мен симпозиумдар өткізу арқылы рухани жаңғыру үдерісін жүргіземіз. Ұлт руханиятын осылайша жаңа тұрғыдан таныту еліміз үшін мәні зор жаңашылдық деп бағалануда. 
Сол себептен де, елімізге белгілі жазушылар мен тарихшылар, қайраткерлер мен ғалымдардың басын қосқан бірнеше жұмысшы топтар құрылып, өз қызметтеріне кірісуде. Олар ең алдымен көне тарихи ескерткіштерді тауып, зерттеуде. Содан кейін сол нысандарға тиісті инфрақұрылымдық шаралар ұйымдастыру арқылы танымдық, туристік саяхат жасау мәселелері қарастырылуда. Мысал үшін айта кетейін, мұндай сапарлар табиғаты тамаша, аңыз-әпсанасы ғажап Қазығұрт тауына немесе 1993 жылы Елбасымыз келіп ашып берген Ордабасы биігіне қатысты ұйымдастыру көзделуде. Өз кезегінде осындай сапарлар арқылы елдік тұрғыдағы мүддеміздің есебі түгенделе түсетіндігі сөзсіз. 
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, 
«Егемен Қазақстан».
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Бақытжан Сағынтаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша нақты тапсырма берді

22.01.2019

Петропавлда алабай тұқымдас ит иелерін талап тастады

22.01.2019

Солтүстік Қазақстанда шетелдік мигранттар легі тыйылар емес

22.01.2019

Қ. Бозымбаев «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

22.01.2019

Шағын несие алушылар қосымша 12,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашты

22.01.2019

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

22.01.2019

«Тал бесіктен жер бесікке дейін...»

22.01.2019

Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығаруды қолға алды

22.01.2019

Елбасының гранттар бөлу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды — ҚР БҒМ

22.01.2019

Мемлекеттік көмектің нәтижесін көріп отыр

22.01.2019

Қандастарды қабылдайтын байланыс орталығы ашылады

22.01.2019

Алматыда үстел теннисінен «ТОП-12» турнирі аяқталды

22.01.2019

Жүргізушісіз көліктерге жасалған шабуыл

22.01.2019

Қыраулы қаңтар (фотоэтюд)

22.01.2019

Облыс дәрігерлерінің біліктілігі нығайып келеді

22.01.2019

Сенат комитетінде «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

22.01.2019

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

22.01.2019

Азат Перуашев көше, мекеме атауларына Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды

22.01.2019

«Бес әлеуметтік бастама»: салық жүктемесін төмендету 2 млн азаматқа қосымша кіріс алуға жол ашады

22.01.2019

Сегіз спортшымыз Парижде күш сынасады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу