Рухани жаңғыру бойынша үздік туындылар үш кезеңде іріктеледі - Балаева

Жиынды ашқан Президент Әкім­ші­­лігінің Басшысы Әділбек Жа­қ­сы­­беков қазіргі кезде «Рухани жаң­ғы­­ру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы басталғанын атап өтіп, оған бар­­лық орталық және жергілікті ат­қарушы органдар мен азаматтық қо­ғам институттарының өкілдері қа­тысып отырғанына тоқталды. 
Егемен Қазақстан
29.05.2017 4578
2

«Өздеріңізге белгілі, ұлттық ко­мис­сияның жұмыс топтары нақты жос­парларын жасап, осы күндері жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Бү­­гінгі отырыста біз осы аралық ке­­зеңде атқарылған жұмыстардың есе­бін тыңдайтын боламыз», деді Ә.Жақсыбеков.
Содан кейін жиынға қатысушылар «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру ауқымында орталық және жер­гілікті мемлекеттік органдар ат­қар­ған жұмыстардың нәтижелерін тал­­қылады. Бұл ретте Премьер-Ми­ни­стр Кеңсесінің басшысы Нұр­лан Ал­да­бергенов пен Алматы қа­ла­сы­ның әкімі Бауыржан Байбек және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қош­анов отырыста негізгі баяндама жа­сағанын айта кетейік.
Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың не­гізгі нәтижелері, тұжырымдамалық ұс­танымдар мен қызметті одан әрі ұйымдастырудың нақты шаралары ая­сында латын қарпіне көшу, «Жаңа гу­манитарлық білім, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің гео­графиясы», «Жаһандағы зама­науи қазақстандық мәдениет», «Қазақ­стан­­ның 100 жаңа тұлғасы» жобала­ры бой­ынша жұмыс топтарының же­тек­шілері есеп берді.
Талқылау барысында «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын, оның ішін­де арнайы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды. Сөйтіп, отырысқа қатысушылар бағ­дар­ламадағы міндеттерді тиімді іске асы­ру үшін жобалық ұстанымды ен­гі­­зудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Ұлттық комиссия мүшелеріне «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы бойынша әзірленген әдіс­темелік материалдар, соның ішінде БАҚ-қа арналған әдістемелік құрал, жоғары оқу орындарына ар­налған әдістемелік ұсынымдар, ақ­па­раттық-түсіндіру жұмысы бойынша құрал, Бағдарлама туралы ма­ңыз­ды сұрақтардың 20 жауабы ұсы­ныл­ды. Отырыс қорытындысы бой­ын­ша бір­қатар нақты шешімдер қа­был­да­нып, мемлекеттік орган­дар мен жұ­­мыс топтарының жетекшілеріне тап­­сыр­ма­лар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет бас­шысының Жарлығымен құрылған Ұлт­тық комиссия қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруды және елдің мәдени-гуманитарлық да­муын жан-жақты қамтамасыз ету­ді көздейді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында През­идент жанындағы Қоғамдық сана­ны жаңғырту бағдарламасын іске асы­ру жөніндегі ұлттық комиссияны құ­ру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ал комиссия құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, об­лыс­­­тардың, Астана және Алматы қа­­­лаларының әкімдері, Қазақстан хал­­қы Ассамблеясының мүшелері, ға­­лымдар, жазушылар, журналистер  мен саяси партиялардың өкілдері кі­ре­ді.
Жалпы, отырыста қозғалған мәс­е­лелер әлі талай талқылауларға өзек бо­латыны сөзсіз. Осы орайда аталған жи­ынның маңыздылығын ескере отырып, Ұлттық комиссия мүшелерінің бір­қатарын сөзге тартқан болатынбыз. 

Үздік туындыларды іріктеу үш кезеңнен тұрады

Аида БАЛАЕВА, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі

Біздің жұмыс тобымыз қызметін белсенді түрде бастап кетті. Жұмыс тобының құрамына еліміздің көрнекті тұлғалары, қаламгерлер, ғалымдар, өнертанушылар мен зиялы қауым өкілдері еніп отыр. 
Қазіргі таңда жобаны нақты жүзеге асыру кезеңіне өттік. Атқарылған жұмыстар туралы баяндар болсам, бүгінге дейін нақты жұмыс жоспары, жобаны ақпараттық тұрғыда қолдайтын медиа-жоспар әзірленді. Тиісті басқосулар өтіп, негізгі жұмыс векторлары айқындалды. 
Алғашқы отырыста басты 2 құжат талқы­ланып, қабылданды. Аталған құжаттар бо­йынша заманауи мәдениет туындылары ірік­телетін болады. Бұл екі құжаттың біріншісі – туындыларды іріктеу кезінде қолданылатын Талап жүйелері. Онда үздік шығармаларды іріктеу кезінде пайдаланылатын 7 түрлі бағалау талаптары қарастырылған. 
Екінші құжат – Шығармаларды іріктеу тәртібі. Шығармаларды 3 кезең бойынша іріктеу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде шығармашылық одақтар бекітілген жанрлар бойынша туындыларды жинап, сол арқылы жұмыстардың шорт-парағы жасалады. Бұл жұмысты қазір бастап кеттік. 
Екінші кезеңде шығармашылық құры­лымдар ұсынған туындылар жариялы түрде талқыланады. Талқылаулар арнайы жасалған Интернет-тұғырнамаларда жүргізіледі. Оған adebietportal.kz, altynkalam.kz, dalatunes.kz, ikitap.kz, arvest.kz, artumar.kz сынды интернет ресурстарды пайдалануды жоспарлап отырмыз. 
Соңғы үшінші кезеңде талқылаудан өткен, қатары біршама ықшамдалған шығармаларға жұмыс тобының секцияларында сараптама жасалады. Сараптаманы танымал мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар мен сыншылар жүргізетінін атап өту керек. Осы жұмыстардан кейін іріктеліп алынған туын­дылардың тізімі Жұмыс тобының жалпы отырысында талқылауға түседі. Биылғы жылғы қазан айының соңына қарай іріктеліп алынған туындылардың тізімі Ұлттық комиссияға жіберіледі. 
Бүгінгі таңда іріктеліп алынған жұмыс­тардың еліміздегі танымалдық деңгейі, авторларының танымалдығы сарапталуда. Сондай-ақ, көркем туындылардың отандық және шетелдік нарықтағы танымалдығы да сарапталатын болады.

Тәржімаланатын 7 оқулық таңдалды

Ерлан САҒАДИЕВ, Білім және ғылым министрі

Бүгінгі таңда Қазақ тіліне тәржі­маланатын оқулықтарды іріктеу жө­ніндегі жұмыс тобы құрылды, оның құрамында жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының ға­лымдары, қоғам қайраткерлері, жетек­ші саясаттанушы мамандар бар. 
Жұмыс тобының алғашқы отырысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында оқулықтарды іріктеуге қатысты жұмыс жоспары жа­салды. Қазақ тіліне аударылатын оқу­лық­тарды іріктеудің өлшемдері белгіленді. 
Біріншіден, оқулықтар гума­ни­­тарлық пәндер бойынша бо­луы міндетті: тарих, философия, сая­­саттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, филология, педаго­гика және түркология қамтылады. Екін­шіден, базалық оқулықтар әлемнің озық 100 жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасында қамтылуы тиіс және әйгілі баспалардың базасында болуы керек. 
Сонымен қатар, Қазақстанның ЖОО қауымдастығы, Саясаттанушылар қауымдастығы, Тарихшылар қауым­дастығы сынды маманданған қауым­дастықтар да тәржімалануға лайық деп тапқан оқулықтарды ұсына алады. Үшіншіден, іріктеліп алынған оқулық 2014 жылдан бергі уақытта қайта басылған, мазмұны ауқымды материалдарға негізделген болуы керек. 
Бүгінгі таңда, ЖОО-лардың ұсы­нысы бойынша 800 атаудан тұ­ратын алғашқы тізім түзілді. Жұ­мыс тобы тиісті талаптар бойын­ша іріктеу жасайды. Қазірдің өзінде 7 оқулық таңдап алынып, ха­лық­аралық құқық иелерімен арада ке­ліссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл 7 оқу­лықтың 4-уін биылғы жылдың соңына дейін аударуды жоспарлап отырмыз. Нақтырақ айтар болсам, бірінші аударылатын төрт оқулық: «Экономика принциптері», «Социология негіздері», «Батыс философиясының жаңа тарихы» және «Құбылмалы әлемдегі социо­логия». 2018 жылдың наурызына дейін тағы 3 кітап тәржімаланады деп жоспарланған.

Мерейімізді биіктететін бастама

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Мәдениет және спорт министрі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтыл­ған мәселелерді қоғамымыз ерекше ықыласпен қабылдады. Онда айтыл­ған әрбір жайтты сана сарабына салар болсақ, олардың бүгініміз бен бола­шағымыз үшін өте маңызды екенін ұғына түсеріңіз сөзсіз.

Егер біз қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын табысты жүзеге асыра білсек, Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы мүлдем басқаша болады. Өйткені, әрбір халықты оның рухани байлығы мен сана-сезімі қалыптастырады, жоғары деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама біздің сана-сезіміміздің өсуіне, ұлттық құндылықтарымызды бағалап, оны сақтауға үлкен септігін тигізеді. Не­гі­зінде, әлемдік қоғамдастық алдында өзіміздің өремізбен, рухани құн­дылығымызбен, жеткен жетіс­тіктерімізбен мақтана білуге тиіспіз.

Қазіргі таңда Қазақстанның мә­дениет, спорт, өнер сынды салаларында зор жетістіктері бар. Басқаны былай қойғанда, күні кеше ғана жаһанды өнерімен тамсантқан Димаш Құдайбергенұлы сынды жастарымызды айтып мақтануымызға әбден болады. Мәселен, 300 қытай жиналып алып, қазақ тілінде «Дайдидау» әнін орындады. Бұл да біз үшін бір мақтаныш. 

Айта кетейін, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жастар еліміздің тарихи орындарына экспедициялар ұйымдастыру үстінде. Ал Мәдениет және спорт министрлігі болса, жаз айында 7 бағытқа арналған бүкіл қазақстандық экспедицияны қолға алуда.

Жолдыбай БАЗАР,
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу