Сағынтаев: Кино — бұл бизнес

Кино — бұл бизнес. Егер фильмнен пайда түспесе, киноиндустрияның дамуы да екіталай. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Егемен Қазақстан
18.01.2017 833

«Ондайда сапасыз фильмдер көбейіп кетеді. Оны бір рет көреді де, ұмытып кетеді, ақша да құмға сіңген судай жоқ болады. Сондықтан киноны бизнес ретінде дамытатын болсақ, сапалы фильмдерді, xалық көретін фильмдерді түсірген дұрыс. Сосын қанша ақшаның ақталғанын бірден анықтап отыру қажет. Иә, сапалы фильмдерді түсіру үшін ақшаның көлемі аз болмауы тиіс. Әрине, әзірше біз Голливуд, я болмаса, Боливудтың деңгейінде түсіре алмайтын шығармыз. Сондықтан кинемотографияны дамыту тұжырымдамасы аясында отандық киноиндустрияны қолдау шараларын қайта қарап шыққанымыз жөн болар», — деді Сағынтаев.

Оның айтуынша, отандық киноиндустрия саласына бизнесті көптеп тартып, моноқалалар мен шағын қалаларда кинотеатрларды көптеп ашу қажет. Сонымен қатар, кино бизнес болса, оған кәсіпкерлер көптеп келуі керек.

«Бүгінде еліміздің географиялық жағдайын ескерсек, бұрынғы кеңестер кезінде сияқты 7 мың елді мекеннің әрбіреуінде кинотеатр ұстау оңай емес. Дегенмен, аудан орталықтары бар. Бір қызығы, Талғарда неге кинозал жоқ? Бәлкім, бір қолдау жасап, бизнестің жергілікті жерге баруына жағдай жасау қажет шығар. Моноқалалар мен шағын қалаларға барса да болады. Бізде бар болғаны 29 моноқала және 41 шағын қала бар. Аудан орталықтарын да ұмытпау қажет. Жаңылмасам, 2012 жылда «Даму» қоры арқылы жергілікті жерде кинотеатрларды ашуға жеңілдетілген несеиелер беру туралы ұсыныс болған. Оның қалайша іске асқанын білмеймін. Дегенмен, осы іспетті шараларды жинақтасақ, әжептәуір қолдау жасай аламыз. Көрермен қауым облыс орталығына бармай-ақ фильмдерді кинотеатрдан көре алады. Ал кинотеатрда көрген фильмнің әсері мүлдем өзгеше болады. Оны бәрі жақсы біледі», — деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2017

«Хабар» агенттігі БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі футбол турнирін өткізеді

21.10.2017

Кенияда журналистер мінген тікұшақ көлге құлады

21.10.2017

5,5 пайыздық мөлшерлемемен несие бере бастады

21.10.2017

Роналду жылдың ең үздік футболшысы атанды

21.10.2017

Мешітті тонаған азамат ұсталды

21.10.2017

Кәсіпкерлер палатасы есеп берді

21.10.2017

Қазақ романсиадасына 20 жыл

21.10.2017

Қырғыз саясаткері Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш білдірді

21.10.2017

Сарыағаштық шаруалар қайта өңдеу ісін жандандыра бастады

21.10.2017

Газ келді. Қосуда қиындық бар

21.10.2017

Рухани келісім – бейбітшілік негізі

21.10.2017

Ауғанстан мешіттеріндегі жарылыстан құрбандар саны артуда

21.10.2017

Түркияда Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері

21.10.2017

Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

21.10.2017

Қарттар үйіне көтеру құрылғысын тарту етті

21.10.2017

Қостанайда полицейлер көкпар тартты

20.10.2017

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінде кадрлық өзгерістер болды

20.10.2017

Астанада жетімдер саны азайды

20.10.2017

Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді

20.10.2017

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтына 50 жыл толды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Дауыл алдындағы тыныштық болып жүрмесін

Төрткүл дүниені тығырыққа тіреген 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы «ұлы рецессиядан» енді ғана оңала бастаған әлем экономикасы 2016 жылдан бастап баяу да болса тұрақты даму бағытына бет бұрды.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Шексіз білім

«Білім шексіз бе, әлде білімнің шегі бар ма?» деген сұраққа жа­­уап­ іздеп жүріп, Оксфорд уни­вер­ситетінің профессоры, матема­тик Мар­кус дю Сотойдың «Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне сая­хат» («What we cannot know») ат­ты кітабын сатып алдым. Про­фес­сор бұл кітабында нөлден бас­­­тап жетіге дейінгі межені бел­гілейді. Нөлінші межені «Белгілі, бірақ белгісіз» әлде «Белгілі, бірақ бей­мәлім» деген дұрысырақ па?­ Біз біле­тін нәрседен бастап еш­қашан біле алмайтынға, ал одан шек­сіздікке дейінгіні тұспалдайды. Біз нені білмейміз және нені біле ал­маймыз? 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?

Бүгінде ұялы телефонды пайдалан­байтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?  

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қарсылық па, таршылық па?

«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңа­лықтың айналасына шыбындай үймеледі. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу