Сәтбаевтың шәкірті

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың көптеген шәкірттері, қамқорлығын көріп, өсіп өнген азаматтар болды. Солардың бірі – академик Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 324

Ол Алматыдағы бұрынғы Тау-кен институтын бітірген соң жолдамамен Жезқазған Кен-металлургия комбинатында қызмет атқарды. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, техника ғылымдары кандидаты лауазымын алу үшін еңбек жазып, диссертация қорғады. Сол жерде қажырлы еңбегі, білімі мен жоғары адамгершілік қасиеті арқылы Сәтбаевтың назарына ілінді. Кейін ол Алматыға шақырылып, Қазақ Тау-кен институтының директоры қызметіне тағайындалды. 

Өмекең институтқа келгенде, мұнда бір ғана қазақ жұмыс істейді екен. Ол Мейрам Құрманғалиев болатын. Бүкіл сабақ орыс тілінде жүргізіліп, тілге, математика, физика  пәндеріне шорқақ қазақ ауыл жастары бұл институтқа құжат тапсырудың өзіне беттемейтін еді. Алдымен Ө.Байқоңыров институт түлегі Евней Арыстанұлы Бөкетовті өзіне тартып, директордың орынбасары етіп алады. Содан кейін әскерден келген жалғыз анасынан басқа ешкімі, үй-күйі, мамандығы жоқ Мұштай Батырбековті хат тасушы қызметке алып, қолдап, өсуіне жол ашады. Егер Е.Бөкетовті Қаныш Сәтбаев және өзі болып үлкен ғалым-академик болуына қолғабыс тигізсе, М.Батырбековті кеңсе бастығы етіп, ҚазМУ-ге сырттан оқуға түсуіне жол сілтеп, кейін жоғары білім алған соң Мәскеуге аспирантураға жібереді. Ғылым кандидаты атағын алған М.Батырбековті институт проректорлығына дейін өсіріп, үлкен қызметкер болуына жол ашты. 1952 жылы «Правда» газеті бас мақаласында «В Академии наук Казахстана подвязался шарлатан науки, пригретый Сатпаевым некий Машанов» деп жазылған мақала шықты. Содан Тау-кен институтында жұмыс істеп жүрген Машановтың басына қара бұлт төнгенде, Ө.Байқоңыров оны қорғап алып қалды. Ал Ақжан Машанов өмірінің соңына дейін Қазақ политехникалық институтында қызмет атқарды.

Өмекең басқа да қазақ кадрларын қолдап отырды. Осыған дейін бұл институтқа түсудің қиындығын техника ғылымдарының кандидаты, доцент Шаймерден Ыбраев былай есіне алған еді: «Ауылдан келген баламын. Тау-кен институтына түспек болып, барлық емтихан пәндерінен «5» деген баға алдым, ал орыс тілінен маған «2» деген баға қойыпты. Содан институтқа түспейтін болдым деп тұрғанымда, қабылдау комиссиясы мені шақырып, әңгімелесті. Орыс тілінен жазған қағазымды көрсетті. Қып-қызыл шимай екен. Содан комиссия мүшелері «Вообще, что ты можешь?» деп сұрады. Сонда емтихан комиссиясына мен: «все могу» деп айтудың орнына «могу» деген сөзді ұмытып, «все мажу» деппін. Соған комиссия мүшелері әбден күліп, мені оқуға қабылдады. Кейін орыс тілін меңгерейін деп, орыс қызына үйлендім» – дейді. Шынында да мәселе сондай еді. Бұл – сол кездің бір көрінісі. Осыдан кейін Ө.Байқоңыров аты бар да мәні жоқ Қазақ Тау-кен институтын қазақтандыра бастайды. Көптеген жаңа кадрлар қабылдайды, сабақ екі тілде жүргізілетін болды, әрі оқуға түсу емтиханы да екі тілде қабылданды. Содан Ө.Байқоңыровтың үстінен шағым арыздар жоғарыға қаптап түсіп, оны «ұлтшыл» деп айыптапты. Бір күні оны Алматы қалалық партия комитетінің бюросына шақырып, жоғарыдан нұсқау алған бірінші хатшы Байқоңыровқа қатты шүйлігеді. Бюрода барлық жағдайдың мән-жайын асықпай байыптап түсіндірген Өмекеңді бюро мүшелері қолдап, көпшілік дауыспен орнында қалдырды. Әйтеуір, сол жолы әділет жеңген еді.

Өмірхан Байқоңыров ағамыз ел алдында өте беделді болды. Институтты қазақтандырды, жолға қойды. Өзі «Ғылымдарды талдау және тау-кен мамандығы» тақырыбында тамаша кітап шығарып, еңбек жазып, техника ғылымы докторы атағын алу үшін диссертация қорғады. Профессор болды. Қазақстан Ғылым академиясына академик болып сайланды. Осылайша Өмірхан Аймағамбетұлы Сәтбаев мектебінен шыққан үлкен азамат ретінде көпке үлгі бола білді. Қаныш Сәтбаев сияқты, Байқоңыров та қазақ тарихын жақсы көрді. Жақын достарының бірі Ілияс Есенберлин болатын. Отбасында өте жайлы, жұбайы Марияны қатты сыйлау­шы еді. Ұш қызынан, бір ұлынан тәтті немерелер сүйді.

Көп жыл бір жерде қызмет атқарып, оның үстіне көрші болып, араласып, ой бөлісіп жүрдік. Осындай адамгершілігі биік, парасатты азаматпен үзеңгілес жүрген күндер де бір дәурен еді

Досмұхамед КІШІБЕКОВ, 

Ұлттық ғылым академиясының академигі


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2017

5,5 пайыздық мөлшерлемемен несие бере бастады

21.10.2017

Роналду жылдың ең үздік футболшысын атанды

21.10.2017

Мешітті тонаған азамат ұсталды

21.10.2017

Кәсіпкерлер палатасы есеп берді

21.10.2017

Қазақ романсиадасына 20 жыл

21.10.2017

Қырғыз саясаткері Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш білдірді

21.10.2017

Сарыағаштық шаруалар қайта өңдеу ісін жандандыра бастады

21.10.2017

Газ келді. Қосуда қиындық бар

21.10.2017

Рухани келісім – бейбітшілік негізі

21.10.2017

Ауғанстан мешіттеріндегі жарылыстан құрбандар саны артуда

21.10.2017

Түркияда Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері

21.10.2017

Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

21.10.2017

Қарттар үйіне көтеру құрылғысын тарту етті

20.10.2017

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінде кадрлық өзгерістер болды

20.10.2017

Астанада жетімдер саны азайды

20.10.2017

Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді

20.10.2017

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтына 50 жыл толды

20.10.2017

Қазпоштада ашық есік күні өтті

20.10.2017

Сағынтаев DFJ венчурлік компаниясының тең құрылтайшысымен кездесті

20.10.2017

Оралда Алаш тарихына арналған халықаралық конференция өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Дауыл алдындағы тыныштық болып жүрмесін

Төрткүл дүниені тығырыққа тіреген 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы «ұлы рецессиядан» енді ғана оңала бастаған әлем экономикасы 2016 жылдан бастап баяу да болса тұрақты даму бағытына бет бұрды.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Шексіз білім

«Білім шексіз бе, әлде білімнің шегі бар ма?» деген сұраққа жа­­уап­ іздеп жүріп, Оксфорд уни­вер­ситетінің профессоры, матема­тик Мар­кус дю Сотойдың «Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне сая­хат» («What we cannot know») ат­ты кітабын сатып алдым. Про­фес­сор бұл кітабында нөлден бас­­­тап жетіге дейінгі межені бел­гілейді. Нөлінші межені «Белгілі, бірақ белгісіз» әлде «Белгілі, бірақ бей­мәлім» деген дұрысырақ па?­ Біз біле­тін нәрседен бастап еш­қашан біле алмайтынға, ал одан шек­сіздікке дейінгіні тұспалдайды. Біз нені білмейміз және нені біле ал­маймыз? 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?

Бүгінде ұялы телефонды пайдалан­байтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?  

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қарсылық па, таршылық па?

«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңа­лықтың айналасына шыбындай үймеледі. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу