Сайлаудың дүрліктірмей, біріктіргені жақсы

Жақында Иран Ислам Республикасының Конституциялық қадағалау кеңесі ел президентіне кандидаттардың нақты тізімін бекітті. Тізімді Ішкі істер министрлігі жанындағы сайлау комиссиясы жария етті. Кандидаттардың ішінде Иранның қазіргі президенті Хасан Рухани, бірінші вице-президент Исхак Джахангири, Тегеран қаласының мэрі Мохаммад Бакер Калибаф және имам Реза мавзолейінің сақтаушысы Ибраһим Раиси бар. Сайлауға кандидат ретінде, сондай-ақ, мәдениет және өнеркәсіп министрліктерінің бұрынғы басшылары Мұстафа Мирсалим мен Мұстафа Хашеми Таба да қатыспақ. Ал сайлау осы жылдың 19 мамырында өтеді.
Егемен Қазақстан
05.05.2017 1430

 

 

Экс-президенттің өзін де «сызып» тастады

Саяси жүйесі ерекше Иранда сайлау, оның ішінде төрт жылда бір өтетін президенттік сайлау өзгешелеу болып келеді. Ең басты өзгешелігі сол, бұл елде кандидаттарды тіркеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кез келген Иран азаматы Ішкі істер министрлігіндегі сайлау комиссиясына келіп, үміткер ретінде тіркеле алады. Бұл жолы сәуір айының 11-15-і аралығында президенттік сайлауға қатысуға өтініш берген адамдардың саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 1636 үміткерді құрады. Олардың 137-сі – әйел. Осының алдындағы президенттік сайлауда өтініш берген үміткерлердің қатары 676 адам болған еді. Президенттік сайлауға кандидаттарды тіркеуге қатысты ақпараттарға қарағанда, бірінші кезең бойынша тіркелгендердің жасы 18 бен 92-нің арасын қамтыған. Олардың ішінде кезінде әртүрлі себептермен сотталғандар да бар көрінеді.

Президенттік сайлауға кандидаттыққа тірке­лу­­дің екінші кезеңі үміткерлер үшін шешуші сы­нақ болып саналады. Себебі, Конституциялық қадағалау кеңесі бірінші кезеңде президенттікке кандидат болып тіркелген адамдардың біліктілік деңгейін жан-жақты тексеруден өткізеді, қарым-қа­­білетін анықтайды. Осындай үдерістер кезін­де, кейде елге танымал тұлғалар мен белгілі сая­-

­­­с­аткерлердің өздері тізімге кірмей қалатын жағ­­­дайлар да кездеседі. Мысалы, 2013 жылғы пре­­зиденттік сайлауда ірі саяси қайраткер Акбар Ха­­шеми Рафсанджани Конституциялық қадағалау ке­ңесінің елеп-екшеуінен өте алмаған еді. Осы жақында аталған кеңес Иранның бұрынғы пре­зи­денті Махмұд Ахмадинежадты да кандидаттар тіз­імінен «сызып» тастады.

Экс-президенттің тізімге енбей қалуы, оның айтқан сөзінде тұрмағанына байланысты болса керек. Сайлау науқаны басталар алдында ая­тол­ла Әли Хаменеи М.Ахмадинежадқа тұс­пал­дап, оның сайлауға түсуі елдегі саяси жағ­дай­­ды ушықтыратынын айтып, «сайлауға түс­пеу­­ге» кеңес берген еді. Ол бұл кеңеске құлақ ас­қандай болған. Бірақ, оның президенттікке кан­дидаттыққа тіркелуге келуі және сайлау ко­мис­сиясында тіркелуі елдің қазіргі билігін де, М.Ахмадинежадтың қарсыластарын да кә­дім­гі­дей елең еткізді. Өйткені, елде Иран през­и­дент­­тігіне қа­тарынан екі рет сайланған оның қол­дау­шы­лары да, жақтастары да аз емес-тұғын. Өзі­нің тізімінен «сы­зылып» қалғанын естіген ол «ал­дағы сайлау­да кандидаттардың ешқайсысына қолдау көрсетпейтінін» мәлімдеді.

Басты бәсекелестер – реформаторлар мен консерваторлар

Бұл президенттік сайлауда тартыс негізгі кандидаттар – елдің қазіргі президенті, реформатор Хасан Рухани мен оппозициялық консерватор Ибраһим Раисидің арасында өтетін сияқты. Екі кандидат та тіркелуге бір күнде келді және бір күнде тіркелді. Бұқаралық ақпарат құ­рал­да­ры­на берген сұхбатында Х.Рухани өзінің ұраны ер­кін­дік, қауіпсіздік, тыныштық екенін айта келіп, «ядро­лық клуб» елдерімен ядролық келісім не­гі­зінде жұмысты жалғастыра беретінін атап өткен-ді.

Рухани Иран президенті болып сайланғаннан кейін Батыс елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен үзіліп қалған байланысты қайта қалпына келтіруге тырысты. Сөйтіп, ол халықаралық ұйымдардың араласуы нәтижесінде «алтылықпен» ядролық мәміле жасауға қол жеткізді. Өздерінің ядролық бағ­д­арламасын жүзеге асыру жұмыстарын тоқ­татты. Бұл Иранға қарсы салынған бір­қа­тар эко­­­номикалық санкциялардың алынуына мүм­кін­дік берді. Ядролық келісімдерді иран­дық­тар­­дың кейбірі қолдады, мұны «сатқындыққа» ба­лап, наразылық танытқандар да аз болмады. Бұ­дан Иран халқының ұтылмағанын елдің соңғы жыл­дар­дағы іс-әрекеті көрсетіп тұрғандай. Не­гі­з­і­нен ол реформатор-президент Хасан Руханидің ұс­­тан­ған саясатына тікелей байланысты екенін иран­дықтар жақсы біледі. Президенттікке канди­дат енді сол саясатын әрі қарай жалғастыруды мақ­сат етіп отыр.

Сарапшылар Х.Руханиға негізгі оппонент ретінде консерваторлар Ибраһим Раиси мен Мохаммад Бакер Калибафты атайды. Бұл оппозиционер кандидаттардың екеуі бірдей сайлауға түсіп отырғаны жайдан-жай емес. Оның түп негізінде реформатор кандидат Х. Руханиге дауысына «ортақтасу» арқылы сайлаудың екінші турын қамтамасыз ету жатыр. Дәл осындай «саясатты» реформаторлар да ұстанып отырған жайы бар. Президенттікке Х.Руханимен қатар, оның жақтастары Исхак Джахангири мен Мұстафа Хашеми Табаның да сайлауға түсуі соған нақты дәлел.

Қазіргі президенттікке ең негізгі бәсекелес ретінде атала бастаған Ибраһим Раисиге келетін болсақ, оның артында радикалды консерваторлық күш­тер тұр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, әске­ри­лер арасында да оны қолдайтындар жеткілікті сияқты. Бірақ, оның билік органдарында саяси және басшылық қызметтер атқармағандығы, сон­дай-ақ, осы салаларда тәжірибесінің жоқтығы сай­лауда тиісті дауыс жинауына кері әсер етуі мүм­кін. Ол тек сот билігі органдарында ғана кө­бі­рек жұмыс істепті. Бұл кандидаттың қалың бұ­қа­раға онша таныс емес екенін білдіреді.

Сұрау салудың нәтижесі көрсеткендей, ел тұр­ғындарының 60 пайызға жуығы оны білмей­ді де екен, әсіресе жастар. Есесіне, Ислам рево­лю­ция­сы­ның бірінші және екінші ұрпағы Раисиді жақсы бі­леді, тіпті оны «қандықол аятолла» деп те атайтын көрінеді. Себебі, ол 1987-1988 жылдары сот коми­ссиясына басшылық жасапты. Солай бола тұрса да, Раиси имам Реза мавзолейінің жетекшісі ретінде діни қауым өкілдері арасында ықпалды тұлға саналады. Бүгінде Иранға АҚШ-тың жаңа пре­зиденті Дональд Трамп тарапынан қысым кү­шей­іп тұрғаны жасырын емес. Осыны пайдаланып қал­ғысы келген Раисидің қолдаушылары «Иранда да президент ауысуы қажет» дегенді ашық айта бастады.

Президенттікке тағы бір кандидат – Тегеран қа­ласының мэрі Мохаммад Бакер Калибаф – кез кел­ген саясаткерге бәсекелес бола алатын елге бел­гілі тұлға. Оның саясаттағы қызмет жолын­да да ақтаңдақтар кездеседі. Ол Хатамидің пре­­зи­дент­тігі кезінде Тегеранда полиция орган­да­рына бас­­­шылық еткен және елдің саяси өмі­рін ырық­тан­дыру үшін наразылық танытқан сту­дент­тердің толқуын күшпен басқан. Сондай-ақ, оған ке­зінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар де­ген айып та тағылған екен. Бірақ, Калибаф осы­дан төрт жыл бұрынғы президенттік сайлау­да Х.Руханидің не­гізгі бәсекелесі болып, сайлау­шы­лар­дың 20 пайыз дауысын иеленді. Ал Рухани 52 пайыз дауыс жи­наған еді.

Сайлау науқанының ең соңғы кезеңі жақын­да­ған шақта күтпеген жағдайлар да орын алуы мүм­кін. Мысалы, консерваторлар Раиси мен Калибаф бір-біріне жол беруі үшін екеуінің бірі саяси ойыннан бас тартуы ықтимал дегендей...

Науқан әлемдік БАҚ-тың да назарында

Енді санаулы күндерден кейін Иранда нағыз саяси күрес басталады. Кандидаттар мен олардың қолдаушылары елдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, бір-бірінің көзқарастарын сын тезіне алады. Кейде жалған ақпараттар да жарияланып жатады. Ал дауыс бе­руге бір апта қалғанда кандидаттар телеарналар бойынша саяси пікірсайысқа шығады. Бұл пі­кір­сайыстар әлі де өз таңдауын жасай ал­май жүр­ген сайлаушылардың нақты шешім қабыл­дау­ына мұрындық болады. Сол себептен де, бү­гін­де Ирандағы президенттік сайлау әлемдік БАҚ-тардың негізгі тақырыптарының біріне айналып отыр.

Бұл елдегі өткен сайлауларға аз-кем шолу жасайтын болсақ, олардан исламдық демокра­тия­ның нақты көріністері – халық пен мемлекеттің абырой-беделін, елдің күш-қуаты мен асқақ мерейін байқау қиын емес. Сондай-ақ, Иран сай­­лау­шылардың сайлауға, оның ішінде пре­зиденттік сай­лауға қатысу көрсеткіші жағы­нан әлем елдері ара­сында жоғары орында тұр десек, қателесе қой­маспыз. Ал Азия құрлығы бойынша екінші-үшінші орыннан төмендеген емес. Тіпті, ең қи­ын кезең – соғыс кездерінде де саяси науқан – сай­лау өз уақытында өткізіліп келіпті. Осыған бай­ланысты аятолла Хаменеи «Бүгінде халық сай­лауды жалған іс санамайды. Халық үкіметтің де, сайлаудың да өздеріне тиесілі екенін жақсы біле­ді», – деп атап өтуі ежелгі Иранның кез кел­ген сай­лауға ерекше мән беретінін білдіріп тұрғандай.

19 мамыр, жұма күні президенттік сайлау-

мен қатар, ауылдық және қалалық басқару орган­да­ры­ның да сайлауы өтеді. Халық саны 80 миллион­нан асатын Иранда шамамен 55 миллион адам сайлауға дауыс беру құқығына ие. Ал президент төрт жыл мерзімге сайланады. Бір адам екі мерзімнен артық президент болып сайлана алмай­ды. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

 

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Жаңа технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды - Дариға Назарбаева

23.05.2018

Ақтаудағы «Оңалту және әлеуметтендіру орталығына» жаңа ғимарат қажет

23.05.2018

Семей орманын тәулік бойы қадағалайтын жаңа жүйе орнатылмақ

23.05.2018

Курчатовта «Токамак ITER» құрылысын бастау үшін жаңа жобалар ашылмақ

23.05.2018

Веложарыстың жеңімпаздары «Вуэльта» көпкүндігіне барады

23.05.2018

Ертіс өзенінің жағасында көне күн обсерваториясы болған

23.05.2018

«Нұршашу» би ансамблі Еуропадан жүлдемен оралды

23.05.2018

Астанада дауыл ескертуі жарияланды

23.05.2018

«Хат қоржын»

23.05.2018

Астанада «Ұйғыр мұқамының сарыны» атты еске алу кеші өтті

23.05.2018

«Шолпан» хореографиялық ансамблінің құрылғанына 25 жыл

23.05.2018

Мақатаевтың поэзиясына жазылған әндер: «Мұқаң тірі болса, не айтар еді?»

23.05.2018

Жаңартылған білім жүйесінің артықшы­лы­ғы неде?

23.05.2018

Қостанайдың кей аудандарында түлектердің ҰБТ-ға қатысуы 50 пайыздан аспайды

23.05.2018

Марк Цукерберг Еуропарламент алдында есеп берді

23.05.2018

Есімі елдің есінде: Әбубәкір Әлиұлы

23.05.2018

Мектеп вальсі туралы ой

23.05.2018

Ахмет Бай­тұр­сынұлының балалық шағы өткен үйі қалпына келтіріледі

23.05.2018

Алматыда дәстүрлі «Фа­раби оқулары» өтті

23.05.2018

«Рухани қазына» фестивалінің үздіктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу