Сенім грамоталарын қабылдады

Кеше Ақордада бірқатар шет мем­лекеттердің Қазақстандағы Тө­тенше және өкілетті елші­лерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенім гра­моталарын тапсыру рәсімі өтті.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 513

Елбасы Сенім грамоталарын қабыл­даған елдердің қатарында Марокко Ко­роль­дігінің елшісі Абделжалил Собри, Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс, Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі Мұ­хаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Джабер, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези, Малайзия елшісі Дато Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман, Грузия елшісі Зураб Аба­шидзе, Моңғолия елшісі Лувсан Баттулга секілді жеті мемлекеттің елшісі болды.  

Мемлекет басшысы рәсімге қатысу­шыларды құттықтап, шетелдік дипло­маттардың қызметтері Қазақстан үшін маңызды кезеңде басталғалы отырғанын атап өтті.

– Қаңтар айында мен халыққа арна­ған Жолдауда Қазақстанның үшінші жаң­ғыруын қамтамасыз ету міндетін белгі­ледім. Біз күш-жігерімізді елдің жаһандық бәсе­кеге қабілеттігін қамтамасыз ететін эконо­микалық өсімнің жаңа моделін құруға бағыттаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті өзінің биылғы 10 наурызда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Заңға қол қоюы ел өміріндегі тағы бір маңызды оқиға болып саналатынын айтты.

– Соңғы түзетулерге сәйкес, Прези­денттің бірқатар өкілеттіктері биліктің басқа тармақтарына берілді. Консти­туциялық құрылымның, ел егемендігі мен тәуелсіздігінің мызғымастық кепілдігі нығая түсті, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңір атынан өкілдік ету Қазақстан үшін зор мәртебе екенін жет­кізді.

Қазақстан Президенті ядролық қауіп­сіздік, энергетикалық қауіпсіздік, су қауіп­сіздігі және азық-түлік қауіпсіздігі мем­лекетіміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысының басымдығы бар төрт бағыты ретінде қарастырылатынын атап өтті.

– Қазақстан – жаһандық антиядролық қоз­ғалыстың бастаушысы әрі көшбас­шыларының бірі. Биыл Астанада Ядролық сынақтарға қарсы іс-қи­мылдың халықаралық күні – 29 тамызда бірқатар маңыз­ды халықаралық іс-шара өткізуді жос­парлап отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның тұрақ­ты даму мақсаттарын, Париж келісімдерін іске асыруға және «жасыл экономиканы» насихаттауға Қазақстанның белсене атсалысып отырғанын айтты.

– Осы мақсатта Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен ЭКСПО халықаралық көрмесі өтеді. Көрме жұ­мы­сы аяқталған соң ЭКСПО базасын­да «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде жұмысын бастайды, сондай-ақ онда ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркін, энергетикаға, қоршаған ортаға және технологияларға маманданған клас­терлерден тұратын ғылыми-техно­логиялық паркін құру көзделген, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы экономикалық бағыт шетелдік серіктестермен ынты­мақ­тастығымыздың негізгі элементі болып саналатынын атап өтті.

– Біз сауданы ұлғайтып, өндірісті дамыту үшін сапалы инвестиция тартуға мүд­деліміз. Инвесторлар үшін түрлі жеңіл­діктер қарастырылған, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Біздің ел 2015 жылдан бері Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болып саналады. Қазақстан «Бизнес жүргізу жеңілдігі» көрсеткіші бойынша әлемнің 190 елінің арасынан 35-ші орын алып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміздің географиялық тұрғыдан оңтайлы орналас­қанына тоқталып, мұның Қазақстанды маңызды көлік-транзит торабы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

– Еліміз арқылы Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға баратын қысқа жолдар өтеді. Осыған орай, «Нұрлы жол» ұлттық инфрақұрылымдық бағдар­ламасы белсенді түрде жүзеге асыры­луда. Кәсіпкерлер қауымы Индус­триялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасына және ауқымды жекеше­лендіру науқанына атсалыса алады. Сіз­дердің елдеріңіз осы жобаларға белсене қатысады деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақ­станның сыртқы саясатының көпвек­торлы сипатта екенін айтып, Біріккен Араб Әмірліктерін әлемдегі негізгі серік­тесіміздің бірі ретінде деп атады.

– Әмірліктер Қазақстан экономикасы үшін аса ірі өңірлік инвестор болып саналады. Біздің елде әмірліктер капиталының үлесі бар 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Астанада құрылысы жүріп жатқан өңірдегі аса ірі «Абу Даби Плаза» инвестициялық жобасы көз алдарыңызда жүзеге асуда. Әмірліктер басшылығымен менің кездесулерімнің қорытындысы бойынша бірлескен ірі жаңа жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаластық, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігін еліміздің сыртқы саясаттағы бастамаларын ұдайы қолдап келе жатқан маңызды халықаралық серіктесіміздің бірі ретінде қарастыратынымызды жеткізді.

– Екіжақты өзара іс-қимылды мей­лінше дамытуға менің Эр-Риядқа был­тырғы қазан айындағы сапарым да септігін тигізді. Біз агроөнеркәсіп кешені, мұнай химиясы, энергетика, геологиялық барлау салаларындағы өзара іс-қимылды ілгерілетуге өзара мүдделілікті қуаттадық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Марокко Король­дігімен қарым-қатынасымыздың жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті.

– Астанада Марокко елшілігінің ашылуы өзара тиімді саяси, сауда-эконо­мика­лық және инвестициялық ынты­мақ­тас­тықты арттыруға тың серпін береді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі сенімді серіктесі – Малайзиямен үнқатысу қар­қынды дамып келе жатқанын айтты.

– Жоғары технологиялық инфра­құ­рылым және құрылыс жобалары, ислам банкингі жүйесі, «халал» стандартындағы азық-түлік өнімдерін шығару сияқты бағыттарда ынтымақтастықты дамытуға мән беру қажет. Малайзия – АСЕАН-ның мойындалған көшбасшысы. Қазақстан бұл қауымдастықпен тығыз байланысын одан әрі нығайтуға мүдделі, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Арабиясының, Марок­коның және Малайзияның елші­леріне сөз арнай отырып, олар биыл қыр­күйекте Астанада өтетін Ислам ынты­мақ­тастық ұйымының Ғылым мен технологиялар жөніндегі саммитіне өз елдерінің жоғары деңгейде қатысуы үшін белсене атсалысады деп үміт артатынын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.

– Оңтүстік Африка Республикасы әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі әрі Африка құрлығындағы саяси және эко­но­микалық үдерістерге қатысып отыр­ған негізгі ел ретінде танымал. Қазақ­стан бұл елмен ынтымақтастығын серіктес­тіктің жоғары деңгейіне көтеруге мүдделі. Әріптестігіміздің жарқын мысалы ретінде 2015 жылы құрылған «Қазақ­стан Парамаунт Инжиниринг» бір­лес­кен кәсіпорнын айтуға болады, – деді Мем­лекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Грузиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығына тоқталды.

– Біз Тбилисимен үнқатысуды бар­лық салада және барлық деңгейде әрі қарай жалғастыруға мүдделіміз. Грузия Прези­дентінің Астанаға алдағы сапары аясында біз кең ауқымды мәселелерді талқылап, екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа перспективалы бағыттарын айқындаймыз деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы еліміздің Моң­ғо­лияны Шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

– Соңғы жылдары Моңғолияның Азия­дағы маңызды транзиттік мемлекет, сау­дадағы әріптес және табиғи ресурстарды жеткізуші ретіндегі рөлі айтарлықтай артты. Халықтарымыздың тарихындағы ортақтастық, экономикалық мүдделеріміз бен геосаяси сын-қатерлердің ұқсастығы Қазақстан мен Моңғолияның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі тиімді нығайту қажеттілігін тудырады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы Қазақстан мен рәсімге қатысып отыр­ған елшілердің елдері арасында дипло­ма­тиялық қарым-қатынастың орнауының мерейлі межесі атап өтілетінін айтты.

– Биыл біздің еларалық байла­ныс­тары­мыздың басталғанына 25 жыл толады. Сіздердің Астанадағы қызметтеріңіз ел­деріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталады деп сене­мін, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев рә­сімге қатысушыларды Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің ресми түрде басталуымен құттықтап, оларға және отбасыларына денсаулық пен табыс тілеп, елімізде өткізетін күндерінің жайлы болуына ниеттестік білдірді.

Елші Захир бен Мутиш әл-Анези Қа­зақстан Президентіне Сауд Арабиясы Ко­ро­лінің сәлемін жеткізгені туралы айтты.

– Сенім грамотасын тапсырғаным үшін қуаныштымын. Қазақстан Респуб­ли­касының Жоғары мәртебелі Президентіне Сауд Арабиясының Королінің сәлемін жеткіздім. Президент мырза Сауд Арабиясының Королі жолдаған қасиетті Қағбаның жамылғысын қуанышпен қабыл алды. Сонымен қатар,  Сауд Арабиясы Королінің Қазақстан Республикасына ресми сапармен келу ниеті көрсетілген хатын жеткіздім. Құдай қаласа,  сапар жақын арада жүзеге асады деген үмітіміз бар,– деді Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі.

Марокко Корольдігінің елшісі Абделжалил Собри журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Президентіне Марокко Королі Мұхаммед VI-ның ыстық сәлемін жеткізгенін айтты.

– Мәртебелі Король бауырлас әрі дос­тас ел Қазақстанмен арада байланысты дамытуға мүдделі екендігін жеткізді. Қазақстан мен Марокко арасындағы байланыстардың жақсы екенінен хабардарсыздар. Біздің елдеріміз өз аймағында маңызды рөл атқарады. Екі мемлекет те басқа діндер, мәдениеттер және өрке­ниет­тер үшін ашық. Екі елде де бейбітшілік пен тұ­рақ­тылықты сақтауға маңыз беріледі, – деді ол.

Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Джабер Қазақстан Президенті мен халқына қонақ­жай пейілі үшін алғысын білдірді.

– Қазақстан Республикасына келген алғашқы күннен бастап ыстық пейіл­мен қарсы алғандарыңыз үшін алғыс біл­діремін. Біріккен Араб Әмірліктерінің бас­шы­лығына да маған Қазақстан сынды достас мемлекетте дипломатиялық миссия атқа­ру сынды мәртебелі міндет жүктегені үшін риза,– деді ол. Елші айтып өткендей, екі мем­лекеттің арасындағы байланыстар мем­­ле­кеттердің басшыларының өзара дос­тығы­ның арқасында жыл санап нығайып келеді.

Жеті мемлекеттің Төтенше және өкі­лет­ті елшілері Қазақстан Президентіне алғыс­тарын білдірді. Олар өз елдерінің ал­дағы уақытта Қазақстанмен арадағы жан-жақты ынтымақтастық байланыстарды нығайта түсуге ниетті екендіктерін жеткізді. 


Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2017

Су қоймасының беріктігіне екі ел де мүдделі

24.10.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасына 2017 жылы 484,2 млрд тг бөлінген

24.10.2017

«Нұрлы жер» – баспаналы болудың елеулі мүмкіндігі

24.10.2017

Фариза феномені

24.10.2017

Қымызды тұңғыш зерттеген қазақ

24.10.2017

Адвокаттық көмек қайткенде қауқарлы болмақ?

24.10.2017

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

24.10.2017

Нәсіптің көзі атакәсіпте

24.10.2017

Ресми бөлім (24.10.2017)

23.10.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

23.10.2017

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

23.10.2017

Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

23.10.2017

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

23.10.2017

Атырауда заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер талқыланды

23.10.2017

Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті

23.10.2017

Мың мезет (ой-отау)

23.10.2017

«Шынайы шымылдық» сахна сәнін келтірді

23.10.2017

Шыңғырлауда ұстазға ескерткіш орнатылды

23.10.2017

«Ата, мен қай тілде сөйлеп тұрмын?..»

23.10.2017

Лондон төріндегі қаламгер тойы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Нәсіптің көзі атакәсіпте

Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің біріне, тіпті бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Содан болар, ауыл адамдары амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп хал-жағдай сұрасып жатады. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу