Сераға

1927 жылдың 23 наурызында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Атасу селосында Серік Смайылұлы Қирабаев өмірге келді. Серағаның өмір жолына қарап отырсаңыз, ХХ ғасырдағы білім, ғылым саласындағы айтулы оқиғалардың бел ортасында жүргеніне көзіңіз жетеді.
Егемен Қазақстан
17.03.2017 2772
2

Бұл заман өкілдеріне уақыттың өзі ауыр жүк арқалатты. Бейбіт өмірді бір сәтте аласапыранға айналдырған Ұлы Отан соғысы тұсындағы бозбалалар бір күнде есейіп, бір отбасының, қала берді, ауыл-аймақтың бар ауыр тірлігі өздеріне қарап қалғанын түсінді. Ұзаққа созылған соғыс елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайын тұралатқанмен, олардың бо­ла­шаққа деген сенімін, өршіл рухын өші­ре алмады. Ел басына ауыр күн түс­кен шақта мектепті үздік оқыған Сера­ғаң­дай білімді жасқа партия Ынталы же­ті­жылдық мектебінде оқытушылық қызмет атқаруды тапсырды. Карл Маркс атын­дағы колхозда бастауыш мектептің мең­герушісі болып істеген Серағаңның күні бүгінге дейінгі бүкіл саналы ғұмыры білім, ғылым саласына арналып келе жатқаны да бір ғанибет.

Соғыс аяқталып, ел есін жиған шақта білімін жетілдіруді көздеген Серік Смай­ыл­ұлы 1947 жылы Қазақтың Абай атын­да­ғы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға тү­седі. Өмірдің қайрағына түсіп, ел тір­ші­лігіне ерте араласқан ол оқу-білімге бар ынтасымен кірісіп, үздік оқығаны үшін Сталин атындағы стипендия алды. Өз қатарларының арасында білімімен көзге түскен Серағаң студенттердің ғылыми қо­ғамы мен әдебиет үйірмесінің жұ­мы­сына, қоғамдық істерге де белсене ара­ласты. Факультеттің кәсіподақ, комсо­мол ұйымдарын басқара жүріп, әдеби-сын ма­қалалар жазды, өзінің әдебиетке икем­ді­лігін танытты.

Әдеби талдаулары көпшіліктің наза­рын аударған Серік Смайылұлы студент кү­нінен-ақ Жазушылар одағының жұ­мы­сына кірісіпті.

1951 жылдың қаңтарынан Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында проза бөлімінің редакторы болып қыз­мет атқарғанын еске алатын болсақ, инс­титуттың соңғы курсынан қызметке ара­ласқандығы байқалады. Ұстаздар қау­ымы жоғары оқу орнын үздік бітірген сту­денттерін аспирантураға алып қалуға тырысатын. С.Қирабаев аспирантурада оқи жү­ріп ұстазы Қажым Жұмалиевтің же­тек­шілігімен кандидаттық диссертация­сын жазды, әрі «Әдебиет және искусс­тво» журналының редакциясында бөлім мең­ге­ру­шісі қызметін қоса атқарды.

Алайда, жиырмасыншы ғасырдың елу­інші жылдарындағы саяси жағдайдың құ­рығы профессор Қ.Жұмалиевтің де ба­с­ы­­на түсіп, ол саяси айыптармен ұсталып кет­ті. Енді кафедрада ғылыми жұмыс іс­теудің мүмкіншіліктері азайды. Серік Қирабаев Қазақстан комсомолы Орталық Ко­митетінің ұсынысымен «Пионер» жур­налына редактор, «Социалистік Қазақ­стан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, редакция алқа­сы­ның мүшесі қызметтерін атқарды. Бас­­пасөз қызметінде жүргенде газет беттерінде әдебиет пен өнердің өзек­ті мәс­елелеріне арналған көптеген ма­қа­ла­лар жариялап, әдеби процеске үзбей ат­салысты.

Серағаңның елуінші жылдардағы бас­пасөз қызметін, әдеби-ғылымдық ең­бек­терінің қатарын орта мектепке арнап жазған оқулықтары толықтырды. Қазақстан Оқу министрлігі мектепке арналған жаңа оқулықтар жасау ісі­не қосқан бір топ жастардың ішінде С.Қира­ба­ев та бар еді. А.Нұрқатов, З.Қабдолов үшеуінің авторлығымен жазылған орта мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақ әде­биеті» оқулығы алғаш рет 1952 жылы жа­рық көрді. Осы оқулық 1986 жылға дейін толықтырылып, уақыт талабына сай жаңартылып бірнеше дүркін басылды. Кейін бұл оқулық 10-сыныпқа арнап қайта жазылды, аталған оқулық 1989 жылдан бері бірнеше рет қайта шығарылып, мектеп оқушыларының әдеби білім алуына зор көмегін тигізуде. Кейін ол 9-10-сыныпқа арналған «Қазақ совет әдебиеті», орта мектептің жоғарғы сыныптарында өтілетін факультативтік курсқа арналған «Қазақ совет әдебиеті», жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазақ совет әдебиеті», «Қазақ әдебиеті және мектеп», «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті», 9-10-сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығына әдістемелік нұсқау, 9-10-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» тәрізді көптеген оқулықтармен толықты.

Сыншының қаламынан туған оқу­лық­­тар осылайша 65 жылдан бері мек­теп­терде үздіксіз оқытылып келе жат­қа­нын ескеретін болсақ, осы оқу құ­рал­­дарынан қазақ жастарының неше буын ұрпағы білім алғанын түйсінесің. Жо­ғары сыныптарға арналған «Қазақ әде­биеті» оқулықтарынан білім нәрін ал­ған шәкірттер шаруашылық пен мә­де­ниет­тің алуан саласында қызмет атқарып, тәу­ел­сіз Қазақ елінің белгілі де білікті ма­ман­­дарының қатарына қосылды. Мың­да­ған шәкірттердің кейбіреулері жоғары дәрежелі ғылыми атақ алып, бірсыпырасы ақын-жазушылар қатарын толықтырып, көр­кемдік мәдениетімізді дамытуға атс­алысса, енді бір парасы әдебиеттану ғы­лы­мының төңірегінде еңбек етіп келеді.

Осылайша сан-салада қым-қуыт ең­бек етуде журналистік қызмет пен зерт­теушілікті, әдіскерлікті әдемі ұш­тас­­тырған ізденуші педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығар­ма­шылығын тыңғылықты зерттеген кан­дидаттық диссертациясын қорғады. Әде­биеттанушы ғалымдардан жоғары ба­ға ал­ған бұл диссертацияның монография­сы күні бүгінге дейін қолданыстан түс­кен жоқ. Жазушы туралы іздегендер Серағаң­ның құрастыруымен, алғы сөзімен шық­қан Спандияр Көбеевтің бір томдық шы­ғар­малар жинағына соқпай өткен емес. Се­бебі, бұл – жазушының толық күйінде ба­сылған тұңғыш кітабы еді.

«Қазақ совет әдебиеті тарихы очер­кі­не» жазылған «Ғабиден Мұстафин» та­рауы кейін толықтырылып монография болып жарияланды. М.Әуезовтің «Абай», С.Мұқановтың «Ботагөз», Ғ.Мү­­сі­­реповтің «Қазақ солдаты» ро­ман­­да­ры­ның қатарынан орын алған Ғ.Мұс­та­фин­нін «Миллионері» қазақ әдебиетін әлем­ге танытқан туындылардың бірі бол­ды. Ғалым жазушының өмірі мен шы­ғармашылығына, «Миллионер», «Қара­ған­ды» тәрізді оң бағаланған романдарына кең талдау жасады. Әдеби қауымнан оң пі­кір алған монография қазақ (1956), орыс (1957) тілдерінде жарық көрді.

Осы еңбектері жөнінде ғалымның за­мандасы З.Қабдолов осыдан қырық жыл бұ­р­ын: «Сол кездің өзінде әдеби-эсте­ти­ка­лық құбылыстарды жіті байқап, нәзік та­ни­тын, жосылта, еркін жазатын, шабытпен жазатын. Бұл, әрине, жас сыншының жақсы дайындығының нәтижесі еді. Осының арқасында, сала-сала әдеби-көр­кем сын мақалаларын өз алдына кой­ғанда, алғашқы беттен-ақ күрделі ғы­лыми ізденулерге апаратын іргелі мәсе­лелерге қалам тербеді. Келелі тақырып­тарды кең пай­даланып, тұтас баурап, Спандияр Көбеев, Ғабиден Мұстафин туралы кө­лем­­ді-көлемді зерттеулерін жазды. Бұлар на­ғыз ғалымның әрекеттері болатын. Сон­дық­тан да Серік жап-жас кезінде ғылым кан­дидаты дәрежесін алды», – деген еді.
Осы үлгімен жазылған «Сәкен Сей­фуллин» атты монографиясында жа­ңа­шыл ақын, революция сарба­зы, мем­ле­кет қайраткері Сәкен Сейфуллин­нің әдеби мұрасы жан-жақты талдана­ды. Монографияда Қазақстандағы 20-жыл­дар­дағы әдеби процесс, қоғам да­­му­ын­да­ғы жаңа мазмұнды әдебиеттің қа­лып­та­суы, жазушы шығармаларындағы та­қы­­рыптық, стильдік ізденістер, Сәкен­нің әдеби процестегі және әдебиет тари­хы­нан алатын рөлі тәрізді мәселелер жан-жақты қарастырылды. Монография не­гі­зінде автор докторлық диссертация қор­ғады. Ғы­лыми жұртшылық пен қалың оқыр­ман та­рапынан оң бағаланған Сәкен Сей­фул­л­ин туралы тұңғыш еңбек қазақ, орыс тіл­де­­рінде жарық көрді.

М.Әуезов атындағы Әдебиет жә­не өнер институтының директоры қыз­ме­тін атқарған жылдары Серағаңның ұлт­жан­­дылық һәм азаматтық ұстанымдары жар­қырай көрінді. Алаш арыстарының мұ­ра­сын ақтау, оларды насихаттау, қай­та жариялау істерімен тыңғылықты да, жүйелі түрде айналысты. Шәкәрім Құ­дайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағ­­жан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймау­ы­тов, Міржақып Дулатов сынды Алаш ардақтыларын ақтау жөніндегі ко­мис­сия­ның мүшесі ретінде Серағаң өзі­нің ұлтжанды болмысын танытты. Алға­шын­да Жүсіпбек Аймауытовты ақтау жө­нін­дегі құжаттарды дайындау ісімен шұғылданған ол кейінгі жылдары осы та­қырыптағы ізденістерін мәнді де маз­мұн­ды, терең де кешенді зерттеуге ұластырып, сол еңбегі үшін Ш.Уәлиханов атындағы сый­лықты алды. С.Қирабаевтың алғы сөзі­мен, оның басшылығымен Жүсіпбек Аймауытов шығармалары алғашында бір том­дық, кейін бес томдық, алты томдық бо­лып жыл өткен сайын толығып жатуы ға­лымның осы саладағы тыңғылықты зерт­теулерінің нәтижесін көрсетті.

Ғалым-зерттеуші, академик Серік Қи­р­абаевтың ұйымдастырушылық жұ­мыс­­тарының бірі – ЮНЕСКО көлемінде ата­лып өткен ұлы Абай Құнанбаев пен ауыз әдебиетінің дарабозы Жамбыл Жабаев­тың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойлары кезіндегі ерен еңбегі. Абайтану ғылымына қосылған ір­ге­лі зерттеулерге жетекшілік жасап, абай­тануға қомақты үлес қосқаны үшін ака­­демик С.Қирабаев әріптестері З.Ах­ме­­тов, М.Мырзахметұлы және Қ.Мұ­ха­­мед­хан­ұлы тәрізді әдебиеттанушы – ға­лым­дар­мен бірге еліміздің ең жоғары − М­ем­ле­кеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Сонымен бірге, Серағаң Жамбылтану бө­лімінің қызметкерлерін ұйымдастыра оты­рып, ақынның екі томдық таң­да­ма­лы шығармаларын шығаруға бас­шы­лық жасады. Ғылыми түсінікпен толық­ты­рыл­ған жинақ заман ыңғайымен кет­кен кемшіліктерден тазартылды, толық­ты­рыл­ды. «Жамбыл туралы сөз» атты ха­лы­қ­­аралық ғылыми-теориялық конференция ма­териалдарының жинағына ұлы дала жыршысы туралы жазылған алыс-жақын шет ел ғалымдарының баяндамалары мен мақалалары жинақталды. Аталған мәнді де мазмұнды еңбектерді бүгінгі таңда си­рек кітаптар қорынан ғана көретін бол­дық.

Бұл жылдары Әуезовтану үрдісі да­мыды. «М.О.Әуезовтің өмірі мен шы­ғар­ма­шылық шежіресі», «Мухтар Ауэзов. Пи­сьма родным и близким», «М.О.Әуезов туралы естеліктер», «Әуе­зов энциклопедия­сы» жарық көріп, М.Әуе­зовтің елу томд­ық академиялық шы­­ғармалар жи­нағы 1, 2, 3- томдармен толықты. Сол тұс­та басталған жа­зушының елу томдық жинағы 15 жыл­ға созылған қажырлы еңбекпен тиянақ­тал­ды. Бұл жинақта жазушы мұрасы тү­гел­дей тасқа басылып, хатқа түсірілді, ке­ңес­тік дәуір тұсындағы идеологиялық қы­сым салдарынан кiрген кейбiр бұр­ма­лаулардан, қысқартулардан тазартыл­ды, академиялық сипаттағы ғылыми тү­сi­нiк­те­мелер берiлдi. Қолдан-қолға тимей кеткен жинаққа деген сұраныстың көптігінен оның екінші басылымын шығару маған бұй­ырды. Енді Әуезовтi жаңаша, жаңа дең­гейде зерттеуге толық мүмкiндiк туып отыр.

Ғалымның ХХІ ғасырдың еншісіне тие­сілі еңбектерінің өзі – бір төбе. Бұл жыл­дары академик Серік Қирабаевтың бас­шылығымен 10 томдық «Қазақ әде­бие­тінің тарихы» атты кешенді еңбек жазы­лып, оқырманға жол тартты. Кеңестік дәуір әдебиетін дәуірлеу, жүйелеу, зерт­теу ісіне басшылық жасаған ол 7, 8, 9-том­дардың жетекшісі ғана емес, негізгі автор­ларының бірі ретінде көптеген тарауларда кеңестік дәуір әдебиетін бүгінгі егемен елдің талап-тілектеріне сай жаңаша ба­ғам­дады. Осы қатарда ерекше атауды қа­жет ететін тағы бір еңбек – «Қазақ рома­ны: өткені мен бүгіні» атты ұжымдық мо­нография. Бұл еңбекте ХХ ғасыр енші­сіне тиген қазақ романының алғашқы үлгі­ле­рінен бастап, оның қалыптасу, даму, өсіп-өркендеу дәуірі хронологиялық жүйе бойынша тыңғылықты зерттелді. Со­нымен бірге, қолданбалы және іргелі зерттеу­лердің негізінде Серағаңның ғылыми жетекшілігімен жарық көрген «Қазақ көркем сөзінің шеберлері», «ХХ ғасыр әдебиетіндегі тәуелсіздік идеясының көркем шешімі» тәрізді ұжымдық монографиялар бүгінгі таңда қолдан-қолға өтіп оқылуда.
Қазір Білім және ғылым министрлігінің мем­лекеттік гранттық жобалары аясында жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық әде­би­ет және еліміздің зияткерлік әлеуеті» ат­ты жо­ба негізінде соңғы ширек ғасыр­да­­ғы қазақ прозасы Серағаңның же­тек­ші­лі­г­імен зерттелу үстінде.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған «Классикалық зерт­теулер» сериясымен жарияланған көп том­дық еңбектің 21-томының мазмұнын ға­лым зерттеулері құрады. Мұнда Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт, Спандияр, Жүсіпбек, Сәкен, Сәбит тәрізді қазақтың көр­некті ақын-жазушыларының әдеби пор­треттері мен «Тәуелсіздік идеясы және «Ұлтшылдық» әдебиет», «Тәуелсіздік жә­не ұлт-азаттық қозғалысының қа­һар­­мандары», «40-50-жылдар ро­ман­да­рындағы ұлттық идея және ұлттық ха­­рак­тер», «Ұлттық тәрбие және қазақ әде­­биеті», «Қазақ Кеңес лирикасындағы тәу­­ел­сіздік рухы» тәрізді қай дәуірде де, қай қоғамда да құнын жо­ғал­тпайтын зерт­теу­лері қамтылды.

Кеңестік дәуір мен тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы ширек ғасырының куәсі болған Серағаң Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, 50-ден астам әдеби сын кітаптарының, 20-дан астам оқулықтар мен оқу құралдарының, 800-ден астам мақалалардың авторы ре­тін­де белгілі. 15 ғылым докто­ры мен 35 ғы­лым кандидатының бағын ашып, ғы­лым­­ға жолдама берді, әде­биет­тану ғы­лы­мын­да өзінің мектебін қа­лып­тастырды.

Серағаңның шекпенінен шыққан он­­даған, жүздеген шәкірттері бүгінде тұл­­ғалы ғалымдар, айтулы азаматтар са­на­тында жүргені де ағаның бір мерейі іс­петтес.

Академик Серік Қирабаев бүгінгі таңда да замана сөзін айтып, егемен еліміздің өмірінде болып жатқан құбылыстарға өз үнін қосып отырады. 90 жаста да қаламы қолынан түспей, Елбасы саясаты жөнінде толғақты ой айтып, өз көзқарасын ашық та, бүкпесіз білдіріп келеді. Абыз ағаға қарап Қазақстан жастары ой түзесе екен, бой түзесе екен деймін…

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
М.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының директоры,

филология ғылымдарының докторы,

ҰҒА корреспондент-мүшесі,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу