Серпін танытатын сәт

Солтүстік Қазақстан – ежелден ірі астықты өңірлердің бірі. Еліміздегі астықтың үштен біріне жуығы өндіріледі.

30.03.2017 116

Жалпы өңірлік өнім үлесінде ауыл шаруашылығы 22 пайызды құрайды. Былтыр бұл бағытқа 45 миллиард теңге инвестиция тартылды. Экономикалық белсенді тұрғындардың үштен бірі осы салада жұмыс істейді.

Облыс диқандары «көктемнің әр күні – жылға азық» екенін жете түсіне отырып, биыл да да­ла жұмыстарын жоғары деңгей­де өткізуге бір кісідей жұмы­лып отыр. Шынында да, дала ең­бек­керлерінің алдында тұрған міндет ауқымды. 4 миллион 222,8 мың гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру қа­лып­тасқан мол тәжірибемен қатар, зор ұйымшылдықты қажет етері сөзсіз. Облыс әкімі Құ­мар Ақсақалов астық өндірісін әр­тараптандыру аясында бұршақты дақылдардың егістік көлемін 1,5 есеге көбейту, ауылшаруашылық айналымына 71 мың гектар алқапты қосу міндетін қойды. Бұған майлы дақылдар мөлшері 712 мың гектарға жеткізілетінін ескерсек, енді монодақыл өсіру­мен ғана шұғылданып келген серік­тестіктер мен қожалық жетек­шілерінің іс тетігін жаңаша орайлас­тыруларына тура келеді. Өйт­кені, дақылдың бір түрін ғана егумен шектелетіндер әлі аз емес. Бұл көбіне ұсақ, майда шаруашылықтарға тән. Бір­текті дақылды еге бергеннен жердің тозатыны, топырақ құна­ры кемитіні әлдеқашан дәлел­ден­ген. Оның үстіне нарық талабын ескермей және болмайды. Мә­селен, Аққайың ауданына қарас­ты «Полтавское» ЖШС бидай көлемін азайтып, керісінше, майлы дақылдарды арттыру есебінен ғана қомақты табыс тауып келеді. Бұл – үйренетін үрдіс.

Облыстық ауыл шаруа­шы­лығы басқармасы мамандарының ай­туынша, көктемгі егіске әзір­лік жайы түрлі деңгейлердегі бас­қо­сулар мен жиындарда талқыланып, агротехникалық мер­зімде өткізудің жолдары барын­ша қарастырылған. Бұл орайда, Үкіметтің қолдауы айқын сезіледі. Жыл басынан бері егін­шілік саласына 17,6 миллиард теңге субсидия бөлініп, былтыр­ға қарағанда 39,3 пайыз артық қа­рас­тырылған. Қажетті 65 мың тонна дизель отынының әр литрі 126 теңгеден босатылып, кестеге сай жеткізу белгіленген. Қазір оның 40 пайыз қоры жинақ­талған. Науқан қызған тұста түр­лі маркалы 13500 трактор, 16000 тұқымсепкіш агрегат, 1170 егіс кешені ен даланы еңбек дүбіріне бөлейтін болады. Бүгінде техниканың әзірлігі 92 пайызды құрайды. Бір атап өтерлігі, жергілікті жерде құрас­тырылатын «SAMPO ASIA» комбайнына, «Батыр» деген брендпен шығарылатын К-704» тракторына сұраныс жоғары. Шетелдік техникаларға қарағанда бағасы арзан, техникалық мүмкіндіктері еш кем түспейді.

Синоптиктердің болжамы бойынша ылғал жеткілікті болатын сыңайлы. Топырақ қыр­тысындағы мөлшері қалып­та­ғыдай. Ең бастысы, агротех­ни­калық шараларды тиімді пай­далану қажет, вегетациялық кезеңд­і өткізіп алмау керек, дейді ғалым­дар. Олардың қобалжитын жөні бар. Мәселен, Қызылжар ауда­ны «Зенченко және К» коман­диттік серіктестігінде орташа түсім 20-25 центнерден ай­налса, онымен көршілес кей шаруашылықтарда жағдай кері­сінше. Топырақ бонитеті деңгейлес бола тұра, өнім төмен. Оның бір ұшығы ұйымдастыру жұмыс­тарының төмендігіне келіп ті­реледі. Тіпті жауапты науқан­ды маусымның алғашқы онкүн­дігіне дейін созып алатындар бар. Бұдан кейін қандай өнімділік күтуге болады?

Аймақта қыс ұзақ, жаз қысқа келетіндіктен, әрі соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты мамандар егіншілікті тәуекелі көп салаға жатқызып жүр. Бұл ойды ғалымдар да қостап, ерте пісіп-жетілетін тұқым түрлері өнімділікті 20-30 пайызға арттырады. Осы ретте жаңа технологиялар мен ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, тұқым шаруашылығын жаңғыртудың, сұрыптарды таңдай білудің, орналастырудың маңызы зор, дегенді айтады. Бұл орайда, түпкі нәтижеге жетуге бағытталған кешенді шаралар атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Оның негізгілері– сұрып алмастыру мен жаңарту. Әзірленген 490 мың тонна тұқым стандартқа сәйкестендірілген. Көп жылғы тәжірибе бойынша топырақ құнарлылығына орай облыстағы орташа ерте пісетін тұқым топтары – 10-35, орташа пісетін – 65-75, орташа кеш пісетін тұқым топтары 10-15 пайызға дейін болу керектігі дәйектеліп, осы көрсеткіштерге жету мүмкіндіктері айқындалған. Вегетациялық кезеңі 72 күннен бас­талатын және жоғары өнім­ділік­ке ие «Омбы-35», «Памя­ти Азиева», «Астана» секілді ерте пі­сетін сұрыптар аудандас­тырыл­ған.

Серпін танытар сәтке солтүс­тік­­қазақ­стандық аграршылар да сақадай-сай әзірліктермен келіп отыр деуге болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»


Солтүстік Қазақстан облысы


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.04.2017

Елбасы оңтүстікте ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту керектігін айтты

27.04.2017

Инвестицияны шикізаттық емес секторға да тартатын уақыт жетті

27.04.2017

Қыран құстың сыны мен сипаты

27.04.2017

Биылғы 28 маусымда Сенат сайлауы өтеді

27.04.2017

Президент «Ел қорғаны» медалін тағайындады

27.04.2017

Алматы әуежайы директорлар кеңесінің басшысы тағайындалды

27.04.2017

Отандық азық-түлік Ресей мен Беларусь импортына төтеп бере алмай жатыр

27.04.2017

ҚР Президенті ОҚО-дағы алма өсіру технологиясымен танысты

27.04.2017

Сана сапасы серпілісте

27.04.2017

Жас ғалымдар жетістігі

27.04.2017

Инвестиция тартудың жаңа тәсілдері енгізілді

27.04.2017

Қазақстанға әлем бойынша ең ірі инвестиция салынады

27.04.2017

Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Елбасы мақаласын талқылау-лекциясын өткізді

27.04.2017

Оңтүстік Кореядан Қазақстан азаматтарын депортациялау мәселесі талқыланды

27.04.2017

Елбасы Оңтүстік Қазақстандағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты

КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан»

Ұлттарды ұйыстырудың ұтымды үлгісі

1995 жылғы 1 наурызда Мемле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, Президент жанынан басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік негізінде этностар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, тиімді этносаралық іс-қимыл жүргізу, біртұтас саяси, құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып белгіленген жаңа консультативті-кеңесші орган құрылды.

Айбын ШАҒАЛАҚ, "Егемен Қазақстан"

​Елбасы һәм елдік жобалар

Ғасырға бергісіз осы 25 жылдың ішінде біз санамыздағы «сарысулардан» арылып, еңсемізді тіктедік, елдігіміздің іргесін бекіттік. Отарлық саясат құрдымға жібергісі келген ұлттық құндылықтарымызбен қау­ыштық. Дініміз бен діліміз қайта жаң­ғырды. Тағдыр жазуымен түрлі кезеңдерде киелі Қазақ жеріне келіп тұрақтаған ұлыстардың ынтымақ-бір­лігі нығайып, біртұтас халық ретінде қалыптасуға бет алды. Оның бүгінгі айқын көрінісі – Елбасының Мәңгілік Ел идеясының Қазақстан қоғамы тарапынан дұрыс қабылдануы және осы мұрат жолында ұйыса бастауы.

Пікірлер(0)

Пікір қосу