Шағын ел, шексіз энергия

Жер аумағының көлемі бойынша Нидерланд Корольдігін үлкен мем­лекет деп айтуға келмейді. Жер көлемі және халқының саны жағы­нан бұл мемлекет әлемде тиісінше 134-ші және 65-ші орындарды иеленеді. Алайда, экономикалық көрсеткіштері жағынан Нидерланд Корольдігі, бұл елді Голландия деп те атайды, дүние жүзінің көпте­ген елдерінен оқ бойы алда келе­ді. Голландия экономикасы әлеуеті жағынан әлемде 17-ші орын­ды, Еуропалық одақта 6-шы орын­ды иеленеді. Нидерланд мемле­кеті еліміздің елордасында өтіп жат­қан ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты­суға ниет білдірген алғашқы мемле­кет­тердің бірі.
Егемен Қазақстан
19.06.2017 650
2

Нидерланд Корольдігі павильонын таныстыруға арналған пресс-турда ЭКСПО-2017 көрмесіндегі осы елдің Бас комис­сары Ханс Дриссер БАҚ өкілдеріне павильон жәдігерлерін жан-жақты таныс­тырды. «Біздің еліміз мыңдаған жылдар бойы сумен алысып келеді. Өйткені, Нидер­ланд теңіз деңгейінен көп төмен орна­лас­қан. Соған байланысты біз көрмедегі жәді­гер­лерімізде су энергия­сының, жел энер­гиясының, әсіресе теңіз желі энергиясының қуатын ашуға тырыс­тық», деді ол. 
Голландия павильонының жетекшісі Эвелин Бэллдің айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайындық бары­сында Нидерланд Корольдігінің сырт­қы істер министрлігі елдегі барлық креа­тивті ком­паниялар арасында байқау  өткіз­ген екен. Осы байқау барысында Conspiracysinc агенттігі жеңімпаз болып танылады. Король­­­дік павильонының жарақтандыруы өте қара­пайым және голландықтардың ойлау қабілеті мен өмір сүру дәстүрінен көп мағлұмат береді. Елдің географиялық қоныстануы адамдар тұрмысы үшін қолайлы емес. Алайда, голландықтар өз­дерінің өмір сүруге деген құлшынысы мен ізденім­паз­дығының нәтижесінде асау табиғат­ты игілігіне жаратып, әлемдегі ең инно­в­ациялық елдердің қатарынан көріне білді. Голландия павильоны үш зал­­дан тұрады. Осы залдарға қойыл­ған жәді­гер­лер голландықтардың эконо­ми­калық жетіс­тіктерін барынша паш етуге арналған. Бірінші залда ел­дің экономикалық же­тіс­тіктері, инновациялық технология­­лар бойынша ақпараттар көрініс тапса, екін­ші зал 3D бейне қондырғылар арқылы голландтық өнертапқыштардың ой­лау қабілетінің деңгейін көрсетуге ұмтыл­ған. Үшінші интерактивті павильон бала­ма қуат көздерін ашудағы елдің бүгін­гі жетістіктерінен хабар береді. Мәсе­лен, бүгінде Голландияда өндірілетін энер­гия­ның 4,5 пайызы жаңғырмалы энергия көздерінен алынады. Бұл елде, әсіресе, теңіз желін игілікке айналдыру үшін үлкен жұмыстар атқарылған. Мәселен, Westermeerwind жел стансасының 48 турбинасы бар. Ол сағатына 500 Кв электр қуатын өндіріп, 160 000 үйді жылу және жарықпен қамтамасыз етеді. Елдегі әрбір үшінші пойыз жел күшімен өндірілген электр қуатымен жүреді. 
Нидерланд Корольдігі Қазақстан эко­номикасына мол инвестиция сал­ған жетекші мемлекеттердің бірі­нен сана­лады. Ұлттық банк дерегінше, 2005-2006 жылдары Нидерланд елімізге 71,7 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвес­ти­ция құйған. Сонымен бірге, бұл ел Қазақ­станның жетекші сауда әріптесі бо­лып табылады. Бүгінде Қазақстанда Нидер­ланд Корольдігі капиталының қаты­суы­мен 40-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. ЭКСПО-2017 көрмесінің аясын­да голландиялық бизнес өкілдері Қазақ­стан­дағы баламалы қуат көздерін жаңғырту саласындағы жаңа технологиялар бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. 

Топтаманы әзірлеген 
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Журналист Джамаль Хашагджиді өлтірген арабтар екені белгілі болды

20.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан басшыларымен кездесті

20.10.2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу