Шәкәрім қажы суреттерінің тарихы

Қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде ерекше із қалдырған тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ол Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы һәм ойшыл тарихшы, абыз ақын. Шәкәрім атамыздың бізге белгілі, көпшілікке таныс үш суреті бар. Осы фотосуреттер төңірегіндегі тарихи оқиғаларға қатысты айтар болсақ...
Егемен Қазақстан
27.05.2017 1898

Бірінші сурет
Қажының басында қара түсті тақия, көкірегін жапқан ақшулан сақалы келбетіне көрік беріп тұр. Қаусырмалы қара шапанның сол жақ өңіріндегі  түймесі анық көрінеді. Әзірге бұл фотоның екі данасы сақталған. Бірінші данасы – Алматыда орналасқан жазушы Сәбит Мұқановтың мұражай-үйінің қорында сақталса, екіншісі – Шәукен Әбдіғалиұлы деген адамның арқасында бүгінге жеткен.  

Фотоның алдыңғы және артқы беті.

Мұражай-үйде сақталған фотоның сыртында екі түрлі жазу бар. Біріншісі – «Любезному брату Тугрулу Ибрагимовичу на добрую память от Шаһкарима Худайбердина. 15 февраля 1912 г.» деп кирилл әрпімен жазылса, екіншісі –  «Сүйікті бауырым Тұрағұл Ибраһим марқұм ұлына ұмытпас белгі үшін Шаһкарим Құдайбердіұлынан. 15 февраль, 1912 жылы» деп араб графикасымен жазылған (Қайырбеков Ә. Тұлғалар тағылымы. – Алматы: Айғаным, 2014. -57 бет).
Ал екінші фотоның сыртында: «1958 жылы июльде туып, 1931 жылы октябрь айында қаза болды» деген жазу төтеше араб графикасымен жазылса, екінші көне қадымша жазуда «...Халелұлы Мұхамедин мырзаға, жас білгіштен әрқашан ұмытылмасқа Шәкәрім Құдайбердіұлынан. 1912 жыл 11 ғиянуар» (шағатай тіл-жазуының маманы Иманғазы Нұрахметұлы оқыды) деп тұр.
Екі суреттің де сыртындағы жазулар қажының өз қолтаңбасы. Бірінші суреттегі қолтаңба жайлы Ә.Қайырбеков: «Фотосуретті Шәкәрім Абайдың ұлы Тұрағұлға сыйлағанына күмән жоқ. Сурет С.Мұқановтың қолына қалай тигені белгісіз. Бәлкім, өткен ғасырдың отызыншы жылдары Алматыда қызмет істеген Бағдәулет Құдайбердіұлынан алған шығар…» дейді.
Екінші суреттегі төтеше жазу Ахат Шәкәрімұлынікі деген болжам айтады зерттеуші Асан Омаров. Өйткені, Шәукен сақтаған фото Ахаттың қолына тиген соң ол әкесінің қаза тапқан және туған жылын өз қолымен жазып қойған сияқты. Екінші қолтаңба қажының өзінікі. Ол фотосын Халелұлы Мұхамедин деген адамға сыйлаған.
Зерттеушілер (А.Омаров, Ә.Қайырбеков т.б.) бұл суретті қажы 54 жасында алдырған дейді. Әрі оған дәлел ретінде жоғарыдағы фотолардағы «1912 жыл» деген деректі көлденең тартады. Бұл қате. Сөзімізге дәлел: Ахат Шәкәрімұлының естелігінде әкесі бұл фотоны қажыға аттанарда құжат үшін алдырған дейді. Шәкәрім қажылыққа 1905 жылдың аяғында аттанып, қайтарда Ыстамбұлға аялдап 1906 жылдың басында келген. Демек фотоны қажы 47-48 жас шамасында алдырған.
Суреттің сыртқы бетінде «фотография К. Н. Могилевцева» деген таңба-эмблема тұр. Төменгі қапталында ірі әріптермен «Семипалатинскъ» деген сөз таңбаланып, оның астында кіші әріптермен «Уголь Областной и Казначейской улиць. Против Волжско-Камского банка» деп жазылған. Яғни, сурет Семейде К.Могилевцев деген адамның шеберханасында түсірілген.
Бұл фотолар бүгінге қалай жетті? Біріншісі сурет жазушы Сәбит Мұқановтың жеке қорында сақталған. Шәкәрім қажы 1931 жылы 3 ақпанда жазушы Мұқановқа «Елсіздегі Саят қорада жазылды» деген тақырып қойып хат жазғанын білеміз. Осы хатпен бірге суретінде қосып жіберуі мүмкін ғой.
Екінші фотоны сақтап қалған адам Шәукен дегенді жоғарыда айттық. Шәукеннің шын аты Оразғали. Өзі мылқау адам екен. 1930-шы жылдары аудандық ОПГУ мекемесінде от жағушы бопты. Шәкәрім атылған соң оның қолға түскен мұраларын өртеп жіберуді ОПГУ қызметкерлері сауатсыз әрі мылқау Шәукенге тапсырады. Шәукен қағаздарды өртеп отырып суреттегі қажыны танып қалады да, қолма-қол фотоны екі бүктеп қалтасына тығып алады.
Содан 1945 жылы Абайдың 100 жылдық тойы өтеді. Оған Мұхтар Әуезов келеді. Тойдан кейін Мұқаң ел аралап қыдырыстайды, аң-құс атып көңіл сергітеді. Абай ауданының орталығы Қарауыл кентінде тұратын ардагер ақсақал Манатай Балтақайұлының ауызынан жазып алған зерттеуші А.Омаров айтуы бойынша, Мұхаң бір топ дуадақты ата алмай ұшырып алады. Оны сырттай бағып тұрған Шәукен аңшылардың әрекетіне кейістік білдіріп: «Ертең келіңдер! Аттарыңды алысқа байлаңдар! Мына жерге жасырыныңдар! Қозғалмай жатыңдар! Дуадақ алдарыңа келіп өзі қонады. Сосын атыңдар!» дегенді ымдап түсіндіреді. Ертеңінде оқиға дәл Шәукен айтқандай болады. Мұхаң «Шәукен мылқау болса да құстың тілін білетін керемет адам екен» деп сүйсініпті. Аттанарында жерлестеріне «Шәукенді Алматыға ала келіңдер, менің үйімде қонақ болсын» деп тапсырады.
Ары қарай Мінәм Әрхамқызының естелігінде – Мұхаңның үйіне Шәукенді қастарына алып Әрхам, Исрайыл Ақылбайұлы, Балташтар барады. Қонақасыға ел өлдіге санап жүрген Ахат Шәкәрімұлы да шақырылыпты. Ахатты кездестірген Шәукен қатты қуанып, әредік үзілісте оны былай шығарып, төс қалтасындағы Шәкәрім қажының фотосын көрсетіп «мына кісіні танисың ба?» деп ишарамен сұрайды. Суреттегі әкесін көрген Ахат сол жерде өкіріп жылаған екен.

Екінші сурет 
Қолына бүркіт қондырған Шәкәрім Құдайбердіұлының бейнесі. Басында шошақ төбелі елтірі тымақ. Аппақ сақалы кеудесін жапқан. Жасы жетпістің бірі шамасында. Сурет қажының жазғы қонысы Қара бұлақта түсірілген. Суретті түсірген адам – Федор Артурович Фиельструп. Ол 1889 жылы туған. Суретшінің әкесі даниялық та, анасы ағылшын қызы. Петербор университетін бітірген. 1914-15 жылдары Америкаға барып үндіс тайпаларын зерттеген. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1925 жылдан бастап КСРО құрамындағы бұратана халықтардың этникалық одағын зерттеу жұмысына жегілген. 

Фиельструп түсірген суреттің анықтамасындағы: «Охотник с беркутом. Казахи. Семипалатинский у. 1927 г» деген домалақ жазбаға иек сүйеген кейбір зерттеушілер «бұл нақ Шәкәрімнің өзі ме?» деп күмәнданып та жүрді. Осы мәселені бар жақты ету үшін Жандос Әубәкір бастаған Абай ауылындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражай қызметкерлері 2014 жылы Ресей мұрағаттарын аралап күмәнға нүкте қойды. 
Олар әуелі Ф.А.Фиельструптің еңбектері сақталған Қазан қаласындағы архивтерді сүзіп шығып, іздеуді әрмен қарай жалғастырып Мәскеудегі Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология жəне антропология институтының архивіндегі суретші мұрасымен танысқан. Осындағы қордан Шәкәрім атамыздың дәл мына фотосын тапқан. Суреттің артында: «Казахи. Семипалатинский губ., семипалат у., уроч Кенбулак, Шакпактас. Шакарім кажи со свойим беркутом. Фиельструп. 1927 г.» деп жазылған. Сонымен қатар Шәкәрім аулының сыртқы көріністерін түсірген көптеген суреттерді де тапқан. 
Аталмыш фотодағы қажының қолындағы бүркіттің аты «Мұзбалақ». Жазушы Кәмен Оразалин «Абай» журналының 2008 жылғы 2-санында жарық көрген Шәкәрім қажы туралы «Шыңғыстағы дүрбелең» атты естелігенде, Шәкәрім Құдайбердіұлы осы бүркітін өз қолымен босатып еркіне жіберсе, бүркіт иесін қимай түнде айналып келіп тұғырында қонақтап кетпей қойғанын, қажы оны қимай-қимай қайдадан биікке алып шығып ұшырып жібергенін жазады. 
Ал фотоның оң қол жақ шетіндегі жылқы сұлбасын Асан Омаров бұл әйгілі қоңыр ат дегенді айтады. Қоңыр атты қажы қытайға қашқан кенже ұлы Зиятқа міңгізіп жіберген.  

Үшінші сурет
Шыңғыс таудың жатаған жота-қырқаларының алдыңғы планында Шәкәрім Құдайбер¬діұлы тұр. Қажы жалаңбас, бас киімін шешіп қолына ұстаған. Бұл фотоны Семей қалалық мұражай қызметкері Лаура Қадырова 2009 жылы кездейсоқ тауып алған. Фотосының астында орысша «т.№ 37. Хребет Чингиз. Верховья речек. На передным плане каз. Поэт и писатель Шакерім Қудайбердин» деп жазылған. 
Фото Семей қалалық Қазіргі заман тарихы құжатнама орталығында сақталып келген. Бұл фотосурет Қазақ автономиялық социалистік кеңестік республикасы Жер халық комиссариаты Семей губерниялық жер басқармасының 1924-1925 жылдары арнайы ұйымдастырған экспедициясы атқарған жұмыстар жөніндегі қорытынды есептің қосымшасындағы (№ 887-қор, 1-тізбе, 4-іс, тізбе №37) суреттер ішінен шығыпты. 

Жоғарыдағы экспедиция тарихына тоқталсақ, бұл туралы жүйелі зерттеу жасап, егжей-тегжейлі түсіндірме жасаған адам тағы да Лаура Қадырова қарындасымыз. Оның жазуына қарағанда, аталыш экспедиция 1924 жылы құрылған және бастығы Н.П.Смысловский деген адам екен. Экспедицияның міндеті – бұрынғы Шыңғыстау уезіне қарасты Бақанас пен Байқошқар өзендерінің бойын және Шыңғыстаудың күнгей жағын суландыру жұмысын зерттеген көрінеді. Яғни, алда болатын жаппай ұжымдасу ісіне дайындық шараларын қарастырған секілді. 
 Экспедицияға ақыл-кеңес беретін, орыс тіліне жүйрік, жергілікті адам қажет. Әрине, ол адам Шәкәрім Құдайбердіұлы. Сол себепті де қажы экспедицияны ертіп жүріп, өлкені аралатқан. Жолбасышының ісіне ризашылық танытқан олар Шәкәрімнің жалғыз өзін Шыңғыстаудың көрікті бұйра шатқалында фотоға түсірген. Сөйтіп қажының тағы бір бейнесі экспедиция құжаттарымен бірге архивте сақталып, бүгінге жетіп отыр. 

Бекен Қайратұлы, 
«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.12.2017

БҚО Бөрлі ауданында Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ашылды

16.12.2017

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (видео)

16.12.2017

Қостанайда бірінші коммуналдық қызмет орталығы ашылды

16.12.2017

Қызылордада мемлекеттік наградалар табыс етілді

16.12.2017

ОҚО-да медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

16.12.2017

Шымкенттегі кондитерлік фабрика жаңа өндірістік желісі арқылы 200 т өнім шығарған

16.12.2017

Google қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2017

Рух

16.12.2017

Павлодарда бүлдіршіндер арасында асық ойнаудан жарыс өтті

16.12.2017

Шығыста «Біз­дің жетістіктер – біздің елге» ат­ты ак­ция өтіп жатыр

16.12.2017

Көкшетауда «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті

16.12.2017

Журналист Бекболат Әдетов Талғар ауда­­нының құрметті азаматы атанды

16.12.2017

Қазақ – қашанда қазақ!

16.12.2017

Көсегемізді көгерткен Көкарал

16.12.2017

«Метель» операциясынан бір күн бұрын...

16.12.2017

СҚО-да жеке кәсіпкер 80 адамды жұмыспен қамтамасыз етті

16.12.2017

Біржан елінің байрағы биіктеді

16.12.2017

Инновациялық кәсіпорында жаңа өнімдер қатары молая түсуде

16.12.2017

Ақтөбеде офтольмологиялық орталық ашылды

16.12.2017

Өскеменде 22 мектепке жаңа автобус берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Жасампаз жылдар жылнамасы

Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Та­рих біз туралы жақсы айтатын бо­ла­ды, себебі оны өзіміз жазамыз» де­ген сө­зі бар екен.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Елдіктің киесі

«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Намыс туралы нақыл

Ата-бабалардан мирас болып жет­кен Ұлы Даланың түпкі тари­хына­ бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патша­лығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен­ қызыл айқасқан кеңестік жаңа импе­рия күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қай­раткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасыр­дың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу