Шақшақ Жәнібек батыр туының жұрнағы

Әдетте, ХVІ-ХVІІІ ғасыр­ларда елді сыртқы жаудан қор­ғаған қазақ батырларының шайқастарға көтеріп шығатын туы болғандығы жиі айтылады. Бірақ олардың бізге жеткені мардымсыз.
Егемен Қазақстан
31.03.2017 1225

ХVІІІ ғасырда жоңғарларға қарсы күрескен батыр, мәмілегер Жәнібек Қошқарұлы ұстаған тудың жұрнағы Торғайдағы музейлер кешеніндегі қадірлі жәдігердің бірі. Бұқар жыраудың «Қара керей Қабанбай, қан­жығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп Орта жүз, содан шыққан төрт тірек» деген дуалы сөзінен-ақ, Жәнібек батырдың өз заманында қандай ірі тұлға болғандығы байқалады. Сол Жәнібек батырдың жауға қарсы шапқанда алып шыққан сары туының қиындысы бүгінге жетіпті. Музейлер кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекеева тудың ХХ ғасыр басына дейін бүтін болғанын айтады.

− Торғайдағы құймақұлақ ақсақалдардан жеткен әңгімелер бойынша, осы ту ХХ ғасырдың бас кезіндегі аласапыран уақытта Жәнібек батырдың шөпшегі, Шолақтың Оспаны деген кісіде болған екен. Кейін осы туды көпшілік емес пе, тәбәрік көріп, жырта бастайды ғой. Сол тудың қиындысы ғана бізге 1993 жылы музей ашылғанда жетті, – дейді Гүлбану Сәрсекеева.

Тудың қиындысын музейге Алматыда тұратын, бүгінде 90 жасқа келіп отырған Ғалия Бекте­місова деген әжеміз тапсырыпты. Жәдігердің оның қолына түсуі де қызық. Өткен ғасырдың 50-жылдары Жәнібек батырдың ұрпақтары болып келетін торғайлық, белгілі баспагер Әбдірәшит Бектемісов туған жеріне қыдырыстап барады. Келіншегі Ғалия екеуінің отбасында нәресте болмай жүр екен. Сонда торғайлық бір ақсақал оларға осы тудың жұрнағын «батыр бабаңнан қал­ған қасиетті зат еді, алып кет, келін ұл табар» деп ырымдап беріпті.

− Расында, Алматыға барған соң Ғалия апамыз бала көтеріп, ұл табады, онан кейін өмірге қыз бала келеді. Бірақ ұлы қызылшадан шетінеп кетеді де, қызы аман өседі. Қазір анасы сол қыздың қолында. Музей ашылғанда Ғалия әжей жәді­гердің осы тарихын айтып, тапсырып еді, – дейді Гүлбану.

Тудың жұрнағын келушілер ұзақ қызықтап тұрады. Оның қан­дай матадан жасалғаны музей қызметкерлеріне әзір белгісіз. Бір қарағанда тоқылуы кенеп тәрізді. Ғасыр қойнауынан жеткен тудың қиындысы ұлы даланы қорғаған, ат үстінде көз шырымын алған, тұл­пары ауыз­дықпен су ішкен батырлар ерлігінің куәгері екені сөзсіз.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы,

Жанкелдин ауданы


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2018

Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағының ХIV маусымы басталды

28.05.2018

Қарағандыда қоғамдық кеңес құрылды

28.05.2018

Маңғыстауда цифрландыру жұмыстары қалай жүруде?

28.05.2018

Кәсіпкерлерге қысастық жасалып отыр

28.05.2018

Құтқарушыларды қолдау қажет

28.05.2018

Балалар туризмін дамыту өзекті

28.05.2018

Темір жол тасымалына жолаушылардың көңілі толмайды

28.05.2018

Заң жобаларының сапасын арттыру жолы ұсынылды

28.05.2018

Қостанай облысында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып жатыр

28.05.2018

Павлодар мен Уфа арасы жақындай түсті

28.05.2018

Қарағанды облысында төртем дүниеге келді

28.05.2018

Этноойындар олимпиадасы елімізде өтуі мүмкін

28.05.2018

Қазақ философиясының бес томдығы жарыққа шықты

28.05.2018

Бэйлдің бенефисіне айналған финал

28.05.2018

«Арландар» WSB финалына шықты

28.05.2018

УЕФА Суперкубогы Алматыда өтпейтін болды

28.05.2018

Батыр Жүкембаев WBC Continental Americas чемпиондық атағын жеңіп алды

28.05.2018

Денис Тен спорттық киімін экспозицияға тапсырды

28.05.2018

«Өрлеудегі» елеулі өзгерістер

28.05.2018

Қазақ баспасөзі: өткені, бүгіні және болашағы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қатер қайдан демеңіз...

Алыс болашағымыз түгілі, бүгінгіміздің өзі бұлыңғырланған мына заманда қатер қайдан дейтін емес. Дуалы ауыз сарап­шылардың айтуынша, таяу болашақтағы екі-үш жыл жаһандық экономика үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясат пен халықаралық жағдай үшін д­е аса­ қауіпті сын-қатерлерге толы болға­лы тұр. 

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу