Шетелдік туристер Қазақстан экономикасына қанша кіріс әкеледі?

Елімізге келген әр турист орта есеппен 96,7 мың теңге жұмсайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық.
Егемен Қазақстан
10.04.2017 1541

2017 жылдың басында жасалған сауалнамалық зерттеуге 10,05 мың шетелдік турист қатысты. Олардың 53%-ы ер адамдар болса, 47%-ы әйелдер. 24,5%-ы іскерлік мақсатта немесе жұмыс бабымен, ал қалған 75,5%-ы жеке бас себептерімен Қазақстанға ат басын тіреген. Салыстыру үшін айта кетейік, бір жыл бұрын іскерлік мақсатта және жұмыс бабымен келгендердің үлес салмағы 21,3% болған еді. 

Ал олардың жұмсаған қаржысын есептер болсақ, бизнес-туристердің Қазақстанда жұмсаған ақшасы жалпы шетелдік туристер шығынының 42,1%-ын құрады. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 40,2%, яғни 408,9 млн теңге болған-ды.  

Шетелдік туристің жұмсайтын ақшасы орта есеппен 96,7 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 22%-ға артық. 

Ал бизнес-туристердің жұмсайтын ақшасы жеке шаруамен келушілер жұмсайтын қаржыға қарағанда 2,2 есе артық болып шықты. Нақтырақ айтар болсақ, іскерлік мақсатта және жұмыс бабымен келушілер орта есеппен 165,8 мың теңге жұмсаса, жеке бас себептерімен келушілер Қазақстанда 74,3 мың теңге жұмсайды екен. 

Жалпы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мәліметінше, өткен жылы Қазақстанға 6,5 млн шетелдік қонақ келген. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 1,2%-ға артық. Шетелдік туристердің келу қарқыны осы күйінде сақталатын болса, 2017 жылы Қазақстанға кемінде 6,6 млн турист келіп, олар ел экономикасына 637,5 млрд теңге кіргізбек.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Қазақстандағы шетелдік туристердің ең көп қаржы жұмсайтыны халықаралық бағыттағы көлік шығындары болып шықты. Жалпы жұмсалатын қаржының 33,4%-ы осы секторға тиесілі. 

Одан кейінгі орында тауар сатып алу. Соның ішінде 24,4%-ы кәдесыйға, 23,8%-ы киім мен аяқ киімге, тағы 22,9%-ы асыл тастар мен металлдар, антиквариат пен көркемөнер туындыларын сатып алуға жұмсалатын көрінеді. 

Ал үшінші орында тамақ сатып алуға жұмсалатын ақша. Туристердің қалдыратын қаржының 16,2%-ы тамақтануға кетеді екен. 

Шетелдік туристердің тек 1,7%-ы ғана Қазақстанға бір күнге келетін болса, қалғандары екі немесе одан да көп күнге келеді.  

Туристердің 54,5%-ы таныстары мен туыстарына түссе, 26,8-ы қонақүйге, 12,8%-ы жалдамалы пәтерге, тағы 2,1­%-ы шипажайларға орналасқан.

Дайындаған Бауыржан Мұқанов, «Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Қ.Тоқаев: «Басты міндетіміз – Елбасы Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету»

17.01.2018

Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 пайызы қайтарылады

17.01.2018

Астанада заманауи балабақша ашылды

17.01.2018

Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

17.01.2018

Тайландта босанған ана санавиациямен елге жеткізілді

17.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі әлемдік БАҚ назарында

17.01.2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

17.01.2018

Құлсарыда жылыжай  ашылды

17.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

17.01.2018

Президенттің АҚШ-қа сапары. Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

17.01.2018

АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

17.01.2018

Аяз мүйізді, мүйіз тұқылды қалай қысады?..

17.01.2018

Түлкиевтің туындысы

17.01.2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

17.01.2018

Абайдың алғашқы кітабы

17.01.2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

17.01.2018

Алматыда ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың мерейтойы атап өтілді

17.01.2018

Жарасбайдың жаналғышы

17.01.2018

Аққу кеткен...

17.01.2018

Парасат пен пайымды ту еткен ғалым. Немесе инженер Тұрлыбек Ысқақов туралы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу