Шойын жұдырық

1984 жыл, қаңтар айының 27-ші жұлдызы. Мәскеу төріндегі «Олимпийский» спорт кешені желді күні жарға соққан теңіздің толқынындай тулайды. Төрт қапталға жайғасқан көрермен арасында ине шаншар орын жоқ. Елірген айқай-шудан құлақ тұнады...
Егемен Қазақстан
08.08.2017 2954
2

Бұлай болатын себебі: сол жылдары ғаламдық саясатта текетіресіп, бірін-бірі ала алмай тұрған КСРО мен АҚШ басқаны былай қойып, боксшыларын сүзістіруге көшкен. Он екі салмақ бойынша мықтыларын алып келіп, жекпе-жек матч өткізу үрдісі қалыптасқан еді. 1982 жы­лы 30 қаңтарда Мәскеуде өт­кен ал­ғашқы матчта 8:4 есе­бімен Ке­ң­естер одағы жеңіске жетсе, ке­лесі жылы Лас-Вегаста өт­кен кез­десуде 6:6 есебімен тең түс­кен-тін. Үшіншісі мынау.

Жалпы, қазақ боксы қай за­манда да төмендеген  жоқ. Мына­дай державалар дүрмегіне Серік Қо­нақбаев үш рет (1982, 1983, 1984 ж.ж.) қатысып жеңіске жет­се, Серік Нұрқазов та екі дүр­кін (1983, 1985 ж.) рингке көте­ріл­ген. 1984 жылы Мәскеуде өт­кен жоғарыдағы матчта қос Серікпен бірге жасы 19-дағы Асылбек Қилымов 75 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы атақты Майкл Гроган – АҚШ-тың қатарынан үш дүркін (1981, 1982, 1983 ж.ж.) чем­пионы, жасы 28-де, әуесқой рингте 129 рет жекпе-жек өткізіп, оның 115-ін жеңіспен аяқтаған мықты. Гроган 1981 жылы атақты Эвандер Холлифилдті жарыс жо­лы­нан тайдырса, 1982 жылы әй­гілі А.Беляевті оңдырмай жең­ген еді. Енді, міне, біздің бозбаламен жолы түйісті.

Рингке жұлқынып шыққан Асылбек ай-шайға қарап жатпа­ды, тіке шабуылға көшті. Қа­зақ­тың күрзі жұдырығынан жа­пы­рыла қашқан америкалық сә­ті келгенде оң қолымен көсіп алып, шірей тартқандай болып еді, осы сәтті күтіп жүргендей Асыл­бек қарсыласын сол қолмен дәл иек­тің астынан солқ еткізбесі бар ма. Қа­ра дәу кескен теректей құлап түсті.

Америкада жеті атасының кегі кеткендей ұлардай шулап еліріп отырған көрермен мына қы­зықты көргенде... ойпырым-ай, теңіздей толқып, ормандай тербелді. «Қилымов-Қи­лымов» деген қиқудан құлақ тұ­нады... Төбесімен жер сүзе құла­ған қара жігіт төрешінің же­тін­ші саусағы бүгілгенде барып әрең есін жиды. Рингтің ана бұрышында қарсыласын сұлатып тастаған Асылбек батыр кермедегі кер арғымақтай көрік кеудесін көтеріп қойып, айналасына жайма-шуақ көз тастайды. Омақасқан орнынан зорға көтерілген М.Гроган «байқамай қал­дым...» дегендей басын қайта-қай­та шұлғып, «сайысуға дәтім же­теді» дегенді білдірді.

Сайыс қайта жалғасты. Ә дегенде, ұшқан бақтың қайтадан қонуы қиын екен... Бұл жолы Асылбек қолын сілтеп үлгермей жатып, шойын жұдырықтың екпініне шайқалған миы сыр беріп Майклжан тәлтіректеп жайы­на кетті. Төреші айқасты тоқ­тат­ты. Мына алапат соққыдан кейін М.Гроган боксты тастап кетті және ұзақ емделуіне тура келді.

* * *

Осылай 19 жасында атой салып, бокс әлемінің қақпасын теуіп кіріп, қарсы келгенді есінен тандырып, тек қана нокаутпен көзін ашқан Асылбек Қилымов 1964 жылы Ресейдің Астрахань жерінде дүниеге келген азамат. Жа­сында қара жұмысқа көп же­гіл­ген. Шелектеп су тасыған, кү­рек­теп қар күреген, мал жай­лаған...

«Менің қауқарлы һәм қарым­ды болуыма жастай жегілген қара жұмыстың пайдасы көп ти­ді», депті Асылбек өзінің бір сұх­батында. Қазіргі балалар «қар кү­ре­сек қабырғамыз қайысады», – дейді. Мұндай ұлдарға қайдан қайрат қонсын...

Асылбектің отбасы 1977 жы­лы Ақтауға қоныс аударады. Аға­сы Әнуарбек Астраханьда инс­­ти­тутта оқып жүргенде бокс­пен айналысып, спорт шебер­лі­гіне үміткер болған екен. Әне­кең 1977 жылы 13 жасар іні­сі Асылбекті қолынан жетектеп бокс үйірмесіне әкелген. Бокс қолғабын кигеніне алты ай толмай жатып Асекең әуелі, жас­өс­пі­­рім­дер арасында облыс чем­пи­оны, іле-шала республика жеңімпазы атанып, айналасы бір жыл, жеті айда КСРО-ның біріншілігін (1979 ж. Бельцы, Молдавия) бағындырды. Мұндай шапшаңдық қазақ бокс тарихында болған емес.

Асылбектің ринг үстіндегі тай­палған тұлпар аяңы, көтеріліп тұра­тын көрік кеудесі, кірпігіне үрей қондырмайтын асқақ қа­бағы... керемет еді. Тұлғасы қан­дай? «Қазақтың жігіті мынау» деп Асекеңнің бейнесін айдың беті­не іліп қойса да жарасады...

Өз басым Асылбекті Олим­пиада және әлем чемпионы атан­ған бауырлардан ешқандай кем емес деп есептеймін. Өйткені, 1980 жылы Қарағанды қаласында өт­кен жасөспірімдер арасындағы КСРО чемпионатында және ке­лесі 1981 жылы Харьковте өт­кен біріншілікте қарсылас шақ кел­тірмеді. Каунаста ұйым­дас­тырылған (1981 ж.) КСРО оқушылар спар­такиадасында топ жарды. Кешікпей 1982 жылы жас­тар қатарына өтіп, өз салмағында (1982 ж. Пенза) тағы да КСРО чемпионы атанды. 17 жасында бокстан КСРО-ның негізгі құрамасы сапынан орын алды.

Қилымовтың бокстағы өрлеу-өсу жылдарының тағы бір бас­пал­дағы 1982 жылы Герма­ния­да өткен халықаралық турнир. Асылбек ринг үстінде неміс боксшысы Генри Маскені талдырып тастады. Біздің жігіттен оңбай жеңілген Генри Маске 1988 жылы Олимпиада, 1989 жылы әлем чемпионы, 1985 жылғы әлем кубогының жеңімпазы атанды, үш дүркін Еуропа (1985, 1987 және 1989ж.ж.) чемпионы болады. 1990 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, IBF тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта әлем тәжін киді. Осыған қарап-ақ Асылбектің қандай боксшы болғанын бағамдай беріңіз.

Асылбек Сақтапбергенұлы 1984 жылы 75 кило салмақта ересектер арасында бокстан КСРО чем­пионатына қатысты. Жарыс Ташкент қаласында өтті. Бұл Асылбектің ересектер сапындағы бірінші ресми жарысы. Алғашқы жекпе-жегін атақты Вячеслав Чапайкинмен өткізіп оны үшінші раундта тағы талдырды. Келесі кезекте өзбекстандық Хәкім Матчановты қатарынан екі рет нокдаунға түсірді.

Жартылай финалда Орынбор тумасы, КСРО чемпионатының 1981 жылғы жүлдегері Егор Илинзеер күтіп тұрды. Асылбек Егорды тықсыра соққының астына алды. Кәрі тарлан Илинзеер үш раунд бойы қорғанумен әлек. Отыз жастағы сақа жігіттің 19 жасар баладан таяқ жеуі бір түрлі екен. Қас жүйрікке тұсау жоқ деген осы шығар.

Ақтық айқас. Асылбектің қарсы алдында КСРО чемпионы, КСРО спартакиадасының күміс жүлдегері, минскілік атақты Александр Беляев тұр. Бұл марқасқа бұған дейін 224 жекпе-жек өткізіп, түгелдей дерлік жеңіске жеткен. Сөйтіп, алапат шайқас басталды... Соңғы раундта Асекең Александрды тұмсықтан бір түйіп шөке түсірді де, алтын медальды алып жүре берді. Қазақтың ұланы Қилымов ересектер арасында 19 жасында КСРО чемпионы атанды.

1984 жылғы осы біріншілік қазақ спорт тарихында өшпес із қалдырды. Асылбек Қилымовтан басқа Кәрімжан Әбдірахманов, Серік Нұрқазов, Серік Қонақбаев КСРО чемпионы атанды. Осы жылы Лос-Анджелесте кезекті жазғы Олимпиада ойындары өтетін болып, Ташкентте жеңіске жеткен боксшылар соған сөзсіз қатысатыны жайлы шешім шықты.

Егер осы төртеуі Олимпиада рингінде өнер көрсеткенде ғой, қазақ алтынға қарық болар еді?! Өйткені, КСРО-ны еңсерген спортшы Олимпиаданы оңай бағындыратын. «Кедейдің аты қаражарыста озады» дегендей Ке­ңес одағы Олимпиададан бас тар­тып, төрт қазақты қор қылды.

Асылбек айтады: «Кеңес ода­ғы құрамасы Дагомыста оқу-жат­тығу жиынын өткізіп, Олим­пи­адаға дайындалып жаттық. Бәрі­міздің көңіліміз шат еді. Тура 10 күннен соң Лос-Анджелеске ұшамыз деп жүргенде, төбемізден жай түскендей хабар жетті. «Кеңес одағы Олимпиада ойындарына бойкот жариялады» деді. Состиып отырып қалдым. Бұл оқиға менің өміріме де орасан соққы болып тиді. 1988 жылғы Сеул Олимпиадасын күтпей, бокс-
ты тастадым».

* * *

Тағдыр... Әлде, әртүрлі әді­лет­сіздіктің салдарынан ба, арғы жа­ғы тек бір Аллаға ғана аян, түсі қа­шып, түн жорытқан көкжал бөрідей қабағына мұз қатып, тебінгісі терге малшынған арабы арғымақтай ішін тартып, қаңтардағы қара бурадай жараған қайран да біздің Асылбек қайраты қыж-қыж қайнаған 23 жасында бокстың қолғабын қабырғаға ілді.

Мынаны қараңыз: 1982 жылдың қазан айында Фин­лян­дияның Тампере қала­сын­да өт­кен халықаралық турнирде Асыл­бектен оңбай таяқ жеп, жылар­ман күйге түскен, келесі 1983 жы­лы Тайландта өткен турнирде Қилымовтың соққысынан қашып жүріп, қу жаны қалған кореялық Жун Суп Шин 75 кило салмақта Лос-Анджелес Олимпиадасының чем­пионы атанды. Ал, күйінбей көріңіз?!

Қазіргі заманда ғой, қолды бір сілтеп кәсіпқой боксқа кете берер еді. Ол кезде кетпек тұрмақ, ойлаудың өзі күнә. Сол күндері КСРО құрамасының бас бапкері Константин Копцев Асылбекті ша­қырып алып: «Асылбек, Англиядан промоутерлер келді. Се­нің бокстасу өнеріңе олар тән­ті. Кәсіпқой боксқа шақырады, ке­лі­сім берсең саған 1,5 миллион фунт стерлинг төлемек...», – дейді. Бұл сөз сол жерде айтылды, қалды.

Ағылшындар ақымақ емес. Тек­ке ақша шығындамайды. Өйт­кені олар Асылбектің бір соқ­қысы 724 кило  салмақпен жұм­салатынын білді. Әрі біздің жігіт рингте өткізген 216 жекпе-жегінің 82 пайызын нокаутпен аяқтаған, қазақтың жалпақ тілім­ен айтсақ қарсыластарын бет қа­рат­пай ұрып жыққан. Қысқасы, Қи­лымовтың шойын соққысынан адам ғана емес, ғалам қорқатын болған.

Асылбек айтады: «Менің соққымның қуатын азайту үшін бапкерлер көп жұмыс істеді. Сол кезде неге олай еткендерін түсінбеппін. 75 кило салмақтағы мені 91 кило және одан да жоғары салмақтағы атақты боксшылармен сайыстыратын». Осының өзі 19-20 жастағы бозбала үшін қастандық емей не?!

* * *

1991 жылы бокстан еліміздің мемлекеттік жаттықтырушысы мін­детін атқарған Серік Қонақ­баев басқа қызметке ауысты да, оның орнына Қилымов барды. Асылбек тізгін ұстаған тұста қазақ боксшылары КСРО халық­та­ры спартакиадасында (1991 ж.) командалық есепте тұңғыш рет топ жарды. Төрт қазақстандық чем­пион атанды, олар: Болат Теміров пен Қанатбек Шағатаев, Игорь Шишкин, Николай Куль­пин. Ұлттық құраманың осы та­маша жеңісі үшін 27 жас­та­ғы Асылбек Қилымовқа «Қа­зақ­стан­ның еңбек сіңірген жат­тық­тырушысы» атағы берілді.

Асылбек айтады: «Сол заманда қазіргідей зәулім спорт залдары жоқ, еліміз тәуелсіздігін енді ғана алып, аяғынан қаз тұрып келе жатқан шағы. Спортшылар қараусыз қалған алаңдарда жат­тықты, жағдай жасалмаса да намыс үшін аянып қалған жоқ. Бап­керлер жылдап жалақы алмайтын едік. Олар сонда да спортты сүйді, елдің намысы үшін еңбек етті...».

Түйін: Асылбек Қилымов қазір Алматы қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Кезінде мамандар тарапынан «Бокстың шойын жұдырығы» атанған бауырымыз қазір қазақ спортына қатысты пайдалы жобаларға демеушілік жасайды.

Бекен Қайратұлы,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу