ШУАҚ ШАШҚАН МАҢАЙҒА

Егемен Қазақстан
03.02.2010 804
... Осыдан отыз жыл бұрынғы күздің қара суық күні әлі есте. Ол кезде аудандық газетте әдеби қызметкермін, ойламаған жерден отбасымызбен көлік апатына түстік. Әртүрлі жарақат алған жолаушыларды дереу ауруханаға жеткізгенде қабылдау бөліміндегі кезекші хирург-дәрігер Мұрат Мұхамеджанов еді. Сондай сабырлы қалпымен бәрімізге ақыл-кеңесін айтып, шұғыл жәрдем көрсетіп жатты. Қолы шипалы, емі дауалы азаматтың жылы лебізі, әрбір жолаушының денсаулығына алғашқы көмекті мұқият көрсеткені күні бүгінгідей көз алдымда тұрады. Содан бері де жылжып жылдар өтуде. Ал одан кейінгі жылдары осынау еңселі ғимаратта, аудандағы орталық ауруханада қаншама сәтті, сәтсіз оқиғалар болып жатты. Соның барлығы адам тағдырымен, адам денсаулығымен байланысты. Біздің кейіпкеріміз Мұрат аудандық ауруханада тек емдеу ісінің қыры мен сырын ғана меңгеріп қоймай, дәрігерлік қызметті ұйымдастырудың сан алуан жолдарын жас әріптестеріне үйретуден де еш жалыққан емес. Иә, үлкенге – іні, кішіге – аға бола білген абзал азаматтың өмірдерегіне үңілсең, қаншама сыр, қаншама жыр жатыр. Таң бозынан жұмыс орнынан табылатын дәрігерді толғандыратын мәселе де, ойландыратын көкейкесті қажеттілік те – ол халықтың денсау­лығы. Сол тиянақты еңбектің нәти­жесінде аудандағы емдеу мекемелері қазіргі заманғы озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Дүниежүзілік Даму банкінің де ықпа­лы тиіп, өткен жылдары жапондық ультрадыбыстық зерттеу, фибра­гастроскоп, рентген, ЭКГ сияқты 26 түрлі медициналық жабдықтарға қол жеткізді. Өкпе ауруымен ауыратындар бүгінгі заманғы ДОТС терапиясы бойынша ем қабылдайды. Әр жылда аудандық аурухана, емхананы күрделі жөндеуден өткізіп, ана мен бала денсаулығын үнемі назарда ұстайды. – Аудан аумағында көпбалалы бес мыңнан астам ана тұрады, – дейді Мұрат Мұхамеджанов. – Сәбилердің көптеп дүниеге келуі қуантады. Демографиялық көрсеткіш жағынан ауданымыз облыс бойынша алдыңғы орында. Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” салу тапсырмасына ауда­ны­­мыз алдымен үн қосып, жаңа типті әйелдер босанатын гинекологиялық аурухана салып, пайдалануға берді. “Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы” деген, өткенде Луначарский атындағы мектептің облыс бойынша “Үздік білім мекемесі” деген атқа ие болуына байланысты, мектеп бітірушілермен, ауданның бір топ ардақты аналарымен басқосуы өткен .Алтынсарин атындағы мектептің байырғы ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Роза Карбузова апай өзінің мақтан тұтатын шәкірттерінің ішіндегі ең бір шоқтығы биік азамат – осы Мұрат Мұхамеджанов екендігін әңгімеледі. Бүгінде ауданда бас дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарып жүрген Мұрат аға 1994 жылы “Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындарының экологиялық жағдайға байланысты созылмалы жұқпалы емес аурулармен науқастану динамикасы” деген тақырыпта кандидаттық диссер­тация қорғаған. Мемлекет алдында сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Денсаулық сақтау ісінің үздігі атағына ие болса, Құрмет грамотасымен, “Шапағат”, “Қазақстан Конституциясына – 10 жыл” медаль­дерімен марапатталды. Талай рет аудандық Кеңесінің, аудандық мәслихаттың депутаты болып, елдік мәселелерді шешуге атсалысты. “Нұр Отан” ХДП белсенді мүшесі, “Панфилов ауданының Құрметті азаматы” атағын алуына да тынымсыз еңбегі, жасампаз еңбекқорлығы ықпалын тигізді. Мұрат ағаның әлі де халқына бергенінен берері көп, қандай құрметке де лайықты азамат. Өзінен кейін ерген іні-қарындастарының бәрін тәрбиелеп, қатарға қосуы да елге үлгі-өнеге. Өмірлік жары ұзақ жылдар ұстаз болған Тұрахан Дүйсенова екеуі үш бала тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасы. Баққайша МҰСАҒИТОВА, Алматы облысы, Панфилов ауданы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу