Шығыс Қазақстанның даму қарқыны қуантады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Мемлекет басшысы облыс орталығы – Өскемен қаласындағы «Нұрлы жол» саябағының ашылу салтанатына қатысып, өңірдегі қоғамдық ұйым өкілдерімен жүздесіп, Глубокое ауданындағы «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.
Егемен Қазақстан
17.07.2017 2202

«Нұрлы жол» еліміздің береке-бірлігін паш етуде

Елбасы әуелі аялдаған «Нұрлы жол» саябағы драма театры, Оңалту орта­лығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Жекпе-жек сарайы, Орталық бассейн, О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетикалық манеж сынды спорттық-мәдени нысандармен қатар орын тепкен. Келешекте бұл маңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Жасыл желекке оранған саябақтың қақ ортасында «Нұрлы жол» монументі орналасқан. Жоба авторы Сәрсен Сейітовтің айтуын­ша, туынды еліміздегі береке-бірлік пен ырыс-ынтымақты паш етеді. Мемле­кеті­міздің туы түстес стелланың қос баға­ны бір жағынан Еуропа мен Азия­ның түйісуін бейнелесе, екінші жағы­нан, Өскемендегі Ертіс пен Үлбі өзен­дерін бедерлейді. Ұзындығы 22 метр мону­менттің төбесінен қалықтаған қыран бейнесін көруге болады. «Бар бол­ғаны алты айдың ішінде өңірдегі «Қаз­цинк» ЖШС, «Полиметалл» АҚ, «КАЗ Минералс» тобы сынды ірі кәсіпорындар бөлген қаражатқа қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи үлгі­­дегі демалыс орны бой көтерді. Саябақ аумағына бес жүзге жуық ағаш көшет­тері отырғызылды», – деді жоба авторы.

Өткен жылы аймақта археологияны дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы қабыл­данып, оған облыстық бюджеттен қаражат бөлі­ніп, бес бірдей тарихи орынға ауқымды археологиялық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Өскемендегі облыстық тарихи-өлкетану музейі 3 мың жаңа артефакттармен толыққан еді. Қазба жұмыстарына АҚШ, Ұл ыбритания, Поль­ша елдерінің ғалымдары да қатыс­ты. Бұл бағыттағы шаралар биыл да жалғасын табады. 

«Нұрлы жол» саябағында ұйымдас­тырылған археологиялық көрмеде Зейнол­ла Самашев, Әбдеш Төлеубаев, Карл Байпақов сынды археологтар Мем­лекет басшысына Зайсан ауданындағы Шілікті қорғанында, Катонқарағайдағы Берел алқабында, Ұлан ауданының Аблайкит ғибадатханасында жүргізілген қазба жұмыстары, алдағы жоба-жоспар­лары жайында баяндап берді. 

Елбасы міндеттеген бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі аясында өңірде бірнеше жылдан бері жүйелі жұмыс­тар қолға алынып, бірқатар жоба­лар­дың жүзеге асырылғаны белгілі. Тек қана 2016-2017 жылдары облыста 9 мил­лиард теңгеден астам қаржыға 90 әлеу­меттік нысан жөндеуден өтті.    «Қазцинк» ЖШС 211 миллион теңгеге Өске­мендегі медициналық оңалту орта­лығын,  «КАЗ Минералс» тобы 531 мил­лион теңгеге Семейдегі спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты, «Титан магний комбинаты» АҚ 646 миллион теңгеге медициналық орталық салып,  «Полиметалл» АҚ Жар­ма ауданының Әуезов кентінде 240 мил­лион теңгеге «Аққу» балабақшасын толық­тай қайта қалпына келтіріп берген бола­тын. «Элхон» ЖШС директоры Ұлық­бек Тұмашинов 100 миллион теңге­ге Катонқарағай ауданындағы 110 жыл бұрынғы Әбдікерім Ережепов мекте­бін қалпына келтіріп, Тарбағатай ауда­нын­дағы Ырғызбай әулие кесенесінің жанынан 40 орындық қонақүй салып беруге жәрдемдесті. Президент саябақты аралау барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін іс жүзінде орындап, өңірді түлетуге үлестерін қосып жүрген кәсіпорын басшыларымен және кәсіп­керлермен жүздесіп, олардың алдағы жоспар­ларымен танысты.      

Елбасы бұдан кейін өңірдегі қоғам­дық ұйым өкілдерімен кездесіп, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды. «Мен Семей өңірінен келіп отырмын. Бүгінде Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасында еліміздің асығы алшысынан түсіп тұр. Әлем халқын алаңдатып отырған күрмеуі қиын мәселелердің көпшілігі Сарыарқаның төрінде шешімін тауып жатыр. Қазіргі уақытта төрткүл дүниенің назары Астанада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО көрмесінде. 

Көрмені өзім де тамашалап қайт­тым. Қалашықтың қақ орта­сында Қазақстан павильоны­ның қасқайып тұрғанын көріп қатты қуандым. Бұл – ғажап дүние. Біздің елдің бірлігінің бекем болуына, Мәңгілік Елге айналуына септігін тигізер іс. Екінші айтарым, Семей қаласы күннен күнге көркейіп келеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Сіздің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңыздағы міндеттерді жүзеге асыру аясында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір Семейде 20 көп­­қабат­ты үй, 5 мың орындық «Абай арена» стадионы салынып жатыр. Қала халқы бұған дән риза. Сізге елдің атынан, ақсақалдар атынан алғыс айтамыз», – деді кездесуде сөз алған Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов.  

Мемлекет басшысы Семей өңі­рін әркез назарынан тыс қал­дыр­майтынын, қалада атқары­лып жатқан жұмыстардың барлы­ғын бақылап отыратынын айтып, қазіргі таңдағы Шығыс Қазақстанның даму қарқынына жоғары баға берді.   

«Шығыс өңірін ерекше жақсы көремін. Бұл – ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың елі. Өндірісті өңір, индустриалды өлке. Ауыл шаруашылығы өркен жайған аймақ. Түсті металдарды, уранды өңдеу ісі жақсы дамыған. Мұнда бәрі де бар. Өңірдің әлеуеті жоғары. Облыстың даму қарқыны қуантады. Аймақтың бюджеті де ауқымды. Облыс бюджетінің 60 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Әсіресе, денсаулық пен білім саласына бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Өңір балабақшамен 99 па­йыз қамтылған. Бұл – еліміз бойын­­ша ең жоғары көр­сет­кіш. Биз­нестің әлеуметтік жауап­кер­шілігі аясында да аз жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Ал бүгін ашылған саябаққа келсек, мұндай демалыс орнын тамашалаудың өзі бір ғанибет. Бұл саябақ Өске­мен қаласының тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шыға­ды деп ойлаймын. Өндірісті шаһарда тағы да бір жасыл желек­пен көмкерілген орынның пайда болғаны қуантады», – деді Президент. 

Өскемендегі Қазақстан-Аме­рика еркін университетінің про­рек­торы Марина Кикина да жа­қында Астанаға арнайы барып, халықаралық ЭКСПО көр­месін тамашалап, ерекше әсер алып қайтқанын жеткізіп, ел ке­ле­шегі, ұрпақ болашағына қызмет етер ауқымды шараны ұйым­дастырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты. 

Мемлекет басшысы халық­аралық көрменің маңыздылығына жан-жақты тоқталып, көрмені әлі көріп үлгермеген жұртшылықты ауқымды шараны тамашалауға шақырды. Елбасы бүгінгі таңда әлемнің көптеген мемлекеттерінің баламалы энергияны дамытуға ерекше ден қойып отырғанын, бұл тарапта елімізде де қолға алынар шаруалардың аз еместігін еске салып, облыс әкімі Даниал Ахметовке Шығыста тағы да бір су электр стансасы салынса ар­тық етпейтінін атап өтті.

Өнімді өзімізде өңдейтін кез жетті

Елбасы «Нұрлы жол» сая­­ба­ғы­нан кейін «Май­лы дақыл­дардың тәжіри­белік шаруа­шылығы» ЖШС-на келіп, өзіміз­де өндірілетін эли­та­лы тұқым­дардың артық­шы­лық­тары­на қанығып, ауыл халқы­нан сүт жинау жүйесінің қайта жаң­ғыр­ғанына куә болды. Мем­лекет тарапынан бұл жобаға ком­м­уни­кациялық шығындарды жабу үшін 417 млн теңге қаржы бөлінген. 

Президент осы жерде өңірдегі шаруашылық басшыларымен пікір алмасып, еліміздің ауыл шаруа­шылығы саласын алға бас­тыру тұр­ғы­сындағы ой­ларын ортаға сал­ды. «Ауыл шаруашылығынан түсе­тін пайда экономикамыздың бес пайызын ғана құрайды. Жері­міз қанша кең болғанымен, терең өңдеу жоқтың қасы. Өнімді шикізат күйінде арз­анға сатып келдік. Мысалы, би­дайды өңдеп, макарон етіп сату­ға болады. Ет пен сүтті, көкөніс пен майлы дақылдарды да соңына дейін өңдеп отырған жоқпыз. Ет комбинаттары да, сүт зауыттары да бар. Бірақ олар көп болса, 40 пайызға ғана жүктелген. Себебін үңіліп көріп едім, шикізат жоқ болып шықты. Шындығында шикізат бар, бірақ соны қарапайым халық ақшаға өткізе алатындай жағдай туғызу керек. Егер кооперативтендіруді дұрыс жолға қоя алсақ, бұл жүйе  іске асады. Ал кооперативтер өнді­руші мен тұты­ну­шының ара­сын жалғайтын ұйым­ға айна­лады», – деді Елбасы.  

Қазақстанды кесіп өтіп, Қытай мен Батыс Еуропаны бай­ла­ныс­­тыратын көлік дәлізінің салы­­нып жатқанын еске салған Мем­лекет басшысы оның Шығыс Қазақ­стан­дағы ауылшаруашылық тауар өн­діру­шілерге де үлкен мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Осы жолмен шаруалар елдегі ірі қалаларға өз өнімдерін тасымалдайтын болады. 

«Шығыс Қазақстан облысы эконо­ми­камыздың аграрлық секторын­да ертеден қалыптасқан берік дәстүрге ие. Қазақстанда ауыл шаруа­шылығы саласының әлеуе­­ті зор, болашақта бұл сала­ға деген сұраныс арта түседі. Қазір біз үшін Қытай Халық Респуб­лика­­­сы­­ның орасан зор нарығы ашық, сіз­дер шығаратын өнім шет елдер­ге экс­порттала алады», – де­ді Нұрсұлтан Назарбаев жиынды қорытындылаған сөзінде.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН 
Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

22.06.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 66 млрд теңге инвестиция тартылды

22.06.2018

Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді

22.06.2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

22.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

22.06.2018

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу