Шымкентте ЭКСПО әнінің тұсауы кесілді

«ЭКСПО - 2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына  10 күн қалды.  Осыған орай  Шымкентте 2017 адамдық хордың орындауымен «ЭКСПО» әнінің тұсауы кесілді. Әннің авторы – белгілі әнші Мақсат Айтжанов. Ашық аспан астында әуелете салынған ән оңтүстік жұртшылығының қиялын әуелетіп, көңілін тербетіп, ойын тереңдетіп, өрісін кеңейткендей кейіпте қалдырды. Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің   қызметкерлерінен құралған хордың орындауындағы ән алдағы уақытта ЭКСПО-2017 көрмесінде шырқалатын болады. 
Егемен Қазақстан
31.05.2017 1156

Айта кетейік, ЭКСПО – 2017 көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтеді. Облыстан 610 адамнан құралған 17 шығармашыл  ұжым қатысып, өнерлерін көпшілікке ұсынады. Оның ішінде жергілікті 22 қолөнер шеберлері де бар.

«Мәдени шара барысында «Қазыналы Оңтүстік» қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі, концерттік бағдарламалар, оңтүстікте түсірілген анимациялық фильмдер мен көркем фильмдер көрсетіледі.  Сондай-ақ Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма  және орыс драма, қуыршақ, әзіл-сықақ және сатира театрлары мен Оңтүстік-Цирктің қойылымдары Астана жұртшылығы мен көрме қонақтарының көзқуанышына айналады деп күтілуде.

Оңтүстіктің мәдени күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  бекітілген кестеге сәйкес өткізілетін болады. Мерекелік концертте Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестрі, Тұмар фольклорлық ансанблі «Қазына»,«Тұмар» би ұжымдары өнер көрсетеді деп күтілуде.  Сонымен қатар облыстық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хоры, жеке солистері, балет труппасы, «Биг-бенд» эстрадалық джаз ансанбльдері көпшілікке өз өнерлерін паш етпек.

Бұдан бөлек, ЭКСПО қалашығының амфитеатрында «Нұрын шашқан –Оңтүстік» атты Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің гала-концерті ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Астанадағы «Қазанат» ипподромында бой көтеретін этноауылда Оңтүстік Қазақстан облысынан талапқа сай  бірнеше киізүй тігілетін болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу