Сипаты бөлек, мазмұны терең жолдау

Президент Жолдауына сенім мен қолдау көрсете отырып, кейбір іс-шаралар туралы ой-пікірімізді ортаға салып көрелік. Бізде осыдан 6-7 жылдан бері жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық бағдарлама, яғни технологиялық негізде жаңғыру жүргізіліп жатыр. Ол – тек біздің ғана емес, барша әлемнің келешегін анықтайтын, оның іске асуына әлемнің миллиардтаған халқының үлкен үміт артып отырған өзекті мәселе. Оны кеше айтты немесе бүгін айтты дейтін емес, ол барша әлемнің күн тәртібінен түспейтін проблема.
Егемен Қазақстан
06.04.2017 1217

Егер біз осы аталған бағдарламаны осыдан 6-7 жыл бұрын жүзеге асыруға кіріссек, ол заман талабын бүгін ғана емес, бұрынырақ түсініп, осыған байла­нысты керекті іс-шараларды жа­­сап жатқанымызды көрсетеді. Жә­не де ол шаралар нәтижесіз емес: үде­мелі индустриялық-инновациялық бағ­дар­ламаны орындай отырып, біздегі өн­­дірістің технологиялық деңгейі бо-

й­ын­ша тәуелсіздік жылдары әлемде 82-орыннан 56-орынға көтеріле білдік. Ал инновациялық әлеуетімізбен әлемде 101-орыннан 59-орынға ілгеріледік. Осы жылдары елімізде жаңадан 800-ден астам кәсіпорын бой көтерген екен. Олар Елбасы атап көрсеткендей, тек бір ғана 2016 жылы 2,2 триллион тең­геге тау­ар өндіріпті. Президент өз Жол­да-

у­ын­да осындай тауарларды ілге­ріде бұ­дан да қомақты өндіріп және ши­кізат емес тауарлар көлемін 2025 жыл­ға дей­ін екі есе өсіруді ел Үкіметіне мін­дет­теп отыр.

2004 жылы, яғни осыдан 13 жыл бұ­рын Елбасы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті эко­но­мика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты кезекті Жолдауын жасап еді. Егер біз бәсекеге қабілеттілікті сол уақытта көтере білсек, бұл да қазақ елі­нің заман талабын қазір ғана емес, бұ­ры­ны­рақ сезгенінің айқын белгісі.

Осылайша, бәсекеге қабілеттілік на­зар­дан тыс қалған жоқ, осы бағытта бі­раз шаралар да жасалды және іл­ге­рілеу де бар.

Дүниежүзілік экономикалық форум әр жылда әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің орнын, деңгейін аны­қ­-

тайды. Осы форумның жасаған рей­тин­гі бойынша тәуелсіздік жылдары бәсекеге қабілеттілігіміз бойынша әлемде 78-орыннан 2016 жылы 53-орынға көтерілген екенбіз.

Сонымен, Президенттің соңғы Жол­дауындағы көтерілген негізгі екі бағыт – технологиялық жаңғыру мен жаһандық бәсекеге қабілеттілік, бұлар – ешқашанда маңызын жойып, күн тәртібінен түспейтін мәселелер. Заман, техника, технологиялар түрленген са­йын, түсінігің, дайындығың өз­гер­ген сай­ын олар жаңа сипат алып, әр­бір өс­келең ұрпақтың алдында өз за­маны­ның өктем талабы болып қай­та­ланып тұ­р­ады.

Президент Жолдауындағы талап­тар­дың бұрынғыдан сипаты бөлек, те­реңірек һәм мазмұнды. Онда Үкімет «Цифр­лы Қазақстан» кешенді бағ­дар­ламасын жасап, оны іске асыру тапсырылған. Цифрлы төңкеріс (циф­ро­вая революция) – жақында дү­ние­ге келген ғылым мен технология жа­ңа­лығы. Ол алғаш рет шетелдерде қол­да­ныла бастаған, өндірістің бет-пер­десін, болмысын күрделі өз­ге­р­те­тін құбылыс. Бұрын қолданыста бол­ған экономиканың кейбір салала­ры жұ­мы­сын тоқтатып, кәсіптің, кә­сіп­керліктің жаңа, бұрынғыдан да тиімді салалары дүниеге келуі мүм­кін. Бүгін ешқандай жүргізушісі (шофері) жоқ машиналар кейбір елдерде шығарылып, жүк тасуға кірісе бастады. оған мүмкіндік әлгі машиналарда өте тез есептейтін цифрлы технологияларды қолданудан туды.

«Финансы и развитие» журналының (№3, 2016 ж.) мәліметі бойынша 2000 жылы бүкіл әлемде 80 миллиардқа жуық фотография жасалған екен, ал 2015 жылы оның саны 1,5 триллионға дейін, яғни 20 есе өсіпті. Осыған қа­ра­май әрбір фотографияның құны (плен­ка бағасын, фотография жасау шы­ғынын қоса есептегенде) 50 центтен күрт тө­мен­дегені сондай, оларды тіпті шы­ғын шы­ғармай жасау мүмкіндігіне дей­ін жеттік. Әрине, бұл сандық техноло­гия жетістігі.

Цифрлы технология бухгалтерия, есеп, келісімшарт, басқа да осындай қызмет салаларының жұмысын тү­бе­гейлі жаңартып, осы сала қыз­мет­керлерінің санын еселеп ықшамдауға әке­леді. Басқа көптеген салаға да атал­ған технологияның әсері осындай. Міне, осының бәрі қоғамда еңбек өнім­ділігін өсіруге, тез дамуға әкелетін ғылым жаңалығы. Күнделікті өмірде компьютерлі технологияны, смартфондарды кеңінен пайдалана бастаған Қазақстан үшін цифрлы технология­ны игеру, шаруашылық жүйесіне ен­гізу өте маңызды екені ешбір күмән ту­ғызбайды.

Жолдау ел азаматтарын, жастарды, кәсіпкерлерді жаңашылдыққа үндейді, инно­вациялық тәсілдерді кеңінен пай­даланып, еңбек өнімділігін қо­мақ­ты түрде өсіруге шақырады. Пре­зи­дент Үкіметке ЭКСПО-2017 көр­ме құ­рамында халықаралық IT-стартап ком­паниясын жасақтап, іске қосуды тап­­сырды. Сол сияқты еліміздегі уни­вер­ситеттерде де осындай стартап ком­паниялары, технологиялық парк­тер, инкубаторлар өмірге келуі тиіс. Жал­пылай айтқанда, инновация-жа­ңа­шы­л­-

дық алдағы уақытта ел экономикасына, тіпті әрбір азаматтың өзіне серпін беретін заман құбылысы болғалы тұр.

Елбасы өз Жолдауы арқылы алдағы бес жылда 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлердің басын біріктіріп, олардан ауылшаруашылық кооперативтерін құруды Үкіметке міндет артып отыр. Бұны орындау атүсті болмай, баянды жасалып, ауыл шаруашылығы жүйесін күрделі өзгеріске әкелуі керек. Ал мектеп, емхана, елді мекендерді абаттандыру, ауылдағы жол қатынастарын реттеу және басқа да мәселелер – тек мемлекет тарапынан қаржы бөлініп қана орындалуы мүмкін іс-шаралар. Мемлекет бағдарламаларында ауылдың осындай қажеттіліктері Үкімет тарапынан тиянақты түрде ескерілуі керек. Тағы бір кешеуілдетпей тиянақты түрде іске асыратын шаруа – кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті қолдау. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы орта және шағын бизнес кәсіпкерлерінің саны азайып, олардың шығаратын өнімі де төмендеп кеткенін айтты. Ал тек соңғы екі-үш жылдың ішінде осы бизнесті барынша қолдау керек екенін Президенттің өзі ең кемі 5-6 рет айтып, басқарушы мекемелерге тиісті тапсырма беріп еді.

Орта және шағын бизнестің тө­мен­деуі бұл жергілікті халықтың тұр­­мы­сының төмендеуі деген сөз. Сон­дық­тан мұны тек алқалы жиын­дар­да­ғы әң­гіменің арқауы ғана қылмай, әр­бір бас­қарушы мекемелер онымен күн­делікті айналысуы керек. Осы салада кез­десетін кедергілерді жоюды жүйелі түрде қолға алған жөн. Осыны біз, өкінішке қарай, жасамаймыз.

Қазір халық тұрмысын жақсартудың бір­ден-бір жолы – жер-жерлерде осы орта, шағын бизнесті қолдау. Ол үшін олар­ға несиеге қомақты қаржы бөлу қа­жет. Ақша болса елдегі ағай­ын­дар өз кәсібін өздері табады. Бізде кә­сіп­керлікке кеңес беретін ұжымдар да бар. Ал кәсіпкерлікке баулитын, үйрететін мек­тептер жоқтың қасы. Осыларды әрбір аудандарда ашып, жұмысқа қосудың жөні де, маңызы да бар. Орта және шағын бизнеске барынша қамқорлық жасау барлық іс басындағы азаматтардың жауапты да тікелей міндеті дер едім. Өйткені, халықтың күнкөріс, тұрмыс деңгейінің өсуі осы орта және шағын бизнестің қай жерде болса да бой көтеруімен тікелей байланысты. Елбасы өз Жолдауында әрбір осы саладағы кәсіпкерлердің әрқайсысына 16 млн теңгеден көмек беруді ұсынды. Дұрыс шешім, бұрынғыдан көлемдірек жәрдем. Дегенмен, бұл да аздық ететін сияқты. Өз басым 2016 жылғы бюджетте игерілмей қалған 32 млрд теңгені осы орта-шағын бизнесті қосымша қолдау ісіне жұмсауды ұсынар едім. Ауылдағы, қаладағы бизнесмендер осы мүмкіндікті дұрыс пайдалана алатынына күмән жоқ. Несиенің аздығы бизнестің қолын байлап отырғанын көр­меуге болмай­ды. Ендеше, осы ай­тылғандарды жи­нақтасақ, істейтін ша­раларға көз жібер­сек, алдағы кезең күр­делі және ел болмысын түбегейлі өзгертуге әкелетін маңызды істер ке­зеңі болғалы тұр. Сондықтан да Пре­­зидент атап көрсеткендей, бұл кезеңді Қазақстанның Үшінші жаңғыру кезеңі дейміз. Жаһандық бәсекеге қабілетті болу күресіне шықтық, әлем өркениетінің тағы бір көкжиегіне шығуды мақсат еттік. Әрбір қазақ­стан­дықтың адами сипатын, адами болмысын заман талабына сай сомдау керектігін зердемізге түйдік.

Көптен айтылып жүрген саяси реформалар да алғашқы қадамын жасай бастады. Осыдан кейін Үкімет өз ісін өзі бағдарлап, оны іске асыруға тікелей жауап бермек. Парламенттік билік кадр жасақтауда, бюджетті қарап, бекіту ісінде бұрын болмаған құзыретіне ие болады. Сөйтіп, еліміздің заман та­лабына сай дамуына олардың да жауапкершілігі еселеп артады. Олар осы жаңа жауапкершілікке дайын болуы керек. Мүмкін олар да өз қатарын жаңаша жасақтайтын болар.

Өткен 25 жылда талай қиындықты бастан кешірдік, оларды жеңе де білдік. Әлем дағдарысының әсерінен жүрісіміз баяулады, бірақ кейбір алыс-жақын елдердей кейін кеткеніміз жоқ. Тұрақты қалпымызды сақтадық.

Заман талабының зор екендігін ұғып отырмыз. алдағы іс-қимылдың жобасы бар, арнасы анық. Әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына қосылуды көздеген «Қазақстан-2050» стра­те­гия­лық жоба бар. Президент ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары да бар. Жолдауда атап көрсетілген Үшін­ші жаңғыру кезеңінің бес арнасы белгіленді. Міне, егемендігіміздің екін­ші ширек ғасырында жүретін жо­лымызды осылай анықтап, алатын асуларды алыста болса да осылай межелеп отырмыз. Сондықтан да осы жан-жақты дайындық еліміздің Үшінші жаңғыруына сәттілік әкелуі тиіс. Лайым солай болғай!

Кенжеғали САҒАДИЕВ,

академик



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.05.2018

Атырауда таңғы жаттығуға 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты

27.05.2018

Алматыда мемлекеттік күзет сарбаздары ант қабылдады

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу