Сөз сойыл №39

31.03.2017 2114

Бірде...

Халық батыры, майдангер жазушы Бауыржан Момышұлы ертеректе «Сары­ағаш» шипажайына бара жатып, Шымкент қаласындағы бір қонақүйге аялдап­ты. Мұны естіген жазушы Нәсіред­дин Серәлиев бір топ жас қаламгерді ертіп, батырға сәлем бермекке қонақүйге келеді.

Жүрексіне есікті тықылдатады.

– Войдите! – дейді арғы жақтан. Жазушылар имене ішке кіреді. Үстел үстінде қағаз ақтарып отырған Баукең:

– Кімсіңдер? – деп сұрайды.

– Мына жастар сәлем беріп, сізді көруге келіп еді! – дейді Нәсіреддин күмілжіп.

Сонда Баукең:

– Сәлемдерің жөн, қабылдадым, ал көретін мен сендерге зоопарк емеспін! – деп шығарып салыпты.

***

Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин сексенінші жылдардың орта кезінде «Жазушы» баспасының бас редакторы болып қызмет атқарады. Бірде баспа­ның күйіп-жанып жататын жұмысымен ренжіңкіреп отырса, қаламдас дос­тарының бірі келіп:

– Мұха, шаршап отырсыз ғой, жұмыс көп-ау шамасы, – дейді.

Сонда Мұхтар:

– Баспаның жұмысы емес, басқаның жұмысы шаршатады, – депті.

– Иә, қағазбасты жұмыс қой, – дейді қаламдас досы жаны ашыған кейіпте.

– Жұмысың бұзық болса да, қағазың түзік болу керек, – деп Мұхтар бұл жолы да келте тіл қатады.

– Мұха-ау, тек мақалмен сөйлейтін бол­ған­бысыз? – дейді досы. Сонда Мұхтар:

– Мақал жетіскеннен шықпайды, – деп бұл жолы да келте қайырған екен.

***

Қазақ балуандарынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Торғай облысын аралағанда атақты халық ақыны Қонысбай Әбілов жанында жүреді. Бір отырыста елдің әзілкеш жігіттерінің бірі:

– Қоныс аға, Қажымұқан ата мен Жақ­­сылықтың ұқсастығы неде, айырма­шы­лығы неде? – деп сұрапты.

Сонда Қонысбай:

– Егер ел алдындағы қызметтерін тара­зы­­ға тартса, тең түсіп қалуға тиіс. Ал дене­сі жағынан келсек, – деп, жымия күледі де:

– Тауларды ырғап салған арқасына,

Есімін ойып жазған әр тасына.

Қажымұқан атасы тірі болса,

Сыйып-ақ кетер еді қалтасына, – деп сөзінің аяғын өлеңдетіп жіберіпті.

Көрген БІЛГЕНОВ

АСТАНА



Біз не өндіреміз?

Директор кабинетіндегі тетікті басады, хатшы қыз кіреді.

Директор: – Бас инженерді шақырыңызшы.

– Қазір, Игорь Александрович.

Бас инженер кіреді.

Инженер: – Сәлеметсіз бе, Игорь Александрович.

Директор: – Сәлемет пе, Виктор Иванович. Айтшы, осы біз не өндіреміз?

Инженер сасқалақтап: – Түсінем, директор мырза... Дегенде сөзіңіздің жаны бар. Тауардың әрқилылығы жағынан онша емеспіз. Сападан гөрі жоспарды орындауға көп мән беріп келдік... бірақ...

Директор: – Тоқтай тұр, сен сөз ауа­нын басқа жаққа бұрып жібердің. Мен сенен: «Біз қандай өнім өндіріп отырмыз?» деп сұрап тұрмын.

Инженер: – Әрине, өнімдеріміздің сапасы әлемдік жобаға сай келмей жатыр, бірақ тауар жеткізушілер...

Директор: – Сен тағы да мен сұраған нәрседен ауытқып кеттің. Мен сенен: «Біз не өндіреміз?» деп сұрап тұрмын, миың бар ма өзіңнің?

Инженер қипақтап: – Иә... сіз жарнамалау жағының кемшіліктерін теріп айтқыңыз келген болар... Білесіз бе, бізбен байланыстағы кәсіпорындар үнемі бізді ұятқа қалдыра береді...

Директор ашуланып: – Сен өзің не оттап отырсың? Мен сенен: «Біз қандай өнім өндіреміз?» деп сұрап отырмын. Мені осында асығыс-үсігіс ауыстырғандықтан, қандай өндіріс орнына директор болып тағайындалғанымды әлі білмеймін. Сонымен, біз не өндіреміз?..

Юрий РИХТЕР

Аударған

Үміт ЗҰЛХАРОВА


Шымшыма шумақтар

Піл мен тышқан

Пілдей еркек сырт көзге жайнаң қақты,

Өзгелерді алдында маймаңдатты.

Ал үйінде тышқандай жас әйелі,

Төбесіне от жағып, шай қайнатты.


«Мәңгілік» пен әңгүдік

Төртінші рет жас қатын алып тұрып,

«Махаббатымыз мәңгілік» деді.

Сонда әлгісі: «Көп сөйлеме қарық қылып,

Мәңгілік ештеңе жоқ, әңгүдік» деді.


Қара жерге тоймады

Мың гектар қара жерді сатып алды,

Содан соң қыбыр етпей жатып алды.

Бұл байдың бар бітірген шаруасы,

Жылғадан бір қоянды атып алды.


«Кресломды қызғанамын»

«Қырық бесте қызыл гүл қыз баламын,

Ішім жылы, сырт көзге сызданамын.

Қыл мойыным қисайып қалғанша бір,

Кресломды өлгенше қызғанамын».


Әкесі көлеңкеде қалды

Тойда әкім бата сөзді бастады,

Жаттанды сөз «әләулайдан» аспады.

Той иесі қарт әкесін «ұмытып»,

Жаутаңдатып көлеңкеде тастады.


«Қай бетіңмен...»

Өмір бойы өрекпіп өрде жүрдің,

«Акула» боп тұңғиық көлде жүрдің.

Алиментті төлемей балдарыңа,

Қай бетіңмен ұялмай көрге кірдің?


Әзірбайжан ҚОНАРБАЕВ

Маңғыстау облысы


Ауылдың айтқыштары


«Оптым» тууға жазсын

Бірде оң жақта отырыңқырап қалған қызметтес қыз бала үсті-үстіне түшкірсін келіп. Аяқ астынан әбігерге түскеніне қысылып «кешіріңіздер» деп жатыр. Сонда Сиқым тұрып:

– Ой, бәрекелді! Жәрәкімәлда!!! Үзік, үзік жібермей, «оптым» жібергенің де дұрыс болды. Ертең сәтін салып, орныңды тауып күйеуге шыққанда да баланы егіздетіп, үшемдетіп, «оптым» тууға жазсын, – деп әзілдеген екен.


Қуғын қағаз

– Мен бір базарлық сұрайтындай қала шығып келгеніңді жасырсаң да естідік.

– Иә, ал қайда барыппын?

– Кеңсеге өзіңді іздеп қаладағы айықтырғыш үйінен «қуғын қағаз» келді. Сыбырлағанды жел естиді, желден ел естиді де.


Жеңіл буыңызбен

– Жиналысқа түсіп шықтым. Құры­сын, тер одан да кетті, бұдан да кетті.

– Е, бәрекелді, жеңіл буыңызбен!


Өлмеудің көзі

– Әй, осы сенің, сәпсем білмейтінің жоқ кө­рі­неді ғой. Өлмеудің көзін білдің бе?

– Білдім. Тумасаң өлмейтін көріне­сің.


Жарлы болсаң...

Төл теңгеміз шыққан аласапыран кезінде Бөлекбай саудадан артылып, саудагерлерден қалған азын-аулақ ақшасы жүз мыңнан асып түскесін, жоқ-жұқалтаңдау-ау деген дос-жарандарына қосып, ың-шыңсыз ауыстыра қойғысы келді. 100 мыңнан артық ақша ауыстырудың машақаты болды сонда. Ойы оңды. Ойлады да Айдабол досына телефон салды. «Сүт сұрайын деп тұрса да, ыдысын жасырып»: – Әллеу, Айдабол, осындайда пайда бол. Мына жарлы-жақыбай досыңды нарықтың тырнағынан құтқара көр. Қысылып тұрмын. Елу-алпыс мыңдай қарыз бере тұршы, өте қажет боп тұрғаны, – деп қиылып жорта жыларманға барды. «Қарыз күліп барып, жылап қайтадыны» бетке ұстады ма Айдабол:

– Бөке, бүтін бөлкемді де, бөтелкемді де бөліп беруге бармын, үйде соқыр сом қалмапты, бұйырмасын, – деп қалтасын қағынып шыға келді. «Құланның қашуына мылтықтың басуы». Айдаболға да керегі осы еді: – Е, бәрекелді, сенде ақша жоқ екен ғой, онда сен менің 100 мың сомымды теңгеге айырбастап бере қойшы, – деп кенедей жабысты.

Айдабол қысылыңқырап қалып: – Бөке-ау, енді «жарлы болсаң, көшіп көр» демекші, кешелі бері осы көрпе астын көтеріп әне жер, мына жерді қопарып, жан қалта, төс қалта, ышқыр қалта, жасырын қалталарды ақтарып дегендей. Мен де 100 мыңға жетіп жығылып дегендей ... – деп тігісін жатқызып, қашқақтай бастады.

– Әй, бұл адамнан айла артылмас, – деп Бөлекбай телефон тұтқасын тас­тай салды.


Сүйкей салар

– Сылқым жан-ау, біз сендерден ештеңе дәметпейміз. Өз тапқанымыз өзімізге жетеді. Ең болмағанда, айына бір рет амандық-саулықтарыңды білдіріп, хат жазып тұрсаңдаршы.

– Сіз де қызықсыз-ау, әке! Хатты айтасыз, сес көрсетіп анда-санда домалақ арыз-марыз сүйкей салатын да мұрша жоқ қой қазір бізде.

Сапар ӘБІЛКӘКІМТЕГІ

ҚОСТАНАЙ


Суретшілердің арасындағы әңгіме:

– Кеше сурет көрмесіне бардым. Барғанымды қайтейін, сенікінен басқа сурет көрмедім. Көруге болатын жалғыз сурет сенікі екен.

– Қалғандары онша емес пе екен?

– Жоқ. Басқа суреттердің алды құжынаған адам. Түк көрсетпейді...

***

Енді жарқырап келе жатқан эстрада «жұлдызы» продюсеріне:

– Репертуарымдағы жалғыз әнді айта беріп жалықтым, енді бір ән жаздырып, концерт берсем деп едім...

***

Жазушының үш түрі болады:

1.Нағыз жазушы.

2. Арыз жазушы.

3. Бас жазушы.

***

М. Әуезов театрына хабарласады.

– Бізге ертеңгі спектакльге екі билет керек еді.

– Ромео мен Джульеттаға ма?

– Сіз мені біреумен шатастырып тұрған шығарсыз? Мен Сәрсенмін ғой, билет әйеліміз екеуімізге керек.




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Әуендер достыққа бастайды

29.04.2017

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

29.04.2017

ОҚО-да тасқын судың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

29.04.2017

​Қыранның – бас, тұмсық, танау, көз, қанат-қауырсын сындары

29.04.2017

Қытайдағы қазақ жігіті Шыңжаң марафоншыларының көшін бастады

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу