Сөзге абай болайық

«Егемен Қазақстан» газетінің 29 наурызда жарияланған санынан «Көкпар және көкпар аты» деген танымдық (бүгінгілер үшін) мақаланы оқып авторға риза болдым.
Егемен Қазақстан
11.04.2017 1192

Олай дейтін себебім: ұлттық арнадан апта сайын берілетін көкпар ойыны туралы репортажда «көкпаршы» сөзінің орнына «палуан» дейтін сөз үнемі айтылады. Осы сөзді о баста Рамазан Сәттібаев дейтін жігіт жиі қолданып жүрді. Бірді-екілі жерде, радио мен телехабардың тілі жөнінде журналистер сұрақ қойғанда Рамазанның «жаңалығын» жұқалап сынап кеттім. Жұқалап дейтін себебім, Рекеңді ат ойындарын насихаттауда біраз еңбек сіңірген, ат танитын адам ретінде құрметтеймін. Солай бола тұра бұл жігітке «көкпаршы» деген сөздің неге ұнамайтынына таңмын? Көкпаршыны қазақ екі бастан қадірлеген. Керек десеңіз аты шыққан көкпаршының есімімен бүкіл ауыл-аймақты атаған. Оған көптеген мысал келтіруге де болады. Жә, оны әрі қарай қазбаламай-ақ қоялық...

Ал, енді осы әңгімеге түрткі болған мақаланың авторы – Бекен Қайратұлы көкпар мен көкпар аты жайлы хабары мол, сөзді де орынды қолданады екен. Әсіресе, Рамазанның ашқан «жаңалығын» бір рет те пайдаланбағандығы сүйсіндірді. Яғни, «көкпаршы» сө­зін бір мақалада сегіз рет қол­да­нады. Тіпті, он рет пайдаланса да орынды деп ойлаймыз. Өйткені қа­зіргі телерепортаждағы әлгі жа­ғымсыз «жаңалық» осылай қай­талана берсе, «көкпаршы» сө­зі­нен көз жазып қаларымыз анық. Се­бебі бұл сөзді көкпар жай­лы р­е­портаждардан бір рет те ес­ті­меп­­пін. Ат спорты мен көк­пар ойы­ны туралы берілімдерді жүр­гі­зушілердің көбі дерлік қазір көк­па­р­шыны «палуан» дейтін болды. Сон­да деймін-ау, «көкпаршы» сөзі несімен ұнамайды екен? Біле-біл­ген адамға ол – мақтау, мадақ сөз емес пе? Аталған мақала авторы да көкпардың жауынгерлік өнер екен­ді­гін әдемі жеткізеді. Сол өнерді ке­ремет игерген ат үстіндегі ер-аза­матты жердегі палуанға теңеуді тап­қырлық дейміз бе? «Палуан» сөзі кәдеге аспай, архаизмге айналып жатса бір сәрі. Аллаға шүкір, оның да пайдаланылатын жері же­тіп - артылады емес пе.

Сөз демекші, «өнер алды – қы­зыл тіл» деп қазекем бекер айтпаған бо­лу керек. Бүкіл өнер біткеннің ал­ды – осы қызыл тіл екенін ескертіп кет­кен бабаларға мың да бір рахмет! Ен­деше, сөз қолданыста «жаңалық» ашу­дан бұрын әркім елге айтпағын ой­ланып-толғанып алғаны жөн бо­лар еді. Әйтпесе бақуатты деген сөзді «бай» мен «қуаттыға» ай­налдырғаннан не ұттық. Қазақ мақтаныш ететін әулетті «бақуатты жандар» екен деген.

Сөз біледі деген, телевизияға көп еңбегі сіңген досымның – Нұр­тілеудің осы тіркесті алғаш айт­­қан кезінде кешіріммен қара­ға­нымыз рас. Өйткені телеөнерде он­дай-ондай «атың шықпаса, жер өр­те» болып тұрады. Сол арқылы ерек­шеленіп, аудиторияны жаулай­ды. Мысал керек пе, онда Лари Кингті, Уинфри Опраны, Владимир Поз­нерді атауға болады.

Ларидің ұзын жеңді көйлек ки­іп, оның жеңін әдейі түріп, шал­бар тартқыш тағынып отыратыны бекер емес. Оны да өзіндік ерек­ше­лік қалыптастырудағы әдіс деп қабылдау керек. Сонысымен дү­ниежүзіне танылды. Опра екі кө­зін камерадан аудармай сөйлеу ар­қылы тыңдаушысын арбап отырады. Біздің Нұртілеудің, әсіресе, «Бетпе-бет», «Көршілер» деген авторлық бағдарламаларындағы сөз саптауы, хабар жүргізу мәнері өзі­не жарасты. Ал «бай, қуатты» бо­лайық деген тіркесі де кезінде қыз­ды-қыздымен айтылып кеткен шығар деп түйдік. Айтылған сөз – аты­лған оқпен тең. Оны қайтара ал­майсың. Өткенді қаузағымыз да кел­меді. Бірақ, осы «әттегенайды» ен­ді айтпасқа болмас. Сөз ұстаған, аты шыққан (телевизияға сіңірген еңбегімен) білікті журналисіміздің баяғы «жаңалығын» әлі күнге дейін қайталай беруі, тіпті жаңа арнаға барып «бай, қуатты» болайық деп тағы сондай хабар жүргізуін қолдай қою қиын. Қайта бұрынғысын жастыққа теліп, кезінде имидж қалыптастырудың бір тәсілі болды ғой. Әйтпесе «бақуатты» деген сөзді білмейді деп ойламаңыздар дегенді айта жүруі артық етпес еді.

Ал енді мақтап отырған мақала ав­торының да сөз саптасы жайлы бірер мысал келтірелік. Өйткені бұл автор да сөз білетін жандар қа­тарына жататын сияқты. Ол көк­пар мен көкпардың аты, оның ер-тұрман жабдықтары жайлы көп мәліметтер береді. Онысы өте орын­ды болған деп қабылдадық. Бір­ақ өз жанынан шығарғандай етіп жеткізгеннен гөрі сүйенген де­ректерін келтіріп, өз ойын өз­ге­лердің еңбегімен байытып отыр­ға­ны артық болмас еді. Оның үстіне академик Смет Кеңесбаевтың бас­шылығымен шыққан сөздік бар екен­дігін де ұмытпауымыз керек. Қ­азақ халқының сөздік қоры, сөз қол­данысы кім көрінгеннің алдына салып айдап жүре беретін жекеше малы емес. Ол – бүкіл елдің ең ба­ғалы байлығы. Ол – таза, кәусар дүние.

Б.Қайратұлы мақтаулы ма­қа­ла­сын­да: «ақылды ат», «жүрегі жақсы жыл­қы» деген тіркестерді қайталап қоя­ды. «Ақылды» сөзі адам бала­сы­ның өзіне де талғап айтылатынын неге ескермейміз. Ендеше жа­нуарға одан гөрі үйретілген, еп­ті, оңтайлы деген сияқты анық­тау­ыштарды пайдаланған дұрыс шы­ғар. Сол сияқты көкпарға «қызбел», «ұрын­шақ» ат таңдайды дегені де қи­сынға келе бермейді. Көкпарға бел­ді ат керектігі бесенеден белгілі. Сондықтан қисынсыз әңгімені өрбітіп, көкпардың түрін қолдан кө­бейтудің де керегі шамалы. «Ат арқасы» деген тіркесті де жиі қолданады екен. Ер аттың ар­қа­сына емес, желдікке, аттың қап­та­лына түседі. Әлгі тіркесті дәл со­лай ұғынсақ, ат та, сөз де жауыр

болады. Сол сияқты жүгеннің құ­­рамына (авторша айтсақ) с­а­ғал­дырық, сулық, желкелік, кең­сі­­ріктік кіргенде маңдайлық не­ге кір­меуі керек. Ол бүкіл ат әб­зе­лі­нің әсемдік айшығы емес пе еді. Он­дай айшықты өмілдірікке де, құй­ысқанға да тағатын еді ғой. Әсі­ресе ат маңдайындағы ай­шық со­надайдан көз тартатын-ды. Қа­зір­гі жүгендерде, өкінішке қарай, ол мүлде жоқ.

Дегенмен Бекеннің мақаласын оқып, бұлақтың кәусар суын іш­кен­дей ләззат алдық. Осы басылымнан Ұларбек Нұр­ғалымның ән мәтіні жай­лы, қос жүйріктер тағдыры ту­ралы бұдан бұрын жазған мақа­ла­сын оқығандағы әсерімізді де ашық айтуымыз керек. Ұлттық құн­дылықтарымызды, көне тарихы­мызды, ана тілімізді дәріптейтін, салт-санамызға жүгінетін осындай дү­ниелер жиі жарияланса, ел газеті – «Егеменіміздің» «аға» деген аттан атаға айналар шақ та ұзай қоймас.

Намазалы Омашұлы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

18.08.2017

Парламент депутаты Мақтарал ғалымдарының жұмысын жоғары бағалады

18.08.2017

Астанада бір жарым ай ішінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды

18.08.2017

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

18.08.2017

Барселонадағы теракт: анықталған жайттар

18.08.2017

Алматыда «Al Hilal» Ислам Банкінің» тұңғыш бөлімшесі ашылды

18.08.2017

Қазақстанның киелі орындар тізіміне Жайық (Теке) қаласы енді (фото)

18.08.2017

Владимир Никитенко: Черногориямен өтер ойында футболшылардан жанкештілік талап етеміз

18.08.2017

Оңтүстік Қазақстанда үздік әлеуметтік жоба анықталды

18.08.2017

Синоптиктер демалыс күндерінің ауа райына болжам жасады

18.08.2017

Сайлауалды үгіт жұмыстарын интернет арқылы жүргізу реттелмек

18.08.2017

ҚР СІМ: Барселонадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

18.08.2017

Сыр өңіріндегі Сортөбе бекінісінен қобыз пішіндес тас табылды

18.08.2017

Қарлығаш балапанын ұшырған күн

18.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев Барселонада болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

18.08.2017

Boyce Thompson институты: Алманың отаны − Алатау

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу