Соғыс кемелері. Кімдікі мықты?

Қытай өзі жасаған алғашқы ұшақ тасушы кемені суға түсірді. Мұны бүгін бірнеше әлемдік ақпарат құралдары хабарлады. Ал Ресей әлемдегі ең ірі ұшақ тасушыны 2030 жылы іске қоспақ.
Егемен Қазақстан
26.04.2017 2460

Ұшақ тасушы. Ол не нәрсе?

Ұшақ тасушы (aircraft carrier – ағылшынша, авианосец – орысша) – соғыс кемелерінің бір түрі. Әскери ұшақтардың базасы ретінде қызмет ететін ашық теңіздегі аэродром. Негізгі соғыс күші – кеме палубасынан ұшып-қонуға бейімделіп жасалған әскери ұшақтар. Сонымен қатар олар ядролық және зымырандық қаруды алып жүреді. Әскери авиацияны жөндеу, жанармаймен қамту, ұшуларды басқару сияқты қызметтер атқарады. Ұшақтарды ұшыру кезінде кеме желге қарсы бар жылдамдықпен жүзеді. Ұшыру үшін теңіз толқынының шайқалысы үш баллдан аспауы керек. Қону кезінде ұшақтың жылдамдығын тез азайту мақсатында аэрофинишер қолданылады. 

Ұшақ тасушылар зенитті артиллерияны және «кеме-ауа» класындағы зымырандармен қаруланады. 1960 жылдардан бастап қанатты зымырандар дамымай тұрған кезде ұшақ таушылардың стратегиялық маңызы өте жоғары болды.

Америкалық USS Nimitz - әлемдегі ең ірі әскери кеме

Ауыр ұшақ тасушылардың су ысырымы (суға батқан кезде ығысып шығатын судың салмағы, бұл суға батқан дененің салмағына тең) – 75 000 тонна, корпусының ұзындығы – 315 метр, ені – 40 метр, жылдамдығы – 33 теңіздік миляға (шамамен 61 километр) дейін болады. Экипажында 2800-3300 адам, 100-120 ұшақ пен тікұшақты алып жүру мүмкіндігі бар. Супер ұшақ тасығыш аталатын түрлері атомдық күш қондырғы қуатымен жүреді. Мұндай кемелерге бүгінге АҚШ пен Англияның әскери-әуе күштері ғана ие. Бұдан басқа ұшақ тасығыштардың жеңіл, конвойлық аталатын түрлері бар.  

Қытай алғаш рет өзі жасады


Қытайда құрастырылған алғашқы ұшақ тасушы салтанатты түрде суға түсірілді (Reuter)

Қытай мемлекеттік басылымдары мәліметіне қарағанда, әзірге аты жоқ ұшақ тасушы кеме елдің солтүстік шығысындағы Далянь портында суға түсірілген. «Осылайша Қытай аймақтағы әскери үлесін ұлғайтты. Жаңа ұшақ тасушыны Қытай АҚШ пен Солтүстік Корея өзара қатаң мәлімдемелер алмасып жатқан кезде жария етті» дейді ВВС. 

Кеменің құрылысы 2013 жылы басталған, пайдалануға 2020 жылы берілмек. 

ВВС соңғы жылдары Оңтүстік Қытай теңізіндегі аралдарға таластан туған дау Қытайдың Оңтүстік Шығыс Азиядағы бірнеше елмен қарым-қатынасын қиындатып отырғанын еске салады. 

Бүгінде Қытайдың қолданысында «Ляонин» атты бір ғана ұшақ тасушы бар. Ол 1985 жылы Кеңес Одағында басталып, бітпей қалған «Варяг» атты ұшақ тасушы крейсер болатын. КСРО құлағаннан кейін «Варяг» Украинаның меншігіне өтті. Украина оның құрылысын аяқтай алмай, 1998 жылы 25 млн долларға Қытайға сатты. Кемені Босфор бұғазынан сүйреп өткізуге Түркияның келісімін алу үшін 16 ай күтуге тура келді. 2001 жылдың 3 қарашасында «Варяг» дауылға тап болып, буксирден ажырап кетті. Оны қайта тіркеу кезінде бір теңізші қаза болды. Сөйтіп, сағатына 11 шақырым жылдамдықпен жүрген кеме 2002 жылдың наурызында Қытайға келіп жетті. Оны Украинадан жеткізуге 5 млн доллар шығын жұмсалды. 

Ляонин

Пекин ресми түрде «Варягты» жүзетін ойын-сауық орталығын жасау мақсатында алдық деді. Алайда, оны ұшақ тасушы етіп жасап, 2012 жылы Қытай әскеріне пайдалануға берді. Оған арналған палубалық жойғыш ұшақтарды Қытай кеңестік Су-33 әскери ұшақтарынан көшіріп жасады.  

ВВС-дің хабарына қарағанда, жаңа ұшақ тасығышты «Ляониннің» жетілген түрі ретінде қарастыруға болады. 

Ресей әлемдегі ең үлкенін жасамақ

«Ресей әлемдегі ең үлкен ұшақ тасушы кемені жасап жатыр» деп кеше ғана британдық Independent жазған болатын. Басылымның хабары бойынша, мұндағы Мәскеудің мақсаты – қорғанысты күшейту және АҚШ-тың «Нимиц» класындағы ұшақ тасушыларымен бәсекелесу. 

"Штормның" макеті

Жобада «Шторм» деп аталған кеме 90 соғыс ұшағын алып жүре алады. Оны жасауға 17,5 миллиард АҚШ доллары жұмсалады және 2030 жылға қарай пайдалануға беріледі деген болжам бар. «Алайда, «Шторм» іс жүзінде Ресей айтқандай әлемдегі ең ірі ұшақ тасушы бола ала ма, ол жағы әзірге белгісіз. Техникалық сипаттамасы жөнінен ол  АҚШ-тың Нимиц класындағы кемелеріне ұқсамақ. Оның ішінде «Джеральд Р. Форд» ұшақ тасушысы негізге алынады. Үлгі бойынша, жаңа ұшақ тасушының палубасы үш футбол алаңымен бірдей болмақ және 4000 адамнан тұратын экипажды сыйғыза алады. Қазіргі уақытта Ресейде бір ғана ұшақ тасушыбар. Ол 1985 жылы салынған «Адмирал Кузнецов». Алайда, «Шторммен» салыстырғанда оның мүмкіндіктері әлдеқайда төмен. «Адмирал Кузнецовқа» 30 әскери ұшақ қана сыяды. Және ол бу қозғалтқышымен жүзеді. Ал жаңа ұшақ тасушыны ядролық реакторлар жүргізетін болады" деп жазады басылым.

"Адмирал Кузнецов" - Ресей әскери-әуе күштеріндегі жалғыз ұшақ тасушы

Википедиядағы мәліметке қарағанда, жаңа ұшақ тасушы Ресейдің Арктикадағы стратегиялық мүддесін қорғау үшін жасалып жатыр. Жоба бойынша, кеменің ұзындығы – 330, ені – 40 метр, суға бататын бөлігінің биіктігі – 11 метр, су ығыстырымы, яғни салмағы шамамен 100 мың тонна. Әуе тобы 90 техникалық бірліктен тұратын болады:

• МиГ-29К жойғыш ұшақтары;

• Т-50 жойғыш ұшақтары (олар да жасалып болмаған);

• Алыстан радиолокациялық анықтау ұшақтары;

• Ка-27 көпмақсатты тікұшақтары.  

Мұнымен қатар «Шторм» С-500 зенитті-ракеталық кешенінің кемеге арналған нұсқасымен қаруланады деген жорамал бар.

Ең мықтысы АҚШ-та

Ұшақ тасушылардың саны, қуаты жөнінен ешбір ел АҚШ-пен таласа алмайды. Құрама Штаттардың қолданысында 11, резервте 10 ұшақ тасығыш бар. Тағы екі кеме жасалып жатыр. Ұлыбритания, Италия, Испания, Франция, Үндістан және Мысырда екі-екіден. Алайда, олардың көбі нағыз ұшақ тасушы болып есептелмейді. Францияның «Мистраль», Испанияның «Хуан Карлос», Кореяның «Токто» кемелерінің мүмкіндігі шектеулі, оларды тікұшақ тасушылар деуге болады. Қазіргі уақытта ядролық қозғалтқыш қондырғысымен жүзетін ұшақ тасушы жасауға $4-6 млрд доллар кетеді. Әскерилердің жалақысын есептемегенде ұшақ тасушыны ұстап тұруға айына кемінде 10 млн доллар қажет.

Ержан Әбдіраман, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2018

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

18.02.2018

Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

18.02.2018

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18.02.2018

Өскеменнің әкімі грейдермен қар тазалады

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

17.02.2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2018

Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді

16.02.2018

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

16.02.2018

Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

16.02.2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ұзаққа созылған келіссөз

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демо­кра­­тиялық одағы және Христиан со­циа­лис­тік одағы Германия социал-демо­­кра­тиялық партиясымен ұзақ­қа созылған келіссөздерден соң, коали­ция­лық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Қалтафондағы қауіпті қосымша

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» Заңға қай­шы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қой­ған еді. Бірер күн бұрын Әзер­бай­жан да қосымшаға тыйым салған бола­тын. Қазақстандық қалтафон қол­дану­шылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу