Солтүстік Каспий қайраңындағы мұнай кеніштері

Әлемдегі ең ірі көмірсутек экспорттаушы елдердің бірі саналатын Ресей өндірісі біртіндеп төмендеп жатқан Батыс Сібірдегі мұнай кеніштеріне балама өндіріс көздерін іздестіру үстінде. Сондықтан, Ресей үкіметі мұнай-газ өндірісінің аясын кеңейту үшін Каспий қайраңын қоса алғанда, елдің басқа да аймақтарында қосымша геологиялық барлау жүргізу үшін кең ауқымды бағдарламаларды бастады.

24.03.2017 187

Сонымен қатар, энергетикалық компанияларды кең ауқымды геологиялық барлаумен айналысуға бағыттау мақсатында ынталандырушы қаржылық режімді қамтамасыз етті. Мысалы, Каспий жобалары үшін салық саясатындағы жеңілдіктер экспорттық баждардың нөлге теңестірілуі мен мұнай өндірісінің алғашқы жеті жылы үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың төмендетілуін қамтыды. Нәтижесінде Ресейдің «Газпром», «Рос­нефть» сияқты жетекші мұнай-газ компаниялары да Каспий теңізінің ресурстары үшін жалғасып жатқан жарысқа қосылды. 

Алайда, климаттық жағдайларға, теңіз жағалауынан тысқары қондырғыларды салу және жұмыс істету үшін білікті мамандардың, арнайы жабдықтардың тапшылығы тәрізді мәселелер кеніштерді игеру ісінде көптеген қиындық тудырды. Соған қарамастан, «Лукойл» Каспий қайраңындағы көмірсутектерді игеру жобаларын жүзеге асыруда көшбасшылық орнын сақтап отыр.


Каспий теңізінің ресейлік секторында жүргізілген мұнай барлау жұмыс­тарын­дағы алғашқы нәтижеге «Лукойл» компаниясы 2000 жылы қол жеткізді. Жаңадан ашылған Ю.Корчагин атындағы мұнай кенішінің  қатары 2001 жылы Ракушечное және 170-ші шақырым, 2002 жылы Хвалынское және Сарматское (2012 жылы Кувыкин болып өзгертілді), 2005 жылы В.Филановский, 2008 жылы Морское және Центральное кеніштерімен толықты. Осы кеніштер мен тағы 16 перспективалы ресурстардың жиынтығы 4,7 млрд баррель мұнайдан асады деп болжануда.

«Лукойл» компаниясы бұрғылау және мұнай өндірісі үшін LSP-1 мұзға төзімді стационарлық платформа, LSP-2 тұрғын үй платформасы және мұнай өндірудің, сақтау мен тиеудің жүзбелі жүйесі мен танкерлерді арқандаудың мұнара жүйесінен тұратын теңіз-көлік кешенінен мұнай жөнелту үшін 58 шақырымдық су асты құбырын жасап, 2009 жылы 1,4 млрд долларлық Юрий Корчагин атындағы кеніш жобасын аяқтады. Ю.Корчагин кенішіндегі барлау жұмыстарының бірінші кезеңінде 6-12 мың тонналық танкерлерді пайдаланып, мұнайды Махачкала портының құрлықтағы нысандарына жөнелту және «Транснефть» құбыр жүйесі арқылы айдау шешімі қабылданды. Астраханьнан 180 шақырым қашықтықта және 11-13 метр тереңдікте орналасқан Корчагин мұнай кенішінің мұнай қоры 120 млн баррельге тең деп бағаланады. 2016 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша, кен орнында 26 мұнай өндіру ұңғымасының 23-і пайдалануға берілді.

Кеніштегі алғашқы өнеркәсіптік мұнай 2010 жылдың сәуір айында өндірілді және мұнай тиелген бірінші танкер 2016 жылдың қазан айында Махачкала портына жетті. Ұзындығы 5 шақырымнан асатын көлденең ұңғымаларды бұрғылау үшін бірегей (Ресей үшін) инженерлік және технологиялық шешім іске асырылғаннан кейін кеніште мұнай өндірісі 2012 жылғы 0,793 млн тоннадан 2013 жылы 1,372 млн тоннаға дейін, ал 2014 және 2015 жылдары сәйкесінше 1,460 млн және 1,662 млн тоннаға дейін арттырылды. 2016 жылдың желтоқсан айының соңында «Лукойл» 2010 жылы Корчагин кеніші пайдалануға берілгеннен бері өндірілген мұнайдың көлемі 7 млн тоннаға жетті деп хабарлады. Бұл кеніштегі мұнай және газ конденсаты өндірісінің көлемі жылына 2,5 млн тонна мұнай, 1,2 млрд текше метр газға жетеді деп күтілуде.

Қазіргі уақытта компания кеніш­ті игерудің 2-ші кезеңін бастау жұмыс­та­ры­мен айналысуда. Бұл кезең өндірілген мұ­най­ды жаңа платформадан LSP-1-ге жөнелту, ал өндірілген газды LSP-1-ден жаңа платформаға тасымалдау үшін жеті өндіру ұңғымасы мен 9 ша­қы­рым­д­ық екі құбырдан тұратын өткізгіш плат­фор­маның құрылысын қамтиды. 2-ші ке­зеңнің жалпы құны 118 млн долларды құ­рап, өткізгіш платформа 2018 жылы пай­далануға беріледі деп жоспарланған.

2016 жылы қазанда В.Филановский атын­дағы мұнай кен орнында коммер­ция­лық мұнай өндірісінің іске қосылуы «Лукойлға» Каспий мұнайын Каспий құ­быр консорци­умы (КҚК) арқылы та­сы­­мал­дауға жол ашты. Шын мәнінде «Лук­ойл» В.Филановский және Ю.Кор­ча­гин кеніштерін байланыс­тыратын 40 шақырымдық су асты мұнай және газ құбырымен қатар, Филановский кенішін Қалмақияда орналасқан құрлықтағы сақтау терминалымен байланыстыратын 330 шақырымдық су асты құбырлары мен 350 шақырым құрлықтық құбырлар желісін қалыптастырды. Нәтижесінде, Фи­ла­новский және Корчагин теңіз кен орын­дарынан Каспий құбыр консорциу­мына мұнай жеткізілімі 2016 жылы 1 қа­занда басталды. 2017 жылы ақпандағы жағдай бойынша, КҚК Солтүстік Каспий­де өндірілген 1 млн тонна мұнайды Қал­ма­қия­дағы Комсомольск сорғы стансасын­да қабылдады. 2017 жылы осы кен орын­дарынан мұнай жеткізілімінің жалпы көлемі 5,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп жос­парланып отыр.

Түптеп келгенде, 2,37 млрд долларға бағаланған  В.Филановский мұнай кеніші  Ресейде соңғы 20-25 жылда табылған ең ірі мұнай кені саналады. Оның мұнай қоры 290 млн баррель шамасында ба­ғаланып отыр.  Кен орнын игерудің бі­рін­ші сатысында «Лукойл» ISP-1 мұзға тө­зімді стационарлық платформаны, LQP-1 тұрғын үй алаңын, орталық өңдеу плат­формасын (CTP) және көтеруші блокты салды. Кен орнын игерудің екінші кезеңінде ISP-2 және LQP-2 салынады деп жоспарлануда. 2017 жылы наурыз айын­да «Лукойл» Филановский кеніштегі төртінші ұңғыманы бұрғылауды аяқтады. Қазіргі таңда кен орнындағы жалпы мұнай өндірісі тәулігіне шамамен 9 000 тоннаны құрайды. Сондай-ақ, өткен қаң­тар айындағы жағдай бойынша бұл ке­ніш­те алғашқы 1 млн тонна мұнай өн­ді­рілді. «Лукойл»  мұнда жыл аяғына дейін 4,4 млн тонна мұнай өндіреді, ал 2019 жылға қарай оның көлемін жылына 6 млн тоннаға жеткізеді деп күтілуде.

Осы көрсеткіштерді бағамдай келе, Ресейдің Солтүстік Каспий теңізінің жа­ға­лауынан тысқары кеніштерді игеру ісінде ілгері басып бара жатқанын анық кө­руге болады. Бұл ретте, тағы да сол «Лукойл»  2015 жылы 2016-2018 жыл­дарға арналған Солтүстік Каспий ке­ніштері үшін интеграцияланған кен орны инфрақұрылымын дамыту жоспарын бекітті. Бұл жоспарға сәйкес, қосымша 25 платформа, 1000 шақырымдық су асты құбырлар желісі және 550 шақырымнан асатын құрлықтағы құбырлар желісін салу жоспарланып отыр. Осы орайда жасалған инвестициялардың жалпы көлемі 5,5 млрд доллардан асатын болады. Сонымен қатар, компания 2022 және 2026 жылдары Каспий теңізінде тағы екі мұнай және газ кеніші, атап айт­қанда, Ракушечное және Сарматское/Ку­выкин кен орындары пайдалануға бері­летінін жариялады. Компанияның Солтүстік Каспий суларына арналған ұзақ мерзімді бағдарламасы аймақта көмірсутек өндірісі деңгейін жылына 20 млн тоннаға дейін арттыруды көздеуде. Осы ретте, Корчагин кенішінің айналасында 1,9 млрд баррель мұнай бар екені болжанып отырғанын айту ләзім. Демек, Ресей болашақта  Солтүстік Кас­пий­дегі мұнай-газ өндірісін елеулі дә­ре­жеде арттыруы мүмкін.


Лидия Пархомчик,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері

Алматы






КОЛУМНИСТЕР

Гүлзейнеп Сәдірқызы,

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан»

Ұлттарды ұйыстырудың ұтымды үлгісі

1995 жылғы 1 наурызда Мемле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, Президент жанынан басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік негізінде этностар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, тиімді этносаралық іс-қимыл жүргізу, біртұтас саяси, құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып белгіленген жаңа консультативті-кеңесші орган құрылды.

Айбын ШАҒАЛАҚ, "Егемен Қазақстан"

​Елбасы һәм елдік жобалар

Ғасырға бергісіз осы 25 жылдың ішінде біз санамыздағы «сарысулардан» арылып, еңсемізді тіктедік, елдігіміздің іргесін бекіттік. Отарлық саясат құрдымға жібергісі келген ұлттық құндылықтарымызбен қау­ыштық. Дініміз бен діліміз қайта жаң­ғырды. Тағдыр жазуымен түрлі кезеңдерде киелі Қазақ жеріне келіп тұрақтаған ұлыстардың ынтымақ-бір­лігі нығайып, біртұтас халық ретінде қалыптасуға бет алды. Оның бүгінгі айқын көрінісі – Елбасының Мәңгілік Ел идеясының Қазақстан қоғамы тарапынан дұрыс қабылдануы және осы мұрат жолында ұйыса бастауы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

​Тарих кені – туған жер

«Қазағымның көп тарихы Көк­шеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұ­рынғы бір өлеңімізде осылай деп­піз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қат­пар­ланған қасиетті жерлерінің қа­тарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?

Алдан СМАЙЫЛ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

​Ұлтты танып болдық па?

Өткен 25 жылдың ішінде дамыған елдердің үлгісінде технологиялық трансфертті жүзеге асырдық. Алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды реттедік. Осы үдерістерді қорытындылаған ғылыми орталықтар Қазақстанда экономиканы нарыққа көшіру үрдісі аяқталды деп отыр. Яғни, ендігі кезекте әлеуметтік-рухани, адами-шығармашылық мұрат­тарды сол экономика арқылы баянды етуді шұғыл қолға алу керек.

Пікірлер(0)

Пікір қосу