Солтүстік Қазақстаннан МӘМС қорына 5,7 млрд теңге аударылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өңірлік филиалы алдында  аударымдар мен жарналарды жинақтау, медициналық ұйымдарға қызмет көрсетуге ақы төлеу, медициналық көмекті пайдаланушылар мен қызмет көрсетушілерді есепке алу бойынша іргелі міндеттер тұр.

Егемен Қазақстан
13.02.2019 443
2

Филиал директоры  Лариса Гордееваның сөзіне қарағанда, былтыр міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің электрондық ақпараттық жүйесі мен ақпараттық ресурстарын құру және дамыту бойынша бірқатар шаралар атқарылған. Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен аударымдар мен жарналар көлемі 5,7 миллиард теңгеден асқан. Биылдан бастап өз бетінше жұмыспен қамтылған халық тек міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде ғана емес, сондай-ақ зейнетақы, салық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінде де бірыңғай төлемге қатыса алады. Бұл төлем қызметкерлердің еңбекақысын пайдаланбайтын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өздері жұмыс жасайтын немесе жеке тұлғаларға қызмет көрсететін тұрғындарға қолданылады.

«Болжам бойынша, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі толық іске қосылатын 2020 жылы жинақ көлемі 240 млрд. теңгеге жетеді. Бұл қаражат МӘМС пакеті арқылы халыққа көрсетілетін медициналық көмектерге төленеді. Біз 52 денсаулық сақтау ұйымымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарамыз. Бүгінгі таңда медициналық сақтандыру қорының қызметтері қызмет жеткізушілер тарапынан халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ғана қолданылады», дейді Л. Гордеева.

Сондай-ақ амбулаториялық-емханалық негізде тегін медициналық көмек кепілдігі аясында  «СК-Фармация» арқылы науқастарға  дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынады. Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелде емделуі мен жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын бірегей қызметтерді көрсету функциялары  қордың әкімшілендіруіне беріліп,бұл  мақсаттарға 5,6 миллиард теңге қарастырылған.

 Филиал жетекшісі сақтандыру төлемдерін тек жұмыс берушілер ғана төлейтінін жеткізді. Олар қорға жұмысшы табысының 1,5% көлемінде жарна аударады. Қаржы жұмыскердің өз қаражаты есебінен босатылады. Ал 2020 жылдан бастап мемлекет азаматтардың 13 санатына сақтандыру жарнасын аудара бастайды. Олардың арасында балалар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған аналар, мүгедектер, мүгедек балалардың күтушілері, ресми тіркелген жұмыссыздар, интернат тәрбиеленушілері, студенттер, изоляторлар мен қамауда отырған тұлғалар, жұмыс істемейтін оралмандар бар.

Емханалық-амбулаторлық көмекті дамыту бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады. Денсаулық сақтау жүйесінде жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін азайту, ауруларды басқару бағдарламасын енгізу, емханалық-амбулаторлық көмек пен жедел жәрдем тарифтерін көтеру сияқты маңызды міндеттер тұр. Жалпы алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  республикада 972,7 миллиард  теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш  өткен жылмен салыстырғанда 5% -ға артық.

«Біздің басты міндетіміз халықты кепілдендірілген көлемдегі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру пакеттерін толық ұсыну болып табылады. Бұл орайда қолданыстағы ақпараттық жүйелерді  одан әрі жетілдірудің, толық интеграциялаудың, кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор, Ең бастысы, адамдар 2020 жылға дейін ешкім тегін медициналық көмексіз қалмайтынын түсінуі керек», дейді Лариса Гордеева.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу