Сомали сауда қатынасын нығайтуға ниетті

Шілденің алғашқы күні ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Сомали Федеративтік Республикасы ұлттық күнін тойлады. Астанадағы жиында жасыл энергетиканы қолдайтындықтарын білдірген сомалиліктер – өте көңілді халық. Ән мен биді жандары сүйеді екен. Ұлттық мерекелеріне салт-дәстүрлерінен танытатын бағдарлама дайындап әкелген.
Егемен Қазақстан
03.07.2017 1129
2

Мемлекеттің танымал әншісі Ник Косова шарада Сомали дәстүрлі әуендерінің желісіне құрылған афро-поп әндерін орындады. Олардың ЭКСПО-дағы төл мей­рамын дәл 1 шілдеге орайластыруының өзіндік мәні бар екен. 1960 жылдың 1 шілдесінде Сомали-ленд пен Сомали бірігіп, Сомали мемлекетін құрған. Қазір федеративтік республика. Сонау Шығыс Африкадан келген сомалиліктердің айтуынша, елдерінде жиі құр­ғақшылық болады. Сондықтан жасыл энергетиканы, осы салаға қатысты технология­ны меңгеру жолдарын қарас­тыруда. Олардың басты мақ­саты – баламалы энергияны қолдануда көш бастап тұрған мемлекеттердің озық жобаларымен танысып, әріптестік орнату. 

Мерекенің ресми бөлімінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жау­апты хатшысы Жанат Қо­жах­метов сөз сөйлеп, қонақ­тарға деген жылы лебізін біл­дірді. Өз кезегінде Сомали Премьер-министрінің эко­но­микалық мәселелер жө­ніндегі аға кеңесшісі Абдул­лахи Юсуф Мохамед екі мем­лекеттің де Ислам ынты­мақтастығы ұйымына мүше және дипломатиялық қарым-қатынаста екенін айтты. «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанмен сауда қарым-қатынасын нығайтуға ниеттіміз. Сол арқылы жасыл технология, мұнай-газ және тау-кен барлау жұ­мыс­тары салаларындағы ын­­тымақтастықтың негізін қалаймыз», деді ол. Абдуллахи Юсуфтың айтуынша, көр­ме­нің «Болашақ энергиясы» тақырыбы қазба отынға тәуел­ділікті барынша азайтуды зерт­тейтін өте маңызды жоба. Сомали шара аясында мәдени және жаңартылатын энергия бастамаларын ұсынады, идея­ларымен бөліседі, алмасады. 

Сомали республикасының өкілі Лушку Валушику Африка құрлығынан ЭКСПО-2017 көрмесіне жиырмаға жуық мемлекет қатысып жатқанын жеткізді. Барлығы да жа­ңартылған энергияны та­быстың көзі санайды екен. «Сомалидің де күн энергиясына қатысты жобалары бар. Оны әлі де толықтыра түссек дейміз. Бізге бастысы тәжірибе жинақтау керек. Ал Қазақстан маған ұнады. Көрменің дәл осылай жоғары деңгейде өтіп жатқандығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар­қасы дер едім», деп ағынан жарылды ол.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

«Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебінде сабақ басталды

24.01.2019

Қызылордада кәсіпкерге артық салық салынған

24.01.2019

Евгений Егембердиевтің Грозныйдағы турнирдегі қарсыласы анықталды

24.01.2019

Білім гранты - жарқын болашақ кепілі

24.01.2019

Нью-Йорк Таймс: Тұйықсу мұздығы түгесіліп барады

24.01.2019

Абылайхан Қайроллаев: Жастар жылында іргелі міндеттер белгілеп отырмыз

24.01.2019

Бақыт Сұлтанов «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

24.01.2019

Надежда Ногайға «допинг қолданды» деген айып тағылды

24.01.2019

Дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасы Токиода жаттығып жүр

24.01.2019

Арайлым ЕСІМБЕКҚЫЗЫ: Флеш-моб, форумдарды азайтып, нақты жұмыстарды қолға аламыз

24.01.2019

Швецияда допты хоккейден әлем чемпионаты басталады

24.01.2019

Алматы облысының полицейлері телефон «лаңкесін» анықтады

24.01.2019

Жастарды қолдау – болашақты бағамдау

24.01.2019

Маңғыстауда онкологиялық аурулар салдарынан көз жұмғандар саны азайған

24.01.2019

Атыраудағы мигранттар неге заңды менсінбейді?

24.01.2019

Боинг компаниясы алғашқы әуе таксиін таныстырды

24.01.2019

Маңғыстауда «Protecting Business and investments» жобасы аясында кәсіпкерлерден 29 өтініш түскен

24.01.2019

Алматы облысында Нұрғиса Тілендиев ауылында ІТ сынып ашылды

24.01.2019

Саран қаласында жаңа күн электр стансасы іске қосылды

24.01.2019

Қостанайда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы чемпионат басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу