Сөз сойыл №38

«Тауық» деген ауылдың «Балапан» көшесіндегі қытқыттардың қорасы. Таңғы сағат 6:00. Қонақтап отырған қарт қызыл әтеш селк етіп оянып кетті де, өңешін кере «Ку-ка-ре-ку-уу» деп ышқына айқайлады.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 6976

Ку-ка-ре-ку

«Тауық» деген ауылдың «Балапан» көшесіндегі қытқыттардың қорасы. Таңғы сағат 6:00. Қонақтап отырған қарт қызыл әтеш селк етіп оянып кетті де, өңешін кере «Ку-ка-ре-ку-уу» деп ышқына айқайлады. Ышқынған дауыс­тан оянған мекиендер де қыт-қыттап қозғала бастады. Бұрыш жақта қонақтап отырған балапан сұр әтеш те мен де қалыспайын дегендей, «ку-ку-куу!» деп тұншыққан дауыспен үн қосты.

Көзі қызарған қызыл әтеш қанатын қағып-қағып жіберіп, сөз бастап кетті.

− Жарандар, сілкініңдер! Бүгінгі атып келе жатқан мына таң біздер үшін өте ерекше. Олай дейтінім – 12 жылдан кейін келіп тұратын біздің «юбилей». Әрине, бұл «юбилейге» жете алмай кеткен туыстар қаншама?.. Бұл әлемде әділетсіздік бар, қарқылдап жүрген қара қарғаға 300 жыл өмір бергенде, біз байғұстарға 10 жыл өмір берген. Нешауа, бірақ бұған налымайық, асарымды асадым, жасарымды жасадым, маңыраманы айтпағанда, тауық жасындай жасым қалды деп пенделер айтып отырады, берген ғұмырға шүкіршілік дейік.
Енді жылымыз, то-есть «юбилейіміз» келгесін ата-тегімізді түгендеп, алдағы міндеттерімізді де белгілеп алайықшы деген ой еді менікі.

Қызыл көз қызыл әтеш жан-жағына қоқилана бір қарап алды да, сөзін әрі қарай жалғастырды.

– Байқап жүрсіңдер ме, біздің тарихымызды бұрмалап жүр. Тіпті, қалай жаратылғанымызды да білмейді. Түсінбей тұрсаңдар айтайын. Мына пенделер: «Бірінші жұмыртқа пайда болды ма, әлде жұмыртқаны табатын біздер пайда болдық па?» – деп әлі соның түбіне жете алмай келеді. Ал мен айтар едім, біздер оттан пайда болдық. Неге дейсіздер ғой. Өрт болса, «Қызыл әтеш» шабындықты жалмап кетті, аула-қораны қармап кетті», – деп жарыса шулап жазып жатады. Осыған ой жіберсек, оттан жаралмағанда қайдан жаратылып отырмыз?..
Әнеубір қиырда жатқан елдегі бір ақын: «Оттың құдайы – Прометей», – деп айтып кетіпті. Мен бұған категорический қарсымын. Так што, осы тегімізді өзімізге қайтарып алуымыз керек. Бұл бірінші міндет.

Тағы бір алдымызда үлкен міндет тұр. Жылымызға орай елде «Жұмыртқа» деген бағдарлама қабылданып жатыр. Соған үлес қосу керек. Әрине, табиғатымызда жоқ – бір күнде мына қонақтап отырған сендер 2-3 жұмыртқадан таба алмайсыңдар. Сондықтан бағдарламаны орындау үшін «Сарыауыздарды» көптеп басып шығарасыңдар, жұмыртқа табатындар көбейеді.

Бірақ арамызда біздің салтымызды бұзып жүргендер де бар. Фактімен айтайын, мына жанымда қонақтап отырған «Қоңыр» 11 жұмыртқа басқан болатын, қалай атайтын еді? Өзінің атын өзі шақыратынның бес «сары­ауызын» дүниеге әкелді. Знашить, сен біздің ата дәстүрімізге кір келтіріп отырсың, – деп қасындағы «Қоңырға» қызыл көзін бір адырайтып қойды.
Осы кезде шеткері жақта қартайып, мүлги қонақтап отырған «Ақсұр» әңгімеге араласты.

– Әтеке, сабыр етіңіз! «Юбилейімізге» байланысты жыл бойы өтетін шаралар да белгіленіп қойғанын естіп жатырмын. Олардың ішінде бір күн сағатқа қарамай сіздің шақыратын уақытыңызға ыңғайластырылған «Әтеш шақыру» сияқты ата-баба салтын жаңғыртатын күн, әр ауылдың мықты әтештерін жинап алып төбелестіретін «Төбелесқор әтеш» спорттық ойындары да бар екен. Бұл шаралардан біздің де үрім-бұтағымыз шет қалмайды деп ойлаймын. Әтеке! Енді жоғары жаққа жеткізетін мұңдарымыз да бар. Соның бірі – арасында аунап, тазарып алатын ауылда бұрынғыдай күл жоқ. Бәрің көріп жүрсіңдер, барлық ауылдарға көгілдір отын деген пәле кіргеннен бері ешкім тезек теріп, от жақпайды. Тезек жақпағасын күл болмайды. Басқасын айтпай-ақ қояйын, өз қожайынымыздың үйінде мал жоқ, күл жоқ, көң жоқ. Соның кесірінен менің соңғы «кенжелерімнің» көбі қотыр болып өліп қалды. Тағы бір айтар мәселе – біздің туыстарымыз жұмыртқалап жатыр. Бағдарламаны орындау жолында еңбектене береміз. Бірақ есеп қате сияқты. Олай дейтінім – өткенде қораның жанына жел ұшырып әкелген аудандық газеттегі – «Тауық» ауылы маусым айында 2017 дана жұмыртқа өндірді, – делінген сөйлемге көзім түсті. Ал бізді біреулер келіп санап жатыр ма? Дүдәмал сандар… Сондықтан, Әтеке, сіз түрлі жиындарға барып жүрсіз ғой. Осыны дөкейлерге қанатыңызды қомдап-қомдап жіберіп жеткізсеңіз, – деп қырылдаған дауысымен қыт-қыттап алды да тұмсығын қанатының астына тығып, қайтадан қалғып кетті.

Қызыл көзді қызыл әтештің тамағы жыбырлап кетті… Өйткені, сағат таңғы 7:00-ді көрсетіп тұр екен. Бар дауысымен, «ку-ка-ре-ку!», – деп айқайға бас­ты. Бұған «Тауық» ауылының әтештері қосылды. Ку-ка-ре-ку-ууу!

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Батыс Қазақстан облысы


Келген жылға бата

Тауық жылында:
«Батам, батам, батпасын,
Батам жерде жатпасын».
Қашып кетсең еліңнен,
Интерпол да таппасын!
«Қатын алма, қайын ал»,
Қайын ал да, байып ал.
Керегіңше «сіміріп»,
Газ, мұнайға «тойып» ал.
Тойып ал да, «батыстан»
Қымбат сарай, банкті,
Таңдап тұрып, «ойып» ал.
Көре алмаған дұшпаның
Арызданса «финполға»,
Тездеп тауып амалды,
Жалтыратып табанды,
Еуропаға тайып ал.
Қатырма босқа басыңды,
Жүрем деп елге «тұтқа» боп.
Сайлауға түс одан да,
«Подставной утка» боп.
Ғажап жерге барасың,
Бармағыңды жалайсың,
Жалақыңды аласың!
Ұмыт болып уәдең
«Халәуләйға» саласың!
Көп сөйлесең «қышынып»,
«Қазақ тілі» деп, «халық» деп,
Келесі науқан келгенде,
«Экс» болып «еңіреп»
Айдалада қаласың.
Шығармасаң үніңді,
Төрт-бес дүркін қайтадан
Шенеунік боп қаласың.
Осы бата дарыса,
Көп-көрім портфель аласың!
Әумин!

Аймұхамбет БЕЙСЕМБЕКОВ

Семей

Мен жайлы мәтел-сымақ

Әтешке шақыр десең –
таң атсын дейді.

Табақты үйдің тауығы қос жұмыртқа туады.

Әтеш тоты құстың жүрісіне салам деп өз жүрісінен айырылыпты.

Көршінің тауығы – қаздай, қатыны – қыздай.

Тауықтың шақырғанынан таң атпайды.

Жұмыртқалаған тауық көбінесе
кішігірім планета туғандай қытқыттайды.

Тауық – құс емес, жалқау – кісі емес.

Істерге қара жоқтықтан

Ескі жылдың соңғы жұмыс күні бітіп, істерге қара жоқ, қол не алға, не артқа сыймай есеңгіреп отырғанша деп Ақалақ досыма телефон соқтым.
— Не істеп жатырсың, — дейді.
— Не істеуші едік, істерге қара жоқ.
— Кездессек қайтеді, — дейді.
— Істерге іс жоқ адам кездесуден қашушы ма еді.
— Бір-екі қыз-қырқын ала барсам, қарсылық жоқ па? — дейді. Іш пысып, табан қышып отырған адамда қайдан ғана қарсылық бола қойсын.
Танысқанымыз сол, қыз-қырқын:
— Кафеге барсақ, — деген болды.
Істерге қара жоқ, қолтықтап жүріп бердік.
Кафеден шыққан соң Ақалақ досым үйіне шақырды. Не істеуші едік, бара қалдық.
Ақалақ досымнан шығар-шықпастан — бағана танысып, содан бері қолтықтап алған Гүлгүл есімді қыз бала:
— Шығарып салатын шығарсың, —деді.
Істерге қара жоқ, келісе кеттім.
Есік алдында керіліп-созылып тұрып Гүлгүлім:
— Кофе ішуге қалайсың? — деді. Қыз баланың қолын қағып көрмеген басым үнсіз үйге кірдім.
— Кеш боп кетіпті, қона салыңыз? — деді Гүлгүл.
…Түнегендікі ме, оңашада оң жамбастап жатып ой бөліскендікі ме… тауық жылының алғашқы мереке күндері істерге қара жоқ, Гүлгүлге бауыр басып қалыппын…
Не керек, әңгіменің тоқетері:
— Менімен некеге тұруға барсаң қайтеді, — деді Гүлгүл. Маған бәрібір, істерге қара жоқ, ілесіп жүріп бердім.
Е, енді менің істерге ісім табылды: үй жинаймын, тамақ пісіру, ыдыс-аяқ жуу, Гүлгүлді кешке күтіп алу, қолтықтап қонаққа бару, қас-қа­бағына қарау… не керек, істерге қара жоқтан құтылдым. Сіңбіруге мұрша жоқ, кей-кейде бір кездегі «істерге қара жоқ» арман күнімді еске алып есеңгіреп алайын десем де мұрша бола бермейді. Өйткені, қалт етсе әйелдің айтуымен кір-қоқысты шығарамын, кілем-төсенішті қағып-сілкілеймін, базар-дүкен арасында алашапқынмын… Не керек, жаңа жылдан бастап «істерге қара жоқтан» құтылдым.

Петро ФЕДОТЮК


Ұпай санымен ұтыпты…

Жаңа жыл – Наурыз мерекесiнiң алғашқы күні Қиястың үйiнiң жанында ылғи қолы бос бес-алты жiгiт жиналып, ерiккеннен қысыр әңгiменi соғып отырғанбыз. Алыстан алқына-жұлқына көршiмiз Мысық­бай жанымызға жетiп келдi. Қатты ентiккеннен қара қошқыл өңi өрт сөндiргендей әлем-тапырақ.
– Жiгiттер, менiң қызыл қоразымды көрдiңдер ме? – дедi демiн әрең алып.
– Е, бiз сенiң қызыл қоразыңды бағып отыр ма едiк? Қайдан бiлейiк? – деп бiз де мырс ете қалдық.
Бiздiң самарқау айтқан сөздерiмiзге шамданып қалды ма, әйтеуiр Мысықбай қызыл ала көздерiн бажырайтып:
– Бақпасаңдар, көздерiңе түспедi ме деп адам құсап сұрап тұрмын ғой. Бұлардан сұрасаң да бәлеге қаласың… Қап, атаңа нәлет, пышаққа iлiнгiр, қайда кеттi екен, ә? – деп Мысықбай өзiмен-өзi сөйлеп, көше шетiндегi Бұранның үйiне кiрiп кеттi.
Арамыздағы қысыр әңгiме қайтадан жалғасты. Көп кешiкпей-ақ Мысекеңнiң жалпақ бетi, күдiрейген жотасы, екi езуi құлағына жеткен «сүйкiмдi» жүзi қайта көрiндi. Бойына сыймаған қуанышын жасыра алмаған Мысықбай, бiз сұрамай жатып-ақ бiрден әңгiме тиегiн ағыта жөнелдi.
– Бұранның үйiне барсам, бiздiң қораз бен олардың ақ қоразы жоңышқалықта қырғын ұрыс салып жатыр екен. Құдайдың құдiретiн айтсаңшы, бiздiң қызыл қораз басқарған тауықтар бiр жақта да, олардiкi бiр жаққа жиналыпты. Содан жан алысып, жан берiсер қып-қызыл төбелес басталып кетпесi бар ма! «Иә, аруақ! Айналайын ата-бабамның аруағы қолдай гөр!» – деп бiр Аллаға сыйынып, алақаныма түкiрiп айқайлап қойып мен тұрмын. Ой, екеуi ашық алаңда армансыз бiр төбелестi дейсiң. Бұранның ақ қоразы да шымыр бәле екен. Бiрақ халықаралық аренаға көп шықпағандықтан, тәжiрибесi менiкiне қарағанда аздау сияқты ма, қалай…
– Сонымен, Мысеке, қайсысы жеңдi? – деп бiз шу ете түстiк шыда­мы­мыз таусылып. Мысықбай жауап орнына қолын сермеп қалды.
– Ой­пыр­май, қоя тұрсаңдаршы ендi, айтып болайық та! Сонымен екi қораз жарты сағаттай төбелестi. Ақыры бұл тартысты жекпе-жекте талай шай­қасты бастан кешкен, тiсқаққан, тәжiрибесi мол, «көптi көрген» менiң қызыл қоразым қарсыласын ұпай санымен жеңiп шықты ғой…
Бiз көшенi басымызға көтере күле жөнел­дiк. Ал Мысекең болса «Әне, бұлар­ға шындықты айтсаң да сенбейдi» де­гендей басын шайқап қалды. Сол сәт Бұранның қақпасынан қызыл қоразды алдына салып, тырқырата қуып бара жатқан ақ қоразды көрдiк. «Ұялған тек тұрмас» дегендей қасы­мыз­да тұрған Мысекең ауыр денесiн ебе­дейсiз икем­деп, құйын-перiн болып қашып бара жатқан қоразының арты­нан тұра жүгiрдi. Бiрақ бұл жолы Бұран­ның ақ қоразы Мысекеңнiң қызыл қоразын ұпай санымен емес, айқын басымдылықпен қуып бара жатқандай көрiндi…

Орынтай КӨМЕКОВ

Оңтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы

23.05.2018

Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

23.05.2018

Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды

23.05.2018

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

23.05.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті

23.05.2018

Менингиттен қалай қорғану керек?

23.05.2018

«Баян сұлу» жобасының жеңімпазы анықталды

23.05.2018

Қазақ әдебиеті әлем тілдерінде сөйлейді

23.05.2018

Л.Гирш көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды

23.05.2018

Қазақстан Президенті қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті

23.05.2018

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

23.05.2018

Сотқа жүгінбей татуласуға болады

23.05.2018

«Петропавл–Қорған» бағытындағы тас жолға 27 миллиард теңге бөлінбек

23.05.2018

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

23.05.2018

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

23.05.2018

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

23.05.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ

23.05.2018

«Арсеналға» жаңа бапкер келді

23.05.2018

Елбасы V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

23.05.2018

Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу