Стратегиялық серіктестер сенімі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ-Сик, Сербия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Владан Матич, Индонезия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Прамоно, сондай-ақ, Румынияның Төтенше және өкілетті елшісі Чезар-Маноле Армяну Сенім грамотасын тапсырды.
Егемен Қазақстан
31.05.2017 1229
2

Рәсім барысында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дип­ло­матиялық қызметінің басталуы­мен құт­тықтап, олардың жұмысы мем­леке­таралық ынты­мақтастықты нығай­туға бағытталатынына сенім біл­дірді. Сон­дай-ақ, Елбасы олар­дың Қа­зақ­стан­дағы дипломатиялық миссиясы мем­лекетіміз үшін жаңа тарихи кезеңде бас­талғалы тұрғанын айтты.

«Бұл – сіздердің дипломатия сала­сында жеткен үлкен шыңдарыңыз. Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өткен елміз, жас мемлекетпіз. Осы жылдар бедерінде көп қиындықты еңсеріп, Қа­зақстанды дүние жүзінің картасына орналастырдық. Өсіп, өркендеп келе жатқан елдердің қатарына қостық. Енді Қазақстан өз өркендеуінің Үшінші ке­зеңіне қадам басты. Елімізде индус­трияландыру бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бәсекеге қабілетті жас­тар тәрбиелеу мақсатымен рухани жаңғыруды қолға алдық. Осы аталған бастамаларымыздың түпкі мақсаты, бас­ты бағыты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қа­тарына қосылу», – деді Мемлекет басшы­сы.

 Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өңір­дегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақ­тауға қатысты бастамаларына, сон­дай-ақ, одан әрі даму мен өзара ынты­мақтастықты қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырған шараларына тоқталып, Қа­зақстанның сыртқы саясаттағы қыз­ме­тінің нәтижелеріне назар аударды. «Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз міндеттерін толық орындауда. Жаһандық ұйымның беделді органына өңір атынан өкілдік ету – біз үшін үлкен мәртебе. Еліміз дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі түйткілдер мен шиеленістерді шешуге белсене атсалысып келеді. Солардың бірі – Сириядағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу мәселесі. Біз бұл проблеманы тек келіссөздер арқылы ғана шешуге болады деп ойлаймыз. Сондықтан, Астанада Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция өкілдері алғаш рет бір үстел басында кездесіп, сөйлесіп, бір-бірімен келіссөздер жүргізді», – деді бұл жөнінде Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев санаулы күндерден соң Астанада «Бо­ла­шақтың энергиясы» деген тақырыппен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі өтетініне, оған әлемнің 100-ден астам елі қатысатынына тоқталды. «Бұл көрме адамзаттың бүгінгі таңдағы озық жетістіктерін көрсетіп, оларды на­сихаттауға бағытталатын болады. Көрме аяқталғаннан кейін оның базасында «Ас­тана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Сіздер ЭКСПО-2017 көр­месін өткізуге белсене атсалысады деп сенемін және «Астана» халықаралық қаржы орталығына сіздердің мемлекеттеріңіз үлкен қолдау білдіреді деп үміттенемін», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қолайлы инвес­ти­циялық ахуалды қамтамасыз ету, еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалану жұмысының нәтижесіне де назар аударып, шетелдік бизнес өкілдерінің Қазақ­стандағы жобаларды іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті. «Еліміз шетелдік серіктестермен сау­да-экономикалық, инвестициялық ынты­мақтастыққа айрықша көңіл бөлуде. Қазақ­станда бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі іс-шаралар атқарылып келеді.

Инвесторларға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Сондықтан, өз елдеріңіз­дегі бизнесмендерге Қазақстанға келіп, жұмыс істеу қолайлы әрі пайдалы екенін түсіндірерсіздер деп ойлаймын. Оларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Бұған қоса, инвесторлармен жұмыс істейтін «Қазақинвест» деген ұлттық компания құрылды. Сонымен қатар, «Қазақэкспорт» атты ұлттық компания экспортқа шығатын ұлттық тауарларды қолдайтын болады. Біздің еліміз арқылы Азия мен Еуропаны жалғайтын төте жолдар, яғни автокөлік, темір жол­дары өтеді. Бұл орайда, Қазақстан үлкен транзиттік мемлекет болғалы тұр. «Нұрлы жол» бағдарламасы міне, осы­ған бағытталған. Біздің осы бастамамыз Еуразия кеңістігіндегі басқа инфра­құ­ры­лымдық жобалармен ұштасып жатыр. Ол ортақ континентіміздегі өзара ық­­пал­дастықты одан әрі дамытуға не­гіз­­делген. Қазір Қазақстанда ин­­дус­­­триялық-инновациялық даму бағ­дар­­­­ла­масы қолға алынып, ауқымды же­ке­­ше­­­лендіру науқаны жүріп жатыр. Сіз­дер­­­дің елдеріңіздің кәсіпкерлері осын­дай ма­ңызды жобаларымызға атсалыса­ды деп ойлаймыз. Мәселен, Тынық мұ­хи­тының жағасындағы Ляньюньган портынан шығатын контейнерлер Қытай-Қа­зақ­стан-Ресей арқылы Еуропаға 15 тәу­лікте жетеді. Қазірдің өзінде 1200 контей­нер жүріп жатыр. 2020 жылға дейін бұл көр­сеткіш 2 жарым есе өседі деп жоспар­лап отырмыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыдан кейін Қазақстан Президенті елі­міз өз егемендігінің алғашқы кезеңінен бастап мемлекетаралық деңгейде сындарлы диалог пен ынтымақтастыққа негіз­дел­ген саясат жүргізіп келе жатқанын айтты.

 «Корея Республикасы – Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Мен Сеулге былтырғы қарашадағы мем­ле­кеттік сапарымның нәтижесін жоғары ба­ға­лаймын. Қол жеткізген уағда­ла­с­тық­тар стратегиялық серіктестігімізді ны­ғайта түсуге септігін тигізеді деп сене­мін. Жаңадан сайланған президентті құт­тықтауымда мен осы уағдаластықтар мен келіссөздерді одан әрі жүргізеді деп сенім білдірдім. Қазақстан экономи­касы үшін Оңтүстік Корея өңірдегі ең ірі инвесторлардың бірі болып санала­ды. Қазақстан дипломатиясының күш-жігері Солтүстік Кореяға қатысты мәселені тек бейбіт келіссөздер арқылы шешу­ге бағытталған. Мен осы өңірде бейбіт­шілік орнайтынына сенемін. Екі­жақты ынтымақтастықты барлық салада одан әрі дамыту жолдарын тал­қы­лау үшін Пре­зидент Мун Чже Иннің Қа­зақ­стан­ға сапармен келуін күтеміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан әрі Мемлекет басшысы Қа­зақстан Оңтүстік Азия өңіріндегі сенімді серіктес Индонезиямен арадағы диалог қарқынды түрде дамып келе жатқанын, екі ел қарым-қатынасының дамуында ілгерілеушілік бар екенін атап өтіп, саяси және халықаралық мәселелерге қатысты Астана мен Жакартаның көзқарастары ұқсас екеніне назар аударды. «Астана мен Жакартаның саяси, халықаралық мә­се­лелерге көзқарасы бірдей. Екі ме­м­лекеттің сауда-экономикалық қа­рым-қатынасының әлеуеті жоғары. Бұл саладағы ықпалдастықты дамыту үшін үкі­меттеріміз белсене қызмет атқа­руға тиіс. Сіздер оған септігін тигі­зеді деп сенемін. Биылғы қыркүйекте Ас­тана­да өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйы­мының Ғылым мен технологиялар жөніндегі саммитіне Индонезия прези­денті Джоко Видодоның қатысуын күтіп отыр­мыз. Біз биыл Эр-Риядтағы кездесуде де осы мәселе жөнінде сөйлестік», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Рес­пуб­ликасымен арадағы қарым-қатынастың да жүйелі әрі дәйекті түрде дамып келе жат­қанын жеткізді. «Қазақстан мен Сер­биямен арада мықты саяси ынты­мақтастық және сенім бар. Елдеріміздің байланысын нығайтуға соңғы екі жылдағы жоғары деңгейде өткен сапарлар тың серпін берді. Екіжақты саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор. Сондай-ақ, Ас­тана-ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына Сербияның жаңа Президенті А.Вучичтің қатысатынын атап өткім келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Мемлекет басшысы Қазақстанның Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес – Румыниямен өзара тиімді ынты­мақ­тастықты одан әрі дамытуға баса мән беретінін айтты. Бұл ретте: «Румын экономикасының энергетика саласына Қазақстан салған инвестиция мемлекеттер арасындағы кооперацияның айшықты айғағы», – дей келе, Нұрсұлтан Назарбаев Астана мен Бухарест арасындағы ын­ты­­­ма­­қ­­тастықты серіктестіктің жоғары дең­­­гейіне көтеруге мүдделі екенімізді жет­­­кізді.

Сөзінің соңында Мемлекет басшы­сы дипломаттарды Қазақстандағы мис­сия­сының басталуымен тағы да құттықтап, ын­­ты­мақтастықты нығайту жолындағы іс­­теріне сәттілік, жұмыстарына табыс тіледі.

Бұдан кейін Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын тапсырған Төтенше және өкілетті елшілер БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Корея Республикасының елі­міздегі Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ-Сик қос тарап арасында дипломатиялық ынтымақтастық орнаған 25 жылдың ішінде өзара байланыс тетігі нығайып келе жатқанын жеткізді. «2009 жылдан бастап біздің қарым-қатынасымыз стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне көтерілді. Мен өз тарапымнан электронды үкімет, мемлекеттік басқару, адами ресурстарды басқару секілді мәселелерді, жалпы екіжақты байланысты кез келген салада одан әрі дамытуды назарда ұстайтын боламын. Қазір Корея үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесіне белсене қатысуға дайындық шараларын жүргізіп жатыр. Көрме аясында Корея павильоны жаңа технологияларға негізделген озық өнімдерін жұртшылық назарына ұсынатын болады», – деді.

Ал Сербия Республикасының Тө­тен­ше және өкілетті елшісі Владан Ма­тич соңғы бірнеше жылдар бойы қос мемлекет қарым-қатынасының қар­қын ала түскеніне, Сербия үшін Қазақ­стан Орталық Азиядағы маңызды серік­тес­тердің бірі екеніне тоқталды. Ол: «Біз Қазақстанның сыртқы және ішкі сая­сатын қолдаймыз. Мен өз тарапымнан бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұ­мыс­тарды одан әрі жалғастыруға күш са­латын боламын», – деді өз сөзінде.

Ал Индонезия Республикасының Тө­тенше және өкілетті елшісі Рахмат Пра­­моно: «Бүгінде Қазақстан БҰҰ Қауіп­­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше­лігіне сайлануы арқылы әлемде бей­бітшілік пен тыныштықтың орнауына күш салып келеді. Оған Сирия­да қалыптасқан жағдай бойынша Ас­танада бейбіт келіссөздердің жүргі­зілуі дәлел. Сол себепті, Индонезия Қазақ­станның өңірдегі тұрақтылықпен қатар, дүние жүзіндегі қауіпсіздіктің нығаюына қосып отырған үлесін жо­ғары бағалайды. Жалпы, екі мемлекет әріптестігінің даму әлеуеті жоғары. Алдағы уақытта Индонезияның 2 компаниясы фармацев­тика және тау-кен салаларына инвестиция құюды көздеп отыр», – десе, Румынияның Төтенше және өкілетті елшісі Чезар-Маноле Армя­ну Қазақстан мен Румыния биыл 15 шіл­деде дипломатиялық байланыстың орнауының 25 жылдығын атап өтетінін жеткізді. «Қазіргі таңда қос мемлекет ара­сында президенттік, парламенттік, үкі­меттік деңгейде жоғары саяси үн­қатысу орнаған. Экономика, мәде­ниет, білім-ғылым салаларында жақ­сы деңгейдегі әріптестік жолға қойыл­ған. Мен алдағы уақытта екі­жақты келіс­сөздер көкжиегінің ке­ңеюіне, оның ішінде экономика, сауда, инновациялық технологиялар, адами ресурстарды бас­қару, білім-ғылым, мә­дениет пен спорт салаларындағы байланысты жандандыру жолында еңбек ететін боламын», – деді Чезар-Маноле Армяну.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.10.2018

ІІМ:1 қаңтардан тіркелмеген телефонға байланыс қызметі көрсетілмейді

22.10.2018

Алматыда жасөспірімдерге арналған футбол орталығы ашылды

22.10.2018

Талдықорғанда «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» атты дебат өтті

22.10.2018

7-20-25: Қазақстанда 2,5 мыңнан астам өтінім мақұлданды

22.10.2018

Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар бекітілді

22.10.2018

Түркі әлемі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығын тойлады

22.10.2018

АҚШ-тың Сауда министрі Уилбер Росс Қазақстанға келе жатыр

22.10.2018

Қазақ әдебиетінің жинақтары қытай, араб тілдерінде жарық көреді

22.10.2018

Ақтауда «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүргізілді

22.10.2018

Павлодарда дәмханалардың жұмысын түнгі 11-ге дейін қысқарту ұсынылды

22.10.2018

Оралда жазушы Хамза Есенжановқа ескерткіш орнатылды

22.10.2018

Парламент депутаттары Оралда үш ауысымда оқытатын мектепте болды

22.10.2018

Менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай талқыланды

22.10.2018

«Мигранттар керуені» Мексикаға бет алды

22.10.2018

Өнер жұлдыздары «Денсаулық елшісі» атанды

22.10.2018

23-25 қазан: Жылы және жауын-шашынсыз

22.10.2018

Маңғыстау облысы толықтай цифрлық телевизияға қосылды

22.10.2018

eGov.kz порталында онлайн режимінде «тіркеу кітабы» жүзеге асты

22.10.2018

Солтүстік Қазақстанда азық-түлік пен ақылы қызметтер қымбаттаған

22.10.2018

Ескек есуден Азия чемпионаты: Қазақстандықтар үш медаль еншіледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу