Су басқан жолдардың сұрауы жоқ па?

Павлодар облысы аумағын­да­ғы республикалық маңыздағы көлік жол­дарының ұзындығы 1510 шақырымды құрайды. Оның ішінде «Қазақкөлік жолы» Р­МК облыс филиалының к­ү­тіп ұс­тауы­­на тиісті жолдың ұзын­дығы 1143 ша­қырым.
Егемен Қазақстан
11.04.2017 433

Ал рес­пуб­ли­ка­лық көлік жолдарын күтіп-ұстау «Қазақ­көлік жолы» меке­месі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компа­ния­сы арасындағы шарттың негізінде жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа өткен жылы 1 млрд 150 млн 756 мың 90 теңге бөлініпті.

Жалпы, айтар бір-ақ нәрсе бар: ол көктемде өңірдегі жүріп өтетін тас­қын судың зардабы. Жыл сайын рес­пуб­ликалық маңыздағы Қалқаман – Май­қайың – Баянауыл – Ульянов – Керней жолын су басады. Биыл да солай. Тағы да жолды су басты, тіпті төтенше жағ­дайлар департаментінің хабарына қара­ғанда, облыс әкімі Болат Бақауовтың өзі бүкіл комиссияны жинап, тасқын суда қалған осы жол бойына жедел жет­се керек. Жолды су басты дегеніңіз, қара­пайым халықтың күнделікті тыныс-тір­­ші­лігіне қиындық тудырып, облыс орта­лығы, аудан, ауылдармен байланыс үзілді деген сөз.

Екіншіден, «ҚазАвтоЖол» мекеме­сінің жергілікті филиалының хабарынша, республикалық маңыздағы Ленин – Ақсу – Көктөбе – Ақжар – Курчатов, Павлодар – Успенка ауданы – Ресей шекарасы жол­­дарында бір емес, бірнеше рет су жү­р­іп өткен. Облыстық төтенше жағ­­дай­­лар департаменті су тасқы­нының ал­дын алу және апаттық-құтқару шара­ларын тәулік бойы жүргізуде, жер­гілік­ті әкімдіктер суды сору, инертті материа­лдар және құм толтырылған қап­шық­тармен су жолын бөгеу бойынша жұмыс­тарды жүзеге асыруда деп отыр. Облыс орталығына қарасты бір ғана Жетекші ауылының аумағындағы суға тосқын жасау үшін 24 адам мен 8 техника жұмылдырылыпты.

Бір қызығы, тасқын су иек астына келіп тұрғанда, жол­дың бүлінген жерлерінде бәленбай техника, бәленбай жұмысшы күшін жұ­мылдырып, жөндеу жұмыстары жүр­гізілуде деп қанша қаражат шашып, шы­­ғын кеткенге налымай, бәрін жаса­дық деп қуана хабарлайды. Бұл жерде тен­дер «жеңімпазы» болар, бәлкім, Оң­­түс­тік Қазақстаннан, түркістандық «Ақжол» ЖШС-нің жұмысшылары, ма­­ман­­дары жұмыс істепті. Тасқын су­мен алысып, бұзылған учаскелерге су өткіз­­гіш құбырлар орнатыпты. Адам таңғал­ар­лық жағдай. Бұған дейін қайда жүрген?..

Павлодар – Баянауыл бағытындағы тасқын судан бұзылған автожолды бәрі жабылып жүріп, әйтеуір уақытша болса да жөндеген болып, тасқын қаупі азайды деп жатыр. Мысалы, облыстық төтенше жағдайлар департаменті Баян­ауылдың Бірлік ауылын басып өтетін республикалық маңызы бар Қалқаман – Керней автожолының 101 ша­қыры­мын­да 30 метрдей жолды су бұзып өтті. Тәулік бойы жұмыс жүргізіп, жол қайта қал­пына келтірілді. Ол жерде об­лыс­тық ТЖД жедел құтқару жасағы, өрт сөндіру, апаттық-құтқару жұмыстары мекемесі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жұмыс жүргізді деп хабар­лай­ды. Баянауыл ауданы бойын­ша Ульяновский – Керней – Қалқаман жолы­ның үш бірдей бөлігінде су басу оқиға­лары тіркелді. Жаңажолдағы Ескел­ді шатқалы, Торайғыров ауылдық окру­гіне қарасты Көкдомбақ ауылы­ның маңын­­дағы жолдар, Екібастұзға қарас­ты Бес­қауға ауылындағы жолдарда көлік байланысы шектелді. Бұл аумақта 39 маман мен 14 бірлік техника жұмыс жүр­­гізіпті. Тіпті, Майқайың кентінен Баян­­ауыл ауылына қарай тұрғындарды қа­йық­­тармен алып шыққан.

Айтпақшы, Ақсу – Дегелең бойын­дағы темір жолды су басқаны, по­йыз­дардың уақытша Ресей жолына қосылғаны да осы республикалық ма­ңыздағы Ленин – Ақсу – Көктөбе – А­қжар – Курчатов бағытындағы жолды су басуының салдары.

Жыл сайын су өтінде қалатын рес­пуб­­ликалық жолдарға жауаптыларға жауап­кершілік жүктеп, олар заң алдында қашан жауап береді деген заңды сұрақ­тар туындайды. Жылда жабулы қазан жабулы күйінде қала берді. Облыстық про­куратураның бірінші басқармасының бастығы Саят Әбділмановтың айтуын­ша, бұл жолдар мемлекеттік мекеме­лер­­дің құзырында. Алайда, оларда жол­дар­ды күтіп-ұстауға техника жет­кілік­сіз. Ин­вес­тициялар және даму министрлігі­нің рес­публикалық маңызы бар жолдарды жеке кәсіпкерлерге беруді ұсынғаны ойлантады. Техника жеткіліксіз деген сылтау сияқты. Ал жолдарды күтіп-ұстау­ға өткен жылы 1 млрд 150 млн 756 мың 90 теңге бөлініпті. Халық болса, тасқын сумен алысып, көрші ауылға қайықпен жүзіп баруға мәжбүр.

Өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардағы учаскелер шарт бо­йын­ша «Uniserv» ЖШС,  «Дена Рахсаз Кон­тракшн» АҚ ЗТ,  «АҚ-ЖОЛ» ЖШС,  «Автодорсервис» ЖШС, «АБК Автодор НС» ЖШС және «Павлодаржол­дары» ЖШС сияқты мердігерлерге бекі­тіл­ген. Бірақ, республикалық көлік жол­дарын күтіп-ұстау нарығы мемлекет­тік кәсіпорындар монополиясында екенін, ресурстар жетпеген кезде олар қоғам­ның қажетті­лігін қанағаттандырмайты­нын, жол қозғалысына қатысушыларды сапалы қауіпсіз жолдармен қамтамасыз етпей­тінін прокурорлық тексеру барысы көрсеткен. Және республикалық көлік жол­­дарын күтіп-ұстауға бизнес-қауым­дас­­тығының қатысуы да көзделмеген. Осы­ған байланысты, «ҚазАвтоЖол» ұлт­тық компаниясы» АҚ жергілікті фи­лиа­лы­ның әрекетсіздігі, міндеттерін сапа­сыз орындауы, жауапкершілікке тар­тыл­маулары бүкіл өңір тұрғындары тара­пы­нан наразылық тудыруда.

Тасқын су келмей тұрып біз неге ал­дын ала осылай жедел жұмыс жаса­май­мыз?

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәртібі

26.07.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы

26.07.2017

Астаналық марафонға 5000 адам қатысады

26.07.2017

Келер жылы «Еуровидение» Португалияда өтетін болды

26.07.2017

«THR» компаниясы Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға атсалысады

26.07.2017

Талдықорған қаласында саудагерлерге 26 сауда орны тегін беріледі

26.07.2017

«Астана» - «Легия» ойынына қоғамдық автобустар бөлінеді

26.07.2017

Жетісу өңірінде туризмді дамыту шаралары үздіксіз жүргізіледі

26.07.2017

Алматы облысында шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатылады

26.07.2017

Алматы облысынан 65 студент Польшада тегін оқиды

26.07.2017

Петропавлда жазғы биатлоннан ел  чемпионаты аяқталды

26.07.2017

Қарлығаштың ұясы

26.07.2017

Кененнің домбырасы

26.07.2017

Лагерь алауы – бала қалауы

26.07.2017

Қырағы сақшылар қылмыскерлерді құрықтады

26.07.2017

Жамағат доп тебуден жарысады

26.07.2017

Экология проблемасы алаңдатады

26.07.2017

Қос отбасының қуанышы

26.07.2017

Қайырымдылық шараға қарттар дән риза

26.07.2017

Кездесу соңы – келісім

КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мұғалім беделі және репетиторлық

Қазір мектеп абыройы, мұғалім беделі туралы көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүйесі дәуір дамуына қарай әртарап­тан­ды­рылды. Соның бірі – ата-аналардың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау.

Жанболат ҮСЕНОВ, Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры

Өңірлік қауіпсіздіктің ықпалды тетігі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бірнеше страте­гия­лық қағидаттарға негізделген. Олар­дың бір бөлігі елдің ұлттық қау­іпсіздігін, қорғанысқа қабілет­тілігін және егемендігін жан-жақты қам­тамасыз етуге, өңірлік және жа­һан­­дық тұрақтылықты нығайтуға ба­ғытталған.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ұрланған құндылық және ұялы телефон

Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қол­ды болатын бұйым – қалта телефон. Іш­кі іс­тер министрлігі хабарлаған ақ­пар осындай. Лақтыр­­ған таяғың құ­қық қорғау­шы­ларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялы­ның» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу