Сұлулық әлемінің сыры

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Ұлттық музейде ұйымдастырылған шараның бірі – Бәтима Зәуірбекованың «Ұлы Дала өрнектері» атты жеке көрмесінің ашылуы.
Егемен Қазақстан
04.07.2017 1180
2

Ш.Уәлиханов атындағы ҚҒА-ның сыйлықтың лауреаты, Қазақ­стан Республикасына еңбек сіңір­ген қайраткері қазақтан шыққан тұң­ғыш гобеленші қыздың тартымды ту­ын­­дыларын тамашалауға өнерді баға­лайтын жұртшылық молынан жиылды. 
Гобеленнің тарихы шет елдерде 4-5 ғасыр бұрын басталғанымен, біздің елімізде онымен айналысушы­лар өткен ғасырдың 70-жылдары шыға бастады деуге негіз бар. Ерлер арасында тұңғыш гобеленші ретінде Құрасбек Тыныбеков танылса, халық қыздар арасындағы тұңғыш гобеленші деп Бәтима Зәуірбекованы ауызға алады. Анасының ою ойып, сырмақ сырғанын көріп өскен, өзі суретшілікті тәмамдаған Зәуір­бекованың өнердің бұл түрімен біте қайнасуының бір сыры – гобеленнің, яғни, қазақша айтқанда картина көлемінде кішірейген тақыр кілемнің технологиясын оның бала кезден көріп өскенінде болса керек. Еуропада таңсық дүниелердің біздің елімізде таңсық еместігі, күні кешеге дейін әрбір қазақ әйелінің киіз басып, кілем тоқумен айналысқаны, бірақ оны тек тұрмыстық деңгейде тұтынатын заттар ретінде ғана қарастырып, үлкен өнер ретінде насихаттамауы суретшінің «тақыр кілемге» басқаша көзбен қарауына әсер еткен сияқты. Өзінің ішкі әлемін, тіршілікке көз­қарасын, сұлулықты сезінуін Бәтима солайша қылқаламмен қоса жіппен де өріп, өрнектеуге бел буған. 
Бәтима Зәуірбекова тек өз еліміз­бен шектелмей, Франция, Италия, Ұлыбритания, Германия, Түркия, әлемнің тағы да басқа бірқатар мемле­кеттерінде жеке көрмесін өткізіп жүрген айтулы шебер. Көр­меге оның 60-тан аса көркем туындылары қойылды. Сонау жастық шағында салған ең атақты туындыларына қоса, кейінгі кездегі тамаша шығармалары да көрермен көзайымына айналды. 
Шараға жиылған қауымды Мә­дениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлы құттықтады. Ол бей­нелейтін сұлу да сырбаз әрі жұм­­бақ нәзік жандылардың өнер әле­мінде «Зәуірбекованың ару қыздары» деген атаумен танылғанын атап өтті. Сондай-ақ, тарих ғылым­дарының докторы Шайзада Тоқ­табаева суретші-гобеленшінің шығар­машылығын қазақ өнеріндегі жарық құбылысқа теңеді. Оның жұмыстарындағы ерекшелік ретінде позитивті көңіл күйді, нәзік сұлулықты айтты. «Қазір жаһандану ғасыры дейміз. Біздің тіршілігімізде көптеген жағымсыз құбылыстар орын алуда. Оның ішінде терроризм, басқа да деградациялар бар. Ал, Бәтиманың өз әлемі бар. Ол – сұлулық, тыныштық әлемі» − деген ғалым Б.Зәуірбекованың қазақ халқының мәдени бастауларынан нәр алған шығармашылығы ұлтымыздың поэтикалық дүниетанымынан хабар беріп, этникалық таным-түсінігін сақтауға көмектесетінін айтты.

Айгүл СЕЙІЛОВА,
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, 

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2018

Атырауда айқасатындар анықталды

11.12.2018

Қалдықсыз сән әлемі

11.12.2018

2018 жылғы Нобель сыйлығының марапаттау рәсімі өтті

11.12.2018

Үндістанның Гуджарат штатында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

11.12.2018

Геннадий Головкин ІВО рейтингінде көш бастап тұр

11.12.2018

ҚХЛ: «Амурға» әліміз жетпеді

11.12.2018

Жымпитыда атқа міну акциясы басталды

11.12.2018

«Елорда жұлдызы» сыйлығы табысталды

11.12.2018

Ақтөбе облысында Тәуелсіздік күніне орай 32 әлеуметтік нысан ашылады

11.12.2018

Тәуелсіздік – көктен түскен сый емес

11.12.2018

Петропавлда тарихи ғимарат өртке оранды

11.12.2018

Солтүстік Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты еңсеруге бағытталған марафон қорытындыланды

11.12.2018

Қостанай облысында биыл 331 шақырым жол жөнделді

11.12.2018

Сыртқы істер министрлігінде Адам құқықтары күні аталып өтті

11.12.2018

Солтүстік Қазақстанда жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылды

11.12.2018

«Салтанат» десе, салтанат!

11.12.2018

Солтүстік Қазақстанда ауданның жаңа әкімі тағайындалды

11.12.2018

Гран-при иегері Диснейлендке барады

11.12.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Сингапурдағы Елшісінің брифингі өтті

11.12.2018

Көпті қуантқан «Balapan» қаһармандары

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу