Сыртқы саясат саласында ауқымды міндеттер тұр

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауына сәйкес, ел Үкіметі алдына әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауқымды міндеттер жүктелді. Ал сол міндеттерге қол жеткізуде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (сім) негізгі рөлдердің бірін атқарады. Үкіметтің экономикалық блогымен бірлесе отырып, инвестициялық және экспорттық бағыттардағы өзара іс-қимылдың нақты тетігін әзірлеуді қоса алғанда, сыртқы саясат ведомствосын жаңа арнаға қайта бағыттау жұмыстары жүргізілуде.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 2722

Сыртқы істер министрлігі қызметінің өзекті бағыттары шетелдерден инвестициялар тарту, отандық дайын өнім экспорттаушыларды қолдау, индустриялық-инновациялық жобалардың және «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуына көмек көрсету болып табылады.

Бүгінде инвестициялар тарту бойынша кең ауқымды жұмыс үшін қажетті заң­намалық негіздер қалыптастырылып, барлық негізгі институттар құрылған. Қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуал­дың болуын сарапшылар мен ше­т­елдегі бизнес әріптестер де мойын­дап отыр. Дегенмен, бұл жұмысқа ве­дом­с­тво­аралық үйлестіру сапасын көтеру жә­­не қол жеткізілген уағдаластықтардың жү­­зеге асырылуын қамтамасыз ету бө­лігінде кейбір түзетулер енгізілуі тиіс (follow-up). Осыны есепке алған, СІМ, Үкіметтің экономикалық блогымен бір­ле­сіп, Қазақстан экономикасының ба­сым ба­ғыттағы салаларына және қа­зақ­стан­дық экспортты ілгерілетуге арналған шет­­елдік инвестицияларды тарту бойын­ша нақты тетік әзірледі.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысы қай­та­рымды көзқарас тұрғысынан алғанда атал­ған бағыттың сыртқы де­ңгейдегі пер­спективалық тетіктерін айқындап бер­ді: Олар: СІМ белсенді қатысатын Ұлт­тық инвестициялық және экспорттық ст­ра­тегияны әзірлеу және қабылдау; ин­­вестициялар және экспорт жөніндегі ұлт­­тық компаниялар құру; сыртқы сау­да мәселелері бойынша Үкімет құрыл­ы­мын­дағы құзыреттіліктерді қайта бөлу.

Ішкі деңгейде барлық дәрежедегі ин­весторлармен өзара іс-қимыл бойын­ша тиімді институттар құрылған: Олар: Мемлекет басшысының төра­ға­­­­лығымен Шетел инвесторлары ке­ңе­­сінің (ШИК) отырысы жүйе­лі түр­де өткізілуде; Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Премьер-Министрінің бас­шы­лы­ғымен Инвестициялық ахуалды жақ­сарту жөніндегі кеңес (ИАЖК) пен Ин­весторларды тарту инвестициялық шта­бы мәселелері бойынша Үкімет кеңесі қыз­­метін атқаруда; Инвестициялық ом­буд­с­мен институты жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қол­да­ған, «Kazakh Invest» және «Kazakh Export» инвестицияларды тартуға және экс­­портты ілгерілетуге байланысты же­ке ұлттық компаниялар құру бойынша бас­­тама да СІМ-нің осы бағыттағы жұ­мы­сында көрініс тапты.

Жаңа ұлттық компаниялар ин­вес­ти­циялық және экспорттық саясатты іс­ке асыруда негізгі рөл атқарады деп са­­най­мыз. Жобаларды әзірлеу және іс­ке асы­ру үдерістеріндегі жүйе жасау­шы жә­не тиімді буындар ретінде атал­ған құ­ры­лымдардағы шетелдік және отан­дық әріп­тестердің өз деңгейінде қа­был­да­нуын қам­тамасыз ету маңызды бо­лып табылады. Сондықтан құрылатын құ­­­ры­лым­дарға опе­рациялық және тех­ни­калық си­паттағы өкі­леттіктер мен фун­кциялар бе­ру, оның ішінде тиіс­ті мем­­лекеттік қыз­мет көр­се­ту­ді қам­та­ма­сыз ету бойын­ша инвесторлар­мен «бір те­резе» қағидасы бойынша жұ­мыс тә­жі­ри­бесі осы үдерістердің жал­ға­­сы болып қана қоймай, экспортты іл­ге­рі­ле­туге жә­не өзара іс-қимыл құ­рал­да­рын топт­ас­ты­руға мүмкіндік берер еді.

СІМ Үкіметтің экспорттық және сау­да-экономикалық бағыттарындағы жұ­мыс­­тарын жүйелеу бойынша ұсыныстар әзір­­леуге белсенді қатысады.

Қазіргі уақытта ел басшылығы та­ра­пы­­нан Ұлттық экспорттық страте­гия­ны әзір­­леу туралы оң шешім қабылданып, осы құжатты әзірлеу бойынша арнай­ы жұ­мыс тобы құрылды. Ведомство үс­ті­міздегі жылғы 27 ақпанда өткен арнайы жұ­мыс тобының алғашқы отырысына бел­сенді қатысты.

СІМ-нің мақсаты сыртқы деңгейдегі бар­лық мемлекеттік органдар мен ұйым­дардың реттелген жұмыстарын үйлестіру бо­лып табылады.

Осыған байланысты, СІМ эко­но­ми­калық дипломатияны жанданды­ру үшін, ең алдымен, екіжақты үкі­мет­ара­лық комиссияның және сауда-эко­но­микалық ынтымақтастық бойынша жұ­мыс тобының, сондай-ақ іскерлік ке­ңестермен бірге құрылатын бизнес-орта қызметтерінің тиімділігін арт­тыруда. Сыртқы саясат ведомствосы, со­нымен бірге, инвестициялық жә­не экс­­порттық бағытта еліміз Үкі­меті жүр­г­і­­з­етін жұмыстар туралы шетелдік қо­ғам­­дастықты тұрақты түр­де ақ­па­рат­тан­дырады, қазақстандық мем­ле­кет­тік ор­гандар мен ұйымдарға, оның ішін­де әлеу­­етті шетелдік әріптестермен мә­се­ле­лерді шешуде жеке сектор өкілдеріне қол­дау көрсетеді.

Сондай-ақ, СІМ жұмысының ма­ңыз­ды бағыттарының бірі − мем­ле­кет­тік және квазимемлекеттік мен­шік­тегі ны­­сандарды жекешелендіру бағ­дар­ла­­ма­­ларын іске асыруда Қазақстан Үкіметінің шетелдік инвес­торларды тарту қызметіне жәрдемдесу. Елшіліктер бірқатар компаниялардың Қазақстан жобаларына қатысуы бойынша келіссөздер жүргізуде. Сонымен бірге, қазақстандық жеке секторлармен тікелей өзара іс-қимылды күшейту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Министрлік Қазақстан Рес­пуб­­л­и­­касының Президенті Н.Ә.На­зар­баев­­тың 2017 жылғы 31 қаң­тар­­дағы «Қ­а­­зақ­стан­ның Үшінші жаң­ғы­руы: жа­һан­дық бә­секеге қабілеттік» атты Жолдауы ин­­­вестициялар тарту және экспортты іл­герілету бойынша ұлттық стр­а­те­­гия­ларды әзірлеуге, халықаралық ын­ты­мақтастық, ең алдымен, ЕАЭО жә­не ШЫҰ аясында, Жібек жолының эко­­но­ми­калық белдеуі мен «Нұрлы жол» ин­фрақ­ұрылымдық мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­­сын ұштастыру, ЭКСПО-2017 базасын­да IT-стартаптарының халықаралық тех­­нопаркін құру, «Цифрлы Қазақстан» мем­ле­кеттік жобасының жасалуы, «Қазақ­стан Ұлттық технологиялық бастамасы» ст­ратегиялық жоспарының әзірленуі, да­мыған елдердің үздік стандарттары мен тә­жірибелерін жүйелі түрде енгізе отырып, бизнесті реттеудің жүйелі шаралары сияқ­ты ұлттық экономикалық мүдделерді қор­ғауды және дамытуды қамтамасыз ету­ге қатысады.

Шетел инвесторларын Қазақстанның жау­­апты мемлекеттік органдарымен жә­н­е мүдделі ұйымдарымен өзара іс-қи­мыл­дарын қолайлы ету үшін 10 қа­зақ­стандық дипломатиялық өкілдік инвес­ти­ция жө­нін­дегі арнайы кеңесшілер та­ғайындау ту­ралы шешім қабылдады.

Мемлекет басшысы экономикалық дип­ломатияның дамуына ерекше көңіл аударады. Елбасы шетелдерге ресми сапарлары барысында шетелдік бизнес қоғамдастықтармен маңызды кездесулер өткізеді. Мәселен, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 11 сәу­ір­де Иранға сапары барысында кен-ме­тал­лур­гиялық, ауыл шаруашылығы, кө­­лік-ло­гистикалық, туризм, ғылым, бі­лім және ме­дицина салалары бойынша жалпы сома­сы 1,4 млрд АҚШ долла­ры­нан астам 48 екіжақты келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысының қа­тысуымен 2016 жылғы 12 сәуірде Түр­кияда өткен инвестициялық форум шеңберінде жалпы сомасы 520 млн АҚШ долларын құрайтын 20-дан ас­там құжат бекітілді. Президенттің 2016 жылғы 24-25 қазан күндері Сауд Ара­­биясына жасалған ресми сапары шең­­берінде энергетика, кен өндірісі, ауыл ша­руашылығы және сауда салала­ры бой­ын­ша жалпы сомасы 200 млн АҚШ дол­ларын құрайтын 10-нан астам ке­лі­сім­ге қол қойылды. 2016 жылғы 6-9 қа­раша күндері Жапонияға жасалған сапар шеңберінде 400-ден астам бизнесмен қа­тыс­қан іс-шара нәтижесінде жалпы сомасы 1,2 млрд АҚШ доллары болатын 13 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Со­нымен қатар, 2016 жылғы 9-11 қараша күн­дері Кореяда болған бизнес-форум нә­тижесінде жалпы сомасы 640 млн АҚШ долларын құрайтын 24 екіжақты ком­мерциялық құжатқа қол қойылды.

Соңғы жылдардағы жаһандық эк­о­но­ми­калық өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан, елімізде шетелдік инвестиция­ларды қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнесті басқару тәртібін жеңілдету шаралары қабылдану үстінде. Жалпы, қолданылып жатқан шаралар нәтижесінде Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері жақсарды. 2016 жылдың қазан айында DoingBusiness 2017 жариялаған рейтингте Қазақстан 190 елдің ішінде 41-ші орыннан 35-ші орынға көтерілді, бұл − Қазақстан үшін бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда ең үздік көрсеткіштердің бірі.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ар­­қасында 2016 жылы инвестициялар тар­­туда айтарлықтай өсу байқалды. Мә­се­лен, 2016 жылдың 9 айының қо­ры­тын­ды­сы бойынша тікелей шетел ин­вес­т­и­ция­сының жалпы түсімі 27,3%-ға өсіп, 14,5 млрд АҚШ долларын құрады (2015 жыл­дың 9 айында 11,4 млрд АҚШ доллар болған еді).

2005 жылдан бастап елімізге 236 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетел ин­вестициясы тартылды, ал бұл тіпті әлем­дік қаржылық тұрақсыздық кезінде де біздің инвестициялық ахуалымыз бен мем­лекетіміздің макроэкономикалық жағ­дайы тұрақты және инвесторлардың се­німі селкеусіз екенін тағы да қуаттап беріп отыр.

Үстіміздегі жылғы 27 ақпанда Сыр­т­қы істер министрлігі мен Инвестиция жә­не даму министрлігі арасында экспортты ілгерілету бойынша Бір­лес­кен іс-шаралар жоспарына қол қой­ыл­ды. Ата­л­ған құжаттың мақсаты – қа­зақ­стан­дық өнімдерді шетелдік нарыққа экс­­портқа шығаруды ілгерілету сала­сын­да екі ведомствоның өзара іс-қи­мы­­лын күшейту. Жоспарды іске асыру шең­бе­рін­де сыртқы саясат ведомствосы, ең ал­дымен, белгілі бір елде қазақстандық өнім­дердің экспортын ілгерілетудің ке­лешегін және мүмкіндіктерін байқап кө­ру мақсатында нысаналы зерттеулер жүргізеді. Мәселен, СІМ бүгінде қа­зақ­стандық тауарлар үшін әлеуетті на­рық болып табылатын мемлекеттер им­по­рты­ның құрылымын зерттеу бойынша жұ­мыстарды бастап кетті.

Жоспарда нақты уақыт белгіленбеген, бі­рақ оның кейбір тармақтарын іске асы­рудың нақты мерзімі бар. Сондай-ақ, осы іске тартылған әрбір ведомствоның мін­деті анық бекітілген. Алайда, жоспар нарықта пайда болған жаңа талаптар мен жағдаяттарға байланысты түзетулер жә­не өзгертулер енгізу мүмкіндігін де қа­р­а­с­тырады.

Сонымен қатар, Сыртқы істер ми­ни­стрлігі Ауыл шаруашылығы ми­ни­стр­лігімен бірлесе отырып, 2017-2020 жыл­дарға арналған агроөнеркәсіп кешені мен сауданы дамытуға инвестициялар тарту мәселелері бойынша Бірлескен іс-ша­ра­лар жоспарын (Жол картасы) қ­а­б­ыл­­да­ды. Агроөнеркәсіп саласы та­рауын­да халықаралық ынтымақтастық және ин­­вестициялық қызметті дамыту мен ны­ғайту бойынша бірлескен жұмыстың не­гізгі бағыты анықталды.

Ведомство аталған тәжірибені Қазақ­стан­ның барлық мүдделі мем­л­е­­кеттік органдарымен және ұйым­да­ры­мен жал­­ғастыруға дайын. Сонымен бір­ге, Қазақстанда жүзеге асырылып жат­қан өңір­­лік инвестициялық және эко­но­ми­­ка­лық іс-шараларға шетелдік қа­ты­су­шыларды тартуға жәрдем көрсету бойын­ша ұдайы жұмыс жүргізіледі.

Сыртқы істер министрлігі шағын ж­әне орта кәсіпкерлікті дамыту мен іл­ге­рілету мақсатында шетелдермен Іс­керлік кеңестердің қызметіне ерекше назар аударатын болады. 2016 жылы сыртқы саясат ведомствосы Іскерлік кеңестердің жұмысына елдегі мүдделі ор­гандар мен ұйымдардың қатысуының ор­­тақ тетігін әзірледі. Сондай-ақ, ірі ин­фра­құрылымдық жобаларды іске асыру мақ­сатында, халықаралық қаржы ин­ститут­тарымен өзара іс-қимылды ке­ңей­ту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұ­лар Дүниежүзілік банк тобы, ХВҚ, ЕҚДБ, АДБ, ИДБ және AИИБ, т.б.

2016 жылғы 24 маусымда Астанада ХВҚ-ның Басқарушы директоры К.Ла­гар­­дтың төрағалығымен ХВҚ-ның өңір­лік конференциясы болып өтті. Қазақ­стан Республикасының Сыртқы іс­тер министрлігі шетелдік ресми тұл­ға­лар − Орталық Азия, Кавказ және ЕАЭО елдері үкіметтері басшылары мен министрлерінің қатысуын жоғары дең­гейде қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Аталған іс-шара жә­не К.Лагардтың төрағалығымен өткен кон­ференция Қазақстанның өңірдегі көш­басшы рөлін, сондай-ақ ХВҚ тарапы­нан жүргізіліп жатқан әлеуметтік-эко­но­мик­а­лық реформалардың ерекше назарда еке­нін көрсетіп берді.

Қазақстанға 2016 жылы елімізді әлеу­меттік-экономикалық реформалау кезінде мемлекеттік органдарға салалық маз­мұнды тұрғыдан жәрдем көрсеткен Эко­номикалық ынтымақтастық және да­му ұйымының қызметіне (ЭЫДҰ) басымдық береді.

2016 жылғы шілдеде ЭЫДҰ Бәсеке­лес­тік жөніндегі комитетінде еліміздің «рес­ми қатысушы» мәртебесін алуы Сыр­тқы істер министрлігінің ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл шеңберіндегі жұ­мы­сының маңызды нәтижесі болды. 2016 жылғы 22-24 қарашада өткен ЭЫДҰ-дағы Еуразия апталығында Қазақ­стан­ның 2015-2016 жылдары ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының Елдік бағ­дарламасын табысты іске асыру қо­ры­тын­дылары шығарылды, Ұйыммен одан әрі жұмыс істеудің тетіктері мен үлгісі тал­қыланды. ЭЫДҰ Бас хатшысы Х. Гур­рия Қазақстанның барлық бағыттар бой­ынша айтарлықтай жетістіктерге қол жет­кізгеніне аудиторияның назарын аудар­ды. 2017 жылы Еуразия апталығын Ал­маты қаласында өткізу туралы шешім қа­былданғанын атап өту қажет (2017 жыл­ғы 23-25 қазан).

«Астана» Халықаралық қаржылық ор­талығын (ХҚО) Орталық Азияда қар­жы­лық хаб ретінде дамыту жөніндегі жос­парды жасау мен оны шетелдерде ілгерілетуге байланысты Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасы іске асырылды. СІМ мен ХҚО арасында бірлескен Жұ­мыс тобы құрылды, Жол картасы қабылданды, ХҚО-ның шетелдік ма­ман­дарға қызмет көрсетуі бойынша «бір терезе» жүйесін құру мәселелері пы­сық­талды.

Қазақстанға шетел азаматтарының (инвес­торлар, туристер мен іскер топ өкілдері, делегаттар және т.б.) келуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында СІМ визалық режімді оңтайландыру бойынша дәйекті қадам­дар қабылдады. ХҚО аумағында ше­т­ел­діктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін арнайы визалық режімді келісу жә­не қабылдау бойынша мемлекеттік орган­дар­мен жалпы жұмыстар жүр­гі­зіл­ді.

Сыртқы саясат ведомствосы өзінің шетелдердегі мекемелері желісі арқылы ХҚО-ға шетелдік сапарлар ұйымдастыру мен өткізу, халықаралық қаржы ин­с­ти­ту­т­тарымен байланыстар орнату және ХҚО-ны ілгерілетуге жәрдем көрсету бой­­ынша шаралар қабылдауда.

СІМ Қазақстанның транзиттік-кө­лік­тік әлеуетін дамыту және ұлттық көлік са­ла­сын дамытудың одан арғы жоспары жө­нінде шет мемлекеттердің үкіметтік, іс­керлік және бизнес-ортасын кеңінен ақпараттандыру бойынша жұмыстар атқарады. Қытайдың «Жібек жолының эко­номикалық белдеуі» (ЖЖЭБ) бас­та­ма­­сы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» ұлт­­тық экономикалық саясатын ұш­тас­ты­рудың рөлі маңызды. Осыған орай ЕАЭО мен ШЫҰ шеңберінде жұмыс жан­данатын болады.

Жалпы, Мемлекет басшысының нұс­қ­ауларына сәйкес, СІМ сыртқы эко­но­микалық қызметті жүзеге асыратын негізгі ведомство ретінде бел­гіленген. Сыртқы саясат ведомствосы ішкі тетіктер мен сыртқы әріптестер арасындағы маңызды байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады, сондай-ақ бұл жұмыс жалғасын табатын болады.

Мұхтар Тілеуберді,

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2017

Қашанда ұлыма тілекшімін

21.08.2017

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

21.08.2017

Германиялық өнертапқыштар электромобиль қуаттайтын жүйені таныстырды

21.08.2017

ОҚО-да биыл төрт бағытқа жаңа автобус қатынасы ашылды

21.08.2017

Малайзия павильоны «Көбелек әсері» және «Жастар апталығы» экоакциясын бастады

21.08.2017

ЭКСПО-2017 көрмесінде Сенегал Республикасының ұлттық күні өтті

21.08.2017

Ботаникалық бақ қоры толыға түспек

21.08.2017

Сенат Төрағасының орынбасары СҚО прокурорларымен кездесті

21.08.2017

Қазақстан өнеркәсібінің индустрия 4.0 техникалық талдау жұмыстары күзде аяқталады

21.08.2017

2025 жылға қарай жанар-жағармай бойынша ішкі қажеттіліктер толық қамтылады

21.08.2017

Алматыда «Star of Asia» фестивалі өтті

21.08.2017

Альберт Линдер Жазғы Универсиада ойындарының чемпионы атанды

21.08.2017

БҰҰ Балалар қоры қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады

21.08.2017

Бақытжан Сағынтаев жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді

21.08.2017

Семейлік зейнеткерлер ағылшын тілін үйреніп жүр

21.08.2017

Қазақстан мен Ресей заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті бірге үйлестірмек

21.08.2017

Атырауда өткен жауынгерлік жекпе-жек фестиваліне 2,5 мың көрермен жиналды

21.08.2017

Астана хабы мен Қытайдың мемлекеттік басқару академиясы меморандумға қол қойды

21.08.2017

"Жастар" жазғы жайдарман фестивалі мәресіне жетті

21.08.2017

Мәңгі ғашық

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Үй мен күйдің үйлесімі

Қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының алғышарты ретін­де адамдардың әл-ауқаты мен денсау­лы­ғының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Пікірлер(0)

Пікір қосу