Табандылық – табысқа жетудің кілті

Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Конгресс-орталығында XIV Еуразиялық медиа-форум шеңберіндегі шаралар басталды. Биыл форумға 60-тан аса елден жүйрік журналис­тер, сарапшылар, саясаткерлер, экономистер келіп отыр. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай форумның негізгі тақырыбы «Ымыраға келу жолдарын іздестіру» деп аталады.
Егемен Қазақстан
23.06.2017 598

Медиа-форум шеңберіндегі ша­ралар әлемдік деңгейдегі озық ой­лы жур­налистердің өткізуіндегі ш­е­бер­лік-сабақтарымен басталды. «Шы­ғар­машылықпен ойлау контент пен сау­даны қалай өрістетеді? Айрықша ойлай білудің артықшылықтары мен оның БАҚ-қа ықпалы қандай?» деген тақырыптағы алғашқы шеберлік-сабағын АҚШ пен Францияға ортақ «Файнэншл Таймс» басылымының арнаулы өкілі Дэвид Эпплфилд жүргізді. Ше­бердің айтуына қара­ған­да, қазір ин­тер­неттің өтімді кон­тенті маңызды рөл атқарады. Контенттер винегрет са­латы секілді толып жатқан ар­гу­­менттер, контраргументтер мен са­рап­та­маларға толы. Олардың арасында ақ­ша төленгендіктен жазылғандары не­месе тегін жазылғандары да қап­тап жү­реді. Бір сөзбен айтқанда, кон­тенттің толып жатқан қырлары бар. 
Солардың ішінен пайдалысын, дұрысын қалай таңдап алуға болады? Шебердің айтуына қарағанда, ол үшін бірнеше ақпарат көзінің деректерін са­лыстырып отыру керек. Сонда ға­на шындыққа жақын келесіз. Тіпті, он­дайда да адасып қалу ғажап емес, өйт­кені, өтірік ақпарат таратушылар да бірнеше дереккөзін бір-ақ пайдаланады.
Одан әрі шебер жеке өзінің таны­мал­дығы мен өтімділігіне себепші бол­ған шынайы ақпараттық сюжеттерді Африка сапарларында тапқанын айтты. Әсіресе, Кениядағы сюжеттерім сәт­ті бол­ды. Ол кезде мұнда ақпараттар ақ­­ша­ға сатылмайтын, сондықтан да олар­дың шыншылдығы сенімді еді. Мен осы сюжеттеріммен көптеген БАҚ-та кө­рі­ніп, өзімнің алғашқы 63 мың фунт-стер­ли­нг қаламақымды таптым, деді шебер.
Одан әрі Дэвид Эпплфилд журналис­тер­ге өтімді, танымал, оқылымды болуы үшін қандай да бір креативті жобаларды табу керектігін айтты. Тек осындай жобалар ғана бүгінгі көрерменнің, оқырманның жүрегіне жол табады, деді ол. Сонымен бірге, бүгінгі журналистиканы аяқтан шалатын дүниелер туралы да өзінің ойларын ортаға салды. Соның ішінде қорқақтық, салғырттық, нем­құрайлылық – біздің кәсіби жау­ла­рымыз. Осындайлар, әсіресе, ай­мақ­тық БАҚ-тарда көп болады. Олар­дың бойында жергілікті билікке жал­тақ­тау­шылық, соларға жақпай қаламын ба деген қорқақтаушылық басым. Соның ке­сірінен ақпараттары да өтімсіз, солғын, әсерсіз болады, деді шебер. 
Оның әңгімелерінің ішінде Қа­зақ­стан журналистикасы туралы да пі­кір­лер айтылды. Соның ішін­де біздің жо­лы болмайтындарды қол­дау­ға ұм­ты­луымызды сынады. Бізде кері­сін­ше, жолы болмайтындарды одан әрі төмпештейміз, сөйтіп, ондай жан өзі­нен өзі ширай түседі. Сонымен бірге, ол Қазақстанда әлеуметтік желілер ақ­параттарының өтімділігі жоғары екен­дігі бірден көзге түсетінін айтты. Өйткені, олардікі барынша өткір, нақ­ты, батыл екен, деді ол. 
Келесі шеберлік-сабағын  жүр­гіз­ген «Trafalgar Strategies» кампаниясын құрушы, Ұлыбритания премьер-министрі кеңсесі баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы Джайлс Кенингам болды. Оның тақырыбы «Медиадағы табысты науқандардың тетіктері» деп аталды. Шебер табысты болуға қалай жету жолдарын өз білік деңгейінде айтып берді. Оның ойынша, табысты болуға жетудің бір көзі – адамның жеке құлқы мен мінезіне де байланысты. Бір тауы шағылған жерден қашан табысқа жеткенше айырылмайтын табанды адам ғана биік табыстарға жетеді, деді ол.
Үшінші шеберлік-сабағын «Bloomberg» ТВ халықаралық агент­ті­гінің директоры Тодд Бэйр «Биз­нес-жаңалықтар және жаңа­лық­тардағы бизнес» деген тақырыпта өткізді. Ол бизнес ар­қылы медианың ақша табу жолдарын, сонымен қатар, ақпараттардың өзін бизнеске айналдыру тетіктері туралы баяндады. Бүгінгі таңда ешқандай жеке сала болмайды, тек қана нәтиже бас­ты бағдарға алынады. Ал нәтижеге қол жеткізу үшін барлық сала бір-бірімен бі­рі­гіп, табыс табудың дара жолына шы­ғуы керек, деді ол.   
Шеберлік-сабақтарының ара­сын­­да таза дәріс оқулар да болып тұрды. Мә­селен, АҚШ-тың атақты «Лос-Анджелес таймс» газетінің бұрынғы ви­це-президенті, ал қазір «Newseum» атты жур­налистика музейінің директоры Шел­би Коффи «Жаңалықтар та­ри­хының бес ғасыры» деген та­қырыпта тамаша дәріс оқыды. Са­налы адамдардың алғашқы күн­нен жаңалыққа құмарлығы, со­ның ар­қасында оның дами түс­кен­дігі оның дәрісінің негізгі ар­қауына айналды. «Кім ақпаратқа ие­лік етсе, сол әлемге иелік етеді» дег­ен тәмсіл қалыптасқанға дейін-ақ ақпа­ратқа деген құштарлық әлемде берік орныққан, деді ол.  
Медиа-форумның кешегі күнін АҚШ-тың «Storyful» интернет агент­ті­гінің бөлім бастығы Тоби Бочан мен  «Now This» интернет-пор­талының басқарушы редакторы Верша Шарма­ның «Сандық дәуірдегі фактчекинг» ше­бер­лік сабағы аяқтады. Мұнда медиа-тех­но­логияның жетістіктері мен оның күн­нен күнге өзгеріске, жаңа­шыл­дық­қа ауысып бара жатқан сырлары ту­ралы айтылды. 
Форум ресми түрде бүгін  ашылады. 
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»         

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу