Табиғатпен тілдескен талант

Табиғат тылсымын, адамның жан дүниесін ұғып, оны сурет өрнегіне келістіріп түсіру кемел таланттың ой өлшеміне, бітім-болмысына қатысты екені әлімсақтан белгілі. Бұл тұрғыдан келгенде қазіргі сурет өнерінің белді өкілдерінің бірі ғана емес, бірегейі Шыныбай Пірімбаевтың шығармашылық қарымы мен қабілеті озып тұрғаны анық.
Егемен Қазақстан
11.04.2017 623

Оның қандай туындысын алсаң да, Қазақ елінің байтақ даласы мен қаласы, тіршілік иелері жарасым тауып тұрады. Өткен аптада елорда төріндегі Оқушылар сарайының «Астана Арт Лайн» галереясында өнер иесінің «Шабыт» атты көрмесі ұйымдастырылған еді. Оған Шы­ны­байдың 56 туындысы қойылған.  

Бұл туындылардың негізгі желісін табиғат тылсымдары құ­райды екен. Әсіресе, төрт мез­гілді тү­гендеген шығармалар, Алма­­ты­ның табиғаты, Алатау бау­райын­­дағы ботаның көзіндей Есік көлі ерекше көрініс тапқан.

Қазақстан Суретшілер және Еуразия дизайнерлер одақтарының мүшесі, Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің оқытушысы Шыны­бай Пірім­баевтың кіндік қаны тамған жері Арал өңіріндегі Қара­терең ауылы десек, сол туған топы­ра­ғына арнаған туындысы сурет­шінің өзегін өртеңге өнген гүлдей жарып шыққаны айдай анық. Ой мен бояуды ұштастыра отырып, қылқаламды ақ қағаздың бетіне апар­ғанда әдемі шығармалар дүниеге келіпті. Жалпы, жоғары дең­гейдегі кәсіби қылқалам шебе­рі Шыныбай шынайы шабыт иесі, сондай-ақ, классикалық акаде­мия­лық деңгейге жеткен суретші деуге болады. Шебердің сүйікті мо­тиві – туған жер таби­ғатының сұ­­лу­лығын көрсету басты мақ­са­ты еке­нін жо­ғарыда айттық. Сол туын­­ды­ла­ры­ның басты ерек­шелігі – түс­терге өте бай, бояуы қанық шы­­ғып, қа­рап тұрғанда айызыңды қандырады.

Мәскеудегі Суриков атын­дағы көркемсурет академия­сын бітірген суретшінің бұл көрмесіндегі туындылардан қазақ жұртының бүкіл тыныс-тіршілігі мен мұндалап тұрғандай. Көрменің ашылу салтанатында қазақтың зиялы қауым өкілдері Шыныбайдың шымыр талантына тәнті болуларымен қатар, суреттерінің терең мазмұнын тал­дап, дән ризалықтарын біл­діріп жатты. Көрме соңында Мәдениет сала­сының үздігі Еуразия дизай­нерлер одағының медалімен ма­ра­патталғанын Ермек Асылхан жет­кізді.

Бекен Қайратұлы,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген

Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2018

Қысқы Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілетіні мәлім болды

23.01.2018

Ертең Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

23.01.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

23.01.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

23.01.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Атырауда алма өсіреді

23.01.2018

Атырауда пойыз жолдан шығып кетті

23.01.2018

Павлодарда «Мұнай-химия зауыты» ЖШС бас инженері тағайындалды

23.01.2018

Атырау халқы Фариза ақынды еске алды

23.01.2018

Павлодарда жолда қалған өскемендіктерге көмек көрсетілді

23.01.2018

Ауғанстанда қаза болған отандасымыздың денесі жақын күндері елге жеткізіледі

23.01.2018

Солтүстік Қазақстан делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде болды

23.01.2018

Бесқарағайда аяз 45 градусқа дейін жетті

23.01.2018

ИДМ: Қазақстандық әуе компанияларынан шектеулер алып тасталды

23.01.2018

Үкімет отырысында сот және құқық қорғау қызметінің ақпараттық жүйелері қаралды

23.01.2018

Тұрғын үймен қамтамасыз етілудің жыл сайынғы өсімі 10% деңгейде болуы тиіс — Б. Сағынтаев

23.01.2018

Астана әкімдігі аязды күні жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

23.01.2018

Б.Сағынтаев: Аязды күндері қызметкерлеріңізді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар

23.01.2018

Түркия Сириядағы күрд жасақтарына қарсы әскери операция жүргізуде

23.01.2018

Оңтүстік жастарын шетелдің оқу орындары шақырады

23.01.2018

Ұлттық нақышты ту еткен

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Сынның да сұрауы бар

Кейде өмірдің мәнін тым ерте жас­тан түсініп қою да адамға қиындық туғызады. Сондықтан кім-кімнің де өз жасына лайық ой толғап, өмір сүргені қандай ғанибет еді. Конфуций «Кеңес пен толғам» ғақлиясында «Ұстаз айтыпты:

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Донор әке – дүбәра ұрпақ

Біз қазір ұлт болу, мәңгілік ел болу жолында келеміз. Бұл бабалар бағыттаған, бүгінгілер ақ-адал жалғасақ деген ұлы ниеттен туындап отыр. Әлемдік қарбаласта өз бет-бейнемізбен салған сара жолымыз даңғылға айналу үстінде. Ең бастысы, осы жолда ұлттық үрдісімізбен жүрсек, жұтылу мен тұтылудан алыс боларымыз ақиқат.

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Бапкерлер легионы

Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шетелдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нәтижелерін саралап жүретін әдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің клубтардың бармақ басты, көз қысты әрекеттері мұнымен де шектелмесе керек. Командаларымыздың тағы бір әдеті – жыл сайын бапкер ауыстыру. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Ортақ тіл табысуға ұмтылыс бар

Бір халықты екіге жарып, ағайын­­ды бір-біріне қарсы қойған ғалам­дық саясат, екі түрлі саяси жүйе корей халқын әлі де бір-бірі­не жат қылып отыр. Жақындату тү­гі­лі кейде бір-біріне деген жаулық ни­­ет­терін де жариялап, бітіспейтін көз­­қараста екендіктерін білдіріп қоя­ды.  

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу