Табиғи косметология тамыршысы

...Жұмыс-жұмыс деп жүріп жақындарын ұмытып кететін, мансап қуып отбасын ойламайтын, сөйтіп армандарын жүзеге асыра алмағандар қашанда жеткілікті. Мұндай жағдайда сүйікті ісін тастамаған, бірақ шаңырақтың да береке-бірлігін алға қойып, отағасының алдынан да қия кесіп өтпеген Гүлшаштың тірлігі – бүгінгі қазақ қыз-келіншектеріне үлгі-өнеге болуға сұранып-ақ тұр.
Егемен Қазақстан
05.04.2017 582

Ең алғаш қазақтың осынау көркем қы­зын көргенде «Гүлшаш десе, Гүлшаш екен» дегенбіз. Жақсы атына сырттай ғана қанық жанмен жа­қы­ны­рақ танысу барысында кез кел­ген мамандық адамдыққа негіз­де­летініне тағы да көзіміз жетті. «Адал­дығы жоқ кә­сіп мұралы болмайды» дей­тін оның ойлы сөзі көптеген замандас­та­рымыз үшін көкейкесті.

– Мен кәсіпқой музыка маманымын, бір­неше музыкалық аспаптарда ойнаймын. Үлкен сахнада билеген кездерім болды. Және құдайдың берген әншілік қабілетіне де ие едім. Бірақ тұрмысқа шыққан соң осы өнерімнің бірін де жалғастыра алма­дым. Дүниеге сәби әкелдім. Шын өнер­­дің шыңына жету үшін жеке өмірді құр­бандыққа шалу керек. Ал мен бірінші оры­нға отбасымды қой­дым. Әйел болған соң бала тәр­бие­леуің керек, күйеудің жағ­дай­ын жасау қажет.

Бұл бизнесті бастауыма не түрт­кі болды? Студент кезімізде му­зыка пә­нінің мұ­­ға­лімдігіне дә­ріс алып жүр­­­генде, гри­м­д­еу-әрлеу сабақтарын өте­­тінбіз. Осы са­­бақ­­ты ұнатушы едім. Сах­­налық образдар, күнделікті қалай боя­ну керек, кешкі сән-сал­танатқа ар­налған боянулар қандай бола­ды, осы­ған машықтанып жүрдік.

Ал 1997 жылы жеке кәсібімді бас­та­ғанда, экономикалық қиындықтардан кейі­нгі халы­қтың тұрмысы мәз емес еді. Жұ­рт өз өзін күтіп, боянып-сы­лан­бақ түгілі, күнделікті жейтін та­­мақ, жолкіре табудың өзі де мәселе бол­­­ды. Соған қарамастан, Қы­тайға ба­­­рып, косметология мамандығы бой­­­­ынша білімімді байыттым. Нәсіп бо­­лар кәс­іптің қыр-сырын тереңірек үй­­ренуге бел байладым.

Әрине, бизнесім бірден дөңгелеп кеткен жоқ. Басында айына 6 мың тең­геге жалданып істеп жүрдім. Аз­сы­нған жоқпын. Басында кішігірім са­лонды жалға алып, қыз­мет көрсетіп жүр­дік, – дейді Гүлшаш Әу­бәкірқызы.

– Кешегі және бүгінгі кос­ме­то­­ло­гия­ның ара­сы жер мен көктей болар?

– Кез келген мамандықты адал­дықпен ат­қарсаң, алысқа барасың. Аталмыш са­лаға келгендердің көп­­шілігі алдымен ақшаны ойлай­ды. Бір ғана мысал, қазір қыз-ке­лін­шек­тер­дің көпшілігі кір­пік жал­ғатуға әуес. Жауыннан кейінгі са­ңы­рау­­құ­лақ­тай қаптатып, жасанды кірпік жа­­­быстырып алған. Бірінен-бірі ай­нымайт­ын татуаждар. Тіпті, ерсі кө­рінетін қастар бар. Қарасаңыз, жап-жас қыздар үш күндік курстарға ба­рып, шала-шарпы үйреніп алып, кір­пік жабыстырып, татуаж жасап, тыр­нақ бояп, амалдап ақша тапқысы келеді.

Әрине, бір кәсіпті үйренуге деген тал­пыныс жақсы. Бірақ, сол желіммен жал­ғанған кірпіктерден кейін адам­ның өз кірпіктері саудырап түсіп қалады. Өйт­кені, желімнің химиялық құ­рамы өте күшті, көзге тигізетін зия­ны да көп. Кос­метологиялық же­лім деген бол­май­ды. Мен кірпік жал­ға­ту­ға келген­дер­ге мәселенің мәнісін тү­сіндіріп, ке­ңес бе­ремін. Әрине, бір ап­таға дейін әде­місі әде­мі, ал одан кей­інгі зияны қан­ша­ма?! Қаз­ір косме­тология дамыған. Жа­сан­ды­лыққа ұрын­бай-ақ, кірпікті тіті­р­кен­діру әді­сі арқылы дә­­румендермен қо­рек­тен­ді­ріп, өсіруге бо­лады.

Осы салада жүріп, маман ретінде мен де біраз ой түйдім. Тағы да айтамын. Мысалы, неше түрлі қымбат кос­метика, ата­ғы жер жарған бренд тау­­арлар бар. Біз сол кремдердің көп­ші­лігінің атын жа­ға­мыз, атына ақша жұмсаймыз.

Қазір қыз-келіншектер сұлу кө­рі­ну үшін пышаққа түсіп, ботокс сияқ­ты әдіс­термен бетінің жанын кетіріп, қабағын кес­кізіп, бәріне барады. Тіпті, сапасыз плас­тикалық операциялардан өліп кетіп жат­қандар да бар. Міне, осының бәрі ақша та­будың кесірінен болып жатыр. Қаншама әйел өзінің табиғи бет-бейнесінен, ай­наға қарауға жүрегі дауаламайтын жағ­дайлар орын алуда. Адамның ден­саулығы мен кел­бетіне қатысты кә­сіппен айналысатын­дар бірінші кезекке адалдықты, сапаны қою керек. Қауіпсіз болуына жауапты бо­луы тиіс. Қазір елдің көбі косметология саласын жылдам байитын бизнес деп ой­лайды. Мүлде олай емес. Егер ар мен жау­апкершілікті ойламасаң, алысқа бара ал­майсың.

Өзім де әйел болған соң, әуестеніп 600-700 доллар тұратын бетмай жа­ғып көргенмін. Солардың көпшілігі та­биғи өнімдерге жете бермейді. Тіпті, кейбірі Қазақстанда шығарылған өнімдерге татымайды. Қазір өзін күтемін деген қыз-келіншектерге ақ­шаның жоқтығын алға тартып қайғырудың қажеті шамалы. Үйде оты­рып-ақ, табиғи өнімдерден бет­тің құр­ғақ-майлылығына қарай мас­ка­лар жасап, теріні нәрлендіріп, сер­пінділігін сақ­тау­ға болады. Қазір жұ­рттың көзі ашық, оның қалай да-

йындау әдістері мен құ­ра­мын интернет арқылы оп-оңай тауып алады.

Қазір қолымда қаншама косметика тұр­­са да кәдімгі балғын үй қаймағына, дә­­ру­мен­дер мен жеміс-жидектерден тұратын қол­­дан жасалған косметикаға жүгіну дұ­рыс екеніне көзім әбден жетті.

Сұлу болып көрінгісі келген адам бірін­ші кезекте жүрегін таза ұстасын. Адамның іші­нен шығатын әдемі ниетке ештеңе же­т­пейді. Содан кейін жүйке тыныш, ұй­қы қанық болуы керек. Егер түнімен қы­ды­рып, ішімдікке әуестеніп, ойын-сау­ық­тан қолың босамайтын болса, келесі күні са­ған мың жерден жағылған косметика да кө­мек­теспейді, дейді Гүлшаш.

– Дегенмен, қандай кос­ме­то­ло­гия­лық жа­ңалықтармен қуанта аласыз?

– Қазіргі адамдардың басын қа­ты­р­­ған мә­селе – арықтау. Өз-өзіңді та­мақ­тан шекте­мей зиянсыз арықтау болғандықтан, шет­елдерге барып, осының ең тиімді әдіс­терін оқып, машықтанып, тәжірибе жү­зін­де қолдануға көштік. Қандай арықтау әдісі бол­са да, сен аузыңды тыйма деп ешкім айтпай­ды. Етіңнен ет кесіп алып тастаса да, та­мағыңды тыймасаң үрленген шар сияқты кете бересің. Ал біздің жаңа арықтау әді­сі­мізде ет, бауырсақ жеуге де болады. Ең бас­тысы, суық нәрсе жеуге тыйым сала оты­рып, ағзадағы нүктелерге 10-15 минут уқа­лаумен әсер етіп, нақты нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Бұл әдіспен 15 күн­де 5 кило салмақ тастауға болады.

Ал енді бетке әжім түсірмеу де қыз-келіншектер үшін мәңгілік мә­се­ле бо­лып қала береді. Біз қазір қа­­бақты көтеру, сал­быр­аған ұртты ке­тіру, көз айна­ла­сындағы әжім­дерді нүк­телерге әсер ете отырып, жа­зу әді­сін қолданып жүрміз. Көбіне ем­дік шөп­тер, балдың түрлерін пайдаланамыз. Айналып келгенде, табиғаттың бер­ген көркем мінезі мен табиғи өнім­дерге еш­теңе балама бола алмайды, дейді біздің Гүлшаш.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәртібі

26.07.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы

26.07.2017

Астаналық марафонға 5000 адам қатысады

26.07.2017

Келер жылы «Еуровидение» Португалияда өтетін болды

26.07.2017

«THR» компаниясы Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға атсалысады

26.07.2017

Талдықорған қаласында саудагерлерге 26 сауда орны тегін беріледі

26.07.2017

«Астана» - «Легия» ойынына қоғамдық автобустар бөлінеді

26.07.2017

Жетісу өңірінде туризмді дамыту шаралары үздіксіз жүргізіледі

26.07.2017

Алматы облысында шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатылады

26.07.2017

Алматы облысынан 65 студент Польшада тегін оқиды

26.07.2017

Петропавлда жазғы биатлоннан ел  чемпионаты аяқталды

26.07.2017

Қарлығаштың ұясы

26.07.2017

Кененнің домбырасы

26.07.2017

Лагерь алауы – бала қалауы

26.07.2017

Қырағы сақшылар қылмыскерлерді құрықтады

26.07.2017

Жамағат доп тебуден жарысады

26.07.2017

Экология проблемасы алаңдатады

26.07.2017

Қос отбасының қуанышы

26.07.2017

Қайырымдылық шараға қарттар дән риза

26.07.2017

Кездесу соңы – келісім

КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мұғалім беделі және репетиторлық

Қазір мектеп абыройы, мұғалім беделі туралы көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүйесі дәуір дамуына қарай әртарап­тан­ды­рылды. Соның бірі – ата-аналардың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау.

Жанболат ҮСЕНОВ, Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры

Өңірлік қауіпсіздіктің ықпалды тетігі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бірнеше страте­гия­лық қағидаттарға негізделген. Олар­дың бір бөлігі елдің ұлттық қау­іпсіздігін, қорғанысқа қабілет­тілігін және егемендігін жан-жақты қам­тамасыз етуге, өңірлік және жа­һан­­дық тұрақтылықты нығайтуға ба­ғытталған.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ұрланған құндылық және ұялы телефон

Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қол­ды болатын бұйым – қалта телефон. Іш­кі іс­тер министрлігі хабарлаған ақ­пар осындай. Лақтыр­­ған таяғың құ­қық қорғау­шы­ларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялы­ның» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу