Тағдыр талқысында шыныққан...

Қағаз бетіне қиналыссыз түс­кен осы бір сөздің, санның ар жағында саналы пенденің әр­бі­рін ойға қалдыратын жолдар жатыр. Толғана отырып мен де сол жолдардың біразын жү­ріп өткендей болдым. Тағдыр бұ­йырт­қан осынау жолдардың сан қилы иірім-иректерін басып өткен жан­ның есімі – Асқар, әкесінің аты Құдайберген Жұбанов. Оны­мен біз қызметтеспіз. Ахмет Бай­тұр­сынұлы атындағы Тіл білімі институтының есігін күнде бірге ашысып, ғылыми мәсе­ле­лерді бірге талқыласып жүр­ге­німізге талай заман болды. Ол сан алуан қиналысты сәттер­ден аман-есен өтіп, сөзіне ел құлақ түретін ағалық дәрежеге көтері­лді. Міне, бұл күн­дері Асқар Құдайбергенұлы сек­сен­нің сеңгіріне өрлеп барады.
Егемен Қазақстан
25.07.2017 1295
2

Адам тағдыры өзі ойлағандай бола бермейтіні хақ. Ешкім алдын дәл болжап көрген емес, жос­парлап, жорамалдап көретіндер болады. Менің өмір жолымда Жұбановтар әулетімен аралас-құра­лас болудың сәті түсті. Ең әуелі мен Асқардың ағасы Есет Жұ­бановпен таныстым да, қарым-қаты­­нас жолдастыққа, сосын бір­тін­деп достық сыйластыққа ұлас­ты. Ол менен он шақты жас үлкен еді, соған қарамастан әңгімеміз жара­сып кетті. Тіпті, отбасымыз­бен араластық. Есет өте зерек те білімді жігіт еді. Әкесінің қал­дыр­ған еңбектерін көзінің қара­шы­ғындай сақтап, оның айтқан ойлары мен пікірлерін көкейіне құйып алған зерек лингвист болатын. Бір қызығы, әккі өмірдің сайқал мінезі шайқап тастады ма, ол адам баласының көбіне сенбейтін, сыр аша бермейтін, күдікшіл еді.

Есақаң арқылы мен әйгілі академик Ахмет Жұбановты таныдым. Асқардың ағасы Ақырапты, әпке­лері Мүслиманы, Қызғалдақ, Қыр­мызыны жақсы білдім. Өрен­дері «ақ мама» атап кеткен Раушан апайды анамыздай құрмет тұт­тым. Асқармен әуелгі кезде ағасы­мен жолдас болған соң ба, оған іні ретінде қарайтынбыз. Сөйтсем, өзіммен қатарлас болып шықты.

Өзара сеніскен қарым-қаты­нас нә­ти­жесінде бұл қазақ­тың мақ­та­нышпен айтатын әулет­і­нің бірі екеніне көзім жетті. Со­нау сұрапыл заманда Алаш ардақ­ты­ларының басынан өткен ауыр күндер бұл әулетті де аямай-ақ шар­­пыған екен. 1937 жылдың қара­­шасында дүниеге келген кен­жесі Асқарды қазақтың тұң­ғыш про­фессоры Құдайберген Жұ­банов алтыншы күні ғана көріп, пер­зентханадан үйге әкеліп үл­гер­­ген екен, сонда Асқар әке ала­­қаны­ның аясында бір ғана сәт бол­ған. Содан ардақты әке «ха­лық жауы» ата­нып, сол кеткеннен кете бара­ды. Ұлына ат қойып та үлгере ал­ма­ған. Болашақ тіл маманы, профессор Асқар Құ­дайбер­ген­ұлы­ның тағ­дыры, міне, осындай күрделі де қиын жол­дармен басталған. 

Дүниеге осылай келген нәрес­тенің ендігі күндері өзіне бей­мәлім аласапыран жағдайда өтіп жатты. Ол кезде «халық жауы» атан­ған адамның отбасы да НКВД-ның қатаң қадағалауында бола­ты­нын сезген Ахмет Қуанұлы (Құ­дайбергеннің туған інісі – әй­гілі академик, композитор) жең­гесі Раушан Оспанқызын да ағасының тағдыры күтіп тұрғанын сезіп, ол кісіні 6 баласымен (үлкені – 12 жаста, кенжесі Асқарға – 4 ай) елге Ақтөбе облысы, Жұрын ауданындағы Құдекеңнің туған ауылы Жаңатұрмыс қаласына көшіріп жібереді.

Ахаң Құдайберген балаларынан қол үзбейді, үнемі қадағалап, олардың болашағын қамдастырып отырған. Әуелі Асқардың апа-аға­ларын біртіндеп Алматыға алды­рып оқыта бастайды, ең соңында 1949 жылы Қырмызы әпкесімен бірге Асқарды да Алматыға алдырып, №18 қазақ орта мектеп-интернатының төртінші сыныбына отырғызады.

Тынымсыз өмір Асқардың бір жерде тұрақтап, білім алуы­на мүмкіндік бере бермейді. 1950 жылы үлкен ағасы Ақырап Ал­ма­тыдағы көркемсурет учи­ли­щесін бітіріп, Петропавл қала­сына жолдама алады. Онда ол пе­да­го­гикалық училищеге мұғалім болып орналасады. Ақырап бір жыл өтсімен Алматыдағы анасы Раушан мен қарындасы Қырмызы, Асқарды қасына көшіріп алады. Қырмызы мен Асқар сондағы М.И.Калинин атындағы қазақ орта мектебінде оқуын жалғастырады. Асқар бұл мектептің өздері үшін екі тілді бірдей игеруге мүмкіндік жасағанын айтады. Мәселен, мұн­да қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, жағрапия, ботаника пәндері қазақ­ша жүргізіліп, басқа пәндер орысша оқытылған екен. Соның нәтижесінде, Асқар екі тілді бірдей игеріп шыққан. «Мұның пайдасын мен жоғары оқу орнына түскенде анық байқадым», деп отырады Асекең.

Асқар мектепте оқып жүр­ген кезінен-ақ аға-апаларының көмегі­мен өзі көрмей қалған әкесі­нің өмірде кім болғанын біліп, оның шығармашылығына көңіл аудара бастайды. Қ.Жұбанов­тың қазақтың белгілі ғалымы болғанын, рухани жан-дүниесі мейлінше бай парасатты адам болғанын біртіндеп өзі зерттеп біліп, өзі сол жолға түсуді мақсат етеді. Бұл мақсатқа жету үшін жақсы білім керектігін сезініп, намысқа тырысып, тіпті, ағасы Ахаңның балаларынан да қалмауға тырыса бастайды. Ол кезде Мүслима апайының кітапханасы бай сияқты еді, оның ұмтылысына сол кітаптар көмектескендей. Олардың бәрін біртіндеп оқи бас­тай­ды. Содан мағлұматы кеңе­йеді. Тіпті, тоғызыншы сыныпта жүргеннің өзінде институтқа түсу бағдарламаларымен танысып, іздене бастайды. Мұның үсті­не ол спорттың түр-түрімен шұғыл­дана­ды. Ең соңғы тоқтағаны – бокс. Сонымен бірге оны Мүс­­ли­ма апайы музыкаға баулы­ғы­сы келіп, скрипкаға береді. Со­ның нә­ти­жесінде маман скрипкашы бол­мағанмен, нота сауатын үйренеді. 
Асқардың жоғары оқу орындарына ұмтылысы да оны қилы-қилы жолдарға алып шықты. 1955 жылы мектеп бітірген ер балалар үшін керемет оқу орны саналатын Горный институтына құжат тапсырады. Барлық пәндерден жоғары баға алады. Содан оқуға түстім деп жүргенде Асқардың көңілі су сепкендей басылады. Қажетті балды жинап, үйге қуанышпен келген абитуриент Асқардың алдынан «сіздің өмірбаяныңызда «халық жауының» баласы деген кінәрат бар екен. Сондықтан, сізді әзір оқуға қабылдай алмаймыз» дейді қабылдау комиссиясы. Содан көңілі қалған соң құжатын алады да, Алматыдағы Байланыс техникумына апарып тапсырып, емтихансыз қабылданады. Бұл жағдайды естіген ағасы Есет, қатты ашуланып құжаттарын барып қайтарып алады да, «әкең қызмет еткен КазПиде сені ешкім «халық жауының» баласы деп айтпайды» дейді де, инс­титуттың сол кездегі ректоры Мәлік Ғабдуллинге алып барады. Адалдық пен әділеттің өлше­міндей абырой­ға ие М.Ғаб­дуллин баланың жоғары бағаларын көріп, сөзге келмей, Асқарға қарап: «Ертең Пахтарал сов­хозына мақта жинауға кетесің» деп бір-ақ шешеді. Мұнда физика-математика факультетіне түскенін Ол ауылшаруашылық жұмысынан қайтқанда бір-ақ біледі.

Сөйтіп, Асқар Жұбанов 1960 жылы институтты бітіріп орта мек­тептің физика, математика пәнінің мұғалімі деген мамандық алып шығады. Институтты үздік бітір­генін ескеріп оны Алматыдағы мемлекеттік ауыл­шаруа­шылық инс­титутының жоға­ры математика кафедрасына жолдама береді. Алайда Асқардың көкейінен әке­сі­нің жүрген жолы кет­пей қоя­ды, яғни, ол айналысқан қазақ тілі мәсе­лелері оның ойын алаң­да­та түседі. Сөйтіп жүргенде, 1961-1962 жылдары ол әскери борышын да өтеп шығады.

Ауылшаруашылық институты­ның жоғары математика кафедрасында ЭЕМ-ге бағдарлама жасау сабақтарын жүргізу Асқардың ғылымға деген ықыласын күшей­те түседі. Әсіресе, жас маман ретінде Одесса қаласының ауыл­шаруа­шылық институтында өткен Бүкілодақтық 3 айлық мұға­лімд­ер білімін жетілдіру курсына қатысқаны оның болашағын ай­қындағандай еді. Ал оның ғылымға деген ықыласы және ҚазКСР ҒА-ның Тіл білімі инс­титутына Мәскеу, Ленинградтың ірі ғалымдары келіп, тіл білімінің жаңа бір саласы «математикалық лингвистикадан» дәріс оқуына орай мүлде жаңа арнаға түскен­дей болды. Бұл хабарды ол Есет ағасы­­нан естиді. Ол «тыңдап көр­сең қайтеді, әкең бастаған тіл білімі саласы ғой» деп кеңес бере­ді. Есет оны үнемі осылай тура жолға салып отырады.

Тағдыр оны бүкілодақтық «ста­тис­­тика речи» тобын басқа­ратын ірі филолог-профессор Рай­монд Генрихович Пиатровский және қазақстандық математик-ғалым Қалдыбай Бектаевпен кез­дестіреді. Асқар бұлардың дәріс­терін ықыласпен тыңдап, олармен тілдеседі. Оның еңбек жолы­мен танысқан соң бұл профессор­лар Асқарға математикалық ста­тис­тика мен ықтималдылық теория­сы әдістерімен зерттеу жолын таңдауға кеңес береді. Олар Қ.Жұбановтың еңбектерімен де таныс екенін айтып, әке жолын жалғастырудың осылайша сәті түсіп тұрғанын, сондықтан, күндізгі аспирантураға түсудің қажет екенін ұқтырады. 

Бұл тұста Асқар Тіл білімі инсти­тутының сол кездегі директоры академик Ісмет Кеңесбаев­тың да қатты әсер еткенін есіне алады, «оның байсалды, білгір әңгімелері өз әкемді тірідей көргендей әсер етті», дейді Асқар. Секең Қ.Жұбанов жөнінде бар білгенін баяндап, Асқарға түбі тіл жағынан кеңесші болуға дайын екеніне дейін ықыласын біл­діреді. Шынында да, солай болды. Институтта Құдайберген Жұ­банов­тың шәкірттері айтулы тіл мамандары М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, сондай-ақ Құде­кең­нің шығармашылығымен айналысып жүрген Рабиға Сыздық тәрізді мамандардың қызмет істейтіні Асқарды арқаландырып жіберді. «Әкең өлсе де, әкеңді көргендер өлмесін» деген сөздің терең мағынасын біліңкірей түскендей болды. Әкеңді білетін адамдардың ортасында жүрудің өзі адамға рух береді екен.

Сонымен Асқар Құдайберген­ұлы тәуекелдің жел қайығына мініп, 1967 жылдың 7 наурызынан бастап Тіл білімі институтының аспиранты болып шыға келеді. Ол жылдары математикалық лингвистика саласы мамандарының шоғырлан­ған жері Минск қаласы болатын. Осыған байланысты ғылыми бас-қосулардың көбі Минскідегі шет тілдер институтында өтіп жататын. Бір жолы дирекция шешуі бойынша Асқарды осы институтқа жол­дамамен жібереді. Ол «тағдыр деген сөздің мағынасына мән берсем, менің жолым болып, тағдырым осылайша бастама алған екен» деп өміріне шүкірлік айтып отырады. Тағдыр демекші, Минскіде ол өзі сияқты Р.Г.Пиатровскийдің аспиранты өте сауатты Александр Васильевич Зубов деген жігіт­пен танысып, онымен дос болып кетеді. Ол 7 тіл білетін Мәскеу уни­вер­ситетінің түлегі екен. Ас­қар­дың диссертациялық жұмыс­тарының нәтижелі орындалуы­на осы Зубовтың септігі мол болғанға ұқсайды. Тіпті, ол Асқар­дың докторлық диссертациясына тақырып таңдап, ғылыми кеңесші де болады.

Математика мамандығын игерген адамға тілдің грамматикасын меңгеріп кету оңай болмайтынын Асқар бірден аңғарады. Алайда, арғы тектен жалғасқан алғырлық оны діттеген мақсатына жеткізді. Ол әуелі қазақ тілінің морфология саласын игеруге өзінше талаптанады. Әсіресе, мәтін ішіндегі морфологиялық бірліктерге айырым белгі болатын тиісті таңбаларды енгізу әрекетін ойластыра бастайды, яғни, қазақша мәтіндегі әр сөз табына қатысты сөз қолданыстарды ЭЕМ көмегімен ажыратып, оның статистикасын анықтау үшін ең алдымен, мәтіндегі сөз таптарын ажырататын шартты таңбаларды қойып шығу қажет болды. Мұндай жұмыс Асқар үшін қиындау болғанымен, морфология саласын игеріп алуға көп септігін тигізді.
Көптеген қиындықтар кезік­кені­мен Асқар 1970 жылдың 15 мау­сымын­да кандидаттық диссер­тациясын қорған шықты. Бұл жұмыс 1987 жылы «Ғылым» бас­па­сынан «Квантативная структура казахского текста» деген атпен басылып шықты. Кандидаттық диссертация өте жоғары бағаланды.
Қысқасы, кандидаттық дис­сер­тацияның зерттеу нәтиже­лері тілдік бірліктердің және дина­микалық сипаттарын анық­тауда аса маңызды деп атауға болады. Аталмыш жұмыстың бағасын чех ғалымы Г.Л.Гржевичек хат ар­қылы былай деп жазып жіберіпті: «Благодарю Вас за Вашу книгу «Квантативная структура казахского текста». Она для меня предс­­тавляет большой теоретический интерес и я хочу сообщить о ней в нашем журнале».

Кандидаттық жұмыстың негіз­гі зерттеу нысаны М.Әуезов­тің «Абай жолы» романы болатын. Романның ЭЕМ арқы­лы құрастырылған сөздіктері 1979 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрді. Сөздікті жасағандар: Қ.Бектаев, А.Жұбанов, С.Мырза­беков, А.Белботаев. 1978 жылы про­­фес­сор Ә.Құрышжановтың қа­ты­суымен ЭЕМ арқылы «Қуман­ша-қазақша жиілік сөздік» те құ­рас­тырылып «Ғылым» баспа­сы­нан шыққан болатын. Асқар Құдайбергенұлының ғылыми өмір­баянына байланысты мынандай мәліметтерге көңіл ауда­рамыз: Ол 1970 жылдан бері Тіл білімі инс­титутында статис­тика тобының кіші ғылыми қыз­мет­керінен бас­тады, 1976 жылы аға ғылыми қыз­меткер, 1986 жылы жетекші ғылы­ми қыз­меткер, 1990-1997 жылдары аралығында «Қолданбалы лингвистика» бөлімінің мең­герушісі. А.Жұбановтың жетек­шілігімен М.Әуезовтің 20 томдық толық мәтіні компьютер жадына енгізі­ліп, жазушы тілінің әртүрлі жиілік сөздіктері алынды. 1995 жылы «М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар тексінің жиілік сөз­діктері» жарық көрді.

1997 жылы Беларусь Рес­пуб­ли­касы ҒА-ның Тіл білімі инс­титутында Асқар бір жыл ғылыми сапарда болады. Бұл ол үшін ғылыми ізденістің бағын ашқан жыл болды. Соның арқа­сында ол 2002 жылдың 29 қара­ша­сында «Основные принципы формализации содержания казахского текста» деген тақы­рып бойынша доктор­лық дис­сертациясын қорғады. Док­торлық диссертацияда қазақ линг­вистикасының қолданбалы бағы­тының негізі жаңаша түрде қаланды. Осы тұрғыдан қарағанда диссертациялық жұмыстың теория­лық деңгейі жоғары екенін сарапшылар атап жатты.
Ізденушінің негізгі маманды­ғы математика саласы бола тұрып қазақ тілінің келелі мәсе­лелерін математикалық әді­с­тер­мен зерттеуі де жұмыстың құн­дылығын арттыра түскен. 

Асқар Жұбановтың тағы бір ерекше қасиеті, оның тынбай еңбек­тенетіні. Оған дәлел, инс­титутта оның тағы бір күрделі де қызықты мәселемен айналыса бастауы. Ол «Қазақ тілінің компьютерлік қорын жасау». Бұл тілдік бірліктердің компьютерлік базасын құрастыру деген сөз. Жұмыс әуелі «қазақ тілі­нің картотекалық қорының ком­пьютерлік базасын» жасаудан басталады. Жинақталған қор қазір шамамен 5 миллиондай. Ең алдымен, бұларды сан мен сапа жағынан сұрыптап, «Тіл – қазына» деген атпен картотекалық қордың компьютерлік базасы жасалады.

Аталған компьютерлік база­лар­дың жүзеге асырылуы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейте түсуге мүм­кіндік тудыра­ды. Асқар өзінің ғы­лы­ми жұмы­сы­ның нәтижелерін ке­йін­гі жыл­дары жоғары оқу орнымен бай­ланысты жүргізе бастады. Мәсе­лен, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетіндегі профессор Э.Д.Сүлейменова оны қол­данбалы тіл білімінен дәріс беруге шақырды. Ол дәріс бере­тін пәндердің аты мынандай: «Қолданбалы лингвистика», «Тілді логикалық талдау», «Компьютерлік лингвистика», «Линг­­вистикадағы формальды модельдер». Университетте сабақ бере бастағанына 6 жыл болды. Мол тәжірибе жинақтады. Дүние­ге келген 6 күннің бірінде ғана әке алақанында болған сәби қазір өсіп жетіліп, толысып әке жолын қуған нағыз тіл маманына айналды. Ол қазір Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы атындағы Тіл білімі инс­титуты­ның белді де бедел­ді қызметкері есебін­де қазақ тілінің өте күрделі мәсе­лелерімен шұғылданып отыр­ған сирек маман. Ол өмірдің неше алуан соқтық­палы-соқпақты ауыр жолдарынан қайсарлықпен шыңдала өтіп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге тас­тап отырған мағыналы да мәнді өмірдің иесі. Бүгіндері сексеннің өрелі биігіне байыппен, баппен көтерілген досқа сапалы да ұзақ ғұмыр тілеймін!

Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу