«Тақтатас төңкерісіне» тәуелділік

Жаһандық экономиканың мұнайға тәуелділіктен жуыр маңда құтыла алатын түрі жоқ. Құйынша құбылған мұнай бағасы әлем экономикасын бірде дөңгелетіп өрге сүйресе, енді бірде тынысын тұмшалап тығырыққа тірейді. Осы ретте дуалы ауыз сарапшылардың «мұнай дәуірі аяқталып қалды» деген сәуегейлігіне де күмән келтіргендейсің.
Егемен Қазақстан
17.03.2017 2386
2

Өткен жылды мұнай бағасын көтеру үшін оны өндіруді қысқарту жолындағы келіссөздерге сарп еткен ОПЕК ұйымы биылғы жылдың басында, яғни қаңтар айында мұнай өндіруді тәулігіне 1 миллион баррельге дейін қысқартуға қол жеткізді. Сөйтіп ОПЕК-тің бастамасымен мұнай өндіруді қысқарту мақсатында жасалған келіссөздегі шаралар 90 пайыз көлемінде іс жүзіне асырылып, мұнай бағасы 2017 жылдың алғашқы екі айында біршама көтеріліп, жаһандық рынокта Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 58 АҚШ долларына дейін өскен еді.

Осыған байланысты экономика­сы табиғи шикізатқа тәуелді елдер­дің тынысы кеңейіп, біздің төл теңге­міз де тұрақтану соқпағына бет бұрып, 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы 311 теңгеге дейін нығая түскен болатын. Алайда бұл «батпан құйрықтың» өмірі ұзаққа бармайтын сыңайлы. Қанша жанталасқанымен ОПЕК-тің мұнай бағасын жоғары деңгейде ұстап тұруға қауқары жететін емес. Наурыз айында бір жұманың ішінде 9 пайызға дейін құлдыраған мұнай бағасының баррелі 51 АҚШ долларын құрады. Мұнай бағасы­на болжам жасау бүгінде сарапшы­лар үшін ең абыройсыз мәселеге айнал­ды. Мәселен, 2014 жылы мұнай бағасы­ның күрт құлайтынын дәл болжаған PIRA Energu Group зерттеу компаниясы­ның сарапшылары 2017 жылы мұнай баррелінің бағасы 75 АҚШ доллары­на дейін көтеріледі деген болатын. 2017 жылдың басында әлемдік рынок­та қалыптасқан жағдай бұл беделді ұйым сарапшыларының болжамы да ақиқаттан алыс екендігін айғақтады.

Халықаралық энергетикалық агент­тіктің (ХЭА) мәлімдеуінше, дуалы ауыз сарапшылардың болжамдарын жоққа шығаратын да, мұнай бағасын тұрақтандыру үшін жанталасып жатқан ОПЕК-тің жігерін құм қылатын да – АҚШ- тың тақтатас мұнайын («сланцевый нефть») өндіруші компаниялары көрінеді. Іс жүзінде америкалық мұнайшылар ОПЕК келіссөздерінің нәтижесінде қол жеткізілген мұнай өндірудің қыс­қар­тылған көлемінің орнына рынокқа өз өнімдерін шығара бастаған. «Аль­пари» агенттігінің бас сарапшысы Анна Бодрованың айтуынша, АҚШ ком­па­ниялары қазірдің өзінде ОПЕК және әлем­дегі мұнай экспорттаушы 11 елдің келісімі нәтижесінде жүзеге асырылған мұнай өндіру көлемін қысқарту шараларының тиімділігін жоққа шығарған. Тақтатас мұнайын өндіруші АҚШ компаниялары ешқандай келісімдерге қатыспайды, ОПЕК-тің бұл компанияларға ықпал ететін де ешбір мүмкіндігі жоқ. Сонымен, әлемдік мұнай рыногында АҚШ-тың айын оңынан туғызған «тақтатас төңкерісі» дегеніміз не?

Сонау 2009 жылы Буэнос-Айрес қала­сында өткен халықаралық газ конфе­рен­циясында ВР корпорациясының басшысы Тони Хейворд тақтатас газын өндіруде бетбұрыс басталғанын, осы ретте озық технология ашқан АҚШ «тақтатас төң­керісін» жасайтынын жарты әлемге жария етті. Сол-ақ екен Американың бір­қатар белді компаниялары мұнай және газ өндіру саласында «төңкеріс» жа­сау қозғалысына белсене кірісіп кетті. Әлем­дік БАҚ өкілдері де «отқа май құйғандай» бұл қозғалысты барынша әспеттеді. Тіпті кейбір басылымдар тақтатас мұнайы әлемдегі барлық елдердің аумағында біркелкі орналаспаған екен, оның жер асты қорының 70 пайызы АҚШ-тың аумағында орналасса, Ресей аумағында оның 7 пайыз ғана қоры бар көрінеді деп жазды.

Шындығында, тақтатас мұнайы деге­німіз жеті қат жер астындағы мұнай мен газ қоры жинақтала бастаған жер қыр­тысы болып табылады. Тақтатас мұна­йын өндіру технологиясы бойынша, жер қой­науының белгілі бір тереңдігіне жеткеннен кейін тікелей бұрғылау әдісін жер қыртысын үңги горизонталь­ды бұрғылауға ауыстырып, тереңдегі жер қыртысын қопара айыру керек. Мамандардың айтуы бойынша, тақтатас мұнайы қорланған жер қыртысын үгіту үшін орасан көп мөлшерде әртүрлі химикаттар қосылған су айдалады. Ең сорақысы сол, су өте көп мөлшерде қажет етілетін көрінеді. Онсыз да жұмыр жер таза судан тапшылық көріп отырғанда, тақтатас мұнайын алу үшін миллиондаған текше метр таза су химикаттармен уланып жер қойнауына айдалады. Сөйтіп, адам­зат болашағына ауадай қажет жер асты суларына орны толмас зиян келеді екен. Тақтатас мұнайын өндірудің бұдан басқа да экологиялық зардаптарын айтудың өзі қорқынышты. Ақша «құдіретіне» ғана табынған АҚШ үшін бүгін әлемдік мұнай рыногында көшбасшы болу керек, ертең дүниені топан су алса да мейлі.

Рас, АҚШ тақтатас мұнайын өндіру технологиясында ең жоғары табыстарға жетті. Қазіргі таңда Америка тақтатас газы мен мұнайын өндірістік ауқымда өндіру технологиясын игерген бірден-бір мемлекет болып отыр. Соңғы жыл­дары бұл елде тақтатас мұнайын өн­діру көлемі еселей артты. Осыған бай­ла­нысты АҚШ энергетикалық қуат көз­дері рыногындағы ең басты ойыншыға ай­на­латындығы ақиқатқа айналды. Осы уақыт­қа дейін жаһандық энергетикалық шикі­зат рыногында бас төреші болып кел­ген Сауд Арабиясы бұған төзіп отыра алмады. Тақтатас мұнайын өндіру тех­но­логиясының қымбатқа түсетіндігін біле­тін олар әлемдік рыноктағы мұнай көле­мін барынша арттырып, бағаны түсі­руге күш салды. Өткен екі жылда олар бұл мақсаттарына қол жеткізді де. Мұнай бареллінің бағасын 100 дол­лар­­дан 26 долларға дейін құлатты. Бірақ мұ­най экспортына ғана тәуелді өз­дерінің экономикасының да шаруасын шалқайтып алды.

Мұнай бағасының күрт құлауы АҚШ-тың тақтатас мұнайын өндіретін ком­панияларына оңай болған жоқ. Солтүстік Америкада тақтатас мұнайын өндіріп жатқан компаниялар тығырыққа тірелді. Тіпті банктен алған несиелерін өтей алмай көпшілік компаниялар банкротқа ұшырады. Кейбір сарапшылар мұнай бағасы 50 доллардан төмен деңгейде ұзақ тұрақтайтын болса, Американы әлемдік мұнай державасы дәрежесіне көтеретін «тақтатас төңкерісі» де құрдымға кетеді, деген болжамдарын да жасап үлгерді.

Алайда, тақтатас мұнайын өндіруші АҚШ компаниялары сарапшылардың бұл сәуегейлігінің көмейіне де құм құйды. Олар орасан зор қиындықпен өткізген осы екі жыл ішінде тақтатас мұнайын өндіру технологиясына озық жаңалықтар әкелді. Бұрғылау ұңғыларының тиімділігін арттыруда инновациялық әдістерді өндіріске енгізді. Осындай жетістіктердің нәтижесінде қазір Shell компаниясы тақтатас мұнайын өндіретін бір ұңғыманы бұрғылауға 5,5 миллион доллар шығын шығаратын көрінеді. Бұл 2013 жылы дәл осындай ұңғымаға жұмсалатын шығыннан 56 пайызға арзан екен. Оның үстіне жер қыртысын қопара бұрғы­лау әдісін жетілдіру технологиясы бір ұңғымадан бұрынғыдан да көп мөлшерде мұнай шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, Пермиан бассейніндегі бір ұңғымадан күн сайын осыдан екі-үш жыл бұрын 98 баррель мұнай шығарылса, қазір одан жеті есе көп, яғни бір ұңғыма­дан күн сайын 668 баррель мұнай өндірілетін көрінеді.

АҚШ-ты әлемдегі ең көп мұнай тұтынушы елден, оны экспорттаушы жаһан­дық державаға айналдыруға тиіс «тақтатас төңкерісіне» деген елдегі көз­қараста да бетбұрыс басталды. Ақ үйдің жаңа иесі Дональд Трамп өзінің президенттік қызметінің алғашқы күнін­де-ақ мұнай-газ компанияларына мем­лекеттік қолдау көрсетілетіндігін мәлімдеді. Бұрынғыдай емес, тақтатас мұнайын өндіру саласына инвестиция тартуда оң жетістіктерге қол жетті. 2017 жылдың өткен екі айының ішінде АҚШ-тың энергетикалық компаниялары тақтатас мұнайын өндіру саласына 10,5 миллиард доллар инвестиция тартып үлгерді. «Тақтатас төңкерісінің» болашағына деген сенім барған сайын артып, бүгінде АҚШ-та мұнай өндірудің бұл саласына Exxon Mobil сияқты алып компаниялар келе бастады. Осыдан-ақ, таяу болашақта әлемдік мұнай рыногының тағдыры «тақтатас төңкерісіне» тәуелді болатындығын анық көруге болады.

Жақында Хьюстон қаласындағы АҚШ-тың ең ірі аудиторлық компаниясы энергетика бөлімінің басшысы Регина Мэйор «Әлемдік рыноктағы мұнай барелінің бағасы 35 долларға дейін төмендесе де АҚШ-тың барлық тақтатас мұнайын өндіретін кен орындары табыспен жұмыс істейтін болады», деп атап көрсетті. Иә, жуыр маңда жаһандық рынокта мұнайға деген сұраныстың күрт өсетін түрі көрінбейді. Тақтатас мұнайының арқасында АҚШ әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы елден, бұл энергетикалық шикізатты ең ірі экспорттаушы елге айналып келеді. Енде­ше, әлемдік мұнай рыногында бір баррель мұнай бағасының 50 доллардан да құлдырап кетуі әбден мүмкін.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу